6)
алып тасталды - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен;
7) жұмыс берушi қызметкердiң жеке деректерiн
қорғауды Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қамтамасыз етедi;
8) жеке деректерi өзгерген жағдайда қызметкер бұл туралы он жұмыс күнi
iшiнде жұмыс берушiге хабарлауға мiндеттi.
Ескерту. 65-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
РҚАО-ның ескертпесi!
66-бапты алып тастау көзделген - ҚР 21.05.2013
№ 95-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
66-бап. Қызметкердiң жеке деректерiн сақтау
Жұмыс берушi ұйымдағы қызметкердiң жеке деректерiн сақтау тәртiбiн
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтай отырып
белгiлейдi.
Қызметкердiң жеке деректерiн сақтау тәртiбiн белгiлейтiн жұмыс
берушiнiң актiлерiмен қызметкер таныстырылуға тиiс.
РҚАО-ның ескертпесi!
67-бапты алып тастау көзделген - ҚР 21.05.2013
№ 95-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
67-бап. Қызметкердiң жеке деректерiн беру
1. Қызметкердiң жеке деректерiн беру кезiнде жұмыс берушi мынадай
талаптарды сақтауға:
1) қызметкердiң жазбаша келiсiмiнсiз оның жеке деректерiн үшiншi
тарапқа хабарламауға;
2) арнайы уәкiлеттiк берiлген адамдарға ғана қызметкердiң жеке
деректерiн алуға рұқсат етуге тиiс. Бұл ретте, аталған адамдар қызметкердiң
нақты функцияларды орындау үшiн қажеттi жеке деректерiн ғана алуға құқылы
болып,
құпиялылық режимiн сақтауға;
3) қызметкердiң жеке деректерiн ұйым шегiнде берудi жұмыс берушiнiң
қызметкер таныстырылуға тиiс актiсiне сәйкес жүзеге асыруға тиiс.
2. Қызметкердiң жеке деректерi берiлген адамдар бұл деректер қандай
мақсат үшiн хабарланса, сол мақсатта ғана пайдалануға тиiс және Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, оны үшiншi
тарапқа беруге құқылы емес.
РҚАО-ның ескертпесi!
68-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 21.05.2013
№ 95-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
68-бап. Қызметкердiң жұмыс берушiде сақталатын жеке
деректерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатындағы
құқықтары
Қызметкердiң жұмыс берушiде сақталатын жеке деректерiн қорғауды
қамтамасыз ету мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды
қоспағанда, қызметкердiң жеке деректерi бар жазбалардың көшiрмелерiн алу
құқығын қоса алғанда, өзiнiң жеке деректерiне тегiн қолжетiмдiлiгiне;
2) дұрыс емес немесе толық емес жеке деректердi,
сондай-ақ осы
Кодекстiң талаптарын бұза отырып өңделген деректердi алып тастауға немесе
түзетуге;
3) бұрын қызметкердiң дұрыс емес немесе толық емес жеке деректерi
берiлген адамдарға ол деректерге жасалған түзетулердi жұмыс берушiнiң
хабарлауын талап етуге;
4) жеке деректерiн өңдеген кезде жұмыс берушiнiң жiберген iс-әрекеттерi
(әрекетсiздiгi) үшiн сотқа шағым жасауға құқығы бар.
6-тарау. ЕҢБЕК ТӘРТIПТЕМЕСI. ЕҢБЕК ТӘРТIБI
69-бап. Еңбек тәртiптемесiнiң ережелерi
1. Жұмыс берушi еңбек тәртiптемесiнiң ережелерiн қызметкерлер
өкiлдерiмен келiсе отырып бекiтедi.
2. Еңбек тәртiптемесiнiң ережелерiнде қызметкерлердiң жұмыс уақыты мен
тынығу уақыты, еңбек тәртiбiн қамтамасыз етудiң талаптары, еңбек қатынастарын
реттеудiң өзге де мәселелерi белгiленедi.
3. Қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн еңбек тәртiптемесi
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн
жарғыларда және ережелерде реттеледi.
4. Еңбек тәртiптемесiнiң ережелерiн
орындау жұмыс берушiлер мен
қызметкерлер үшiн мiндеттi болып табылады.
70-бап. Еңбек тәртiбiн қамтамасыз ету
Еңбек тәртiбiн жұмыс берушi жеке және ұжымдық еңбек үшiн қажеттi
ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайлар жасау, қызметкерлердiң еңбекке
саналы көзқарасы арқылы, сендiру, адал еңбегi үшiн көтермелеу әдiстерiмен,
сондай-ақ тәртiптiк терiс қылық жасаған қызметкерлерге
тәртiптiк жаза қолдану
арқылы қамтамасыз етедi.
71-бап. Еңбегi үшiн көтермелеу
1. Жұмыс берушi қызметкерлерге еңбектегi жетiстiктерi үшiн
көтермелеудiң кез келген түрiн қолдануға құқылы.
2. Қызметкерлердi көтермелеудiң түрлерi мен оларды қолданудың тәртiбi
Қазақстан Республикасының заңнамасында, жұмыс берушiнiң актiлерiнде, еңбек
шартында, ұжымдық шартта айқындалады.
72-бап. Тәртiптiк жазалар
1. Жұмыс берушi қызметкердiң тәртiптiк терiс қылық жасағаны үшiн:
1) ескерту;
2) сөгiс;
3) қатаң сөгiс;
4) осы Кодексте белгiленген жағдайларда еңбек шартын жұмыс берушiнiң
бастамасы бойынша бұзу түрiндегi тәртiптiк жаза қолдануға құқылы.
2. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының
өзге де заңдарында
көзделмеген тәртiптiк жазаларды қолдануға жол берiлмейдi.
73-бап. Тәртiптiк жазаларды қолдану және оған
шағым жасау тәртiбi
1. Жұмыс берушi өзiнiң актiсiн шығару арқылы тәртiптiк жаза қолданады.
2. Жұмыс берушi тәртiптiк жазаны қолданғанға дейiн қызметкерден жазбаша
түсiнiктеме талап етуге мiндеттi. Қызметкердiң жазбаша түсiнiктеме беруден
бас тартуы тәртiптiк жаза қолдануға кедергi жасай алмайды. Қызметкер аталған
түсiнiктеменi беруден бас тартқан жағдайда тиiстi акт жасалады.
3. Жұмыс берушi тәртiптiк жазаның түрiн айқындау кезiнде жасалған
тәртiптiк
терiс қылықтың мазмұнын, сипатын және ауырлығын, оны жасаудың мән-
жайларын, қызметкердiң оның алдындағы және одан кейiнгi тәртiбiн, еңбекке
деген көзқарасын ескеруге тиiс.