1. Өндiрiс процесiнде өзiне берiлген мүлiк пен құндылықтарды сақтауға,
өңдеуге, сатуға (жiберуге), тасымалдауға, қолдануға немесе өзге де
пайдалануға байланысты лауазым атқаратын немесе жұмыстар орындайтын қызметкер
және жұмыс берушi қызметкерге берiлген мүлiктiң және басқа да құндылықтардың
сақталуын қамтамасыз етпегенi үшiн қызметкердiң толық жеке материалдық
жауапкершiлiгi туралы жазбаша нысанда шарт жасасады.
2. Өндiрiс процесiнде өздерiне берiлген мүлiк пен құндылықтарды
сақтауға, өңдеуге, сатуға (жiберуге), тасымалдауға, қолдануға немесе өзге де
пайдалануға байланысты, келтiрiлген залал үшiн әрбiр қызметкердiң материалдық
жауапкершiлiгiнiң аражiгiн ажырату мүмкiн болмайтын жұмыстарды бiрлесiп
орындайтын қызметкерлер және жұмыс берушi қызметкерлерге берiлген мүлiктiң
және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегенi үшiн
қызметкерлердiң толық ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершiлiгi туралы
жазбаша нысанда шарт жасасады.
3. Толық жеке немесе ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершiлiк туралы
шарттар еңбек шартын жасасу кезiнде де, еңбек шартына қосымша ретiнде де
жасалуы мүмкiн.
4. Қызметкерлерге берiлген мүлiктiң және басқа да құндылықтардың
сақталуын қамтамасыз етпегенi үшiн толық жеке және ұжымдық (ортақ)
материалдық жауапкершiлiк туралы шарттар жасалуы мүмкiн қызметкерлер
атқаратын немесе орындайтын лауазымдар мен жұмыстардың тiзбесi, сондай-ақ
толық материалдық жауапкершiлiк туралы үлгiлiк шарт ұжымдық шартпен (ол бар
болған кезде) немесе жұмыс берушiнiң актiлерiмен бекiтiледi.
169-бап. Еңбек шарты тараптарының келтiрiлген залалды
(зиянды) өтеу тәртiбi
Еңбек шартының басқа тарапқа залал (зиян) келтiрген тарапы оны осы
Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде сот
шешiмiнiң негiзiнде не ерiктi түрде өтейдi.
15-тарау. ЖЕКЕ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ҚАРАУ
170-бап. Жеке еңбек дауларын қарау жөнiндегi органдар
1. Жеке еңбек дауларын келiсiм комиссиялары және (немесе) соттар
қарайды.
2. Жеке еңбек дауларын еңбек дауы тараптарының өтiнiшi бойынша келiсiм
комиссиясы қарайды.
3. Еңбек шартының тараптары жеке еңбек дауын шешу үшiн өз қалауы
бойынша тiкелей сотқа жүгiне алады.
171-бап. Келiсу комиссиясын құру және оның жұмысын
ұйымдастыру
1. Келiсу комиссиясы тепе-теңдiк негiзiнде жұмыс берушiнiң және
қызметкерлердiң өкiлдерiнiң бiрдей санынан құрылады.
2. Келiсу комиссиясының сандық құрамы, оның жұмыс iстеу тәртiбi және
келiсiм комиссиясы өкiлеттiгiнiң мерзiмi жұмыс берушi мен қызметкерлердiң
арасындағы келiсiм бойынша қызметкерлердiң жалпы
жиналысында (конференциясында) белгiленедi.
3. Келiсу комиссиясының қызметкерлерден құрылатын мүшелерi
қызметкерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) сайланады. Келiсу
комиссиясының жұмыс берушiден құрылатын мүшелерi жұмыс берушiнiң актiсiмен
тағайындалады. Келiсу комиссиясының мүшелерi бiрiншi ұйымдастыру отырысында
көпшiлiк дауыспен өз құрамынан төраға мен хатшыны сайлайды.
4. Келiсу комиссиясы еңбек дауын өтiнiш берген күннен бастап жетi
күндiк мерзiмде қарайды.
5. Қарау нәтижесi бойынша келiсу комиссиясының шешiмi қабылданады, ол
қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей өтiнiш иесiне
берiледi.
172-бап. Жеке еңбек дауларын қарау жөнiндегi органдарға
жүгiну мерзiмi
Жеке еңбек дауларын қарау жөнiндегi органдарға жүгiну үшiн мынадай
мерзiмдер белгiленедi:
1) жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша - жұмыс берушiнiң еңбек
шартын бұзу туралы актiсiнiң көшiрмесi табыс етiлген күннен бастап үш ай;
2) басқа еңбек даулары бойынша - қызметкер немесе жұмыс берушi өз
құқығының бұзылғаны туралы бiлген немесе бiлуге тиiстi күннен бастап бiр жыл.
173-бап. Еңбек даулары жөнiндегi келiсу комиссиясының
құзыретi
Келiсу комиссиясы, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге
де заңдарында қараудың өзгеше тәртiбi белгiленген дауларды қоспағанда,
ұйымдарда туындайтын еңбек дауларын қарау жөнiндегi орган болып табылады.
Егер қызметкер келiспеушiлiктердi жұмыс берушiмен арадағы өзi немесе өз
өкiлi қатысатын тiкелей келiссөздер барысында реттемеген болса, еңбек дауын
келiсу комиссиясы қарайды.
174-бап. Еңбек дауларын келiсу комиссиясында қарау
тәртiбi
Келiсу комиссиясына келiп түскен өтiнiш аталған комиссияда мiндеттi
түрде тiркелуге тиiс.
Келiсу комиссиясы еңбек дауын өтiнiш берiлген күннен бастап күнтiзбелiк
жетi күн iшiнде қарауға мiндеттi.
Дау өтiнiш берушiнiң немесе ол уәкiлеттiк берген өкiлдiң қатысуымен
қаралады. Дауды қызметкердiң немесе оның өкiлiнiң қатысуынсыз қарауға тек
оның жазбаша өтiнiшi бойынша ғана жол берiледi. Қызметкер немесе оның өкiлi
аталған комиссияның отырысына келмей қалған жағдайда, еңбек дауын қарау
кейiнге қалдырылады. Қызметкер немесе оның өкiлi дәлелдi себептерсiз екiншi
рет келмей қалған жағдайда, келiсiм комиссиясы мәселенi қараудан алып тастау
туралы шешiм шығаруы мүмкiн, мұның өзi қызметкердi осы Кодексте белгiленген
мерзiм шегiнде еңбек дауын қарау туралы қайтадан өтiнiш беру құқығынан
айырмайды.
Келiсу комиссиясы отырысқа куәгерлердi шақыртуға, мамандарды шақыруға
құқылы. Комиссияның талап етуi бойынша ұйымның басшысы оған қажеттi
құжаттарды белгiленген мерзiмде табыс етуге мiндеттi.
Келiсу комиссиясының отырысы оған қызметкерлер атынан өкiлдiк ететiн
мүшелерiнiң кемiнде жартысы және жұмыс берушi атынан өкiлдiк ететiн
мүшелерiнiң кемiнде жартысы қатысқан жағдайда, заңды деп есептеледi.
Келiсу комиссиясының отырысында хаттама жүргiзiледi, оған комиссияның
төрағасы немесе оның орынбасары қол қояды.
175-бап. Келiсу комиссиясының шешiм қабылдау тәртiбi
және оның мазмұны
Келiсу комиссиясы отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерiнiң жай
көпшiлiк даусымен шешiм қабылдайды. Өтiнiш берушiнiң немесе комиссия
мүшелерiнiң бiрiнiң талап етуi бойынша дауыс беру жасырын өткiзiледi.
Келiсу комиссиясының шешiмiнде:
ұйымның (бөлiмшенiң) атауы, комиссияға жүгiнген қызметкердiң тегi, аты,
әкесiнiң аты, лауазымы, кәсiбi немесе мамандығы;
комиссияға жүгiнген күн мен дауды қарау күнi, даудың мәнi;
комиссия мүшелерi мен отырысқа қатысқан басқа да адамдардың тегi, аты,
әкесiнiң аты;
шешiмнiң мәнi және оның негiздемесi (заңға, өзге де нормативтiк
құқықтық актiге сiлтеме жасай отырып);
дауыс беру нәтижелерi көрсетiледi.
Келiсу комиссиясы шешiмiнiң тиiсiнше расталған көшiрмелерi шешiм
Достарыңызбен бөлісу: |