Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi


-бап. Қызметкердi басқа жұмысқа ауыстыру



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет13/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57

      41-бап. Қызметкердi басқа жұмысқа ауыстыру 
 
      1. Қызметкердi басқа жұмысқа ауыстыру деп:  
      1) қызметкер жұмысының (еңбек функциясының) өзгеруi, яғни жұмысты басқа 
лауазым, мамандық, кәсiп, бiлiктiлiк бойынша орындау;  
      2) орындау кезiнде еңбек шартында келiсiлген еңбек жағдайлары (жалақы 
мөлшерi, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимi, жеңiлдiктер мен басқа да 
жағдайлар) өзгеретiн жұмысты тапсыру;  
      3) жұмыс берушiнiң оқшауланған құрылымдық бөлiмшесiне ауыстыру;  
      4) жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге ауыстыру есептеледi.  
      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердi басқа 
жұмысқа ауыстыруға қызметкердiң келiсiмiмен жол берiледi, ол еңбек шартына 
тиiстi өзгерiстер енгiзумен және жұмыс берушiнiң актiсiмен ресiмделедi.  
      3. Қызметкердi сол ұйымда басқа жұмыс орнына, осы ұйымның сол жердегi 
басқа құрылымдық бөлiмшесiне ауыстыру, оған басқа механизмде немесе агрегатта 
жұмыс iстеудi тапсыру, егер бұл осы баптың 1-тармағында көзделген 
өзгерiстерге әкеп соқпаса, басқа жұмысқа ауыстыру болып табылмайды және бұған 
қызметкердiң келiсiмiн алу талап етiлмейдi.  
      42-бап. Қызметкердi жұмыс берушiмен бiрге басқа 
 
              жерге ауыстыру 
 
      1. Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудiң анағұрлым ұзақ 
мерзiмi көзделмесе, жұмыс берушi жұмыс берушiнiң басқа жерге көшетiнi туралы 
қызметкерге кемiнде бiр ай бұрын жазбаша ескертуге мiндеттi.  
      2. Қызметкер жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге жұмысқа ауыстырылған 
жағдайда, жұмыс берушi қызметкердiң көшуiне байланысты осы Кодекстiң 153-
бабында көзделген өтемақы төлемдерiн жасайды.  
      3. Қызметкер жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге ауысудан жазбаша түрде 
бас тартқан жағдайда, қызметкермен еңбек шарты осы Кодекстiң 59-бабы 1-
тармағының 1) тармақшасында көзделген негiз бойынша тоқтатылады.  
      43-бап. Өндiрiстiк қажеттiлiк жағдайында басқа жұмысқа 
 
              уақытша ауыстыру 
 
      Өндiрiстiк қажеттiлiк болған, оның iшiнде жоқ қызметкердi уақытша 
алмастырған жағдайда, жұмыс берушiнiң қызметкердi оның келiсiмiнсiз 
күнтiзбелiк жыл iшiнде бiр айға дейiнгi мерзiмге, орындалатын жұмыс бойынша 
еңбегiне ақы төлеп, бiрақ бұрынғы жұмысындағы орташа жалақысынан кем емес 
жалақымен, еңбек шартында келiсiлмеген және денсаулық жағдайы бойынша қайшы 
келмейтiн сол ұйымдағы, сол жердегi басқа жұмысқа ауыстыруға құқығы бар.  
      44-бап. Бос тұрып қалу жағдайында басқа жұмысқа 
 
              уақытша ауыстыру 
 
      1. Жұмыс берушiнiң бос тұрып қалу жағдайында қызметкердiң мамандығын, 
бiлiктiлiгiн ескере отырып, оның келiсiмiнсiз, күнтiзбелiк жыл iшiнде бiр 
айдан аспайтын мерзiмге, оны денсаулық жағдайы бойынша қайшы келмейтiн басқа 
жұмысқа ауыстыруға құқығы бар.  
      2. Бос тұрып қалу жағдайындағы ауыстыру кезiнде қызметкердiң еңбегiне 
ақы төлеу орындалатын жұмыс бойынша, бiрақ оның бұрынғы жұмысындағы орташа 
айлық жалақысының кемiнде үштен екiсi мөлшерiнде жүргiзiледi.  
      Еңбек жағдайының өзгеруiне байланысты қызметкер жұмысты жалғастырудан 
жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, қызметкермен еңбек шарты осы Кодекстiң 
59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негiздер бойынша тоқтатылады.  


      45-бап. Денсаулық жағдайы бойынша басқа жұмысқа 
 
              уақытша ауыстыру 
 
      1. Қызметкер денсаулық жағдайы бойынша медициналық қорытындыда 
көрсетiлген мерзiмге неғұрлым жеңiл жұмысқа уақытша ауыстырылады. Тараптардың 
келiсiмiмен қызметкердiң бұрынғы жұмысы бойынша жалақысы сақталуы мүмкiн.  
      2. Қызметкердiң еңбек мiндеттерiн орындауға байланысты жарақаттануына, 
кәсiптiк ауруға шалдығуына немесе денсаулығына өзге де зақым келуiне 
байланысты еңбекке қабiлеттiлiгi қалпына келгенше немесе мүгедектiк 
белгiленгенге дейiн не кәсiби еңбекке жарамдылығынан айрылуы белгiленгенше 
жұмыс берушi қызметкердi анағұрлым жеңiл жұмысқа уақытша ауыстыруға не 
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, сондай-ақ еңбек шартының, 
ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес зиянның өтемiн төлей отырып, оны жұмыстан 
босатуға мiндеттi.  
      3. Қызметкер еңбек мiндеттерiн атқаруға байланысты өндiрiстiк жарақат 
алған, кәсiптiк ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өндiрiске байланысты 
емес өзге де зақым келген кезде басқа жұмысқа уақытша ауысудан жазбаша түрде 
бас тартқан жағдайда қызметкермен еңбек шарты осы Кодекстiң 59-бабы 1-
тармағының 4) тармақшасында көзделген негiз бойынша тоқтатылады. 
      
Ескерту. 45-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      46-бап. Қызметкердi басқа жұмысқа ауыстыруды шектеу 
 
      Қызметкердiң денсаулық жағдайы бойынша медициналық қорытындымен 
расталған қайшылықтар болған кезде, оны басқа жұмысқа ауыстыруға жол 
берiлмейдi.  
      47-бап. Қызметкердi басқа жұмыс орнына ауыстыру. 
 
              Лауазым (жұмыс) атауының өзгеруi 
 
      1. Құрылымдық бөлiмшедегi, белгiлi бiр жұмыс орнындағы, механизмдегi 
немесе агрегаттағы жұмыстың өзгеше еңбек жағдайлары болуын қоспағанда, 
қызметкердi басқа жұмыс орнына не сол жердегi басқа құрылымдық бөлiмшеге 
ауыстыруға, не оған еңбек шартында келiсiлген лауазым, мамандық, кәсiп, 
бiлiктiлiк шегiнде басқа механизмдегi немесе агрегаттағы жұмысты тапсыруға 
қызметкердiң келiсiмi талап етiлмейдi.  
      2. Қызметкер үшiн еңбек жағдайларын және (немесе) еңбек шартын 
өзгертуге әкеп соқпайтын қызметкер лауазымының (жұмысының), құрылымдық 
бөлiмшенiң атауын өзгертудi, басқару құрылымын өзгертудi жұмыс берушi 
қызметкердiң келiсiмiнсiз жүзеге асыра алады.  
      48-бап. Еңбек жағдайларының өзгеруi 
 
      1. Өндiрiстi ұйымдастырудағы, соның iшiнде қайта ұйымдастыру кезiндегi 
өзгерiстерге және (немесе) жұмыс берушiнiң жұмыс көлемiнiң қысқаруына 
байланысты, қызметкер еңбек шартында келiсiлген тиiстi бiлiктiлiктегi 
лауазым, мамандық немесе кәсiп бойынша жұмысын жалғастырған кезде, оның еңбек 
жағдайларын өзгертуге жол берiледi.  
      Еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек шартына және (немесе) ұжымдық 
шартқа тиiстi толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiледi.  
      2. Егер еңбек шарты мен ұжымдық шартта ескертудiң анағұрлым ұзақ 
мерзiмi көзделмесе, жұмыс берушi қызметкерге және (немесе) оның өкiлдерiне 
еңбек жағдайларының осы баптың 1-тармағында көрсетiлген себептер бойынша орын 
алған өзгеруi туралы бiр айдан кешiктiрмей жазбаша түрде ескертуге тиiс.  
      Егер қызметкер жұмысты жаңа жағдайда жалғастыруға келiспесе, онда жұмыс 
берушi - бар болса, қызметкердiң бiлiктiлiгi мен денсаулық жағдайына сәйкес 
келетiн өзге жұмысты, ал мұндай жұмыс болмаса, қызметкердiң бiлiктiлiгi мен 
денсаулық жағдайы ескерiлiп, ол орындай алатын, бос тұрған төмен лауазым 
немесе ақысы төмен бос жұмысты жазбаша нысанда ұсынуға мiндеттi.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау