ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014
(түпкілікті нұсқа)
16
5.2.3.3 дауылдың (боранның, құйынның) келтіретін ықтимал зияндарын азайту
шаралары тәуекел дәрежесі мен зиянның мүмкін боларлық ауқымын осы шараларға
жұмсалатын шығындармен салыстыра отырып қабылданады.
Бір немесе басқа шараны өткізу туралы шешім ең алдымен адамдардың қауіпсіздігі
мен оны өткізудің экономикалық дұрыстығына негізделеді.
5.2.2.4 Зиянды азайту бойынша алдын алу және жедел шараларды өткізу кезінде
ауыртпалығы стихиялық апаттың өзінен де күшті екінші факторлардың пайда болуына
әкелетін қирауларды болдырмауға ерекше назар аударылады.
5.2.3.5 Зиянды азайту бойынша жұмыстардың маңызды бағыты дауыл, боран,
құйындарда байланыс , электрмен жабдықтау желілерінің, транспорттың орнықтылығы
үшін күрес болып табылады. Бұл жағдайда тұрақтылықты жоғарылатудың негізгі әдісі
болып оларды жер астымен өткізу, бұзылған жерлерін кейін қалпына келтірілетіндей етіп,
уақытша және күшті жел кезінде сенімдірек құралдармен қосарлау.
5.3. Соғыс және жанжал, техногендік сипаттағы ТЖ туындаған кезде СЖ және
СБ жүйелерінің тұрақтылығын арттыруға бағытталған инженерлік-техникалық іс-
шаралар
5.3.1 СЖ және СБ жүйесінің төтенше жағдайлар кезінде орнықтылығын арттыратын
құрылымы мен пайдалануына қойылатын негізгі талаптар сәйкес құрылыс нормаларында
мазмұндалған инженерлік-техникалық шараларда қарастырылған.
5.3.2 Сумен жабдықтау көзін таңдау кезінде олардағы судың сапасына әсер ететін
бүкіл факторлар егжей-тегжейлі зерттеліп, олардың ластануының мүмкін боларлық
себептері мен жолдары, су көзінің жағдайына ықпал ете алатын жерлерде орналасқан
әртүрлі қауіпті өндірістік нысандардағы болжауға болатын апаттардың салдары талдануға
тиіс.
5.3.3 Суды тазалаудың технологиялық сұлбасын және оған керекті құрылғыларды
таңдау мәселелерін шешу үшін жобалау-іздестіру және технологиялық зерттеу
жұмыстарын кешенді түрде өткізу қажет.
5.3.4 Жобалау-іздестіру жұмыстары:
- нақты ауданның су нысандары (сумен жабдықтау көздері мен сарқынды су
қабылдағыштар) бойынша инженерлік-геологиялық, гидрологиялық және гидро-
геологиялық материалдарды жинау және жүйелеуді;
- сумен жабдықтау нысандарын таңдау, су тұтынушыларының құрамын анықтауды;
- даму перспективасын есепке ала отырып, таңдап алынған нысандардағы СЖ және
СБ көлемін анықтауды қарастырады.
5.3.5 Технологиялық зерттеулер өзіне мына жұмыстардың өткізілуін қосып алады:
- нақты су көзінен алынған судың химиялық құрамын зерттеу, оның ластану
дәрежесін анықтау;
- су көздерінің бактериологиялық жағдайын анықтау;
- технологиялық талдау өткізу;
- табиғи және сарқынды суларды тазартудың технологиялық сұлбасын жасау, тазалау
құрылғылары мен технологиялық жабдықтардың құрамын анықтау.
5.3.6 Жұмыстың келесі кезеңдерінде су құбырларын тазалау құрылғылары мен
кәріздік тазалау құрылғыларын жобалау іске асырылады, ал соңғы кезеңде реттеу
жұмыстары жүргізіліп, станса пайдалануға қосылады.
5.3.7 Азаматтық қорғаныс категорясына жатқызылған жерлерде және азаматтық
қорғаныс
бойынша
айрықша
маңызды
нысандарда
жобаланатын
немесе
реконструкцияланатын СЖ және СБ жүйелері бейбіт уақыттағы
тұрғындар санына қарай,
өзара тәуелсіз, кем дегенде екі су көзіне негізделуі керек .
ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014
(түпкілікті нұсқа)
17
5.3.8 Категорияланған елді мекендер мен нысандардың жаңалай жобаланатын
шаруашылық-ауыз су жүйесі бірінші кезекте жер асты су көзінен сумен жабдықталуға
негізделуі қажет, ал ол болмаған немесе су сапасы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда-
жер бетіндегі су көздеріне негізделеді.
5.3.9 Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауды сенімді қамтамасыз ету үшін бірінші
кезекте жерасты суларының барлық ресурстарын ұтымды пайдалану :
пайдаланылмаған эксплуатациялық қорларын іске жарату;
кәсіпорындардың технологиялық мұқтаждығына, сапасы ауыз суына сай, жер асты
суларын пайдалануын қысқарту;
тазалануы үшін, тексерілген технологиялық әдістер мен құралдары бар, табиғи
қоспалары бар
суларды пайдалану;
-алыста орналасқан жер асты табиғи – таза суларды пайдалану.
5.3.10 Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау мақсатында жер асты суларының бар
ресурсын пайдаланудан бас тарту барлық жағдайда жан-жақты негізделуге тиіс.
5.3.11 Жақсы қорғалған жер асты суларының тапшылығы байқалғанда жер асты
суларының азырақ қорғалған келесі сыныптары қолданылуға тиіс:
- арна асты сулары;
- жер асты суларын жасанды жолмен толтыру жүйелерінде (әрі қарай ЖСЖТЖ)
беттік сарқынды не ластанған суларды көшіру арқылы
алынған жер асты сулары;
- төбесінде су өткізбейтін қабаттар жоқ жер асты сулары.
5.3.12 Бас тазалауыш құрылғылардың жалпы қуаты бейбіт уақыт нормалары
бойынша есептелінеді.
5.3.13 Қалаларда бірнеше өз бетімен істейтін сумен жабдықтау жүйелері
(коммуналдық және өндірістік) жобаланған жағдайда, су сапасына деген талаптарды
сақтай отырып, суды бір жүйеден екінші жүйеге беру мүмкіндігі қарастырылуға тиіс.
5.3.14 Төтенше жағдайда зардап шеккен тұрғындарды сумен жабдықтау, өмірді
қамтамасыз етудің басқа да түрлері секілді алдын ала жасалған жоспарлар мен қабылданған
шешімдердің негізінде жүзеге асырылады.
5.3.15 Жаппай қырып-жою қарулары қолданылған, радиациялық және химиялық
қауіпті нысандардағы апат не қираулар кезінде экономика нысандарын тұрақты сумен
жабдықтау және ел өмірін қамтамасыз ету мақсатында СЖ және СБ жүйелерінің
жұмысының болуы мүмкін ақауларын есепке ала отырып,радиобелсенді(РБ), улағыш
заттар (УЗ) және бактериалдық құралдардан(БҚ) қорғау шараларын өткізу қажет.
5.3.16 Сумен жабдықтау жүйелерін зарардан қорғауды ұйымдастыру кезінде мына
жағдайларды есте ұстау керек:
- жер астындағы
сулардың қорғалу дәрежесі;
- радиациялық және химиялық қауіпті нысандардың болуы;
- су құбырлары құрылғыларының жағдайы
мен өнімділігі;
- электр энергиясының резервтік көздерінің болуы және де басқа мәселелер.
5.3.17 Жергілікті атқарушы органдар Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары
министрлігінің аймақтық органдарымен, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
әлеует
шеңберіндегі
өкілетті
органдармен,
бассейндік
су
инспекциясымен,
гидрогеологиялық басқармалармен,АҚ және ТЖ аймақтық органдарымен бірлесе отырып
су көзлерінің ластануына жол бермеу және сауықтыру мәселелерін шешіп, жер асты және
жер үсті су көздерінің ластанудан сақталу деңгейін көтеру шараларын өткізеді.
5.3.18 Сумен жабдықтау көздері мен жер асты және жер үсті көздерінен шаруашылық-
ауыз су қажеттілігіне су беретін су құбырлары құрылғылары су заңнамасының талаптарына
сәйкес санитарлық күзет аймағына ие болуы қажет.
Санитарлық күзет аймағында жер асты және жер үсті су көздері сырттан ластанудан
сенімді қорғалуы қамтамасыз етілуге тиіс.