Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 2,64 Kb.
Pdf просмотр
бет32/33
Дата22.05.2018
өлшемі2,64 Kb.
#15675
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

147
педагог  ақпараты:  Орман  мен  бақта  серуендегенде  абай  болу 
керек. Құрамында улы заттары бар өсімдіктер адамдардың немесе 
жануарлардың  ағзасына  түсуі  мүмкін.  Уланудың  зардабы  ауыр 
болады.  Өсімдіктердің  өзі  үшін  бұл  улы  заттардың  маңызы  зор. 
Олар  өсімдіктерді  жануарлардан,  яғни  сабағын,  жапырақтары 
мен тұқымын жеп қоюдан қорғайды. Көптеген улы өсімдіктер өте 
әдемі болуы мүмкін, бірақ олар соншалықты қауіпті.
есте сақта! Танымайтын жидектерді жеуге болмайды! Тіпті оған 
жақындап, қолмен ұстауға болмайды.
педагог балаларға В. гауфтің «кішкентай Мук» ертегісінен 
үзінді тыңдауды ұсынады.
Таныс емес жидекті жеген Кішкентай Мукке не болғаны жайлы 
енді балалар біледі.
көптілділікжидек – ягода – berry
(ұ, Ж)  проблемалық сұрақ:
 Саңырауқұлақтарды қалай дұрыс жинауға болады?  
Қорытынды: Саңырауқұлақтарды тамырымен жұлмай, кесіп 
алу керек. Тамырсыз жаңадан саңырауқұлақ шықпайды. 
Саңырауқұлақтың ішінде улылары да бар. Сондықтан жинамас 
бұрын оның түрлерін біліп алған дұрыс. 
Жұмбақ шешейік:
Бар аяғы, қалқиған қалпағы,
Ағаш түбінде тұрағы. (Саңырауқұлақ)
 (ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс. 
Балалар Әліппе-дәптердегі суретті қарайды. 
Әліппе-дәптер


148
Саңырауқұлақтың  шыбынжұт  деп  аталатын  түрі  денсаулыққа 
зиян.  Бірақ  оны  аяқпен  мыжып,  таптауға  болмайды,  себебі  ол 
орманға қажетті саңырауқұлақ. Ол адамға улы болғанмен, орман 
тұрғындарына  жарамды.  Бұғы  шыбынжұтты  іздеп  жүріп  жейді. 
Тиіндер шыбынжұтты емдік мақсатта кептіріп алады.
IV. ұОҚ 
қорытындысы. 
рефлексия
25-30 минут
Педагог ҰОҚ қорытындылайды. 
– Бүгінгі ҰОҚ-де   қандай қызықты  ақпаратты білдіңдер? 
– Сендерге не ұнады?
(р) Педагог балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын сәттілік 
баспалдағы арқылы бағалауды ұсынады. 
– Егер сендер танымайтын өсімдіктерді қолданудың қауіпсіздік 
ережесін түсінбесеңдер, онда баспалдақтың ең төменгі сатысына 
жабырқау смайликтің суретін салыңдар. Егер барлығын түсініп, 
жаңа алған білімдеріңді айта алсаңдар, онда баспалдақтың ең 
жоғарғы сатысына көңілді смайликтің суретін салыңдар. Ал 
егерде өз білімдеріңе сенімсіз болсаңдар, смайликтің суретін 
баспалдақтың  2-сатысына салыңдар. 
– Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды? Неліктен? 
 Педагог мүмкіндігіне қарай түрлі пікірлерді тыңдайды.
Әліппе-дәптер


149
«деНСАулыҒыҢ Өз ҚОлыҢдА» 
cұрақ-жауап сайысы 
Мақсаты:  Денсаулық  сақтау  әдістерін  білу,  балаларды  өзінің  ден- 
саулығын қадағалауға; түрлі жағдайларда қауіпсіздік ережелерін қолдануға 
үйрету. 
Қажетті  құрал-жабдықтар:  «Күлкі»  және  «Апельсин»  топтары  үшін 
эмблема; күн тәртібі бейнеленген карточкалар.
Пайдалы  азық-түліктер  (жемістер,  көгөністер,  сүт  өнімдері,    жарма,  балық, 
жұмыртқа, кептірілген жемістер, жаңғақтар, кеспе, нан);
Зиянды азық-түліктер (кепкен нан, қуырылған картоп, кәмпит, балмұздақ, су-
сындар, гамбургер);
Сабын, тарақ, тіс щеткасы, беторамал, орамал, жөке, киім щеткасы;
Умаждалған газеттер, сыпыртқы, қалақ, шелек. 
Мақтау қағазы, медаль.
Ойынға қажетті атрибуттар: белгілері бар және сұрақтары мен кар-
точкалар. 
Ойын барысы
Көңілді әуен ырғағымен екі топ бір-біріне қарама-қарсы келіп тұрады.
Жүргізуші  (педагог-психолог):  Бүгін  біз  «Денсаулығың  өз  қолыңда» 
атты сайыс өткізгелі отырмыз. Сайысқа екі топ қатысады. Топ басшылары-
на сөз беріледі.
«Қуаныш» тобының басшысы: Біздің топ...
Балалар: «Қуаныш!»
Басшы: Біздің ұран...
Балалар: Әрқашанда күлімдеп жүру – денсаулық үшін керемет!
«Апельсин» тобының басшысы: Біздің топ...
Балалар: «Апельсин!»
Басшы: Біздің ұран...
Балалар: Біз апельсиннің бөліктері сияқтымыз. Біз татумыз, бірлігіміз 
жарасқан! 
Жүргізуші:  «Апельсин»  тобы  «Қуаныш»  тобының  барлық 
қатысушыларымен  амандасады!  Сендер  бір-бірлеріңмен  амандасып  қана 
қоймай, бір-біріңе денсаулық сыйладыңдар, өйткені сендер «Сәлеметсіңдер 
ме!» – деп бір-біріңе денсаулық тіледіңдер. 
Балалар орындықтарына отырады.
Педагог «Денсаулығың өз қолыңда» атты сұрақ-жауап сайысын өткізуді 
ұсынады. 


150
Жүргізуші әділқазы алқасымен, келген қонақтар және жанкүйерлермен 
таныстырады.  Қонақтар  ойынға  қатысушыларды  қошемет  білдіріп  қарсы 
алады. 
Сайыс төрт кезеңнен тұрады, әр кезең соңында қорытынды шығарылады.
і кезең – Бәйге
Ойынға  барлық  балалар  қатысады,  олар  2-3  топқа  бөлінеді.  Педагог 
балаларға  сұрақтың  жауабын  білетін  болса,  белгі  карточкасын  көтеруді 
ұсынады.  Әділқазы алқасы карточканы алғаш кім көтергенін анықтап, сол 
топқа жауап беруіне рұқсат етеді. 
Қойылатын сұрақтар үлгісі: 
• Сымбат дегеніміз не? Сымбатты қалай сақтауға болады? 
• Бұлшық еттің дамуы үшін не жасау керек? 
• Тазалық дегеніміз не? 
• Құлақты күту ережелерін айт.
• Көзді қалай сақтау керек?
• Тері қандай қызмет атқарады? Теріні күту жолдарын айт.
• Ауыз қуысын қалай күту керек? 
• Күн тәртібі дегеніміз не? 
• Ұйқы және адам үшін ұйқының маңызы. 
• Шынығу түрлерін ата.
тапсырма  «Мейірімді көмекшілер» 
•  Ненің  көмегімен  біз  шөп  сары,  қызанақ  қызыл  екенін  білеміз?  (Көздің 
көмегімен ) 
• Қандай дене мүшесі арқылы анамыз шақырып жатқанын білеміз? (Құлақтың 
көмегімен)
• Қай дене мүшесі арқылы қант тәтті, лимон қышқыл екенін, шетен жидегінің 
ащы екенін, тұздың дәмін білеміз? (Тілдің көмегімен)
•  Қандай  дене  мүшесі  арқылы  тыныс  аламыз,  иісті  сеземіз?  (Мұрынның 
көмегімен)
Жүргізуші: Үстел үстінде нысан бейнеленген карточкалар жатыр. Ды-
быс шығаратын нысанды дөңгелекпен белгіле. Шаршымен иісі бар нысанды, 
үшбұрышпен дәмі бар нысанды белгіле. (Тапсырма әр балаға жеке беріледі.) 
іі кезең – тамаша жетілік
Топ  басшылары  сұрақтары  бар  екі-үш  карточканы  суырып  алады. 
Жүргізуші  сұрақты  оқуға  көмектеседі.  Топ  басшылары  топқа  қайтып, 
сұрақтың жауабын талқылап, жауап беретін қатысушыны белгілейді. Жеті 
сұраққа жауап берілсе, барлық топ ұпайға ие болады.  


жүктеу 2,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау