131
131
ЖОҒАРЫ КӘСІПТІК БІЛІМ
және айдау станциялары бар. Еліміздің батыс аймағын қамтитын және шетелге астық
жіберетін Астық терминалы бар. Мұнымен қоса төрт классификация бойынша тамақтандыру
мекемесінің мамандары дайындалады. Жоғарыда аталған салаларға мамандар дайындап
беруді біздің міндетіміз деп білеміз. Сондықтан берілген тапсырмаға сәйкес (мемлекеттік
тапсырыс) білікті мамандар дайындауымыз керек. Жыл сайын 150-дей бітіруші шығып
жатыр. Осы бітірушілер бәсекеге қабілетті маман болып өндіріске барып орналасып, жұмыс
жасап кетуі үшін теория практикамен ұштасуы керек. Өндіріс орындарының жанында ондай
орын (зертхана, шеберхана, алаң) бүгінде әлі қалыптаса қойған жоқ. Ол орын дайын болады
дегенше әлі кем дегенде, екі-үш жыл керек. Мүмкін 5 жыл керек болар. Жоқ деп бәсекеге
қабілетсіз маманды дайындап, шығарып отыра береміз бе? Қалай болғанда да жағдайдан
шығудың жолын іздеуіміз керек болды. Озық индустриялы Германия, Англия, АҚШ Оңтүстік
Корея, Норвегия сияқты елдерде оқытудың дуальдық жүйесі өзін жақсы, тиімді жағынан
көрсеткен. Біздің Қазақстанда Германияның дуальдық оқыту жүйесі тиімді деп танылып,
алғаш 2012 жылы Теміртау форумында қабылданған білім саласында оқытудың дуальдық
жүйесі енгізіліп, содан бері барлық облыстағы колледждерде дуальдық оқыту жүйесінің
эксперименттік алаңдары ашылып оқытылуда. Бізде де өткен оқу жылынан бастап 12011000
«Автокөлікке техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және 1409000 «Теміржол
құрылысы, жол мен жол шаруашылығы» мамандықтары бойынша эксперименттік жағдайда
оқытып жатырмыз. Оның қорытындысы енді екі-үш жылдан кейін шығады. Шындығында,
біздер практикада көріп жүргеніміздей дуальдық оқытудың тиімді екенін білгеннен кейін
мамандықтар бойынша дуальдық оқыту жүйесіне көшудің жоспарын жасап, іске асырудамыз.
Осыған байланысты студенттің оқу орнынан алған білімін практикалық тұрғыда
меңгеруіне қол жеткізудің жолын тапқандай болдық. Ол бүгінгі таңдағы жаңа компьютерлік
технологияның мүмкіндіктерін пайдаланып, өндірісте мамандықтарға сәйкес болатын
барлық жұмыстық жағдайдағы процестерді нақты көрсететін және оны орындап шығуға
болатын жаңа қондырғылар және оның программаларын жасауды қолға алып орындап
шықтық. Өткен 2013-2014 оқу жылының басынан бастап, біздің колледждің алты мұғалімі
мен өндірістік оқу шеберлері (Т. Оспанов, Б. Мұхаммедов, Б. Нұрымов, Е. Аяпов, Р. Бағысов)
менің басшылығыммен өз қаржымыздың есебінен 3D платформасындағы программаларды
пайдаланып және синтездеу арқылы жетілдіріп қолданыстағы стандарттар негізінде
жасақталған оқу бағдарламаларына сәйкес, шынайы пайдаланатын, яғни өндірістегі барлық
процестерді нақты іске асырып көрсететін және студенттердің өздері пайдалана алатын
қондырғыны ойлап тауып жасап шығардық. Олар:
1.
Тепловоз машинисі, тепловоз машинисінің
көмекшісі мамандығына арналған виртуальды
симулятор - тренажер. (1-сурет)
1-Сұйық кристалды монитор - мұнда поездың
жалпы жағдайының сызбасы көрсетіліп, кабинаның
ішіндегі жағдайдың барлық бейне көрінісі көрсетіледі.
2-Тепловозды басқару панелі; 3-Машинистің
тежегіш краны №395. 4-Көмекші тежегіш краны
№254. 5-Бағдаршам 6-Тепловоздың аппаратты
камерасы мен дизельді басқару панелі.
1-сурет. Симулятор-тренажердың
жалпы көрінісі
ВЫСШЕЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
132
2
. Мұнай мен газды фонтандық жағдайда өндіретін және бірінші кезекте өңдейтін
виртуальды симулятор тренажер. (2-сурет)
1-Интерактивті тақта; 2-Компьютер; 3-Фонтанды скважина; 4-Мұнай сынамасын
алатын астау; 5-Басқару пульті.
2-сурет. Фонтандық ұңғыны пайдаланушы оператордың симулятор-тренажеры
3 . М ұ н а й м е н г а з д ы
к ә с і п ш і л і к те ж и н ау ж ә н е
дайындау процестерін оқытатын
(үш жағдайда а) фонтанды
скважинада, ә) штангалы терең
қабаттағы мұнай мен газды
сорып алатын сорап, б) винттік
сорап) имитатор макет. (3-сурет).
1-планшеттер, 2- жер
қ а б а т ы , 3 - ф о н т а н д ы
скважина,4- штангалы терең
сорап, 5-винттік сорап, 6-су
айдау скважинасы, 7-сығушы
насосты станция, 8- судан
айыру қондырғысы, 9-газ өңдеу
зауыты, 10-мұнай жинаушы
резервуарлар, 11-мұнай дайындау
қондырғысы, 12-ғимараттар,
13-су айдау станциясы.
3-сурет. Имитатор-макеттің жалпы көрінісі.
133
133
ЖОҒАРЫ КӘСІПТІК БІЛІМ
4.
Мұнай мен газ кен орындарын сынамамен пайдалану процесстерін оқытатын
интерактивті макет. (4-сурет)
1-проектор, 2- проектор тірегі, 3- интерактивті жұмыс алаңы, 4-планшеттер, 5-жер
қабаты, 6- интерактивті портативті планшет, 7-макет тіректері
Бұл қондырғыларды жасап шығаруға және әрқайсысының программасын жасауға бес
ай уақытымыз кетті. Өзіміз де пайдаланып көрдік. Оқу жылының екінші жартысынан бастап,
мамандардың пайдалануына беріп, облыстық әдістемелік кабинетінің басшылығымен басқа
колледж мамандары қатысқан облыстық деңгейде семинар өткізіп өте тиімді, жақсы қондырғы
деген бағасын алдық.
Бұл интерактивті макеттің, имитатор макеттің және виртуальды симулятор тренажордың
артықшылығы мен тиімділігі қандай? Жасалған жаңа программаның және қондырғының
көмегімен мұғалім мен өндірістік оқу шеберінің басшылығымен әр студент дуальдық оқытудың
Германиялық модулдегі 70%- өндірістік практиканың кем дегенде 35%-ін оқу орнының
өзінде өткізе алады. Қашан сол мамандығын меңгеріп кеткенше қайта-қайта орындауға
мүмкіндік жасалады. Нәтижесінде студент оқу орнының өзінде алған теориялық білімін
практикалық тұрғыда толықтырып, санасына орнықтырады. Мұғалімдер мен өндірістік
оқу шеберлері студенттің білім деңгейін анықтау үшін тест алуына болады. Оқу орны мен
өндірістің арасындағы қиындықтар біршама оңай оң шешіледі. Қалған 35 % өндірістік
практиканы экскурсиялық тәртіппен жүргізіп толықтыруға болады. Оқу орнының өндіріске
4-сурет. Интерактивті макеттің жалпы көрінісі
деген тәуелділігін азайтады. Қорытындысында оқу орны
мен өндіріс орны интеграцияланады. Бұл қондырғыларды
қолжетімді бағаға алуға болады. Өзіндік құны бүгінгі бағамен
есептегенде 1,5 млн теңге шамасында. Бүгінде дәл осындай,
бірақ жұмыстық жағдайы жоқ, программаланбаған тек өлі
макеті 10-15 млн теңгеге сатып алып жүргендерді көріп
жүрміз. Енді оның оқыту программасын жасау үшін тағы 5-6
млн теңге керек болады. Ал біз ойлап шығарған макеттер мен
тренажерлар оқыту программаларын қосқанда бар болғаны
5-6 млн теңгенің шамасында.
Сонымен қорытындылай к елгенде
д уальдық
оқытудың Қазақстандық моделін (30 % теория, 35 % оқу
орнында, 35 % өндірісте
ө н д і р і с т і к п р а к т и к а )
қ а л ы п т а с т ы р а м ы з .
Н ә т и ж е с і н д е б і т і р у ш і
мамандарымыз білімді,
білікті, өндіріске бірден
орналасып, жұмыс жасап
кетуіне жол ашылады. Егер
белгілі бір уақыт өткеннен
кейін өндіріс орындарының
жанынан бүгінгі дуальдық
о қ ы т уд ы ң т а л а п т а р ы н
қ а н а ғ а т т а н д ы р а т ы н
лаборатория, шеберхана,
а л а ң ж а с а л ы п ж ат с а ,
Германияның моделіне көшу
қиын болмайды.