21
әсері; б) қазақ кеңес әдебиеті шығармашылығында берілетін
кәсіптік еңбек тәрбиесі.
Осылардың нәтижесінде көрінетін оқушылардың
шығармашылық жазу еңбектеріндегі еңбек тәрбиесінің
әсерін бақылап, байқап отыру да олардың болашаққа деген
арманына, кәсіптік талғамының ашылуына жол ашады.
Әдебиет пәнінен берілетін еңбек тәрбиесінің негізі мектептің
бастауыш буынынан басталып, күрделене түсіп, оқушының
мектеп бітірерде өзінің қандай мамандықты таңдап, болашақ
қадамын анықтайтын тұсқа дейін жүріп отырады. Әсіресе,
оның еңбек жөніндегі көзқарасы анықталып, қалыптасатын
тұсы – 5-9-сынып аралығында. Жоғары сыныптар тұсында
шәкірттің еңбек туралы танымы сапалық жаңа деңгейге
жетеді.
5-сыныптың
әдебиет
оқулығында
берілген
шығармалардың барлығы еңбек тәрбиесіне негізделген
деп қарауға болады. «Керқұла атты Кендебай», «Қырық
өтірік», «Толағай» ертегілері, т.б. Ертегінің бәрінде де
көркем бейнелердің іс-тәжірибелерінен байқалатын
еңбек тәрбиесі бар. Сол образдардың бойына сіңген еңбек
тәрбиесін оқушыларға талдау барысында көрсетіп беруге
болады. Мәселен, «Керқұла атты Кендебай» ертегісінде
қандай еңбек көріністері бар? Оны Кендебайдың шыққан
әлеуметтік ортасымен байланыстырып қарау керек. Алдымен
Қазанқаптың кедейлік өмірі Кендебайдың адамгершілік,
ерлік бейнесіне әсер етіп, оның халықтық батыр дәрежесіне
көтерілуі тікелей еңбекпен байланысты болуына оқушының
көзі жеткізілуі керек. Кендебай – жасынан еңбекке
араласып өскен бала. Қаратаудың басындағы көп кедейдің
қиын тағдыры оны ақылды бала етіп өсіреді. Өзінің
бойындағы дарынды қасиеттерді халық үшін жұмсайды.
Аң аулап мергендік өнерді игереді. Еңбегімен кедейлерді
тегін асырайды. Кендебайдың еңбегі, негізінен, аңшылық
22
кәсіппен байланысты. Оның өсуі де, адамгершілік қасиеті де
осы еңбекте жатыр. Аңшылық – ерте заманнан тіршілік көзі.
Сонымен бірге аң аулау ерлікті, батылдықты қажет етеді.
Ерлік аңшылық арқылы танылып отырған.
«Қырық өтірік» ертегісіндегі Тазша – өз айтуынша, әрі
құрылысшы, әрі мерген, әрі малшы және егінші. Оның бұл
кәсіптерді меңгеруі, тамаша білуі, осы еңбек салаларын
көріп, іс жүзіне асырғаны – осылардың барлығын өлеңге
қосып, жырға айналдыруынан аңғарылады. Осы еңбек
иелерінің ертегіге арқау болуы қазақ халқының ертеден-ақ
бұл кәсіптерді өміріне, тіршілігіне арқау еткендігінен деп
білеміз. Мұндай кәсіптерді халқымыз ерекше бағалаған.
Тазша баланың бейнесі арқылы ауыл жастарын егінші,
малшы болуға баулысақ, қала балаларын құрылысшы болуға
баулимыз. Атақты егінші, малшы, құрылысшы адамдар
көп шығып, олардың еңбегі құрметке айналғандығын айта
кету керек. Осындай түсінік әңгіме арасында адамдардың
суреттерін көрсетіп талдау арқылы да, оқушылардың
өздері білетін ауыл еңбектеріне деген әсері арқылы да
жүргізуге болады. Қалалық жердегі әсем ғимараттар мен
сәулетшілер туралы, құрылыс мәні туралы сөз еткен жөн.
Соның нәтижесінде оқушылардың мамандыққа деген ойы,
көзқарасы ашылады.
«Толағай» ертегісіне көз жүгіртейік: «Жеті жаста садақ
тартты», «Құтылмайды қашқан құлан». Мергендігі мен
аңшылығы, еңбекке деген ұмтылысы жас ұрпақ көкірегіне
талап, талпыныс ізін салары сөзсіз. Бастаған істі «Жарты
жолда қалдырмай», шыдамдылық, сабырлылық танытуды
Толағай арқылы бала бойына сіңіре білуіміз керек.
Ертегілер негізінде бала бойына еңбексүйгіштік, кәсіп
игеру сияқты тәрбиені жалғастыру әдебиет пәнінің міндеті
деп қарау керек. Әрбір шығармада еңбек детальдары
кездесіп отырады. Оқушы танымын кеңірек талдай отырып,
23
осы детальдардан өмірлік қалыптасуға бейімдеу пән
мұғалімдерінің шеберлігін, сөз саптауын, аңғарымпаздығын
қажет етеді. Ұстаз арқылы, оның сөзі арқылы берген білімі-
нің нәтижесінде мамандықтың не екенін біліп, табиғатын
тануға, өзінің болашағына деген танымы өсіп, қызығушы-
лығы артады.
Әдеби шығармаларда берілетін еңбек тәрбиесін сабақта
ғана емес, сыныптан тыс оқытылатын шығармалар бойынша
да жүзеге асыра аламыз.
Қазіргі қазақ әдебиеті шығармаларында қазақтың ақын-
жазушылары әдебиетіміздегі еңбек тәрбиесін жалғастыра
отырып, оған жаңаша мазмұн берді. Бұл оқулықтарда
берілген және әдебиеттің барлық жанрында өз көрінісін
тапқан. Көркем әдебиет туындылары жас шәкірттерді
кішкентай кезінен еліне деген, еңбекке деген сүйіспеншілігін
арттырады, адамгершілікке, ұжыммен жұмыс істей білуге
баулиды. Кәсіптік еңбектің болмысын танып қызығушылық
арманына қанат бітіреді. Еңбекті сүю арқылы мақтаныш
сезімін оятады.
Әдебиет сабағы арқылы еңбекке тәрбиелеу, оқушыға
өмірде өз орынын табуға ықпал ету мұғалімнің тәжірибесі-
не сүйенсе, дер кезінде дұрыс берілген тәрбие, еңбекке
икемділік шәкірттің өмірлік жемісі болмақ.
ЕңБЕК ҚҰДІРЕТІ
Жастайынан жалықпай еңбек еткен
Елге сыйлы мерейлі төрге жеткен.
Дүниеде ешқашан тарықпайды,
Өйткені ол шаруасын дөңгелеткен.
24
Қазақ тілі: озық тәжірибе, ортақ әдіс
Әлия ШАЙМЕРДЕНОВА,
«Қарақұдық» жалпы орта
білім беретін мектебінің
мұғалімі.
Павлодар облысы,
Ертіс ауданы.
КЕЛЕР ШАҚ. БОЛЖАЛДЫ
КЕЛЕР ШАҚ
(7-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушыларға келер
шақ, болжалды келер шақ, олардың шақтық маңызы
туралы түсінік беру;
дамытушылық – оқушыларды
сатылай кешенді талдауға, морфологиялық талдауға үйрету;
тәрбиелік – адамгершілік, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік
қасиеттерін нығайтуға, ғылымды сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру.
Оқушының әрекеті. Оқушылар сабаққа дайындалады.
Мұғалімнің әрекеті. Түгелдеу. Оқушылардың сабаққа
дайындығын бақылау. Оқушыларды сабаққа жұмылдыру.
ІІ. Үй тапсырмасы.
Оқушының әрекеті. Осы шақ. Нақ осы шақ.
Мұғалімнің әрекеті. Осы шақтың түрлері, нақ осы шаққа
байланысты сұрақтар.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.
Оқушының әрекеті. 1. Сабақтың мақсатын, міндетін
ашады. 2. Оқулықпен жұмыс істейді. 3. Проект технологиясы
бойынша зерттеу жүргізеді.
Жоба тақырыбы: Келер шақ. Болжалды келер шақ.
Достарыңызбен бөлісу: |