ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014
(түпкілікті нұсқа)
12
1-кесте (жалғасы)
7 балл
Шымкент, Леңгір, Жетісай,
Талдықорған, Қапшағай, Үштөбе, Сарқанд
8 балл
Сарыағаш, Тараз, Луговое, Текелі, Жаркент,
Зайсан
9 балл
Алматы, Гранитогорск, Қаскелең, Талғар, Есік, Шелек
5.2.1.2 Жер сілкінудің баллмен көрсетілген күші және оның СЖ және СБ жүйелеріне
әсері:
1 - 4 балл. СЖ және СБ жүйесінің жағдайына әсер етпейді.
5 балл. Жекелеген сейсмотұрақсыз ғимараттар мен құрылыстар зиян шегуі мүмкін,
кей жағдайларда су көзінің дебиті өзгереді.
6 балл. Жекелеген ғимараттар мен құрылыстар зиян шегуі мүмкін, таулы жерлерде
жердің опырылуы мүмкін,су көздері дебиті мен құдықтардағы су деңгейінің өзгеруі
аталады.
7 балл. Көптеген ғимараттар мен құрылыстарда бүліну байқалады, құбырлы
желілерде түйісулердің бұзылуы, су қоймаларындағы су бетінде толқындар пайда болады,
су түбінен шөгінділер көтеріліп, су лайланады, су көздерінің дебиті өзгереді(кейде су
жоғалады), таулы жерлер мен өзен жағаларында жердің опырылулары болады.
8 балл. Көптеген ғимараттар мен құрылыстарда әжептәуір бүлінуі,құбырлы желілерде
түйісулердің үзілуі байқалады, су көздерінің дебиті және жер асты суларының деңгейі
қатты өзгереді, опырылулар.
9 балл. Ғимараттар мен құрылыстардың, жасанды су көздерінің қатты бүлінуі, жер
асты құбырларының үзілуі, жолдардың бұзылуы, жерде жарық пайда болуы, су
қоймаларындағы су бетінде биік толқындар пайда болады, су көздеріндегі су лайланады,
жер асты су көздерінің (ұңғымалар) көбі істен шығады.
10 балл. Ғимараттар, құрылыстар,тасбөгеттер мен тоспалардың жаппай қирауы, өзен-
сайлар арқылы өтетін су құбырларының эстакадалық және дюкерлік өтпе жолдарының
бұзылуы және қирауы, өзен және су қоймаларының жағаларындағы үлкен опырылыстар,
каналдар мен жинақтауыштардан судың сыртқа төгілуі.
11-12 балл. Зор апат, өзендердің бедері мен арнасының өзгеруі, жер бетіндегі
жарықтар, инженерлік коммуникациялар мен энергиямен жабдықтау, жылу,су жабдықтау
және су бұру жүйелерінің толықтай қирауы.
5.2.1.3 Жер сілкінуінің ықтимал зардаптарын азайту шаралары дегеніміз бұл күтілетін
жер сілкінісінің зардаптары мен ауқымын азайтуға бағытталған, алдын ала өткізілетін
шаралар мен өздік жұмыстардың өзара байланысқан кешені болып табылады:
- СЖ және СБ жүйелерінің ғимараттары мен құрылыстарының сейсмотұрақтылығын
арттырудың жаңа да тиімді әдістерін жасау және оларды
дұрыс пайдалану;
- сейсмологиялық өңірлер үшін нысандарды «Сейсмоқауіпті аудандарда құрылыс
жүргізу» ҚР ҚНменЕ талаптарына сай жобалау;
- сейсмологиялық өңірлерде сейсмотұрақты жоғары сапалы құрылыс жүргізу,СЖ
және СБ инженерлік желілері үшін құбырлардың сейсмотұрақты материалдан, негізінен
беріктігі жоғары шар тәрізді графитті шойыннан таңдалуы(ВЧШГ);
- сейсмикалық қауіпті өңірлерде коммуналды мақсаттағы нысандарды, олардың
сейсмотұрақтылығын және орналасқан жерінің сейсмика талаптарына сәйкестігін анықтау
мақсатында төлқұжаттау(түгелдеу) жүргізу;
- СЖ және СБ жүйелерінің ғимараттары мен құрылыстарында олардың
сейсмотұрақтылығын арттыру үшін арнайы жұмыстар жүргізу, әлжуаз құрылыстар мен
конструкцияларды бұзып тастау;
ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014
(түпкілікті нұсқа)
13
- уақытылы жөндеу жұмыстарын жүргізу, ескірген, техникалық ақаулы және күні
біткен құрылыстар мен инженерлік желілердің орнына жаңаларын салу, жиі апат болып
тұратын желілерді,
құрылыстарды,жабдықтарды алмастыру;
- опырылуға қарсы
шаралар өткізу, тоспалар мен тасбөгеттерді нығайту.
5.2.1.4 Жер сілкінісіне дайындалу және оның зардаптарын жою шаралары алдын ала
жүргізіледі және жер сілкінісінен кейін апаттық-құтқару, қалпына келтіру,күттірмейтін
жұмыстарды, СЖ және СБ жүйелерін, тұрғындардың өмірін қамтамасыз ететін нысан
ретінде, тез қалпына келтіруді тиімді өткізу үшін күш-құралдардың дайындығын
қамтамасыз етуге бағытталады.
Бұл шаралардың ішінде :
- күтілетін жер сілкінісі зардабының бағамы, келетін зиянның сипаты мен ауқымы,
апаттық-қалпына келтіру және де басқа жұмыстардың шамалап алғандағы көлемі мен
мазмұны;
- жер сілкінісінен кейінгі жұмыстарды жоспарлау, оның зардаптарын жою үшін
тартылатын және пайдаланылатын адам, материалдық және қаржылық ресурстар мөлшері;
-жер сілкінісі зардаптарын жоюға арналған ТЖ арнайы бөлімшелері мен СЖ және СБ
кәсіпорындарының апаттық бригадаларын құру және жасақтау;
- Апаттық-құтқару және күттірмейтін жұмыстарды өткізуге арналған күштерді
техникалық жарақтау, әсіресе жүккөтергіш және жер қазу техникасы,іздеу құралдары мен
шағын механизация бойынша;
- СЖ және СБ кәсіпорындарының, басқа да өңірлік және салалық апаттық-жөндеу
бөлімдерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, оларды автомобиль, құрылыс
техникасы және басқа жабдықтармен, ауыз су таситын және сарқынды су соратын арнайы
машиналармен жарақтандыру;
-электр және жылу энергиясының қосымша және автономды көздерінің, жанар-жағар
майлардың қауіпсіз сақталуын ұйымдастыру, энергиямен жабдықтауды қосарлау;
- елді мекендердегі және нысандардағы СЖ және СБ жүйесінің жобалық-жоспарлау
құжаттамасын, карталар мен сұлбаларды дайындап, олардың сенімді сақталуын
ұйымдастыру;
- сейсмоқауіпті аудандардың өміршеңдігі үшін маңызды нысандардың техникалық
қорғауын ұйымдастыру бар.
5.2.1.5 Жер сілкінісі зардаптарын жою кезінде әр жеке төтенше жағдайда СЖ және СБ
үшін бірінші кезектегі шаралар ТЖ-ың ауқымына, сипатына, тұрғындардың нақты
қажеттілігіне және басқа факторларға байланысты.
Тікелей жер сілкінген аймақта бұл шараларға:
- аймақта шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне деген қажет
су мөлшерін анықтау;
- СЖ және СБ жүйелерінің аман қалған және жартылай бүлінген элементтерінің(су
алу, су тазалағыш қондырғылар мен құрылғылар, реттеуіштер, резервуарлар, сорғы
стансалар т.б.) жағдайы мен пайдалану мүмкіндігін анықтау;
- су пайдалануды нормалауды енгізу және іске асыру, су сапасын бақылауды күшейту;
- жетіспейтін су алу, тазалау және жылжымалы ыдыстарға тарату бекеттерін
жабдықтау;
- қажетті су мөлшерін, оның ішінде құйылған және бөтелкеленген түрде, бар
автокөлікпен тасып әкелуді ұйымдастыру;
- қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына, наубайханаларға, емдеу мекемелеріне,
тұрғындарға уақытша су құбырлары арқылы су беруді ұйымдастыру;
- су табу мен тазалаудың қарапайым тәсілдерін, оның ішінде тұрғындардың өздері де,
қолдану;