Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
1. Жүктi әйелдермен, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт
жасқа дейiнгi баланы (он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек-баланы) тәрбиелеп
отырған жалғызбасты аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп
отырған өзге де тұлғалармен еңбек шартын жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша
бұзуға, осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 1), 3) - 18) тармақшаларында
көзделген жағдайларды қоспағанда, жол берiлмейдi.
2. Егер әйел еңбек шартының мерзiмi аяқталған күнi мерзiмi он екi апта
және одан көп апта жүктiлiгi туралы медициналық қорытынды
ұсынса, жоқ қызметкердi алмастыру жағдайларын қоспағанда, жұмыс берушi оның
жазбаша өтiнiшi бойынша еңбек шартының
мерзiмiн бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты демалыс
аяқталған күнге дейiн ұзартуға мiндеттi.
Ескерту. 185-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
186-бап. Әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын
жұмыстар
1. Әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмiне
сәйкес әйелдердiң еңбегiн ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше
зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады.
2. Әйелдердiң өздерi үшiн белгiленген шектi нормалардан асатын жүктi
қолмен көтеруiне және жылжытуына тыйым салынады.
3.
Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13 бастап
қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Ескерту. 186-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңдарымен.
187-бап. Әйелдердiң және отбасылық мiндеттерi бар басқа
да адамдардың еңбегi мен тынығу режимiнiң
ерекшелiктерi
1. Жұмыс берушiнiң жүктi әйелдердi түнгi уақыттағы жұмысқа, демалыс
және мереке күндерiндегi жұмысқа, үстеме жұмысқа тартуға, оларды iссапарға
жiберуге, сондай-ақ оларды жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан керi шақырып
алуға құқығы жоқ.
2. Жұмыс берушiнiң:
1) жетi жасқа дейiнгi балалары бар әйелдердi және жетi жасқа дейiнгi
балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа да адамдарды;
2) егер үш жасқа дейiнгi балалар, мүгедек балалар не отбасының ауру
мүшесi медициналық қорытынды негiзiнде тұрақты күтiм жасауға мұқтаж болса,
отбасының ауру мүшелерiне күтiм жасайтын не мүгедек балаларды тәрбиелеп
отырған қызметкерлердi жазбаша келiсiмiнсiз түнгi уақыттағы жұмысқа, үстеме
жұмысқа тартуға, сондай-ақ iссапарға және вахталық әдiспен орындалатын
жұмысқа жiберуге құқығы жоқ.
188-бап. Баланы тамақтандыруға арналған үзiлiстер
1. Тынығуға және тамақтануға арналған үзiлiстерден, ауысымiшiлiк және
арнайы үзiлiстерден басқа, бiр жарым жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге,
бiр жарым жасқа дейiнгi балаларды анасыз тәрбиелеп отырған әкелерге (асырап
алушыларға) баланы (балаларды) тамақтандыру үшiн жұмыстың кемiнде әрбiр үш
сағаты сайын:
1) бiр баласы бар болғанда - әрбiр үзiлiс кемiнде отыз минут;
2) екi немесе одан да көп баласы бар болғанда - әрбiр үзiлiс кемiнде
бiр сағат болатын қосымша үзiлiстер берiледi.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызметкердiң өтiнiшi бойынша
баланы (балаларды) тамақтандыруға арналған үзiлiстер тынығуға және
тамақтануға арналған үзiлiстерге қосылады не жиынтық үзiлiстер жұмыс күнiнiң
(ауысымының) басында немесе аяғында берiледi.
3. Баланы (балаларды) тамақтандыруға арналған үзiлiстер жұмыс уақытына
кiредi. Үзiлiстер уақытында әйелдердiң (әкелердiң, асырап алушылардың) орташа
жалақысы сақталады.
189-бап. Әйелдерге және отбасылық мiндеттерi бар басқа
да адамдарға толық емес жұмыс уақытын белгiлеу
Жұмыс берушi жүктi әйелдiң, үш жасқа дейiнгi баласы бар ата-ананың
(асырап алушының) бiреуiнiң, сондай-ақ отбасының ауру мүшесiне медициналық
қорытындыға сәйкес күтiм жасайтын қызметкердiң жазбаша өтiнiшi бойынша оларға
толық емес жұмыс уақыты режимiн бередi.
Ескерту. 189-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
190-бап. Жүктi әйелдерге жұмыс уақытының жиынтық есебiн
қолдануды шектеу
Егер жұмыс күнiнiң ұзақтығы сегiз сағаттан асатын болса, жүктi
әйелдерге жұмыс уақытының (жұмыс ауысымының) жиынтық есебiн қолдануға жол
берiлмейдi.
191-бап. Жүктi әйелдердi басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
Жұмыс берушi медициналық қорытынды негiзiнде жүктi әйелдi орташа
жалақысын сақтай отырып, зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың
әсерi болмайтын басқа жұмысқа ауыстыруға мiндеттi.
Жүктi әйелге қолайсыз өндiрiстiк факторлар әсерiн болдырмайтын басқа
жұмыс берiлгенге дейiн, әйел осының салдарынан өткiзiп алған барлық жұмыс
күндерi үшiн жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен орташа жалақысы сақтала
отырып, жұмыстан босатылуға тиiс.
Ескерту. 191-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
192-бап. Жыл сайынғы ақылы демалыс кезектiлiгiн
белгiлеу кезiнде әйелдерге берiлетiн кепiлдiк
Әйелге, қалауы бойынша, жүктiлiкке және босануға байланысты демалыстың
алдында немесе тiкелей одан кейiн не балаға күтiм жасауға арналған демалыс
бiткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi.
193-бап. Жүктiлiкке және босануға байланысты
демалыс
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе,
әйелдерге жүктiлiгiне және босануына байланысты ұзақтығы босануға дейiн
күнтiзбелiк жетпiс күнге және босанғаннан кейiн күнтiзбелiк елу алты (қиналып
босанған немесе екi немесе одан да көп бала туған жағдайда - жетпiс) күнге
дейiн өтiнiшi және белгiленген тәртiппен берiлген еңбекке жарамсыздық парағы
негiзiнде демалыс берiледi.
2. Демалыстарды есептеу жиынтықтап жүргiзiледi және демалыс әйелге
босанғанға дейiн нақты пайдаланған күндерiнiң санына және жұмыс берушiдегi
жұмысының ұзақтығына қарамастан, толық берiледi.
Ескерту. 193-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.12.19
N 9
(2008.01.01
бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
Достарыңызбен бөлісу: |