Дошыбеков айдын багдатович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет35/66
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15352
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   66

81 
 
1.  Сауалнама  жүргізу.  Н.В.  Кандаурова  жасаған  сауалнама  (сауалнама 
туралы  мәліметтер  оның 
«Маркетинг 
физкультурно-оздоровительных 
организаций, ориентированных на работу с женщинами» (п.ғ.к., дисс., Мәскеу, 
2005ж.)  атты  диссертациялық  зерттеулерінен  алынған.  Біз  сауалнаманы 
бастапқы  нұсқасында  емес,  біздің  зерттеу  мақсаты  мен  ерекшелігіне  бейімдей 
отырып,  қолдандық.  Берілген  сауалнаманы  жүргізудегі  мақсат  –  дене 
шынықтыру-сауықтыру  қызметі  саласында  шұғылданушы  зерттелінушілердің 
негізгі  уәждемелерін  айқындау  болды.  Сауалнама  кәсіби  қызметті  таңдаудың 
нақты    дәрежелері  берілген  жауап  түрінде  берілетін  сұрақтан  тұрады. 
Жауаптарды  өңдеу  мен  оларға  сараптама  жүргізу  кезінде  нақты  бір  жұмысқа 
немесе  кәсіпке  деген  қызығушылық  пайызы  айқындалды.  Сауалнама  А 
қосымшасында берілген [236].  
2. Авторлық сауалнама біз дене шынықтыру-сауықтыру қызметін көрсету 
кезіндегі  спорттық  маркетинг  саласындағы  біліктіліктер  мен  дағдылар  туралы 
білімді  маңгеруге  бағытталған  элективті  курсқа  сапалы  баға  беру  мақсатында 
жасалған.  Сауалнама  нұсқасы  Ә  қосымшасында  берілген.  Ол  түрлі  жауап 
нұсқаларынан тұратын 9 сұрақтан тұрады, мысал келтіретін болсақ: 
6.  Дене  шынықтыру  және  спортты  басқарудың  нормативтік-құқықтық 
негіздерін атап бере аласыз ба? 
Иә 
Жоқ 
Айта алмаймын 
7.  Шет  елдердегі  дене  шынықтыру  –сауықтыру  қызметі  маркетингінің 
дамуы туралы ақпараттан хабардарсыз ба? 
Иә 
Жоқ 
Білмеймін 
Сауалнама  нәтижелерін  өңдеу  кезінде  сұрақтарға  қандай  да  бір  жауап 
берген  зерттелінушілердің  пайыздық  көрсеткіші  айқындалды.  Одан  кейінгі 
сауалнама нәтижелері бойынша салыстыру жұмыстары жүргізілді.  
3.  Компьютерлік  тест  оқу  үдерісіне  біз  жасаған  «Қазақстандағы  және 
шетелдердегі  дене  шынықтыру-сауықтыру  қызметі  маркетингінің  негіздері» 
элективті  курсын  енгізуге  дейінгі  және  кейінгі  білімгерлердің  білімі  мен 
біліктілік  деңгейін  айқындауға  арналған.  Төрт  түрлі  жауап  нұсқалары  бар    30 
тест  тапсырмалары  жасалынды.    Берілген  тестің  ерекшелігі  –  студенттердің 
дұрыс  және  дұрыс  емес  жауаптарының  санын  шұғыл  түрде  көрсетіп  отырды. 
Мысалы, тестің толық мазмұны Б қосымшасында берілген [237].  
4. 
В.Ф. 
Ряховскийдің 
"қарым-қатынас" 
тесті 
– 
адамның 
маңайындағылармен    араласуы  мен  қарым-қатынасқа  түсу    деңгейін 
айқындауға  арналған.  Ол  біздің  зерттеуде  спорттық  маркетологтың  біршама 
кәсіби-маңызды тұлғалық қасиетін анықтауға арналды. Сұрақтарға жауап беру 
кезінде  жауаптың  «иә»,  «кейде»  және  «жоқ»  деген  үш  түрлі  нұсқасы 
қолданылды.  


82 
 
Тестің классификаторы: 
30-31  ұпай.  Сіз  айқын  түрде  елмен  араласа  білмейсіз.  Бұл  сіздің 
«сорыңыз», өйткені бұдан Сіз өзіңіз зардап шегесіз. Сізге жақын адамдарға да 
оңай  емес.  Жабыла  көтеретіндей  іс  туа  қалса,  Сізге  иек  арту  қиынға  соғады. 
Маңайыңыздағылармен  көбірек  араласуға  тырысыңыз,  өзіңізді  өзіңіз 
қадағалаңыз. 
25-29  ұпай.  Сіз  тұйықсыз.  Көп  сөйлемейсіз,  оқшауланып,  жалғыздықты 
қалайсыз,  сондықтан  Сіздің  достарыңыз  аз.  Жаңа  жұмыс  пен  жаңа  қарым-
қатынастар  қажеттігі  Сізді  үрейлендіре  қоймаса  да,  біраз  уақытқа  дейін 
тыныштығыңызды,  бірқалыптылығыңызды  бұзады.  Сіз  өз  мінезіңіздің  мұндай 
ерекшелігін  білесіз  және  өзіңізге  көңіліңіз  толмайды.  Бірақ  мұндай 
көңілсіздікпен  шектелмеңіз  –  мінезіңіздің  мұндай  ерекшеліктерін  жеңе  білу 
Сіздің өз қолыңызда. Қандай да бір жағдайларда қатты беріле көңіл бөлуіңіздің 
арқасында Сіз толық елмен араласа білуге қол  жеткізуіңіз мүмкін.  
19-24  ұпай.  Сіздің  біршама  деңгейде  маңайыңыздағылармен  қарым-
қатынасыңыз  бар  және  таныс  емес  жағдайларда  өзіңізді  толығымен  дерлік 
сенімді  түрде  ұстай  білесіз.  Туындай  қойған  жаңа  мәселелер  Сізді  аса  үркіте 
қоймайды.  Дегенмен,  жаңа  таныстықтарда  жалтақтық  танытып,  артыс-
тартыстар  мен  пікірталастарда  аса  белсенділік  таныта  қоймайсыз.  Өз 
сөздеріңізде  негізсіз,  тым  әсерлеп  сөйлеу  басым  келеді.  Бұл    кемшіліктерді 
түзетуге болады.  
14-18  ұпай.  Сіздің  бойыңызда  қалыпты  елмен  араласа  білу  қасиеті  бар. 
Сіздің  қызығушылығыңыз  басым,  сұхбаттасушыңызды  назар  сала  тыңдай 
білесіз,  қарым-қатынасыңыз  дұрыс,  өз  пікіріңізді  қызбалық  танытпай  қорғай 
білесіз.  Жаңа  адамдармен  таныстыққа  көп  ойланбай  бара  білесіз.  Сонымен 
бірге,  аса  шулы  ортаны  қаламайсыз;  асыра  сілтемелі  әрекеттер  мен 
көпсөзділікті жақтырмайсыз.  
9-13  ұпай.  Сіздың  ортамен  қарым-қатынасыңыз  жеңіл  (кейде,  тіпті 
шамадан  тыс).  Қызығушылығыңыз    басым,  көп  сөйлейсіз,  түрлі  мәселелер 
бойынша  өз  пікіріңізді  білдіруге  тырысасыз,  кейде  бұл  маңайыңыздағыларға 
ұнай бермейді. Жаңа адамдармен танысқанды жаныңыз сүйеді. Елдің назарын 
өзіңізге  аударғанды  дұрыс  көресіз,  басқалардың  өтініштерін  барлық  уақытта 
орындай алмасаңыз да бетін қайтармайсыз. Кейде қызбалыққа салынасыз, бірақ  
қайтымыңыз    тез.  Сізге  жетпейтін  нәрселер  –  салмақтылық,  сабырлық  және 
келеңді  мәселелермен  кездескен  кездегі  батылдық.  Қажет  болғанда,  Сіз  өз 
дегеніңізден қайтпайтын қасиет таныта білесіз.  
4-8  ұпай.  Сіз  көңіліңіз  «кең  дария»  адамсыз.  Маңайыңыздағылармен 
қарым-қатынасыңыз  керемет.  Барлық  уақытта  барлығынан  хабардарсыз. 
Барлық  пікірталастарға  қатысасыз,  кейде  салмақты  тақырыптар  Сіздің 
басыңызды қатырып, мазаңызды алуы мүмкін. Кез келген мәселе бойынша, ол 
туралы  түсінігіңіз  шамалы  болса  да  пікірталақа  қатысуды  жақсы  көресіз. 
Барлық жерде өзіңізді емін-еркін сезінесіз. Кез келген іске кейде соңына дейін 
жеткізе  бермесеңіз  де  кірісіп  кетесіз.  Осыған  байланысты  басшыларыңыз  мен 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау