Дошыбеков айдын багдатович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет29/66
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15352
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   66

66 
 
имиджді  қалыптастыру  барысында  БАҚ  мәнін  зерделеу.  Мәселенің 
әлеуметтану  жағы  спорт  әлеуметтануы  аясында  спорттағы  имидждің  пайда 
болуы  мен  дамуының  заңдылықтарын,  оның  әлемдік  құрылыстағы  орнын; 
спортта  имидждің  қалыптасуына  сан  алуан  әлеуметтік  құрылымдардың, 
күрделілігі  жағынан  әр  түрлі  әлеуметтік  жүйелердің,  қауымдастық  түрлерінің, 
әлеуметтік  институттардың,  үрдістердің  ықпал  етуін;  спорт  сияқты  еңбек  пен 
іс-әрекеттің  айрықша  саласындағы  имиджді  қалыптастырудың  ерекшеліктерін 
зерделеу дегенді білдіреді.  
Саясаттану  жағынан  аталмыш  мәселе,  негізінен,  спортшылардың, 
спорттың  кейбір  түрлерінің  абыройлы  имиджін,  спорттық  командалардың  әр 
түрлі  халықаралық  жарыстардағы,  Олимпиадалық  ойындардағы  жетістіктерін 
қолдану  арқылы  елдің  саяси  имиджін  қалыптастыру  заңдылықтарын;  спорт 
имиджін  қалыптастыруға  әр  түрлі  қоғамдық  бірлестіктер  мен  саяси 
партиялардың  ықпал  етуін;  мемлекеттік  басқару  түрлеріне  (монархия, 
республика  т.б.),  саяси  құрылыс  түрлеріне  (тоталитаризм,  өктемшілдік, 
демократия  т.б.),  мемлекеттік  құрылыс  түрлеріне  (біртекті  мемлекет, 
федеративті мемлекет т.б.) байланысты спорт имиджін қалыптастыру үрдісінің 
ерекшеліктерін зерделеумен байланысты.   
Кәсіби  имиджге  ие  болу  іскер  адам,  кәсіпкер,  көшбасшы,  спортшы  үшін 
бастапқы  мақсат  емес,  дегенмен,  оны  игерудің  айтарлықтай  жеке  тұлғалық 
және  кәсіби  сипаттамаға  ықпал  етіп,  терең  тәжірибелік  мәні  бар.  Өз  имиджі 
үшін қам жеу адамдар санасына әсер ету дегенді білдіреді, бұл – ең жақсы өзін-
өзі таныстыру. Имидж ұғымы дербестендіру ұғымына жақын, бірақ, екіншісіне 
қарағанда,  имидж  жеке  тұлғаның  табиғи  қасиеттерімен  қоса  арнайы  жасалған 
қасиеттерінен де тұрады. Бұған қоса, имидж адамның сыртқы келбетімен бірге 
оның  ішкі  әлемін,  психологиялық  тұрпатын  көрсетеді.  Сонымен,  имидж 
дегеніміз  –  жеке  тұлғаның,  ұйымның  әлеуметке  немесе  оның  бірнеше  тобына 
әсер  етуі.  Адамдардың  белгілі  бір  тобының  жеке  тұлғаға,  ұйымға  қатысты 
қандай  да  бір  деректерді,  мәліметтерді,  әрекеттерді  қабылдап,  түсінуіне  баға 
беру  спорт  жүйесінде  имиджді  басқарудың  маңызды  психологиялық  негізі 
болып табылады.   
Спорттағы имидждің сансыз түрінен гносеологиялық және психологиялық 
тұрғыдан  келесі  негізгі  топтарды  бөліп  қарастыруға  болады:  Олимпиадалық 
спорт  имиджі,  Ежелгі  дүниедегі  спорт  имиджі,  жаңа  заман  кезеңіндегі  спорт 
имиджі  (ХVІІ-ХVІІІ  ғғ.),  екі  дүниежүзілік  соғыс  арасындағы  кезеңдегі  спорт 
имиджі,  бұрынғы  КСРО-дағы,  ТМД  елдеріндегі  спорт  имиджі,  спортшының 
имиджі, жаттықтырушы имиджі, спорттық команданың имиджі, т.б.    
Осылайша,  дене  шынықтыру  пәні  мұғалімінің  имиджі  өзара  байланысты 
және өзара шарттасқан, ішкі және сыртқы құрамдастардан тұратын құрылысы 
бар  жүйелі  тұтас  құрылым  деп  айтуға  болады.  Ішкі  құрамдастарға  мыналар 
жатады:  білім  (жалпы  кәсіби  білім,  педагогикалық  имиджеологияның 
теориялық негізін білу); білік (әдістемелік, психотехнология саласындағы білік, 
айқындау-бағалау  білігі);  жанашырлық  пен  төзімділік  қабілеті;  оқушыларды 


67 
 
түсінуге,  уайымдауға,  олардың  белгілі  бір  тәуелсіздігі  мен  дербестігіне 
бағдарланған мақсаттар, кәсіби жеке тұлғалық өсу мен өзін-өзі дамыту арқылы 
жағымды  имидж  қалыптастыру  мақсаты;  құндылықтар  (бала  өмірінің 
құндылығы,  баланың  жеке  тұлғасы  өзіндік  құндылық  ретінде,  өзінің  және 
денсаулығының  құндылығы);  мұғалімнің  дұрыс  өзін-өзі  бағалауы.  Сыртқы 
құрамдастар:  мұғалімнің  сыртқы  келбетіндегі  жанама,  іскерлік  стиль 
мәнеріндегі габитарлы элемент; мұғалімнің сөзін сипаттайтын ауызша элемент; 
үрдістік:  мұғалімнің  басқаруының  демократиялық  стилі;  мұғалімнің 
оқушылармен  біріккен  дене  шынықтыру-спорт  іс-әрекеткетіне  қызығушылық 
танытуы негізінде қарым-қатынас стилі. 
 
1.4 
 Дене шынықтыру-сауықтыру қызметі саласындағы маркетинг 
бойынша болашақ дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлаудың 
құрылымды-мазмұндық моделі  
Соңғы  уақытта  кәсіби  білім  беру  жүйесінде  маманның  болашақ  іс-
әрекетінің  кәсіби  қызметіндегі  көзқарастарына  басым  көңіл  бөлінуде.  Маман 
моделі  соңғы  кездері  бітірушінің  жоспарланған  қасиеттерінің  нормативтері 
ретінде қарастырылады.  
Модельдеу- маманның, оның қалыптасуының тұлғалық, кәсіби қызметінің 
жинақы қасиеттерін қарастыруға мүмкіндік береді. Маманның «үлгілі» сапалы-
сипаттамалы  моделі  ретінде  оның  нормативті  моделінің  негізін  құрайтын 
кәсіби  жазбасы  қарастырылады  [217].  Соңғысы  жеке  тұлғаның  кәсіби 
сәйкестігін  анықтайтын  мемлекеттік  құжат  болып  табылады.  Осыған 
байланысты жеке тұлғаға модель кәсіби білім беру мен тәрбиелеудің мақсатты 
мазмұнын  жеке  тұлғаға  қажетті  біліктілік,  білімін,  дағды  деңгейлеріне  дейін 
жеткізуге мүмкіндік береді.  
Е.Э.  Смирнова  [218]  маманның  моделін  жасау  үшін  адамды  нақты  бір 
қызмет тасымалдаушысы ретінде зерттеудің үш деңгейін ұсынады:  
  әлеуметтанушылық,  ол  дүниетанымдылықтан  (сонымен  бірге  кәсіби), 
кәсіби этикадан, мәдениет деңгейінен тұрады; 
  психологиялық,  нақты  міндеттерді  орындауға  қажетті  арнайы 
қасиеттердің жиынтығын анықтайды;  
  психофизиологиялық,  табысты  қызмет  етуге  қажетті  қабілеттер  мен 
қасиеттерді қарастырады.  
Н.И.  Рейнвальд  [219]  маманның  моделін  жасауда  үш  негізгі  мәселесін 
қарастырады. 
Маманның  арнайы  кәсіби  талаптарының  жалпы  тұлғалық  қасиеттерінің 
талаптармен (дүниетанымдылықта азаматтық бағытты қоса) үйлестіру мәселесі 
қазіргі кезде өз қызметін қанағаттанарлық деңгейде орындай алмайды. Маман 
моделінің  тек  қана  статикалық  құрылымдарын  –  жеке  тұлғаның  қасиеттерінің 
барлық мамандық өкілдеріне олардың бар кәсіби қызметі бойынша қажетті ғана 
емес,  динамикалық  –  қоғамдық  өндірістің  аздау  өзгеретін  барлық 
салаларындағы  ғылым  мен  технологияның  дамуымен  байланысты.Маман  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау