немесе әрекетсiздiк жұмыс берушiнiң тарапынан оған деген сенiмнiң жоғалуына
негiз болса;
11) тәрбиелiк функциялар атқаратын қызметкер осы жұмысын жалғастырумен
сыйыспайтын, адамгершiлiкке жат қылықтар жасаған;
12) қызметкер еңбек мiндеттерiн атқаруға байланысты өзiне мәлiм
болған мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын
мәлiметтердi жария еткен;
13) егер тәртiптiк жазасы бар қызметкер еңбек мiндеттерiн дәлелдi
себепсiз қайталап орындамаған немесе қайталап тиiсiнше орындамаған;
14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда
қызметкердiң мемлекеттiк құпияларға жiберiлу рұқсаты тоқтатылған;
15) еңбек шартын жасасу не басқа жұмысқа ауыстыру кезiнде түпнұсқа
құжаттар немесе мәлiметтер еңбек шартын жасасудан немесе басқа жұмысқа
ауысудан бас тартуға негiз болатын жағдайда, қызметкер жұмыс берушiге көрiнеу
жалған құжаттар немесе мәлiметтер ұсынған;
16) жұмыс берушiнiң атқарушы органы басшысының, оның орынбасарының не
жұмыс берушi бөлiмшесi басшысының еңбек мiндеттерiн бұзуы жұмыс берушiге
материалдық залал келтiруге әкеп соққан;
17) қызметкер жүктiлiгi және босануы бойынша демалыста болған, сондай-
ақ егер ауру Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн еңбекке
қабiлетсiздiктiң анағұрлым ұзақ мерзiмi белгiленген аурулар тiзбесiне
енгiзiлген жағдайларды қоспағанда, қызметкер еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi
салдарынан қатарынан екi айдан астам уақыт жұмысқа шықпаған жағдайларда
бұзылуы мүмкiн.
Өндiрiстiк жарақат алуына немесе кәсiптiк ауруға шалдығуына байланысты
еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылған қызметкердiң жұмыс орны (лауазымы) еңбекке
қабiлеттiлiгi қалпына келгенге дейiн немесе мүгедектiк белгiленгенге дейiн
сақталады;
18) қызметкер сот актiсiне сәйкес одан әрi жұмыс iстеу мүмкiндiгiн
жоятын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
19) соттың ереуiлдi заңсыз деп тану туралы не ереуiлдi тоқтата тұру
туралы шешiмiн қызметкердiң назарына жеткiзгеннен кейiн ол ереуiлге қатысуды
жалғастырған жағдайларда бұзылуы мүмкiн.
2. Осы Кодексте қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн жұмыс
берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шарттарын бұзудың қосымша негiздерi
көзделген.
Ескерту. 54-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
55-бап. Жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шартын
бұзу мүмкiндiктерiн шектеу
Осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 1) және 17) тармақшаларында
көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердiң уақытша еңбекке қабiлетсiздiк
кезеңiнде және жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында жүрген кезеңiнде еңбек
шартын жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзуға жол берiлмейдi.
Ескерту. 55-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
56-бап. Жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шартын
бұзу тәртiбi
1. Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудiң анағұрлым ұзақ
мерзiмi белгiленбесе, жұмыс берушi осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 1) және
2) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша еңбек шартын бұзатыны туралы
қызметкерге бiр ай бұрын жазбаша ескертуге мiндеттi. Қызметкердiң жазбаша
келiсiмiмен еңбек шартын бұзу ескерту мерзiмi аяқталғанға дейiн жүргiзiлуi
мүмкiн.
2. Кәсiптiк одақтың мүшесi болып табылатын қызметкерлермен осы
Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген негiздер
бойынша еңбек шартын бұзу, сондай-ақ осы Кодекстiң 59-бабы 1-тармағының 2)
тармақшасына сәйкес еңбек шартын тоқтату ұжымдық шартта көзделген тәртiппен,
осы ұйымның кәсiптiк одағы органының дәлелдi пiкiрiн ескере отырып
жүргiзiледi.
3. Осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес еңбек
шартын бұзу үшiн қызметкердiң осы жұмысты жалғастыруына кедергi келтiретiн
денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына
сәйкес келмеуi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен
медициналық қорытындымен расталған болуға тиiс.
4. Еңбек шартын осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 6) - 13) және 16)
тармақшаларында көзделген негiздер бойынша бұзу осы Кодекстiң 73-бабында
көзделген тәртiптiк жазалар қолдану тәртiбi және 74-бабының талаптары сақтала
отырып жүргiзiледi.
5. Еңбек шарты осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 2) - 4)
тармақшаларында көзделген негiздер бойынша бұзылған кезде, қызметкер келiскен
жағдайда жұмыс берушi оны басқа жұмысқа ауыстыру шараларын қабылдауға тиiс.
6. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе,
қызметкер бiлiктiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi салдарынан атқаратын лауазымына
немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмегендiктен, жұмыс берушiнiң бастамасы
бойынша осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес еңбек
шартын бұзу аттестациялық комиссияның шешiмiне негiзделуге тиiс, оның
құрамына қызметкерлер өкiлi қатысуға тиiс.
Қызметкерлердi аттестаттау тәртiбi, талаптары мен кезеңдiлiгi ұжымдық
шартта, ал ол жоқ болған жағдайда қызметкерлердiң өкiлдерiмен келiсiм бойынша
шығарылған жұмыс берушiнiң актiсiнде айқындалады.
7. Қызметкердiң жұмыста осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 7)
тармақшасында көрсетiлген жай-күйде болуы медициналық қорытындымен расталуға
тиiс.
Қызметкердi медициналық куәландыруға жiберу туралы шешiмдi жұмыс берушi
уәкiлеттiк берген лауазымды тұлға қабылдайды.
Қызметкер медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан жағдайда тиiстi
акт жасалады.
8. Осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес еңбек
шартын бұзуға, қызметкер еңбекке жарамсыздығы парағын ұсынғаннан кейiн жол
берiледi.
Ескерту. 56-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
57-бап. Қызметкердiң бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу
1. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкер
жұмыс берушiге кемiнде бiр ай бұрын жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын
өзiнiң бастамасы бойынша бұзуға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |