Дошыбеков айдын багдатович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет28/66
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15352
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66

63 
 
тұрақсыз жағдайды, т.б. азайту керек пе немесе жою керек пе деген студенттің 
алдында  тұрған  маңызды  міндетті  шешуге  мүмкіндік  береді.  Бұл  қызметтің 
студенттің  еңбек  жолының  басында  жаңа  топқа  кіру,  жаңа  әлеуметтік  рөлді 
игеру  барысында,  өзге  әлеуметтік-экономикалық  топқа  көшу  кезінде,  кәсіби 
өріске  бейімделу  барысында  маңызы  аса  зор.  Осыған  байланысты,  мақсатқа 
жету  қызметі  имидждің  әмбебап  қызметтерінің  бірі  болып  табылады  және 
кәсіби  қырынан  студенттің  кәсіби  мақсаттар  мен  табысқа  жетуіне  жағдай 
жасайды.  Имидждің  аксиологиялық  қызметі  студенттердің  дара  және  кәсіби 
құндылықтар  жүйесіндегі,  өмірдің  мәні  мен  мақсаттарын  іздестірудегі 
адамгершілік бағдары болып табылады.  
Студент  имиджінің  түрлендіруші  қызметі  стутенттің  жеке  тұлғасының 
өзін-өзі танытуға, рухани және физикалық жағынан өзін-өзі жетілдіруге жағдай 
жасайды. Сондай-ақ, имидждің жеке тұлғаны биіктететін қызметін атап кеткен 
жөн,  ол  студенттің  өз  жеке  тұлғасының  тартымдылығын,  басқа  адамдар  үшін 
қалаулы, маңызды екенін сезінуге мүмкіндік береді [203, с.89]. 
Осылайша,  студенттің  –  болашақ  бакалаврдың  имиджінің  негізгі 
қызметтеріне  қысқаша  шолу  жасап,  оны  психологиялық  бейімделу  мен 
қорғаныс құралы (В.Г. Горчакова) [213]; ақпарат жемісі (Г.Г. Почепцов) [214]; 
әлеуметтік  бағдарламалау  жүйесі  (И.А.  Федоров)  [215];  педагогикалық, 
эстетикалық  ықпал  ету  құралы;  жеке-дара  және  кәсіби  мақсаттарға  жетуге 
жағдай  жасайтын  бәсекеге  қабілеттілікті  көтеретін  құрал  ретінде  қарастыруға 
болады.  Жағымды  имидж  қатынастар  мен  қызығушылықтар  (соның  ішінде, 
кәсіби)  жүйесінде  барабар,  жайлы  және  тиімді  өмір  сүруді,  тиімді  байланыс 
орнатуды, 
өзара 
әрекеттестік 
пен 
тұлғааралық 
қарым-қатынасты 
оңтайландыруды,  қарым-қатынаста  серіктестердің  назарын,  әсерін  басқаруды 
қамтамасыз етеді. 
Зерттеуде  атап  көрсетілген  болашақ  бакалаврдың  имиджінің  өз  ойын 
білдіру,  өзін-өзі  ашу,  өзін-өзі  таныстыру,  психологиялық,  бейімделушілік, 
түрлендіруші,  аксиологиялық  сияқты  қызметтері  студенттің  –  болашақ 
бакалаврдың  имиджін  қалыптастырудың  мәні  мен  мақсаттарын  анықтайды. 
Аталмыш қызметтер өзара байланысты. Студент әлеуетті түрде  имидждің осы 
қызметтерінің жүзеге асуы арқасында қоғамның одан күтетін қасиеттерді, білік 
пен құндылықтарды көрсете алады.  
Спорттағы  имидж  мәселесі  кешенді,  көп  қырлы  және  мазмұнды  болып 
табылады.  Оған  белгілі  бір  деңгейлер  бойынша  талдау  жасауға  болады. 
Спорттағы  имиджді,  оның  көрініс  табуы,  қалыптасуы,  мәселелерімен  қоса, 
талдау деңгейлерінің өзара байланысы [216] 7- кестеде көрсетілген. 
 


64 
 
Кесте 7 - Спорттағы имиджді талдау деңгейлері (Г.В. Ложкин бойынша) 
 
Имидж 
Көрініс табуы 
Қалыптасуы 
Мәселелер 
Өмір сүру өрісі 
Спорттық 
имидж 
Қоғамдық пікір,  
БАҚ-тағы ақпарат 
Мемлекеттік 
бағдарламалар, 
қаржыландыру, 
БАҚ,  
ірі  клубтардың, 
көрнекті 
спортшыларды
ң  
іс-әрекеті 
арқылы 
Қаржылық, 
саяси, 
нәсілдік, 
ұлттық 
Тарихи, рухани, 
мәдени, 
экономикалық, 
саяси   
Спорттық 
команданың 
имиджі 
Жанкүйерлердің, 
табынушылардың, 
әйесқойлардың, 
жаттықтырушылар
дың түсінігі, БАҚ-
тағы ақпарат 
БАҚ, 
жанкүйерлер, 
әуесқойлар, 
табынушылар, 
жаттықтырушы
лар арқылы 
Қаржылық, 
әлеуметтік, 
психологиял
ық 
Педагогикалық, 
заңгерлік, 
әлеуметтік-
психологиялық     
Жаттықтыру
шы имиджі 
Жанкүйерлердің, 
табынушылардың, 
әйесқойлардың, 
спортшылардың 
түсінігі, БАҚ-тағы 
ақпарат 
Білім алу, 
тәжірибе, 
тіркеу, 
біліктілікті 
арттыру 
арқылы 
Қаржылық, 
әлеуметтік-
психологиял
ық, 
психологиял
ық 
Педагогикалық, 
психологиялық 
Спортшының 
имиджі 
Жанкүйерлердің, 
табынушылардың, 
әйесқойлардың, 
спортшылардың, 
жаттықтырушылар
дың түсінігі, БАҚ-
тағы ақпарат 
Білім алу, 
жаттықтырушы
, жаттығу 
жүйесі, БАҚ 
арқылы 
Қаржылық, 
әлеуметтік-
психологиял
ық, 
психологиял
ық 
Педагогикалық, 
психологиялық, 
психофизиологиял
ық 
  
Спорт имиджінің мәселесін мынадай негізгі қырлары бойынша қарастыру 
керек: 
психологиялық, 
педагогикалық, 
кәсіби, 
физиологиялық, 
коммуникативтік, әлеуметтану, саясаттану.  
Психологиялық  қырынан  бұл  мәселе,  негізінен,  келесі  сауалдарды 
зерделеумен байланысты: имиджді құрудағы психиканың танымдық қызмеінің 
рөлі; жақсы әсерлер, қабылдаулар, түсініктер жүйесі ретінде имиджді құрудың 
ерекшеліктері;  спортшы  имиджді  құру  үрдісінде  ойлаудың,  жан  тебіренісінің, 
жадының,  сөздің,  қиялдың  рөлі;  имиджді  қалыптастырудағы  қажеттіліктің, 
бейсананың рөлі; спортшының имиджінің оның өз жігерлілігін, мінезін, еркін, 
өзін-өзі  реттеу,  өзін-өзі  еркін  ұстау,  өзін-өзі  сендіру  мүмкіндіктерін  көрсете 
білуіне  тәуелді  болуы;  спортшының,  жаттықтырушының  жеке  тұлғалық 


65 
 
имиджін  түзету;  имиджді  қалыптастыруда  тіл  табысу,  жанашырлық, 
рефлексивтік,  шешендік  сияқты  қасиеттердің  рөлі;  имиджді  құру  барысында 
тиімді  таңбалық  қарым-қатынастың  рөлі;  спортта  әр  түрлі  имиджді 
қалыптастыруда үйреншікті (энергетикалық) және теориялық (ақпараттық) сана 
әрекетінің  ерекшеліктері;  имиджді  құру  барысында  фасцинация,  аттракция 
және түстің психологиялық қасиеттерінің әсерінің рөлі.    
Спорттағы  имидж  мәселесінің  психологиялық  қыры  келесі  сауалдарды 
қамтиды:  спортшылардың,  жаттықтырушылардың,  спорт  жетекшілерінің, 
менеджерлердің мінез-құлқының тиімді үлгілерін жасау; спортта имиджді құру 
үрдісінде  топтың  психологиясын  ескеру;  спортта  имиджді  қалыптастыру 
барысында  адамдардың  санасына,  бейсанасына  ықпал  ету  ерекшеліктері; 
спортта  имиджді  қалыптастыру  мақсатында  психологиялық  ықпал  етудің 
белсенді 
құралдарын 
іздестіру 
және 
зерделеу; 
спортта 
имиджді 
қалыптастырудағы  нейролингвистикалық  бағдарламалаудың  (НЛБ)  рөлі  мен 
мүмкіндіктері;  спортшының,  жаттықтырушының,  спорт  менеджерінің  жеке 
тұлғалық  имиджін  қалыптастырудың  психологиялық  шарттары;  бұқаралық 
ақпарат  құралдарының  өкілдерімен  жұмыс  істеуге  психологиялық  дайындық, 
т.б.       
Спорттағы  имидждің  педагогикалық  қыры  спорт  арқылы  өз  Отанына, 
мемлекетке  деген  сүйіспеншілікті  тәрбиелеу;  спорттағы  жетістіктер  арқылы 
мемлекеттің абыройы мен  имиджін қалыптастырып, нығайту сияқты маңызды 
мәселелерді  қамтиды.  Мемлекеттегі  спорттың  даму  деңгейі  оның 
демократиялануының,  мүмкіндіктері  мен  табыстарының  көрсеткіші  болып 
табылады.  Біздің  өркениетіміздің  тарихы  көрсеткеніндей,  өсіп  келе  жатқан 
ұрпақтың тәрбиесі әр уақытта спортпен тығыз байланысты болған. 
Спорттағы  имидж  мәселесінің  кәсіби  қыры,  негізінен,  имиджді 
қалыптастыруға  байланысты  іс-әрекеттің  құрал-саймандарын  (жайғастыру, 
айла-шарғы  жасау,  аңыздандыру,  әсершілендіру,  пішім,  сөзбен  жеткізу, 
нақтылау,  ақпаратқа  айрықша  көңіл  бөлу,  өнердің  ежелгі  түрлеріне  еліктеу, 
алшақтау,  метафоралау,  көз  алдына  елестету,  т.б.)  зерделеумен  сипатталады. 
Мұнымен  имидж  туралы  ғылым  –  имиджелогия  айналысады,  ал  аталмыш 
құрал-саймандарды  осы  саладағы  мамандар  –  имиджді  жасаушылар  мен  ЖБ 
(PR) қызметкерлері қолданады. 
Спортта  имиджді  құрудың  физиологиялық  ерекшеліктерін  зерделеудің 
негізгі  тақырыбы  спортта  белгілі  бір  имидждің  иесі  болуға  атқарымды  түрде 
дайын болу; имиджді қалыптастыру үрдісін реттеудің физиологиялық тетіктері; 
спортшының физиологиялық қасиеттерінің оның спорттағы имиджіне ықпалы; 
белгілі  бір  имиджге  ие  болумен  байланысты  ағзаның  әр  түрлі  ықпалдарға 
физиологиялық әсері  мәселелері болып табылады.  
Мәселенің  коммуникативтік  қыры  дегеніміз  –  спортта  имиджді 
қалыптастыруда  қарым-қатынастың  рөлін,  имиджді  құру  барысында 
ақпараттың таралуының заңдылықтары мен ерекшеліктерін, бұқаралық ақпарат 
құралдарында  (БАҚ)  ақпараттың  қызмет  етуінің  ерекшеліктерін,  спортта 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау