1. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының
ұзақтығы қолданылатын жұмыс
режимдерi мен кестелерiне қарамастан, еңбек демалысы күндерiне тура келетiн
мереке күндерi есепке алынбай, күнтiзбелiк күндермен есептеледi.
2. Жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезiнде жыл
сайынғы қосымша еңбек демалыстары жыл сайынғы негiзгi еңбек демалысына
қосылады. Бұл ретте жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығы ең жоғарғы
шекпен шектелмейдi.
104-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық
беретiн жұмыс стажын есептеу
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс стажына:
1) нақты жұмыс iстелген уақыт;
2) қызметкер нақты жұмыс iстемеген, бiрақ оның жұмыс орны (лауазымы)
мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт;
3) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына, оның iшiнде жүктiлiгiне
және босануына орай демалыста болған уақытына байланысты нақты жұмыс
iстемеген уақыт;
4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс iстемеген уақыт
қосылады.
Ескерту. 104-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
105-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру
тәртiбi
1. Қызметкерге жұмыс iстеген бiрiншi және келесi жылдары үшiн жыл
сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келiсiмi бойынша жұмыс жылының кез
келген уақытында берiледi.
2. Вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы
еңбек демалысын беру ерекшелiктерi осы Кодекстiң 213-бабында белгiленедi.
3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкер мен жұмыс берушiнiң
арасындағы келiсiм бойынша бөлiктерге бөлiнуi мүмкiн.
4. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы Кодекстiң 108-бабының 3-
тармағындағы талаптар сақтала отырып, осы Кодекстiң 108 және 109-баптарында
белгiленген жағдайларда және тәртiппен ауыстырылады, ұзартылады, үзiледi.
5. Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу ол басталардан күнтiзбелiк үш
күннен кешiктiрiлмей, ал еңбек демалысы кестеден
тыс берiлген жағдайда - ол
берiлген күннен бастап күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
Ескерту. 105-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
106-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру
кезеңiн айқындау
Жұмыс жылы қызметкердiң бiрiншi жұмыс күнiнен бастап есептелген он екi
айды құрайды.
107-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру
кезектiлiгi
1. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудiң кезектiлiгi
жұмыс берушi қызметкерлердiң пiкiрiн ескере
отырып бекiтетiн демалыс
кестесiнде белгiленедi не тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
2. Демалыс кестелерi өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты өзгертiлген
жағдайда жұмыс берушi бұл туралы қызметкерге еңбек демалысы басталардан
кемiнде екi апта бұрын хабарлауға мiндеттi.
Ескерту. 107-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
108-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын ауыстырудың
жағдайлары мен тәртiбi
Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
1. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы:
қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз болған, жүктiлiкке
және босануға
байланысты демалыста болған;
егер бұл үшiн заңда жұмыстан босату көзделсе, қызметкер жыл сайынғы
ақылы еңбек демалысы уақытында мемлекеттiк мiндеттер атқарған жағдайларда,
толық немесе оның бiр бөлiгi ауыстырылады.
2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы (оның бiр бөлiгi) қызметкердiң
жазбаша келiсiмiмен немесе оның өтiнуi бойынша ауыстырылады. Ауыстырылған
еңбек демалысы тараптардың келiсiмi бойынша келесi жылғы еңбек демалысына
қосылуы немесе қызметкердiң өтiнiшi бойынша
басқа уақытта бөлек берiлуi
мүмкiн.
3. Еңбек демалысын қатарынан екi жыл бойы бермеуге тыйым салынады.
Ескерту. 108-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
109-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып
алу
1. Жұмыс берушi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын тек қызметкердiң
жазбаша келiсiмiмен ғана үзуi мүмкiн. Қызметкердiң жұмыс берушiнiң ұсынысынан
бас тартуы еңбек тәртiбiн бұзу болып табылмайды.
2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға байланысты
пайдаланылмаған бөлiгi еңбек шарты тараптарының келiсiмi бойынша ағымдағы жыл
iшiнде немесе келесi жұмыс жылында кез келген
уақытта берiледi не келесi
жұмыс жылындағы жыл сайынғы ақылы еңбек
демалысына қосылады.
3. Қызметкердi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алған кезде
демалыстың пайдаланылмаған бөлiгiн басқа уақытта берудiң орнына қызметкер мен
жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiм бойынша қызметкерге жыл сайынғы ақылы
еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлiгiнiң күндерi үшiн өтемақы төлемi
жүргiзiлуi мүмкiн.
4. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердi, жүктi әйелдердi және ауыр
жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды),
қауiптi жұмыстарда
iстейтiн қызметкерлердi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға
жол берiлмейдi.
110-бап. Еңбек шарты тоқтатылған кезде пайдаланылмаған
жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы үшiн өтемақы
төлемi
Еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын (жыл
сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған
қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек
демалыстарының) пайдаланылмаған күндерi үшiн өтемақы төлемi жүргiзiледi.
111-бап. Жалақы сақталмайтын демалыс
1. Еңбек шарты тараптарының келiсiмi
бойынша қызметкердiң өтiнiшi
негiзiнде оған жалақы сақталмайтын демалыс берiлуi мүмкiн.
2. Жалақы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы қызметкер мен жұмыс
берушiнiң арасындағы келiсiм бойынша айқындалады.
3. Жұмыс берушi:
1) неке тiркелген;
2) бала туылған;