130
II. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты болжам
3-5 минут
Алматы қаласында күн ашық (балалар күн шуағын салады).
Қостанайда жаңбыр жауып тұр (саусақтарымен
тоқылдатады).
Павлодар қаласында бұршақ жауды (жұдырықтайды).
Ақтауда ұйтқыған жел соқты (айналдыра сипалайды).
Астанада күн ашық!
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– «Ауа райы» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Неліктен
адамдар ауа райын бақылайды? Адам өміріне ауа райының
өзгеруі қалай әсер етеді?
Балалар өз ойларын айтады.
Қорытынды: Жел, қар, бұршақ, тұман, дауыл – барлығы ауа
райының белгілері. Ауа райында әрдайым өзгерістер орын
алып жатады сол себепті үлкендер мен балалар ауа райын
алдын ала біліп, соған дайын болып жүреді. Бұл ақпарат
олар үшін маңызды, себебі ауа райына сай киіну аса қажет.
ҰОҚ ортасы
III. тақырып бойынша
жұмыс
6-25 минут
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
Балалар Әліппе-дәптердегі суретті қарастырып, талқылауға
қатысады, өз тәжірибесінен алған әсерімен бөліседі.
Ауа райының өзгеруіне байланысты қауіпсіздік ережесін
сақтаудың қағидасын бірге дайындайды:
– Жаз мезгіліндегі қатты ыстық адам өміріне қауіпті.
Әсіресе түскі мезгілде далаға шығуға болмайды. Ойнауға
таңертеңгісін ерте және кешкі уақытта шығу керек. Өзіңмен
бірге су алып, баскиім кию керек.
Әліппе-дәптер
131
– Қыс мезгілінде қатты аяз болады. Балалар тоңып, үсіп
қалмауы үшін кейде мектептерде сабақ тоқтатылады.
– Қыста жиі көктайғақ болады. Ол машиналар мен жаяу
жүргіншілер үшін қауіпті. Көліктер мұзда сырғанап, басқа
көліктер мен жаяу жүргіншілерге соқтығысуы мүмкін.
Көктайғақ кезінде табаны тайғанамайтын етік кию керек.
Мұз үстінде жүргенде тізені сәл бүгіп, қолды екі жаққа
созып, қадамды жиі алып жүру керек. Егер құлайтыныңды
сезінсең, мүмкіндігінше қырымен құлау керек. Бұл бас пен
аяқ-қол жарақатынан сақтайды.
– Үй шатырындағы мұз сүңгілері де қауіпті. Басыңа құлап
түспес үшін үй маңынан алыстау жүріп, абай болу керек.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.
Педагог балалардың найзағай туралы не білетіндерін
анықтайды.
Жаңбыр жауған кезде күн күркіреп, найзағай ойнайды.
Найзағай – бұлттардың өзара соқтығысынан пайда болатын
атмосфералық қысым. Найзағай туралы ақындар былай
жырлайды:
Нөсерлі жаңбыр жауды да,
Жылғаны, сайды, бауды да
Толтырды суға көлкітіп,
Маңына үйдің көл бітіп,
Тізеден кештік шалшықты,
Елемей батпақ, балшықты.
Найзағай шарт-шұрт ойнады,
Әліппе-дәптер
132
От шашты жарқ-жұрқ жай оғы.
Нұрымен нөсер жайдары
Желкілдеп құрақ айдары,
Тоғайда құстар сайрады,
Құлпырып жон да жайнады.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
- Адам өміріне найзағай қауіпті ме? Найзағай кезінде қандай
ережені сақтау қажет?
Балалар талқылауға қатысып, өз ойларымен бөліседі.
Талқылау барысында шығатын қорытынды:
• Найзағай кезінде жеке тұрған ағаш түбіне жасырынуға
болмайды. Биік ағашқа найзағай жиі түседі.
• Егер найзағай кезінде суда жүрсең, жылдам жағаға шық.
Найзағай суға түссе, қатты зардап шегуің мүмкін.
• Найзағай кезінде қолшатырмен көшеде жүрмей, жаңбыр
толастауын аялдамада, дүкенде тосу керек.
(ұ) динамикалық үзіліс: «Біз – қуатты ағашпыз».
Балалар өздерін үлкен ағаш деп елестетеді. Ұйытқыған жел
оңға, солға соқты. Балалар денесін иіп, басын қолдарымен
құшақтайды.
(ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. (Жалғасы)
– Дауыл дегеніміз не? Ол қандай қауіп төндіруі мүмкін?
педагог ақпараты: Дауыл – қатты ұйытқыған жел.
Күшті дауыл үйдің шатырын ұшырып, ағашты, теле-
граф бағаналарын тамырымен жұлып, тіпті машиналарды
үйіріп алып соғады. Уақытылы жасырынып үлгермесе,
адамды да көтеріп лақтыруы мүмкін, ұшқан заттар,
Әліппе-дәптер
133
үйінділер, қираған ғимараттар басып қалу қаупі бар.
Құйыннан қорғанудың ең жақсы тәсілі – үйден шықпау,
далада жүрсең, кез келген ғимаратқа жасырыну. Ал ашық
далада шұңқырлы жерге қатты жабысып жату тиімді. Құйын
қатты бұршақ пен селге ұласуы да мүмкін.
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Адамдар ауа райы туралы қайдан біледі? Табиғи апаттың
жақындағанын алдын ала білуге бола ма?
Балалар теледидардан ауа райы болжамы туралы
тыңдайтынын айтады.
педагог ақпараты: Гидрометеорталық – ауа райы
өзгеруін қадағалайтын мекеме. Олар жер серігі арқылы
жақындап келе жатқан дауыл жайлы ақпарат алады. Арнайы
құрылғылардың көмегімен мамандар ауа райын болжайды.
көптілділік: ауа райы болжамы – прогноз погоды –
weather forecast
(ұ, Ж) проблемалық сұрақ:
– Төтенше жағдай дегеніміз не?
Балалар өз ойларымен бөліседі.
педагог ақпараты: Төтенше жағдай – белгілі бір аумақта
орын алған табиғат құбылыстары: апат, өрт, жер сілкінісі,
дауыл, су тасқыны.
Болжам табиғи апат болатыны жайлы хабарлаған соң,
азаматтық қорғаныс қызметі халықты жақындап келе жатқан
қауіп, оның күші жайлы хабардар етеді. Хабар жергілікті
радио, теледидар арқылы хабарланып, азаматтық қорғаныс
қызметкерлері барлық қорғаныс шараларын жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |