Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет30/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57

оларды пайдалану шығыстарына тараптардың келiсiмi бойынша өтемақы төлемдерiн 
жүргiзедi.  
      156-бап. Жұмысы жолда өтетiн немесе жүрiп-тұру сипаты 
 
                бар не қызмет ету учаскелерi шегiндегi 
 
                қызметтiк сапарлармен байланысты болатын 
 
                жағдайларда қызметкерлерге өтемақы төлемдерi 
 
      1. Қызметкерлердiң жұмысы жолда өтетiн немесе жүрiп-тұру сипаты бар не 
қызмет көрсету учаскелерi шегiндегi қызметтiк сапарлармен байланысты болатын 
жағдайларда, оларға тұрақты тұратын жерiнен тысқары жерде болған әр күн үшiн 
келiсiмде, ұжымдық шартта, еңбек шартында және (немесе) жұмыс берушiнiң 
актiсiнде белгiленген тәртiппен өтемақы төлемдерi жүргiзiледi.  
      1-1. Тұрақты жұмысы жолда өтетiн немесе жүрiп-тұру сипатында болатын не 
қызмет көрсететiн учаскелерi шегiнде қызметтiк жол жүрулермен байланысты 
қызметкерлерге темiр жол, өзен, теңiз, автомобиль көлiгi, азаматтық авиация, 
автомобиль жолдары, магистральдық байланыс желiлерi мен олардағы құрылыстар, 
радиорелелiк желiлер және олардағы құрылыстар, электр берiлiсiнiң әуе 
желiлерi және олардағы құрылыстар, байланыс объектiлерi қызметкерлер, сондай-
ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы учаскелерiне қызмет 
көрсететiн қызметкерлер жатады. 
      2. Қызметкерлер айдың барлық жұмыс күндерiнде емес, белгiлi бiр 
күндерiнде сапарда болған жағдайда, төлем жұмыс (жұмыс өндiрiсi) орнына 
баруға және керi қайтуға жол жүрген нақты күндер санына барабар жүргiзiледi.  
      3. Өтемақы төлемдерi еңбек пен тынығуды ұйымдастыру режимiне қарамастан 
жүзеге асырылады.  
      4. Ұйым қызметкерлерiнiң орташа жалақысын есептеу кезiнде өтемақы 
төлемдерi ескерiлмейдi.  
       
Ескерту. 156-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.12.10 
N 101-IV 
(2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 
N 553-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 
Заңдарымен.
 
      157-бап. Жұмысынан айрылуына байланысты берiлетiн 
 
                өтемақы төлемдерi 
 
      1. Жұмыс берушi мынадай жағдайларда:  
      1) жұмыс берушi - заңды тұлға таратылған не жұмыс берушi - жеке тұлға 
қызметiн тоқтатқан жағдайда жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шарты 
бұзылғанда;  
      2) қызметкерлердiң саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс берушiнiң 
бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда қызметкерге жұмысынан айрылуына 
байланысты айына айлық орташа жалақысы мөлшерiнде өтемақы төлемiн жүргiзедi.  
      2. Еңбек шартын жасасу кезiнде жұмыс берушi еңбек жағдайлары туралы 
дәйексiз ақпарат берген не жұмыс берушi Қазақстан Республикасының еңбек 
заңнамасын, еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын бұзған жағдайда 
қызметкердiң бастамасы бойынша еңбек  
шарты бұзылған кезде жұмыс берушi қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты 
үш айға орташа жалақысы мөлшерiнде өтемақы төлемiн жүргiзедi.  
      3. Еңбек шартында, ұжымдық шартта жұмысынан айрылуына байланысты 
өтемақы төлемiнiң неғұрлым жоғары мөлшерi көзделуi мүмкiн.  
      158-бап. Далалық жабдықталым ақшасын төлеудiң тәртiбi 
 
                мен шарттары 
 
      1. Геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық, iздестiру ұйымдарының 
қызметкерлерiне:  
      1) тұрақты тұратын жерiне күн сайын қайтып келмейтiн тұрақты тұратын 
жерiнен тысқары жерде;  
      2) сол сияқты тұрақты тұратын жерi болып табылмайтын, далалық ұйым 
орналасқан жерге күнде қайтып келгенiмен тұрақты тұратын жерiнен тысқары 
жерде;  


      3) еңбектi вахталық әдiспен ұйымдастыру жолымен тұрақты тұратын жерiнен 
тысқары жерде далалық жағдайда жұмыстар орындаған кезде далалық жабдықталым 
ақшасы төленедi.  
      2. Далалық жабдықталым ақшасын төлеу дала жұмыстарында болған барлық 
күнтiзбелiк күндер үшiн жүргiзiледi.  
      3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында болған уақыт үшiн қызметкерлерге 
далалық жабдықталым ақшасы төленбейдi.  
      4. Қызметкер далалық ұйымнан iссапарға шыққан кезде оған далалық 
жабдықталым ақшасын төлеу тоқтатылады, ал iссапарға байланысты шығыстар осы 
Кодекске сәйкес өтеледi.  
      5. Ұйым қызметкерлерiнiң орташа жалақысын есептеу кезiнде далалық 
жабдықталым ақшасының мөлшерi есепке алынбайды.  
      6. Далалық жабдықталым ақшасын төлеудiң тәртiбi, шарттары мен мөлшерi, 
далалық жағдайдағы жұмыс уақытын есепке алу тәртiбi келiсiмдерде, еңбек 
шартында, ұжымдық шартта белгiленедi және жұмыс берушiнiң актiсiмен 
бекiтiледi.  
      7. Далалық жағдайлардағы жұмыс кезiнде қызметкерге демалыс күндерi үшiн 
далалық жабдықталым ақшасын төлеу оны ол қай жерде (далалық жұмыстар 
жүргiзiлетiн объектiде, учаскеде, ұйымның далалық базасында, жұмыстар 
жүргiзiлетiн жерден тысқары) өткiзуiне байланысты жүргiзiледi. Мұндай тәртiп 
еңбектi ұйымдастырудың, еңбек пен тынығу режимiнiң қабылданған нысандарына 
қарамастан қолданылуы мүмкiн.  
      159-бап. Қызметкерлерге жұмыс берушiнiң қаражаты 
 
                есебiнен әлеуметтiк жәрдемақы төлеу 
 
      1. Жұмыс берушi өз қаражаты есебiнен қызметкерлерге еңбекке уақытша 
жарамсыздық бойынша әлеуметтiк жәрдемақы төлеуге мiндеттi.  
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiппен берiлген 
еңбекке жарамсыздық парақтары еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтiк 
жәрдемақылар төлеу үшiн негiз болып табылады.  
      3. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтiк жәрдемақылар 
қызметкерлерге еңбекке жарамсыздықтың бiрiншi күнiнен бастап еңбек қабiлетi 
қалпына келген күнге дейiн немесе мүгедектiк белгiленгенге дейiн Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сәйкес есептелген олардың орташа жалақысының 
есебiмен төленедi.  
      3-1. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы:  
      1) заңды күшiне енген сот үкiмiмен кiнәлi екендiгi анықталған жағдайда 
оның қылмыс жасау кезiнде алған жарақаттарының салдарынан еңбекке уақытша 
жарамсыздық туындаған қызметкерге;  
      2) соттың ұйғарымы бойынша қызметкердi мәжбүрлеп емдеген (психикалық 
аурулардан басқа) уақыт үшiн;  
      3) заңды күшiне енген сот үкiмiмен немесе қаулысымен қызметкердiң 
кiнәлi екенi анықталған жағдайда, ол қамауда болған уақыт үшiн және сот-
медициналық сараптама жасалған уақыт үшiн;  
      4) қызметкердiң iшiмдiк, есiрткi және уытты заттарды пайдалануы 
салдарынан туындаған ауруларға немесе жарақаттарға байланысты еңбекке уақытша 
жарамсыздығы кезiнде; 
      5) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен сәйкес келетiн уақытша еңбекке 
жарамсыз күндер үшiн төленбейдi. 
      4. Әлеуметтiк жәрдемақы мөлшерiн, оларды тағайындау және төлеу тәртiбiн 
Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Жұмыс берушiлер қызметкерлерге 
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген әлеуметтiк жәрдемақы 
мөлшерiне қосымша төлемдер белгiлеуге құқылы.  
      Ескерту. 159-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.12.19 
N 9 
(2008.01.01 
бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.05.05. 
N 159-IV 
(қолданысқа енгiзiлу 
тәртiбiн 
2-баптан 
қараңыз), 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап қолданысқа 
енгiзiледi), 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн 
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 
14-тарау. ЕҢБЕК ШАРТЫ ТАРАПТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ 
 
ЖАУАПКЕРШIЛIГI 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау