173
ӘОЖ 148.34
ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҤРДІСТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Амандосова С.С., Тургымбекова Ф.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Халық барлық уақыттарда экономикалық географияның аса маңызды зер ттеу
пәндерінің бірі болған. Бұдан ертерек уақыттарда елдер мен оларды мекендейтін халықтар
географияның мазмұнын құраған. Кейінірек «географияның» анықтамасы кеңейгенімен
халық қоғамдық-экономикалық географияның негізі болып қала берді. Уақыт ӛте келе
географиялық ғылымдар жүйесінен экономикалық география бӛлініп шықты, ал халықтар
географиясы экономикалық географияның бір тармағы ретінде қалыптасты [3,4,5].
Экономикалық географияда ӛнеркәсіп, ауыл шаруашылығы немесе кӛлік
географиясымен салыстырғанда халықтар географиясы ерекше маңызға ие. Себебі халық
ӛндіруші күш ретінде де, тұтынушылар біртұтастығы ретінде де шаруашылықтың барлық
салаларымен байланысты, экономикалық география зерттейтін барлық құбылыстар мен
үрдістерге қатысады, сонымен қатар оның шаруашылықтан тәуелсіз, алайда халықты
географиялық сипаттауда міндетті түрде назар аударатын ерекшеліктері бар (мысалы,ұлттық
және тілдік айырмашылықтары). Халық дегеніміз күнделікті ӛмірдің ӛндірісі мен ұдайы ӛсім
үрдісінде табиғи тарихи қалыптасып үздіксіз жаңарып отыратын адамдардың біртұтастығы,
адамзат қоғамының басты материалды компоненті (құраушы бӛлігі).
Халық дегеніміз түрлі сипат пен белгілер тән алуан түрлі және күрделі құбылыс.
Жалпы халыққа тән маңызды белгі ретінде оның үнемі жаңарып отыруын қамтамасыз ететін
ӛлгендер санының туылған дамушы келер ұрпақпен алмасуын айтуға болады. Бұл үздіксіз
үрдісті кӛбіне «табиғи» ұдайы ӛсу немесе халықтың табиғи қозғалысы деп атайды, себебі ол
ең алдымен адамның биологиялық қасиеттері арқылы кӛрінеді. Табиғи қозғалыспен қатар
халықтың басқа да қозғалыстары бар. Бұл халықтың бүкіл қозғалыстарының анықтаушы
шегін, ұдайы ӛсу мен жалпы қоғамның дамуының қоғамдық үрдіспен үздіксіз байланысын
кӛрсететін халықтың кеңістік және әлеуметтік қозғалысы (халықтың әлеуметтік қозғалысы
жеке тұлғалардың әлеуметтік топтар мен таптардың бір класынан екіншісіне ӛтуі, қоғамның
әлеуметтік құрылымында алатын орнының ӛзгеруі) [6].
Халық қозғалысының нәтижесінде оның құрылымы мен басқа да сипаттары анықталып
қана қоймай, сонымен қатар халықтың қоғамның басқа да барлық компоненттерімен үнемі
ӛзара байланысы іске асады. Бұл ӛндірістік күштер мен ӛндірістік қатынастардың дамуымен
шарттасатын үздіксіз сандық және сапалық ӛзгерістермен сипатталатын халықтың аса
маңызды қасиетін – халық қоныстануының дамуын анықтайды.
Халық бүкіл қоғамдық дамудың органикалық бӛлігі бола тұрып, ӛзі де сол дамуға
айтарлықтай әсер ететін фактор болып табылады және оны ӛзгеріске ұшыратады. Халық
қоныстануының заңдар жүйесін халық дамуының объективті үрдістерінің ішкі маңызды,
тұрақты үнемі қайталанып отыратын ӛзара байланыстар құрайды. Халық қоныстануының
заңдары арасында халықтың ұдайы ӛсуінің аса жалпыланған сипаттарын біріктіретін заңдар
жүйесін (подсистема) шартты түрде бӛлуге болады: 1) Халықтың табиғи қозғалыс заңдары;
2) Халықтың кеңістіктік қозғалысының заңдары (халықтың қоныстану және кӛші – қон
заңдылықтары); 3) Әлеуметтік қозғалыс заңдары (халықтың әлеуметтік қозғалғыштығын
кӛрсететін кластық, мамандық, біліктілік, білімділік және тағы басқа құрылымдарының
ӛзгеру заңдылықтары).
Халық дегеніміз нақты адамдардың біртұтастығының әлеуметтік – уақыттық және
кеңістік – аймақтық анықтамалығын құрайды. Кеңістік – аймақтық шектеуге байланысты
қозғалыс нәтижесінде халық аймақ бойынша тарайды. Бұл үрдісті халықтың
қоныстандырылуы деп атайды, оның нәтижесінде қоныстар торы (торабы) пайда болады.
174
Қоныстардың негізгі екі түрі бар – қалалық және ауылдық, олар ӛз кезегінде адамдар саны
экономикалық – географиялық жағдайы, дамуының тарихи ерекшеліктері, халықтық –
шаруашылық,
сәулет–жоспарлық
келбеті
бойынша
ерекшеленеді.
Қоныстардың
қоныстанбауы (бос болуы), аймақтың қоныстану деңгейі мен халықтың тығыздығы және
қоныстардағы адамдардың кӛптігі халықтың таралуын сипаттайды.
Халықты қозғалыс үрдісінде қарастыру оның сипаттарының кӛп түрлілігін кӛрсетеді
және де ол әлеуметтік және биологиялық құбылыстармен күрделі байланыста тұрған
объективті ӛмірдің бүтін әлеуметтік құбылысы болып табылады. Қазіргі кезде халық есебін
түрлі органдар (мекемелер) жүргізеді. Халықтың табиғи қозғалысының күнделікті есебі туу
мен ӛлім, азаматтық жағдай мен медициналық мекемелердің актілерінің жазбаларына
негізделген; халықтың кӛші–қоны туралы мәліметтер халықты тұрғын орнына тіркеу кезінде
жүргізілетін ішкі істер органдарының келу мен кету туралы статистикалық есеп
құжаттарында тіркеледі. Табиғи қозғалыс пен кӛші – қонды тіркеу мәліметтерінің негізінде
халықтың жалпы саны, жыныстық және жастық құрамы, халықтың әлеуметтік ұлттық
құрамы, білім деңгейі және тағы басқалар жайында есептер жүргізіледі.Бұл есептер халық
санағының арасындағы кезеңде жүргізіледі. Халық санағы белгілі бір уақытта елдің немесе
оның бір бӛлігінің әрбір тұрғынын сипаттайтын демографиялық, экономикалық және
әлеуметтік мәліметтерді жинау мен талдап қорытудың аса күрделі әрі жауапты үрдісі болып
табылады.
БҰҰ–ның статистикалық комиссиясының анықтауы бойынша халық санағы дегеніміз –
бұл «жинау, жинақтау, бағалау, талдау және жарыққа шығарудың біртұтас үрдісі» немесе
елдің нақты шектелген бӛлігіндегі тұлғалардың барлығына қатысты белгілі бір уқыттағы
демографиялық, экономикалық және әлеуметтік мәліметтердің басқаша таралуы. БҰҰ – ның
ұсынысы бойынша халық санағы әрбір он жылда жүргізіледі. Санақ елдің барлық
тұрғындарын, сонымен қатар сыртта жүргендерді де тіркейді. Жанұяның құрамы туралы
мәлімет алып, оларды бір бірінен айыру үшін санақ жанұялар бойынша жүргізіледі. Халық
санағын жүргізгенде мәліметтер құжаттардан емес адамдар сӛзінен алынады. Жауаптар
арнайы санақ парақтарына жазылады. Жазбаларды арнайы есепшілер жүргізеді.
Халық санағы қысқа мерзім ішінде (бірнеше күн ішінде) жылдың халық аса
қозғалмайтын уақытында жүргізіледі. Біреуді жазбай қалу немесе қайталап жазбау үшін
арнайы әдістер қолданылады. Ол үшін халық санағының дұрыстығын тексеруге мүмкіндік
беретін бақылау тіркеулері жүргізіледі. Санақ жоспары елдің бүкіл халқы үшін бірдей. Оған
әдетте демографиялық (жынысы, туылған жылы, күні, жасы, некелік жағдайы, балаларының
саны және т.б.),экономикалық (қандай іспен шұғылданатындығы,күнкӛріс кӛзі,жұмыссыздар
үшін арнайы сұрақтар және т.б.), білімділік туралы (сауаттылығы, мектепке баруы, оқу
жылы немесе білімділігінің деңгейі, мамандығы) және ұлттық (ұлты, ана тілі басқа білетін
тілдері) белгілері бар мәліметтер кіреді.
Мәліметтерді жинау – халық
санағының, бастапқы сатысы ғана. Ары қарай мәліметтер
құбылады (ӛзгеріске ұшырайды), түрлі инстанцияларда бақылаудан ӛткен соң
автоматтандырылған ӛңдеуге ұшырайды (кодтау арқылы
алғашқы жазып алынған
мәліметтер магнитті дискілерге кӛшіріліп компьютерге енгізіледі). Бұл соңғы ӛңдеу санақ
мәліметтерін ӛңдеудің алдын-ала жоспарлануы бойынша мемлекетті экономикалық және
саяси ұйымдастыруға қажетті
халықтың саны, құрамы мен таралуы туралы,
сонымен қатар
елдің және оның жекелеген аймақтары мен мекен жайларының экономикалық және
әлеуметтік дамуын ғылыми зерттеп іс жүзінде басқаруға арналған жан жақты мәліметтері
бар дайын статистикалық кестелер жасап шығарады.
Бұл мәліметтердің барлығы халықтар географиясының кез-келген ӛңдеу ісінің қажетті
алғы шарты болып табылады. Халықтың саны мен жастық–жыныстық құрылымы, қала мен
ауыл халқының үлесі, халық шаруашылығының салаларында еңбек етіп жатқан халықтың
таралуы– мұның бәрі халықтар географиясын талдауға қажетті негізін қалаушы бастапқы
мәліметтер болып табылады. Туу, ӛлім – жітім және табиғи ӛсім сияқты демографиялық
кӛрсеткіштер халықтар географиясы үшін маңызды және мысалы, еңбек артықшылығы мен