Научно-методический журнал 2 мазмұны құрылтайшы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 45,18 Kb.
Pdf просмотр
бет52/56
Дата20.05.2018
өлшемі45,18 Kb.
#14514
түріНаучно-методический журнал
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56

123
123
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ
своевременно  переключал  передачи  и  плавно  тормозил,  выдерживая  необходимую 
дистанцию безопасности движения.
Данные занятия способствуют закреплению теоретических знаний, связывают теорию с 
практикой. Правильно определенный маршрут дает возможность отработать практические 
навыки обучающихся и приводит к хорошему результату. Начиная с 2010 года практический 
экзамен обучающиеся сдают 100%. 
Список использованной литературы
1.  Бегалин  С.К.,  Данилин  А.П.,  Литвиненко  В.В.  Технология  производственного  и 
трудового обучения.- Астана: ӘлемSS, 2003.
2. Скакун В.А. Организация и методика профессионального обучения. – М., ФОРУМ-
ИНФА-М, 2007.
3. Скакун В.А. Методика производственного обучения. – М., ФОРУМ-ИНФА-М, 2003. 
4. Справочник мастера производственного обучения /под ред. Якубы Ю.А.-М., 2000


ВЫСШЕЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
124
ӘОЖ 371. 044.4: 301. 085-053.7
ҚОЛДАНБАЛЫ ҚОЛӨНЕРІ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ 
МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
А.Ш. МАНАБАЕВА
доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
В статье раскрывается важность значения казахского прикладного искусства в 
эстетическом  воспитании  будущих  учителей.  Занятия  декоративно-прикладного 
искусства  в  высшей  школе  помогают  формированию  эстетического  вкуса, 
нравственных качеств личности, являющиеся качественными показателями педагога.
The article explains theimportance of theKazakhApplied Artsin aesthetic education offuture 
teachers. Classesof arts and craftsin high schoolto helpthe formation ofaesthetic tasteand 
moralqualities of the person, is a qualitative indicatorof the teacher.
Қазіргі дамыған заманғы қоғамда адамнан тек политехникалық білімді болуын талап етіп 
қана қоймай, жоғары деңгейдегі мәдениет пен ғылым және техниканың түрлі салаларында 
терең мамандануын, қоғамда өмір сүріп, тіршілік ете білуді талап етеді. Баланың тұлғалық 
дамуының негізгі параметрлері оның жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталуы, ізгілік, 
зиялылық, креативтілік, белсенділік, жеке басының намыс сезімі, ой-пікірдегі тәуелсіздік 
болып  табылады.  Осы  қасиеттердің  даму  деңгейі  тұлғаның  әлеуметтік  қалыптасу  мен 
әлеуметтік біліктілігінің көрсеткіштері деп қарастыруға болады.
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан  –  2030» 
стратегиялық бағдарламасында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әл-
ауқатының артуы және елдің денсаулығын жақсарту міндеттерімен бірге жас ұрпаққа білім 
мен тәрбие беру мәселесі атап көрсетілген [1]. Осыған сәйкес, біздің тәуелсіз мемлекетімізде 
еңбекқор,  кәсібін  терең  түсінетін,  өзінің  білімі  мен  іскерлігін  жан-жақты  қолдана  білетін 
мамандар даярлау қажеттігі туындайды. Болашақ мұғалімдердің өз мүмкіндіктерін көрсете 
алуына жағдай туғызу, бұл кез келген мемлекеттің жоғарғы оқу орнының маңызды қызметі 
болып табылады. Осыған орай, бәсекеге қабілетті жоғары білімді мамандар даярлайтын 
оқу орындарының алдында тұрған негізгі алғы шарттар болып отыр.
Сонымен  қатар,  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында:  «Білім  беру 
жүйесінің  басты  міндеттерінің  бірі  –  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар, 
ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және 
кәсiби шыңдауға бағытталған бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар жасау» – деп, тұлғаның 
шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр 
салтының берiк негiздерiн қалыптастыру арқылы өркениетке жеткізу міндеттері ұсынылған 
[2]. 
ХХ ғасырда адамзат қоғамы ғылыми техникалық жетістіктерді өз игілігіне пайдалануда 
бұрын-соңды болмаған биіктерге көтеріле бастады. Алайда, бұл осы жетістіктермен қоса, 
табиғат  заңдылықтарының  тепе-теңдігінің  сақталуына  нұқсан  келтіріп,  айналасындағы 
ортаға, адам өмірі мен тіршілігіне кері әсер ететін жағдайларды да туындатып отыр.


125
125
ЖОҒАРЫ КӘСІПТІК БІЛІМ
Қоғамда  болып  жатқан  әлеуметтік–экономикалық  өзгерістер  адамдардың  санасына 
да әсер етіп, жаңа заманның менталитетін қалыптастыруда. Жастардың рухани-тұлғалық 
қасиеттерін қалыптастыруға сәйкес, өз өмірінің құндылығын дұрыс түсіне алатын ерікті тұлға 
тәрбиелеу көзделуде. Қазіргі кезеңде рухани танымның тоқырауы, ізгілік пен адамгершіліктің 
төмендеуі тек материалдық құндылықтарға ие болу шырмауында қалуға ықпалын тигізуде.
Білім беру жүйесінің басты міндеті – жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық 
құндылықтар  негізінде  қалыптасуы  мен  дамуы  және  оның  кәсіби  жетілуі  үшін  қажетті 
жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және жан-жақты қалыптасу, ана тілін, 
ұлттық  салт  дәстүрлерді  сақтау,  ақпараттану,  денсаулығын  нығайту  сияқты  құқықтарын 
іске  асыру  болып  табылады.  Осы  сияқты  қасиеттерді  білім  алушылардың  бойында 
қалыптастыру мен дамыту Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің маңызды міндеті 
ретінде қарастырылады – деп Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі 
тәрбие тұжырымдамасында атап көрсетілген. 
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің эстетикалық тәрбиесін қолданбалы қолөнері 
арқылы қалыптастыру мәселесіне орай қазіргі саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени-
эстетикалық тәрбие беру жағдайында үлкен үмітпен қоса, орасан зор жауапкершіліктер де 
артып отыр. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің салаларында бүгінгі жастарға 
эстетикалық тәрбие берудің міндеті алдыңғы қатарға қойылып отыр. 
Жастарға  білім  беру,  тәрбиелеу,  адам  мен  табиғат  тіршілігін  ажырамайтын,  жеке 
бөліп  қарастыруға  келмейтін,  жастардың  дүниетанымын  қалыптастыру,  адамгершілікке 
тәрбиелеуді қазақ халқының зиялы ағартушылары мен ақын-жазушылары Ы.Алтынсарин, 
Х.  Арғынбаев,  М.  Әуезов,  А.  Байтұрсынов,  Ә.  Бөкейханов,  М.  Дулатов,  А.  Жұбанов,  
М. Жұмабаев, А. Кұнанбаев, Ш. Құдайбердиев, Ә. Марғұлан, Ш. Уәлиханов т.б. ғалымдардың 
еңбектерінде эстетикалық тәрбиенің өзіндік болмысына теориялық талдаулар беріледі. 
Осыған орай, эстетикалық тәрбиенің педагогикалық мәні мен негіздерін, тәжірибелік 
мәселелерін зерттеуде Ю.Б. Борев, П.П. Блонский, Э.А. Верб, И.П. Волков, К.Д. Ушинский, 
Б.Т. Лихачев, А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий және т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
Қолданбалы  қолөнері  құралдары  арқылы  эстетикалық  тәрбие  беру  мәселесі  
У.О. Асанованың, С. Әбенбаевтың, Ж.Ш. Балкеновтың, Е.Ш. Қозыбаевтың, К.Ж. Қожахметова, 
Т.А.  Қышқашбаев,  А.М.Леонтьев,  С.К.Мұханбетова,  М.М.Нагимова,  С.М.Рубинштейн,  
Қ.Б. Сейталиев, Ә.Ә. Сағынбаев, Т. Тәжібаев, Б.И. Теплов, С.А. Ұзақбаева және тағы басқа 
ғалымдардың зерттеу жұмыстарында қарастырылған.
Бүгінде  адам  өзінің  білімділігі  мен  әлеуметтік  сенімділігіне  жауапты  болуы  керек. 
Сондықтан  мемлекеттік  білім  беру  саясатындағы  неғұрлым  маңызды  қағидасы,  жеке 
талаптардың басымдылығы, адамның өзінің эстетикалық денгейін көтеруге ұмтылуы деп 
есептейміз. Әлеуметтік даму адамның өмірлік стратегиясын түбегейлі өзгертеді, болмысты 
игеруге оның шығармашылықпен қарауға деген белсенділігін арттыруға жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында 
«жоғары  білім  берудің  мақсаты  -  ...жеке  тұлғаның  сапалы  жоғары  білім  алуға  деген 
мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, ...таңдауға кеңінен мүмкіндік 
беру» делінген. Демек, болашақ маманға кәсіби білім беру барысында рухани дамуындағы 
рөлін терең зерттеуді қажет етеді. Осыған байланысты өзекті мәселелердің бірі болашақ 
мамандарға эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктерін меңгеруі [3].
Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті 
игеру  ғана  емес,  адамзаттың  әлемді  эстетикалық  танымын  қалыптастырудың  көрінісі 
болып табылады. Халықтың рухани негізі – ұлттық қолданбалы қолөнерінде эстетикалық 
тәрбие негізі жатқанына көз жеткіземіз. Мұның өзі болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің 
қолданбалы  қолөнер  арқылы  эстетикалық  тәрбиесін  қалыптастырудың  мәні  одан  әрі 
зерттеуді қажет етеді. Сондықтан біз бұл ұғымның мәнін ашып көрсету үшін «эстетика», 


жүктеу 45,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау