Научно-методический журнал 2 мазмұны құрылтайшы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


ВЫСШЕЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ



жүктеу 45,18 Kb.
Pdf просмотр
бет53/56
Дата20.05.2018
өлшемі45,18 Kb.
#14514
түріНаучно-методический журнал
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56

ВЫСШЕЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
126
«тәрбие»,  «эстетикалық  тәрбие»  ұғымдарының  анықтамасын  жүйелеп,  соның  негізінде 
болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің қолданбалы қолөнер арқылы эстетикалық тәрбиесін 
қалыптастырудың мәнін ашып қарастыруды көздедік.
Эстетика, этикамен қалай байланысты болса, өнер мен өнегелік солай тығыз байланысты, 
өйткені, өнер сезімге әсер ете отырып, адамгершілік, ізгілікке тәрбиелейді. Көркемдікке сүйсіну, 
соны тамашалаған сәтте сезімге бөліну барысында жанымыз тазарады. Жан тазалығы – ар 
тазалығы. Олай болса, эстетикалық тәрбие имандылық, ғибраттылық тәрбиесінің бір тарауы.
Эстетикалық ойдың даму тарихына қысқаша саяхат жасап, көз жүгіртіп өтсек, онда барлық 
философиялық ғылымдардың бесігі болып табылатын Грекиядан бастау заңды.
Эстетикалық категория тұрғысындағы «гармония» ұғымын тұнғыш Пифагор мен оның 
мектебінде кездестіреміз. Пифагор үшін болмыстың негізінде жатқан сан тікелей гармонияға, 
ішкі  үйлесімділікке,  өлшемділікке  сай.  Өнер  түрлері  үшін  де,  әсіресе,  музыка  өзінің 
гармониялығымен адам жанын толғандырып, ғарыштық үйлесімдікті танытады. Тіпті, онымен 
қоймай, өнер адам жанын да, тәнін де ауру, кесел, бәлекеттерден тазартады деп білген.
Әсемдік  –  материалдық  және  рухани  дүниенің  адамды  ләззатқа  бөлейтін  сипаты. 
Эстетикалық ұғым ретіндегі әсемдік әдемілікпен тектес. Бірақ, әдемілік объектілердің сыртқы 
және  ішкі  қырларын  бірдей  қамтыса,  әсемдік  құбылыстардың  сыртқы  көзге  түсетін  және 
пішіндік ерекшеліктерін эстетикалық тұрғыдан қабылдауға жатады. Әсемдік ең алдымен, 
тепе-теңдік, тұтастық, үйлесімдік, ырғақтылық, мақсатқа сәйкестілік, түс пен жарықтың белгілі 
бір мөлшері т.б. табиғи өлшемдерін эстетикалық түсінуде адамның сезім мүшелерімен қатар, 
оның ішкі түйсігі мен ақыл-парасаты ерекше рөл атқарады. Пішіннің сыртқы әсемдігі оның ішкі 
мазмұнымен сәйкес келмеуі мүмкін. Ізгілік пен жылылықтан алыс әсемдік кейпіне ежелгі қазақ 
аңыздарындағы Пері қызы, грек мифологиясындағы Нарцисс бейнелері жатады. Әсемдікті 
рухани сұлулықтан алшақтатып жіберген дұрыс емес. Өмір мен өнерді әсемдік рухани қуаныш 
пен ләззатқа бөлей отырып, қоғамда зор танымдық және тәрбиелік рөл атқарады.
Эстетикалық мұрат – белгілі бір кезеңнің эстетикалық санасын анықтайтын басылымдылық, 
доминанты.  Эстетикалық  мұрат  дегеніміз  адамзат  ұрпағының  өз  дәуіріне  сай  армандау, 
шырқау мүмкіндігі жайлы бүкіл ұғым түсінігінің жиынтығы.
Эстетикалық тәрбие жастардың эстетикалық талғамын, эстетикалық мұратын, эстетикалық 
ұстанымдарын  қалыптастыру  нәтижесінде  эстетикалық  сананы  сомдайды.  Эстетикалық 
сананың сомдалуы қоғам үшін болсын, тұлғаның өзі үшін болсын үйлесімді дамыған белсенді 
тұлғаны  қоғамдық  өмірге  даярлауымен  бағалы.  Эстетикалық  тәрбие  алған  адам  өзінің 
адамсүйгіштігімен, бекзаттылығымен, сыртқы кейпінің, мәнерлерінің, өзін-өзі ортада ұстай 
білуінің жоғары әсемдік талғамға сай келуімен танылады.
Эстетикалық  тәрбиелі  жан  қалай  болса,  солай  жүріп  тұрмайды,  не  болса  соны  киіп 
шықпайды, жөнді жосықсыз әрекеттерге бармайды. Эстетикалық тәрбиелі жастар бойына 
талғампаздық қасиетін дарытады. Мұндағы талғампаздықтың мәні адамның сұлулық пен 
ұсқынсыздықты,  асқақтық  пен  мешеулікті,  шынайы  әсемдік  пен  жалған  көзбояушылықты 
ажырата біледі.
И.Ф.Харламов:  “Эстетика  бұл  өнер  туындылары  арқылы  көрсетілетін  және  оған 
қолжеткізетін сезімдік таным туралы ғылым” - деген [4].
Студенттерде  өнер  саласы  бойынша  эстетикалық  сұраныстарына  жауап  беру  үшін, 
қоғамның  көркем  құндылықтары  бойынша  білімдерін  қалыптастыру  қажет.  Эстетикалық 
тәрбиенің мазмұнының ең маңызды элементтерінің бірі студенттердің көркем қабылдауын 
дамыту болып табылады. Қабылдау эстетикалық жағдайлардың ауқымды саласын қамтуы 
тиіс.
«Тәрбие» термині педагогика теориясы мен практикасында кеңінен қолданылуда. Бірақ 
бұл терминнің белгілі бір педагогикалық ұғым ретінде әлі де қалыптасу үстінде екені анық.
П.И.Пидкасистый  тәрбие  ұғымына:  «Бұл  баланың  барынша  тұлға  ретінде  дамуына, 


127
127
ЖОҒАРЫ КӘСІПТІК БІЛІМ
баланың  қазіргі  заман  мәдениетіне  енуіне,  өз  өмірінің  субъекті  және  іске  асырушы  адам 
аталуға  тұратындай  болып  қалыптасуы  үшін  маман-педагогтың  мақсатты  бағытталған 
әрекеті», - деп анықтама береді [5]. 
Қазақ ағартушылары Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев [6] эстетикалық тәрбие 
саласында  өздерінің  саяси  қоғамдық,  ғылыми  және  әдеби  еңбектерінде  қазақ  халқының 
эстетикалық мәдениетінің, өнерінің даму барысына аса көңіл бөлген. Халық шығармашылығын 
зерттеу арқылы ұлттық эстетикалық талғамына, деңгейіне, болмысына деген эстетикалық 
көзқарасын көрсетіп, эстетикалық тәрбиеге байланысты пікірлер айтылған. 
Ш.  Уалиханов  [7]  халықтың  болмысқа  деген  эстетикалық  көзқарасына  байланысты 
толғанып, эстетикалық сезімін ауызекі шығармашылық арқылы көрсете білді. Эстетикалық 
тәрбиеге тікелей қатысы бар халықтың сөз өнері, ақындық, жыршылық, әншілік, күйшілік 
өнері де зерттеушінің назарынан тыс қалмаған. Ол әсемдік тегін болмыстан, сұлулық негізін 
табиғат жаратылысынан іздеп, адам мен табиғаттың арасындағы байланысты сабақтайды. 
Осылайша  Ш.Уалиханов  [8]  қазақ  халықының  эстетикалық  мақсатты  көздеген  өзіндік 
сәулетшілік шығармалары болғанын баяндап, осы көне заманның көзі болып келген мәдени 
мұраларды әсемдіктің үлгісі деп қабылдай білуге үйретеді. Ол өзінің зерттеу еңбектерінде 
жинаған  ауызекі  шығармашылығы  арқылы,  ұмытылып  бара  жатқан  мәдени  дәстүрлерге, 
қолдаңбалы қолөнеріне назар аударып, оны халықтың эстетикалық тәрбие құралы, әдіс-
тәсілі  ретінде  пайдаланғаны  көрсетілген.  Олардың  қай  дәуірде  болмасын  құндылығы 
жойылмайтынын, әрқашан халық үшін, жеткіншектер тәрбиесінің игілігі үшін қызмет ететінін 
өзінің көзқарасын, ой-пікірі, қатынасы арқылы дәлелдейді.
Өзінің  барлық  педагогикалық  көзқарасында  жас  жеткіншектердің  эстетикалық 
тәрбиесін қалыптастыру қажет деген пікірді ұстағандардың бірі Ы. Алтынсарин [9]. “Қазақ 
хрестоматиясына” енгізілген ауыз әдебиетінен жинаған материалдардың мазмұны тек қана 
танымдық, адамгершілік, өнегелік сипатқа ғана емес, сонымен қатар жоғары эстетикалық 
талғамның жан-жақты қалыптасып дамуына, әдемілікті түсіне білуге, нағыз сұлулықты түсінуге 
тәрбиелейтін ықпалымен де құнды.
Аталмыш проблеманы шешу болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің кәсіби және өзін-
өзі  тұлғалық  анықтауға  дайындығына,  әлеуметтік  құндылықтарды  игеруіне  және  жеке 
тұлғалық маңызы бар құнды бағыттардың, олардың ішінде: рухани, патриоттық, азаматтық, 
интернационалдық құндылықтарының қалыптасуына байланысты. 
Өскелең ұрпақтың кәсіби маңызды қасиеттерін, жеке тұлға құндылықтарын, оның әлеуметтік 
белсенділігін  қалыптастыруды  өзекті  проблема  ретінде  көтеру  қазіргі  уақыттағы  мәдени 
жағдайға сай жаңа көзқарастарды, теорияларды, әдістерді іздестіру қажеттілігін туғызды. 
Біздің  пікірімізше,  жастарды  қолөнер  арқылы  эстетикалық  тәрбиелеу  қазіргі  қалыптасқан 
жағдайда жеке тұлғаның рухани-құндылықтық бағыттарының, оның әлеуметтік белсенділігінің 
дамуына, азаматтық мәдениетінің, адамгершіліктік қасиеттерінің қайта өркендеуіне елеулі 
ықпал етуі мүмкін. 
Дегенмен,  болашақ  бейнелеу  өнері  мұғалімдеріне  эстетикалық  тәрбие  беру  мәселесі 
қоршаған  ортадағы  қолданбалы  қолөнері  құралдарының  сұлулығын,  көркемдігін  дұрыс 
қабылдауды және олардың эстетикалық сезім мен талғамын тәрбиелейді.
Жеке тұлғаның эстетикалық құндылықтарды интериоризациялауы және өзінің құндылықтық 
ұстанымдарын  қорытып  шығаруы  эмоциялық  деңгейде  жүзеге  асырылады,  өйткені 
құндылықтар тек қана санамен ғана емес, сезімдермен де қабылданады. Нақтылай келсек, 
жоғары оқу орындарының тәрбие тұжырымдамалары шеңберінде бұл жұмыстың қалыптасу 
процесі жалғасуда. Сондықтан эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі 
ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу деп айтуға болады. Эстетикалық тәрбие адамды 
дүниедегі көркемдікті бағалауға үйретеді, қолөнер шығармаларын терең тануға, құрметтеп-
қастерлеуге баулиды.


жүктеу 45,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау