Фариза Оңғарсынова Өлеңдер жинағы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет16/26
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#13536
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26

кездестірмесем өтер ем атын білместен. 
Басталды бәрі бір кештен... 
Көкірегі тұнған шер-қайғы
Жайықтың бойын жағалап жатқан ел жайлы 
сонда мен алғаш Исатайменен тілдескем. 
Мейірімге толып жанары 
жалт етіп маған сүйсінген жүзбен қарады, 
сол күннен біздің өмірге, елге 
махаббатымыз үндескен. 
Исатай… халықымның асыл ұлы еді, 
арманға толып жүрегі, 
қазақтың байтақ даласын, 
аш, арық бала-шағасын 
жеткізсем дейтін бақытты жұмақ күндерге, 
өмірін арнап соры арылмаған мұңды елге. 
Сол еді мақсат, тілегі. 
Осынау қысқа жалғанда 
Исатайдай досты көрмесем, 
түн қатып жүріп арман мен мұңын бөлмесем, 
мен Махамбет болып қалмас ем. 
Қараңғы түнде найзағай жырмен 
жанбас ем. 
Тіл қатпай тұрып ұғысушы едік. 
О, сол бір адал достығым
ақындығымның да, батырлығымның да арнасы ең!.. 
Жортуылда жүріп армандаушы едік 
келешекте атар таңды әсем. 
Ей, балам, сатқын жарамсақтарға алданбай, 
сол бір достықты жалға сен! 
Достық дегенің мөп-мөлдір бұлақ секілді, 
шырқатар асқар белеске, 
ұлылық та — сол, қалдырар мәңгі ел есте. 
Біз жортқан сонау Маңқыстау менен Атырау 
тірліктің әлі тылсымында жатыр емес пе?! 
Шырқа сен адал достықты жалын жырыңмен, 
жасампаз асқақ үніңнен 
ақ самал ессін далаңның төсін тербетіп, 
жаулықты білмей, 
достықтың ұлы мейірімімен ер жетіп
халқыңның балғын ұрпағы өссін сол үнмен! 
үшінші кездесу 
Кешіріп бастан қатал күн, 
тентегі елдің атандым. 
Тағы да келген сыр айта 
Махамбет-сынды атаңмын. 
өрім жас албырт ұрпағым, 
өмірдің кешіп бұрқағын 
запыран құсқан заманда 
арман мен үміт – санаңда, 
қатыгез, қарау қоғамда, 
күткендей даңғыл жол алда 
жүгендеп жырдың тұлпарын 


талықсып өрге шырқадың. 
Мас болып жастық жалынға 
ұмытпа, қалқам, жыр қамын. 
Нұр ойнап балғын - бал өңде
қарама мәз боп әлемге. 
Адамның бәрін ойлама 
бақытты екен деп бар елде. 
Назарыңды салсаң жыраққа, 
зарлы үндер келер құлаққа. 
Суырылмай, жүзін тот басып 
қылыштар жатыр қынапта. 
Әділет, шындық таба алмай, 
өмір бір дозақ аралдай, 
теңсіздіктерден түңіліп, 
тұншығып демін ала алмай 
жүргендерге жырды арнағын, 
жігер-күш берсін саңлақ үн! 
Шын ақын болсаң, тартынба, 
найзағай болып жарқылда. 
Жер ошағыңның басында 
бақытыңа мәз боп қалмағын! 
Күнәсіз бірді даттайды, 
біреуден бейуақ бақ тайды – 
әлсіздерді әлі бір жерде 
күштілер тапап, таптайды- 
ақынға жердің бетінде 
болмайды ешбір жат қайғы. 
Әлемді үйім деп қарасаң – 
озбырлық, өсек жан-жағың. 
Шындығын айтсаң өмірдің, 
биліктіге мүмкін жақпайды - 
заманың бірақ жақтайды. 
өмірдің күтіп ақ таңын, 
шабытпен жырды баптадым. 
Әйтеуір қатал тірліктен 
әділет іздеп таппадым. 
Шындықты айтқаным үшін мен 
ақсүйек тапқа жақпадым. 
Сонда да тынып, тынбадым, 
шырқадым елдің мұңды әнін. 
Алапес мынау өмірдің 
ащы шындығын жырладым. 
Қуылдым, дала шарладым
сая бола алмай қырларым. 
Перзенті ем аңғал даланың, 
жыр-семсер жалғыз жарағым, 
жымиып келген жылпостар 
асырды менен амалын: 
жүруге батпай ығымнан, 
сұсымнан қорқып тығылған 
жансыздар мені жайратып, 
“Қаройда” солай жығылғам. 


Аңғалдау өскен ер едім 
ойламас бас пен жан 
қамын. 
Дос болып келіп, 
қапыда 
басымды шапты бір залым. 
Қырықтан асқан шағымда 
қара жер болды құндағым. 
Жыртылмай кеткен 
намысым, 
төгілген біздің қан үшін 
алаулап атар таң үшін 
ақырып теңдік сұрайтын 
елім деп менше жылайтын 
ұрпағым қайда, ұланым? 
өлмесін жерде ғұмырлы ән, 
отты жыр өргін мұңымнан. 
үмітім сенсің, жас құсым, 
түлеп ұшатын тұғырдан. 
Тек шындық күтем мен сенің 
ақ алмас жүзді жырыңнан! 
 
 
*** 
 
Айналамнан көре алмай 
пір тұлғаны жүргенімде, кәсібім – құлқын 
қамы, алмас қылыш жарқылдап 
жеті түнде 
ұйқылы-ояу арымды тұр- 
тұрлады. 
Қағылды ма жанымның содан шаңы – 
тұрды алдымда қия құз, жол аршалы. 
Тарттым сосын бетке алып бетпақтарды – 
семсер жырдың қайда екен қорамсағы?! 
Иә, Алла! 
Ақты қорға, 
армандарға бет алған сәтті қолда! 
Намыс – ана денемді дуылдатып, 
баба сөзі қамшыдай батты жонға. 
Аруақтым нұсқаған Ақиқаттың 
қиын-қыстау жолымен 
тарттым онда! 
1972 
 
 
ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТОПЫРАҒЫ 
 
Көк мөлдір аспанды мекенім! 
Көгіңнен сенің қайтқанда қаздар қаңқылдап, 
шарқ ұрып іздеп саялы дария, салқын бақ; 
көгілдір жанарлы көлдерді аңсаған 


құстардың қиқуларынан қалушы ем мен де зар тындап. 
Жанарымда бір от жарқылдап... 
Ақша бұлттарға мұңдарын шаққан 
Аққуға сазарған далам, сая болмадың—бал құндақ. 
Тарихтың салған тақсіретіндей мүжік таулардан 
ақтарылмады айна бұлақтар жалтылдап. 
Қасиетті менің, қасіретті менің мекенім! 
Атой салғанда ата жауларың сан жақтан
бабаларымның қаћарына сонда 
елең де болмай қарлы ақпан, 
кеңдігіңді сақтар, елдігіңді сақтар айқаста 
төсіңді тұлпар тұяқтарымен шаңдатқан. 
Еркіндігің үшін егеулі найза алған ұлдарың 
таңдайларына талықсығанда қан қатқан. 
Сонан соң... сонан түнектердің түні қақырап, 
ақ армандардың үміті болған таң да атқан. 
Маңқыстау! 
Мұңды мекені “тағылар” атанған “адайдың”, 
Мен бүгін саған жанарым жайнап қараймын: 
арпалысып өлген бабамның армандарындай 
көгінде күлген шапағатты шуақ арай Күн. 
Ақ шаңқан мынау мұнарлардан лаулаған сансыз алаулар, 
көкірегіндегі бұрқанып жатқан тағы айдын... 
Зәулім көктермен жарысып тұрған сәнді үйлер 
қиялына да кірмеген еді-ау талайдың. 
Жасампаз дәуірдің қаћарманына басыңды игенде, 
көңіліңнен сенің тарқамасын да-ау қалай мұң! 
Заводтар менен комбинаттарды самсатып, 
үстіреттеріңе бұрғыларды әлі қадаймын. 
Көзімді салсам дәл бүгін 
осынау байтақ көгілдір дария мекенге, 
қанат біткендей шарықтап шырқап кетем мен, 
Қазақтың байтақ даласын 
“достықтың алтын ордасы бұл”,- 
деп айтпаған екен бекерге. 
Сені көрмесем, осы шындыққа 
ешқашан көзім жетер ме! 
О, жомарт менің мекенім
сонау бір сұрғылт қатыгез дала - шатқалдан 
көл-көсір байлық ақтарған! 
ұлдарың көзін ілмейді сенің қамыңмен, 
олардың отты көкірегі тұнған тәтті арман! 
Көрем мен сенің аласармас асқақ тұлғаңды 
қиялда жүрген сәулетгі болашақтардан! 
1971 
 
 
БОЙЖЕТКЕННІҢ СӨЗІ 
 
Сен маған көктем боп кел 
нәзіктеу жанымды ұғатын, 
Отты махаббатыңмен өктем боп кел, 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау