«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 2,17 Kb.
Pdf просмотр
бет34/36
Дата20.05.2018
өлшемі2,17 Kb.
#14748
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

128
   
   
 
Жаңа  сабақ.  Бүгінгі  сабағымызда  Абай  Құнанбайұлы-
ның  бәйге  атын  сипаттаған  «Шоқпардай  кекілі  бар  қамыс 
құлақ» өлеңін оқимыз.
Өлеңді мәнерлеп оқу. Бәйге атының суреті көрсетіледі.
Сөздік жұмысы.
Сағақ – жылқының мойыны. Кең сауырлы – жылқының 
жамбастан жоғарғы бөлігі. Шідерлігі – жылқының тірсегі. 
Өлеңде ақын аттың сынын айшықты сөздермен сипаттаған. 
«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңінен эпитеттерді 
табамыз.
Эпитет – белгілі бір құбылысты көз алдына елестету 
үшін бейнелеп айтылатын сөздер.
Аттың түр-тұлғасы
Жүріс-тұрысы
Шабыс-желісі
Шоқпардай кекілі 
бар қамыс құлақ, қой 
мойынды, қоян жақ
Бейне жел... Иек 
қағып, еліріп жүрсе... 
Жүрдек көсем
Бөкен желіс
Өлең құрылысына талдау. 8 шумақ, 4 тармақ, 3 бунақты, 
11 буынды қара өлең ұйқасына (а, а, б, а) құрылған.
Венн  диаграммасы.  Абайдың  «Шоқпардай  кекілі  бар 
қамыс құлақ» өлеңіндегі аттың сынын «Қобыланды батыр» 
жырындағы Тайбурылмен салыстыру.
Жылқы малы туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
«Ер қанаты – ат» тақырыбына эссе жазу, сурет салу. 
Үйге  тапсырма:  Абай  Құнанбайұлының  «Шоқпардай 
кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін жаттау.


129
Сара РАХИПОВА,
Қаныш Сәтбаев атындағы орта 
мектеп-гимназиясының 
мұғалімі.
Алматы облысы,
 Ақсу ауданы.
МАҚАЛ-МӘТЕЛ АРҚЫЛЫ            
ОЙ-ӨРІСІН, ТІЛІН ДАМЫТУ
Мақал-мәтелдер – халықтық сипат алған даналық сөздер 
жиынтығы. Мақал-мәтелдердің тақырыбы сан алуан: ел мен 
жер, оны сүю, құрметтей білу, батырлық пен батылдық, оқу- 
ғылым, ерлік пен еңбек, т.б.
XXI  ғасыр  ұстаздарының  алдында  тұрған  басты  міндет 
–  ата-бабамыздың  қанында  болған  еркін  де  батыл  қазақы 
мінезді  баланың  бойына  сіңіріп,  ұлттық  рухы  биік,  ана 
тілінің  қадір-қасиетін  түсінетін  саналы  да  сауатты  шәкірт 
тәрбиелеу. Мен өз сабақтарымда балалардың жазба тілінің 
сауаттылығымен қатар, ауызекі сөйлеу тіліне де баса назар 
аударып  отырамын.  Сабақ  үстінде  мақал-мәтелдерді  өз 
орнымен  ұтымды  пайдалана  білу  сабақтың  сапасының 
жоғары деңгейде өтуіне оқушылардың ой-өрісінің дамуына, 
айтар  ойын  әдемі  де  әсерлі  етіп  жеткізуіне  ықпал  етеді. 
Мәселен,  «Зат  есім»  тақырыбын  өткенде  оқулықтағы 
берілген жаттығулармен шектелін қалмаймын, үйге тапсырма 
бергенде әр оқушыға зат есімі бар мақал-мәтелдерді жазып 
келуді тапсырамын. Оқушылар оны жазып келеді, сыныпта 
әр  оқушының  жазғанын  оқытып,  талдау  жасап  отырамыз. 
Бұл – баланы шығармашалыққа баулу жолы болып табылады. 
Мысалы: «Ана үшін аянба – ант ұрады», «Өнер алды – қызыл 
тіл», «Бала – ананың бауыр еті», т.б. «Сын есім» тақырыбын 
өткенде  де  «Дәл  осылай  кім  өте  мағыналы,  тәрбиелік  мәні 


130
бар  мақал-мәтелдерді  жазып  келер  екен?»  деп  ескертіп, 
жақсы мақал-мәтел жазған топ оқушылары жеңімпаз болып 
табылып,  жақсы  бағалар  қойылатынын  айтып    отырамын. 
Бұл  әдіс  оқушылардың  сабаққа  деген  қызығушылығын 
оятады  әрі  шығармашылықпен  жұмыс  істеуге  үйрететін 
бірден-бір  ыңғайлы  әдіс  екенін  өзім  сабақ  беретін  сынып 
оқушыларынан байқап жүрмін.
«Сын  есім»  тақырыбына  арналған  мақал-мәтелдерді 
жазып келіп, сыныпта талдағанда жай ғана сыдыртып оқып 
шықпай, оларды сөз құрамына, сөйлем мүшесіне де талдау 
жасап  отырамыз.  Мысалы:  «Жақсы  адам  –  елдің  ырысы, 
жақсы жер – жанның тынысы», «Әдепті бала – арлы бала, 
әдепсіз бала – сорлы бала», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз, 
жақсы ұл – аспандағы жұлдыз», т.б. Әр тақырыпта бекіткен, 
пысықтауға  арналған  сабақтарда  сынып  оқушыларын 
топқа  бөліп,  келесі  сабағымызда  «Қай  топ  көп  мақал-
мәтел  біледі?»  деп  10-15  минуттық  ойын-жарыс  түрінде 
сабақты  түрлендіріп  өткізу  де  жақсы  нәтиже  береді.  Онда 
топ мүшесіндегі оқушылар бірінің жазғанын бірі тексеріп, 
ізденіп, өз беттерінше дайындық жасайды. Әр топ мүшелері 
өз  топтарының  оқушыларының  жеңіске  жетулеріне 
атсалысады,  яғни,  оқушылар  арасында  өзара  бәсекелестік 
жарыс пайда болады.
Шығармашылық  жұмыстың  тағы  бір  түрі  –  өтілген 
тақырыптарға  байланысты  «Сөзжұмбақтар»,  «Ребустар» 
құрастырту, мұндай тапсырманы да балалар қызығушылық-
пен тыңғылықты орындауға тырысады.
Әр мұғалімнің алдына қойған мақсаты – сабақ сапасын 
көтеру,  оқушыларымыздың  ана  тілінің  жанашыры  болып, 
туған  тіліміздің  мәртебесінің  өсуіне  өз  үлестерін  қосатын 
азаматтар тәрбиелеу. Қазіргі мәдениетті, жан-жақты білімді 
жастарымыздың  ақыл-ой  көрінісі  (әр  сөзді  өз  орнына 
жұмсап, мағыналы сөйлей білуі) – заман талабы.


131
Әр халықтың тарихта қалуы туған ана тіліне байланысты. 
Сабақты  үнемі  жарыс  түрінде  түрлендіріп,  танымдық 
ойындар  мен  мақал-мәтелдерді,  жұмбақ,  жаңылтпаштарды 
кіріктіре  өткізу,  оқушылардың  танымдылық  қызығушылы-
ғын  арттырып,  логикалық  ойлау  қабілетін,  жазба  тілмен 
қатар ауызекі сөйлеу тілдерінің жақсы дамуына ықпал етері 
сөзсіз.
   
   
 
София РАМАЗАНОВА,
«Жұмыскер» ауылындағы
Исатай Тайманұлы атындағы 
орта мектептің мұғалімі.
Атырау қаласы.
«ҚЫЗ ЖІБЕК» ЖЫРЫНДАҒЫ 
ТӨЛЕГЕН МЕН ЖІБЕК
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  оқушыларға  лиро-
эпостық жырлардың тақырыбынан түсінік беру, классикалық 
үлгідегі  жыр  арқылы  теориялық  білімдерін  арттыру; 
тәрбиелік  –  жас  ұрпақты  эстетикалық  талғамға,  ұлтын 
сүюге, оның дәстүрін біліп, өз ой-пікірін тиянақты, жатық, 
түсінікті  түрде  баяндай  білуге  тәрбиелеу;  дамытушылық 
– берілген тапсырманы мәнерлеп айта білуге, тез, шапшаң 
ойлау,  тапқырлық,  табан  астында  ұтымды  жауап  беру, 
салыстыра білу дағдысын  дамыту.
Көрнекілігі: тақта, лиро-эпостық жырлар, Қыз Жібек пен 
Төлеген  суреттері,  түрлі  деңгейлік  тапсырмалар  жазылған 
бет,  парақша,  буклет,  ребустар.  Түрі:  дамыта  оқыту.  Типі: 
аралас сабақ. Әдісі: баяндау, өзіндік ізденіс, талдау-жинақтау, 
салыстыру, сұрақ-жауап.
Сабақтың өту барысы.


жүктеу 2,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау