Ґнерлініѕ- ќолы алтын



жүктеу 38,35 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі38,35 Kb.
#6615
түріСабақ

Өнерлінің- қолы алтын
Оқушылардың шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамдарын, ептілік, икемділік, ұқыптылық, тазалық қабілеттерін дамытуға еңбекке баулу сабақтарының орны ерекше. Еңбекке баулу баулу сабақтарын ойын, жарыс, аралас, саяхат сабақ сияқты алуан түрлі әдіс- тәсілдермен өткізуге болады. Ол сабақтардың құрылымы оқушының ой- қиялының, еңбекке қызығушылығының дамуының жолдарын, тәсілдерін ашу керек.

Сабақтың мақсаты:

1/ Білімділігі: оқушыларға халқымыздың қолөнері жайлы түсініктерін толықтыру. Еңбекке қызығушылығын арттыру.

2/ Дамытушылық: Еңбек тақырыбына байланысты өлең, жұмбақтарды мәнерлеп оқуға қызығушылығын арттыру. Сабақта қауіпсіздік техникасы мен тазалық- гигиеналық талаптарын орындату.

3/ Тәрбиелік: Ұлттық өнер ерекшеліктерін танып білу арқылы эстетикалық тәрбие беру. Материалды үнемдеп ұқыпты жұмыс істеуге және ою- өрнек ерекшеліктерін дұрыс пайдалануға үйрету.



Сабақтың түрі: Өтілген тарау (матамен жұмыс) бойынша қайталау, сабағы жарыс- сайыс түрінде өтеді.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, буклеттер, газеттер, кітаптар, қайшы, түйме, мата, ине- жіп т. б. құрал- жабдықтар, таныстыру.
Сабақтың барысы:

І. Оқушылардың сабаққа ұйымдастыру.

ІІ. Оқушылар назарын сабаққа аудару. Матамен жұмыс тарауы бойынша берілген тапсырма арқылы әр қатар оқушыларына бөлінген жұмыс түрлерін аяқтап көрсету. Ата- аналарда қатысады.

ІІІ. Оқушыларға жұмбақ жасыру.

  1. Жарқылдаған қос қылыш,

Қолға тисе, жоқ тыныш

(қайшы)

  1. Тап- тап, тап жорға,

Табаны жоқ, боз жорға.

Желіп кетсе, жеткізбес,

Жерге түссе, таптырмас.

(ине)


  1. Жалпақ бетті батыр

Белін буып жатыр.

(сыпырғыш)

  1. Басы жоқ, денесі жоқ құрсағы бар,

Ішінде құрсағының жұсағы бар

Жатарда ұнатады ұйқтағанды

Кәрілер сол жұмсаққа сонша құмар.

(жастық)


  • Балалар, жұмбақтарды шешуге өте жақсы қатыстыңдар. Енді әр парта бойынша берілген тапсырманы толық аяқтап көрсетемін. Оқушылар өздерінше берілген тапсырманы орындауға кіріседі.

Осы кезде еңбек сабағында қауіпсіздік техникасы ережесін оқушылар ойына түсіремін. Аралап көру арқылы оқушыларға қосымша түсініктеме беру.

1/ Сайыстың түрі:

Қолдан матадан балапан жасау

Білгендей әр керектің әрбір бабын

Сүйсініп көз тартардай таңырқаппын

Он саусақтан майысып өнер тамған

Байқайық, балақайлар, балапанын.



(Үш оқушы балапандарын ортаға қазыларға көрсетіп, тиісті бағаларын алады).
Ұқсағандай бейне бір анық тұлға,

Емес, сірә, көз тартпайтын жалықтыра,

Салыпты сурет қылып сәби жүрек,

Кит емес, дельфин емес, кәдімгі балықты да.



(Үш қыз бала өздері дайындаған балықтарын көрсетеді).
Сергіту сәті.

Ойнаймыз ен далада асыр салмай,

Өнер келмес өнегесіз жастықтан да.

Ортамыздан топты жарып шыққандай бір,

Шеберлеп мамықпен жастық жасай.

(Үш қыз бала қолдан тіккен жүрекке ұқсас жұмсақ жастықтарын көрсетеді).
Үлгі болып олақ пенен салақтарға,

Не жетсін, жамау тігіп, жамағанға.

Не жетсін, шеше көріп, тон пішкенге

Өз түймесін өзі біліп қадағанға.



(Үш ұл ортаға ине- жіп, түймелерін алып, матаға тігіп жарысады).
Жақсы , ұқыпты тігілгені ескеріледі.

Көрсеткендей бұл да бір кісілігін,

Танытқандай халқына ісін бүгін.

Келтіріпті өздерінше жануардың,

Ермексаздан аудырмай мүсіндерін.

(Үш ұл бала ортаға шығып, ермексаздан жануарлардың мүсіндерін жасайды).
Кімге не ұнайды? ойыны. Оқушы өзіне ұнаған жануарлар туралы тақпақ айтады.

Бұл өнерді қазақта жою қайдан.

Аналар бар болғанда тыю қайдан.

Қисынды қошқар мүйіз қиюласқан,

Танытайық қыздарды ою ойған.

(Үш қыз ортаға шығып, қошқар мүйіз оюын ояды).
Мұғаілім бүгінгі сабаққа байланысты ата- аналарға үй тапсырмасын бергенін айтып өтемін. Үйден жасаған бұйымдарын ата- аналар қазыларға көрсетіп баға алады және сол бұйымдарды, оқушылардың жасаған бұйымдарын мектеп музейіне өткіземін.
Әр анаға яғни сынақ көрме,

Төрдің сәні емес пе сырмақ көрпе.

Жоқтан бар ғып келтіргендей құрақ құрап,

Аналардың қолынан тән құрақ көрпе.

Аналар өздерінің дайындап әкелген құрақ көрпелерін өткізеді.
Кіргендей аналар да топқа сыймен,

Бала үшін аналарда қолқабыс кең.

Аналар аналығың осы емес пе

Әжелерше киізбасып қомшасымен.

Аналар өздерінің қолдан жасалған қомшаларын көрсетіп, өткізеді.
Талпынып таудай болған талабымен.

Бала үшін ойланып, толғанып кең.

Ер- азамат ерлігің осы емес пе,

Қолдан жасап танылған қалағымен.

Әкелер өздері жасаған қалақтарын көрсетіп, өткізеді.

Ата- аналар еңбек туралы мақал- мәтелдер айтады.

Қазылар бағасын шығарып, тиісті орынды бөліп айтады.

Сабақ соңында мұғалім өте жақсы жұмыстарды бағалап, сыйлық береді.



Оқушылардың қолымен жасалған бұйымдардан көрме ұйымдастылады.

3- сыныптар арасындағы «Өнерлінің қолы алтын» атты сайыс сабағымыз аяқталды.
жүктеу 38,35 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау