Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет44/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   95

160
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
– СТАрик, түн ішінде біреу тегін ақша үлестіріп жатқандай, қайда 
ағып барасың? – деді досым артымда асықпай келе жатып, мырс- 
мырс етіп. Асекең, Асқар Сүлейменов, екеуіне ғана тән осындай 
мырс етпе мысқыл күлкі бар. Ал Жұматай болса аса сабырлы. Аса 
бір момақан. Аса бір бипаз. Бұл, бірақ, сырт көзге ғана. Жымиып 
қана қоңыр аяңмен келе жатады. Бұл да сырт көзге. Біреуге айғай-
лап, балағаттағанын тағы көрген емен. Бірақ шамына тисең – 
шақар. Сырын білмей таяқ жеп қалған жігіттерді де білем. Қолы аса 
жылдам, қимылы жіті, жаңа ғана бірге келе жатып қас қағым сәтте 
бөренедей сұлап-сұлап түскен талай «азаматтарды» да көргембіз. 
Тірі жүр ғой бәрі де, өтірік десе жандары шықсын.
 Сосын тағы бір ерекшелігі өкпешіл еді. Ақынға, әрине, жара-
сады. Қажытай досымызға қонаққа барып, Қажекең келіншегіне 
қайта-қайта пианино ойнатқызып Жұматайдың ба, жоқ әлде Қажы-
тай  дың ба, есімде қалмапты, екеуінің біреуінің газетке басылған 
топта ма өлеңдерін «жуып» отырып, екеуі кезек-кезек жыр оқып 
жарысып отырып, жоқ нәрсеге сөзсайыс-шекіспеге кетіп қал ған-
дарын байқамай қалған екем. Бір уақта қарасам, Жұмаш туфлиін 
киіп, есікті тарс жауып бара жатыр. «А» деп мен үлгере алмай қал-
дым. Есік сарт жабылды. Не кетерімді, не қаларымды білмей, ың-
ғайсыз хәлде отырмын.
– Қария, тартып жіберелік! –деп Қажытай әлгінде құйылып
бірақ ішілмей қалған рюмкелерді меңзеп, сосын келіншегіне: 
– Сен, давай, «Полонез Огинскийді» шырқат ана күйсандығыңа, 
неге бағжиясың? Сатыбалды күнде келіп жатыр ма? Ал, қария, 
кеттік! –деп рюмкесін соғыстыруға созды.
Бұндайда өңештен арақ түгіл су да жүрмейді. Абдырап, өтірік 
жөткірініп қалған мені иығымнан нұқып:
– Басың қатпасын, алаңдама, давай, кеттік! –деп Қажытай 
рюмкелерге тағы да арақты шүмілдетіп құйып жатыр. 
– Өкпелесе, көшке берген тайлағын алсын!.. Мен де гениймін! 
Сау сиырдың боғы емеспін, қария! Сен алаңдама оған. Қазір өзі-ақ 
звондайды. Звондамаса мұрнымды кесіп берейін – деп Қажытай 
тартып жіберді де келіншегіне: 
–  Әй , жөндеп ойнасай! –деді тағы.
– Әй, Қажытай, келіншегің де адам ғой, мына тамақты бізбен 
бірге жесін да, –деп ем, қолын бір-ақ сермеді.
– Кейін, кейін!
Сөйткенше болған жоқ телефон шырылдап қоя берді. Қажытай 
келіншегін жұмсады:
– Көтер трубканы, Жұматай ғой...
Шынында, Жұматай екен. Шегін шұбатып келіншегі телефонды 
Қажытайға әкеп берді. 


161
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
– Не боп қалды?
Бірден айтқан сөзі осы. 
– Жоқ. Кет деген саған мен бе? Кеткен өзің. Келемін? Келемін?! 
Келсең кел... Жо-жоқ, шіренбе... Сенің таксиіңе төлейтін мені бір 
кім деп тұрсың? ...Миды көп қатырма, қария! Мұнда тамақ суып 
барады! – деп Қажытай трубканы тастай салды:
– От нахал! Таксимен келем дейді. Ақшаңды дайындап а лдым  нан 
шығып қарсы ал дейді-ей! Нахал! Ал, қария, тартып жібер! – деді 
маған. Сол кеш Жұматай қайтып келген жоқ, бірақ...
 ...Бірақ, ертесіне Жұматай екеуінің «Қаламгерде» бірге тағы 
да рюмке соғыстырып отырғанын көріп таңғалғаным бар. Шын-
дап келсек, кейінірек таңғалуды қойып кеттім. Сол күні есіме 
түскені осыдан он шақты күн бұрын Одақта Асекең, Асқар ағам ның 
кабинетінде шұбат, қымызбен шарап араластырып ішіп, Шопенді 
тыңдап, Шопенге ұйып отырғанымызда есік кенет ашылды. Есікті 
кере ашқан Қал-ағам. Қалтай ағам екен. Көзімен бізді жақтырмай 
бір қарап:
– Асеке, сен маған кіріп кетші, – деп Асекеңді өзімен бірге алып 
кеткен. Томсырайып біз қалдық. Шопен жайына қалды. Қабыр-
ғаға, қабырғада ілулі тұрған Мұқағали ағамыздың портретіне қарап 
отырғанбыз. Он минуттей уақыт өткенде Асекең қайтып келді. 
Қолында бір-екі қағаз. Өңі боп-боз. Қағазды стол үстіне ырғыта 
тастады да радиоланы өшіріп:
– Сіздер боссыздар! – деді бізге. Қал-ағамыздан бір сөгіс-кезекті 
сөгіс алып қайтқаны көрініп тұр. Мен орнымнан тұрып, шығуға 
оңтайлана бергем, Жұматай мені жеңімнен тартып тоқтатты. Стол 
үстіндегі шұбат-шарап босқа қалып бара жатқан. Маңдайымыз 
жібіп үлгермеген еді. Енді-енді ғана бастап, енді-енді ғана Асекең 
Мұқағалидың жырларын қайта тірілтіп жатқанда Қал-ағамыз келіп 
қалмады емес пе?
 Жұматай бір жөткірініп алды да:
– Асеке...Қожаға қожа ғана қожаңдайды. .. Біздің жазығымыз не? 
деп жымиып еді, Асекең мырс етті де:
– Саған да дауа жоқ екен! Ал, ендеше, анау «зәһәрлеріңді» 
ішіңдер.! Мен...пока ана кісінің... 
Асекең Қал-ағаның кабинеті жағына иегін кегжең еткізді. 
– Мына қағаздарын реттеп берейін, – деді.
Бізге де керегі сол еді.
Сол күні есіме түсті де ішімнен: «Қажытай мен Жұматайға 
«ақынмен ақын ғана арпылдасар...Екеуінің арасына прозашы ның 
араласпағаны жөн болар»деп мен өзімді өзім аядым. Егерки ара сына 
түссең деген бұл ақын деген халық-алмағайып, шекіскен өздері 
екенін ұмытып, өзіңе бас салуы да ғажап емес. Қандас халық қой!


162
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
– Әй, тезірек жүрсей? –деп Жұматайға ұрсып келем. Жұматай 
жайбасар.
Сонысына қарап «Маңмаңгер» деп ат қойып ем өзіне. Бірақ, 
жұқпады. Өкінішті.
Ыңылдап, артымнан еріп келеді.
Жәй келе жатқан жоқ, өлеңін оқып келеді. 
– Дарвин не прав. У нас другие гены.
Друг-друга не убивают обезьяны.
Мы свой, самый правильный журнал.
Называли правильно «Крокодилом»...
А тех крокодилов, умеющих хорошо и обильно, 
Лить слезы, зовем поэтами и демократами, ловцами душ и так 
далее... Это я так говорю: Мой белый, мой желтый, мой черный, 
аллигатор, 
Не ешь меня – сытней не станешь;
Жирней – тоже. А все-таки как хорошо, что наши предки не 
обезьяны, -деп Олжас ағамызға арнап жазған, әдейі орысша жазған 
жырын оқып келе жатыр... Ерегіскенде орысша да жазып тастайтын 
әдеті бар-тын.
Алдында оны жартылай тыңдап мен келемін. Түннің бір уағы. 
Жұлдызсыз түн тымырсық. Өкпе қысар тым тымырсық өзгеше бір 
түн еді. Алыстан, Алатау жақтан бір нөсер келе жатқандай екен. Исі 
солай, жанға жайсыз.
Бірақ, біз күткен нөсер ол түні келген жоқ. Көп күткенбіз сол 
нөсерді. Ұзақ күттік. Жылдар өте келді, сол нөсер. Бірақ, менің 
досым, жан досым Жұмаш, Жұматай көрген жоқ. Ол нөсерді. 
Өкінішім сол. Ал сол түні мен, шынымды айтсам, іштей қуанып 
келе жатқам. Өлеңді мен де жазғам бір кезде. Жасырып жазғанмын 
өзгеден. Құдай-ақы шыным, Жұматай мен Жарасқанның өлеңдерін 
оқығанда өз өлеңдерімнен кенет жеріп кеткен едім.
Проза мен киноға да адам керек шығар деп өзімді өзім жұбатып 
келе жатқам сол түні. Қазір де осылай ойлаймын. Ал сол түні біздің 
үйге жете алмай қалдық екеуміз. Үйге жете бере Асекең – Асқар 
ағамның терезесінен от көріп, сол жаққа кілт бұрылып кеттік. Сол 
маңайда түнгі кезекші дүкен бар еді, ашық шығар десек, есікте 
құлып. Жұмекең дүкенді сырт айналып барып, қарауыл орыспен тіл 
табысқан сықылды, екі езуі құлағында, ыңылдап әндетіп келеді.
Асекең тұратын жердің жарығы аз, қаракүңгірт, күндіз жүрсең 
де, сүрінер жері көп ылғи ой-шұқыр. Маңмаңгер ақынның алдында 
келе жатып есіме түскені: қайбір жылы қыстыгүні екі-үш жігіт 
торқапшыққа «портвейн – 12» шарабын сықа толтырып ап, жатаққа 
қарай маймаңдай басып, есікке енді жете бергенде, «торқапшықты» 
көтеріп келе жатқаны (қайсысы екенін айтпай-ақ қояйын) кенет 


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау