Дошыбеков айдын багдатович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет23/66
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15352
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66

52 
 
рухани  өзгеруіне,  оның  денелік,  зияткерлік,  адамгершілік,  еріктік  және  басқа 
қасиеттерінің жетілуіне ықпал етеді [186].  
Дене  шынықтыру  және  спорт  саласындағы  дене  жаттығуларын 
орындаумен байланыссыз әлеуметтік-мәдени қызмет көрсеткішіне ықпал етуші 
және  қосымша  қызметтер  жатады.  Дене  шынықтыру  және  спорт  саласындағы 
ықпал  етуші  қызметтер  бірнеше  түрлерге  бөлінеді:  сауықтыру  (моншаларды, 
сауналарды,  спорттық  массажды  және  т.б.  қолдану),  зияткерлік  (әдістемелік, 
кеңес  беру,  ақпаратты  және  т.б.),  әлеуметтік-мәдени  қызметтері  (спорттық 
құрал-жабдықтарын, демалуға арналған тауарларды сату және жалға беру және 
т.б.)  қызметтері,  дене  шынықтыру-спорт  құрылыстарын  (спорт  залдарды, 
корттарды,  жүзу  жолдарын  және  т.б.)  спортбаза  ғимараттарын  жалға  беру 
қызметтері,  әсерлі  қызметтер  (спорт  жарыстарды,  спорттық  шоуларды 
ұйымдастыру  және  өткізу),  спортпен  шұғылдану  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  
(кезекші инструктордың және көмекшілердің (көбіне бассейнде болу) спорттық 
сақтандыру  қызметтері  және  т.б.  Дене  шынықтыру  және  спорт  саласында 
қосымша қызмет көрсету (негізгі тапсырыспен байланыссыз) нұсқалары жүзеге 
асырылуда:    анамнез,  тестілеу  түрлері,  медициналық,  кеңес  беру,  ақпараттық 
қызметтер,  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  (күзет  агенттігі  қызметтері), 
әлеуметтік-тұрмыстық  қызмет  көрсету  (кафелер,  асханалар  жүйесі,  құнды 
заттарды  қорғау  камералары,  балаларға  қарау  және  т.б.),  спорттық  базаны 
жалға  беру  және  т.б.  Дене  жаттығуларын  орындаумен  байланысты  дене 
шынықтыру  және  спорт  қызметінің  көп  түрлілігі  көбіне  таңдап  алынған 
педагогикалық үдеріс өлшемдерімен анықталады.Осы негізде дене шынықтыру 
және спорт қызметінің  типтік қатарларының көп мөлшері қалыптасуы мүмкін. 
Осы қасиеттердің кейбіреулерін көрсетіп кетеміз.Дене шынықтыру және спорт 
қызметін  көрсетудің  негізгі  әдістемелік  бағыттары  бойынша  дене 
жаттығуларының  қатаң  түрде  шектелуі,  жаттығуларды  ойын  түрінде, 
жаттығуларды жарыс қызметінде қолдану құрайды [150, с. 12]. 
Дене  шынықтыру  және  спорт  қызметінің  басым  бөлігі  жіктемесіне 
арналған базасы ретінде дене жаттығуларын орындау кезіндегі жүктемелер мен 
демалу  үйлесімділігі  өлшемдері  қарастырылуы  мүмкін.  Бұл  жерде  сыртқы 
жүктемелер  стандартты  және  ауыспалы  (үдемелі,  төмен),  үздіксіз  және 
аралықты болуы мүмкін. Жүктемелер арасындағы демалыс түрлері толық және 
толық  емес,  белсенді  және  сылбыр  болып  келеді.  Жүктемелер  қарқыны 
бойынша 
дене 
шынықтыру 
және 
спорт 
қызметтері 
максималды, 
субмаксималды,  үлкен  және  біркелкі  дене  жаттығуларын  орындауды 
қарастыратын болып келеді [151, с. 58]. 
Дене  шынықтыру  және  спорт  қызметтері  жекелей  қимыл  қабілеттерін 
дамыту  бағыттылығының  белгілері  бойынша  топтарға  бөлінуі  мүмкін.  Бұлар 
шапшаңдықты,  шапшаңдықты-күшті  дамытуға,  сондай-ақ,  төзімділікке, 
икемділікке, бағдарлануға, нақтылыққа, тепе-теңдікке, босаңсуға арналған дене 
жаттығулары орындалуын қарастыратын қызметтер болуы мүмкін [151,с. 59]. 


53 
 
Әрине,  келтірілген  тізім  толық  емес,  дегенмен,  таңдап  алынған 
педагогикалық  үдеріс  өлшемдеріне  негізделген  дене  шынықтыру  және  спорт 
қызметі  жіктемесін  келтіру  үшін  бізге  дене  шынықтыру  теориясы  мен 
қызметтің барлық түрлеріне сипаттама беруге  тура келеді. Дене шынықтыру-
спорт  қызметтері  деп  дене  жаттығуларымен  және  спорт  түрлерімен  түрлі 
мақсатта шұғылданудың ұйымдастырулы түрлерін түсіну қажет [151,с. 60]. 
Ескере 
кететін  жайт, 
дене 
шынықтыру-спорттық 
қызметтеріне 
тұрғындардың 
түрлі 
әлеуметтік-демографиялық 
топтардың 
дене 
жетілдіруіндегі  немесе  спорт    көрінісіндегі  сұраныстарын  қанағаттандыру 
мақсатында  жүзеге  асырылатын  түрлі  әлеуметтік-педагогикалық  қызмет 
түрлері ретінде анықтама беруге болатындығын атап кету қажет [120,с. 55]. 
Дене шынықтыру-спорт қызметтерінің негізгі түрлері:  
-  дене  шынықтыру  және  спорт  жаттығуларынан  құрылған  сабақ  түрлері  , 
спорт және сауықтыру секциялары, спорт  командалары мен клубтары; 
- спорттық көріністер; 
-  спортшылардың  дене  тәрбиесі  мен  даярлық  жүйелерінің  дене 
шынықтыру-сауықтыру  сабақтарының,  бағдарламаларының  әдістемелерін, 
әдістемелік кешендерін жасау.  
Арнайы әдебиетті зерттеу негізінде біз дене шынықтыру қызметінің мәнін 
ашатын келесі кестені құрдық (кесте 6). 
 
Кесте 6 – Дене шынықтыру қызметтерінің атқарымдары  
 
Емдік-дене шынықтыру 
қызметтері  
Сауықтыру-алдын алу 
қызметтері  
Спорттық-бұқаралық қызметтер 
- ауруларды емдеу; 
- дене кемістіктерін жою, 
оңалтуды 
қамтамасыз 
ету 
(денелік, 
психологиялық)  
 
-   денсаулықты нығайту, 
- аурулардың алдын алу,  
-  жұмыс  істеу  қабілетін 
сақтау, 
- өмір сүру жасын ұзарту,  
-денелік рекреация, 
-эмоционалдық 
күйді 
жақсарту, 
-дене тұрқын жақсарту 
-  ойынды  қызығушылық    пен 
сайыскерлік, 
-ұжымдық рух қалыптастыру,  
-дене тұрқын жақсарту,  
- ұжымда араласу,  
-жекелей 
және  командалық 
жетістіктерді салыстыру. 
 
 
Спорт-сауықтыру  өнімін  нығайтудағы  спорт-сауқтыру  қызметін  көрсету 
өндірістері көрсететін ақпараттық қызмет кешені мен ақпараттық базаның рөлі 
ерекше.  Нарықтық  экономика  жағдайындағы  дене  шынықтыру-спорт 
қызметтерін  сату-сатып  алу  нысаны  болып  отыр.  Осыған  байланысты,  дене  
шынықтыру-спорт қызметтерін өндірушілер сатушы рөлінде, ал тұтынушылар 
сатып алушылар рөлінде қарастырылады. Дене шынықтыру және спорт қызмет 
нарығы көп түрлі және ерекше. Оның қызмет етуі 3-суретте  берілген. 
 
 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау