Дошыбеков айдын багдатович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет27/66
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15352
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66

61 
 
Әлеуметтанушылар  имидждің  негізгі  сипаттамалары  арасынан  оның 
серпінді, құбылмалы, икемді, жағдайға байланыстылығы сипаттамаларын бөліп 
қарастырады.  Әлеуметтану  ғылымы  бойынша  имидждің  мынадай  негізгі 
қызметтерін  атауға  болады:  әлеуметтік  бағалау,  реттеуші,  әлеуметтік  өзін-өзі 
айқындау  қызметтері.  О.Н  Валеева,  сондай-ақ,  әлеуметтік  тренинг  қызметін, 
елестік-компенсациялық  және  әлеуметтік-нышандық  тану  қызметін  бөліп 
қарастырған. Имидждің әлеуметтанудағы анықтамасы бейне, әлеуметтік сурет, 
әлеуметтік абырой сияқты түсініктермен байланысты [206]. 
Мақсатты  түрде  қалыптасқан  имидждің  дамытушылық  және  үлгілеушілік 
сипаты бар екенін ескере келе, педагогикалық ғылым жеке тұлғаның  имиджін 
қалыптастырумен  байланысты  мәселелерге  көп  көңіл  бөлуде.  Педагогикалық 
деңгейде имидж ұғымы тәрбие, білім беру, жан-жақты және үйлесімді дамыған 
жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  сондай-ақ,  жеке  тұлғалық,  кәсіби  өзін-өзі 
жетілдіру мәселелерімен тығыз байланысты. 
Бүгінгі күні педагогика аясында білім беру мекемелерінің имиджі мәселесі 
зерттелуде  (А.Е.  Петрова)  [207].  Сонымен  қатар,  маманның  және  болашақ 
маманның,  соның  ішінде,  болашақ  жаттықтырушының  (Т.Н. Бушуева)  [208]  ; 
болашақ  аудармашының  (Ю.В.  Матюшина)  [209];  болашақ  туризм 
менеджерінің  (Н.К.  Петрова)  имиджін  зерттеудің  теориялық  тәсілдемелері 
жасалуда.  Жалпы  алғанда,  бүгінде  педагогикада  көбірек  зерттелгені 
мұғалімнің, ұстаздың педагогикалық имиджі болып отыр.  
Педагогикалық  қырынан  қарағанда  имидждің  маңызды  қызметтерінің 
арасында педагогикалық және эстетикалық ықпал ету қызметін, өз ойын білдіру 
қызметін, 
сондай-ақ, 
түрлендіру, 
ақпараттық-дамытушы, 
көркемдік 
қызметтерін  атап  кеткен  жөн.  Педагогикалық  қызметтер  еліктеуге  тұрарлық 
тартымды  үлгісі  ретінде  мінез-құлықтың  құндылық  үлгілерін  көрсету  арқылы 
жүзеге асады. Имидждің мазмұнына келер болсақ, педагогикалық зерттеулерде 
оны  адамның  сыртқы  келбетіне  қатысты  сипаттамалармен  қоса,  оның  дара-
жеке  тұлғалық,  әлеуметтік  және  кәсіби  қасиеттерінің  бірігуі  деп  қарастырады 
(Л.Г.  Попова,  т.б.)  [210].  Педагогика  саласындағы  қолда  бар  зерттеулер 
имидждің  анықтамасы  осы  ерекше  құбылысқа  қатысты  психологиялық 
зерттеулерден  алынғанын  айқындайды,  ал  «имидж»  ұғымын  қолдану  өрісі  әлі 
де анықталмаған пікірталас тақырыбы болып отыр. 
Психология аясында имидждің психологиялық қызметі екі топқа бөлінеді: 
ішкі қызметтер, бұлар өзін-өзі сезінуге, өзін-өзі бағалауға бағдарланған; сыртқы 
қызметтер,  бұлар  айналадағы  адамдардың  қабылдауына  бағдарланып,  ақпарат 
берумен,  түсінікпен  және  сыртқы  ықпалдармен  байланысты.  Психологиялық 
тұрғыдан  имидждің  аса  маңызды  қызметтері  мыналар:  психологиялық 
қорғаныс,  бейімделу,  әлеуметтік  тренинг,  жеке  тұлғалық  өзін-өзі  анықтау 
қызметтері, терапевтік қызмет пен өз ойын білдіру қызметі болып табылады.  
Студенттік шақ онтогенездік тұрғыдан жастық шақ пен ересектіктің арасы 
болып  келеді.  Бұл  жеке  тұлғаның  дамуындағы  маңызды  кезең.  Бұл  жаста 
адамның  өзіндік  санасы  қалыптасып,  ішкі  және  сыртқы  оқиғалардың 


62 
 
байланысын түсіне бастайды, топтық және әлеуметтік ережелерді қабылдайды. 
Студенттік шақта дүниедегі өз орнын анықтау, өзінің ерекшелігін, бірегейлігін 
ұғыну,  әлеуметтік  есеюдің  басы,  таным,  кәсіби  іс-әрекет,  жеке  тұлғалық 
қатынастардағы  субъектілік  сипаттамаларға  ие  болу  сияқты  жеке  тұлғалық 
субъектілік  сатысы  орын  алатын  өмірдің  жаңа  кезеңі  ашылады.  Бұл  кезеңде 
студент  үшін  оның  санасы  (дүниетанымы,  мағыналық  жүйе,  еңбекке,  басқа 
адамдарға  деген  қатынасы),  рухани,  жеке  тұлғалық  дамуы  үлкен  мәнге  ие 
болады  [211].  Студент  үшін  өмірдің  мәні,  адамның  мақсат-міндеті,  жеке 
тұлғаның еркіндігі, өзін-өзі бағалау мен кәсіби бағыттылық негізінде «Мендік» 
қасиетін  айқындау  туралы  мәселелердің  өзектілігі  арта  түседі.  Бұл  ретте 
студенттің  –  болашақ  бакалаврдың  ЖОО-ның  білім  беру  үрдісінде 
қалыптасатын  имиджінің  маңызы  артады,  ол  белгілі  бір  қызметтерді  атқарып, 
әлеуметтік  және  білім  беру  тәжірибесінің  әр  түрлі  салалары  мен  қызметтік 
өрістерінде өзінің міндеті мен борышын саналы түрде сезініп, іс жүзінде жүзеге 
асырып жатқан студенттің біртұтас әрі жан-жақты жеке тұлғалық және кәсіби 
дамуының қажетті құрамдас бөлшегі болып табылады [203,с. 78]. 
Жоғарыда  айтылғандардан  студенттің  –  болашақ  бакалаврдың  имиджінің 
аса маңызды және қажетті қызметтерін атап айтуға болады. 
Біріншіден,  бұл  –  өз  ойын  білдіру  қызметі,  ол  өзін-өзі  тану,  өзін-өзі 
дамыту,  өзін-өзі  жетілдіру  қызметтерімен  байланысты.  Өз  ойын  білдіру 
қызметі,  сондай-ақ,  өзін-өзі  ашу  қызметімен  байланысты,  ол  өзін-өзі  зерттеу, 
өзі  туралы  сөздерден  және  таңбалардан  тұратын  мінез-құлықтық  әрекеттер 
арқылы  ақпарат  тарату  дегенді  білдіреді.  Студент  үшін  тұлғааралық  өзара 
әрекеттестік  барысында  басқа  адамдарға  мақсатты  түрде  әсер  ете  білудің  де 
маңызы  зор,  бұл  –  өзін-өзі  таныстыру  қызметі.  Көптеген  зерттеушілердің 
пікірінше,  өзін-өзі  таныстыру,  шын  мәнінде,  имиджді  құруға  бағытталған  іс-
әрекет болып табылады (Е.Б. Перелыгина) [212].    
Имидждің  психологиялық  қызметі  студентке  өзіне  деген  сенімділігі  мен 
өзіндік  бағасын  арттыру  арқылы  (сыртқы  келбетіндегі  кемшіліктердің  орнын 
толтыру,  сәндеу,  тегістеу  арқылы)  тартымды  болуға  мүмкіндік  береді.  Бұған 
қоса,  психологиялық  қызмет  шынайы  мықты,  жағымды  қасиеттер  мен 
сипаттамаларға  көбірек  көңіл  бөлу  арқылы,  жеке  тұлғаның  психологиялық 
саулығының  факторлары  болып  табылатын  түпнұсқалық  (шын,  ашық,  адал, 
табиғи  мінез-құлық  мағынасында)  пен  ұйқастыққа  (сыртқы  көріністің  ішкі 
мазмұнға  сәйкес  болуы)  қол  жеткізе  алу  арқылы  жүзеге  асады.  Ұйқастықтың 
жоғары  көрсеткіші  өзін-өзі  жоғары  бағалаудың  белгісі  («шынайы  Меннің» 
«мінсіз Менге» айтарлықтай жақындығы) болып табылады. 
Болашақ  бакалавр  имиджінің  психологиялық  қызметі  бейімделу  сияқты 
маңызды  қызметпен  тығыз  байланысты,  бұл  қызмет  жеке  талпыныстар  мен 
үмітті  топтық  құндылықтар  мен  ережелер  деңгейіндегі  талаптармен  және 
үмітпен қиыстыру арқылы ресми және бейресми қатынастар өрісіндегі қажетті 
әлеуметтік-психологиялық 
бейімделуді 
қамтамасыз 
етеді. 
Имидждің 
бейімделушілік  қызметі  ішкі  психологиялық  шиеленісті,  мазасыздықты, 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау