92
атап береді. Қазақ, орыс, украин, немістердің
ұлттық баспаналарының құрылысын қалай аяқтап,
безендіретінін айтады.
(Ұ) Ойын-жаттығу: «Бәрін айтып, бәрін көрсетіп
беремін».
Балалар ермексазбен жұмыс істеу ережесін еске
түсіреді.
(Ұ, Ө) «Мүсіндеу алгоритмін талқылау».
1. Киіз үйді ермексаздан жасалған ою-өрнектермен
безендіреміз.
2. Орыстың күркесін ағаш таяқшалармен жасаймыз.
3. Немістің үйін таспен қалаймыз.
4. Украиндардың үйінің (хата) үстін сабанмен
жабамыз.
(Ұ) Жаттықтыру құралының көмегімен
жасалатын саусақтарға арналған жаттығу:
«Асбұршақ».
(Ө) Ойын-жаттығу: «Ермексазбен достас».
Ермексазды жұмыс істеуге дайындау.
(Ө) Ө зіндік жұмыс.
Балаларға жеке көмек көрсетіп отыру.
Ермек балаларға жұмыс барысында барынша мұқият,
зейінді болу қажеттігін, жұмыс орнында тазалық пен
тәртіп сақтау керектігін ескертеді.
Шығармашылық минуты:
Қалдық материалдарды (тастар, сабан, ағаш
таяқшалар, ою-өрнектер) пайдалана отырып, үйді өз
қалауыңша безендіріп шық.
Әліппе-альбом.
Әліппе-альбом.
Ермексаз жағылған
қораптар, банкалар,
ағаш таяқшалар.
тастар, сабан, түрлі
түсті ермексаз,
кескіш, тақтайша,
қағаз майлық.
Рефлексия
26–30 минут
(Ұ) Балалар жұмыстарының көрмесі.
Педагог балаларды жұмыстарды талқылауға
шақырады.
Ермек балаларға ҰОҚ өзі жасаған жұмысқа баға
беруді ұсынады:
1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл
түспен бояйды;
2. Қиналғандар қызыл түспен бояйды.
Балалардың
жұмыстарына
арналған стенд.
Әліппе-альбом,
қарындаштар
№31 ҰОҚ. Жәндіктер
Мектеп / МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Мектепалды даярлық сыныбы / топ:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар
саны:
ҰОҚ-нің оқыту
мақсаттары
0.1.1.3. Кейіпкерлерге тән бөліктерді (мұрын, ауыз, көз, құлақ, аяқ,
қанат) пропорцияны сақтай отырып, қарапайым әдістерді (жұмырлау,
жаю, жалпайту, кескіш көмегімен ойып алу, т.б.) қолданып мүсіндеу,
жұмыстың конструктивті және пластикалық техникаларын үйлестіріп,
бөліктерді біріктіру.
0.2.1.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.
93
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
• жәндіктерді жасай біледі;
• құралдармен және материалдармен жұмыс істеу тәртібін түсіндіріп
бере алады және іс жүзінде пайдаланады.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• ауызша нұсқаулар бойынша жұмыс істей алады;
• шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындай алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• дененің құрылымдық ерекшеліктерін ашып көрсете алады;
• тақырыпқа қатысты қосымша мәліметтерді есте сақтайды.
Тілдік мақсат
Дағдыларын дамыту:
• сұрақтарға жауап беру, пікірталастарға қатысу, ой қорытып, тұжырым
жасау қабілетін дамыту.
Көптілділік: жәндіктер – насекомые – insects.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• ермексаз, кескіш, майлық, ұқыптылық, тегістеу, созу, ширату,
қауіпсіздік техникасы.
ҰОҚ-де диалог/хат жазу үшін пайдаланылатын тіл:
Талқыланатын сұрақтар:
– Сендер жәндіктер жайлы не білесіңдер?
– Жәндіктердің қандай пайдасы бар?
– Жәндіктердің түрлерін атап беріңдер?
Өткен ҰОҚ-нен алған
білім, білім
Мүсіндеудің «сюжеттік», «заттық», «безендіру» сынды бағыттары туралы
қарапайым түсініктер.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
I. Жұмыс істеуге
жағымды көңіл
күй қалыптастыру
0 – 1минут
(Ұ) Педагог ҰОҚ жұмыс істеуге қолайлы жағдай
жасайды.
(Ұ, Ө) Ермек «Дыбысын тыңдап, қандай жәндік
екенін тап және ол туралы білгеніңді айт» ойынын
өткізуді ұсынады.
Балалар жәндіктерді даусына қарап танып,
олар туралы әңгімелеп береді. Әзірленген
иллюстрациялармен танысып, жәндіктердің түсі
неліктен әртүрлі болатынын түсіндіреді.
– Ең әдемі жәндіктің атын айтып беріңдер.
– Сен жәндіктер туралы не білесің?
– Қайдан көрдің?
Балалар өзіне ұнаған жәндікті таңдап алып,
қосымша мәліметтермен толықтырады.
(Ұ, Т) «Мұны білу керек!»: шалғында немесе
орманда қыдырып жүргенде біз жәндіктердің
әрекетін бақылап қана қоймай, таза ауамен
демаламыз. Денсаулығымызды нығайтамыз.
Жәндіктердің даусы
жазылған аудиожазба.
Иллюстрациялар
«Жәндіктер»
Шегіртке, маса, инелік,
көбелек, ханқыз,
құмырсқа.
94
II. Өмірлік
тәжірибені
белсендіру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2 – 5 минут
(Ұ, Ө) Проблемалық жағдай.
Мүсінші Ермек шағын зертханада жұмыс істейтін
ғылыми қызметкерлерге айналуды ұсынады.
Педагог таңдап алынған жәндік туралы мәлімет
жинауға шақырады. Үлкендердің көмегімен
энциклопедиялардан, интернеттен алынған
ақпаратты зертханаға жеткізіп беруді сұрайды.
ҰОҚ-нің ортасы
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Талқылау
«Жәндіктердің тіршілігі» фильмін тамашалаймыз.
(Ұ, Ө) Әліппе-альбоммен жұмыс.
Үлгімен мұқият танысамыз.
(Ұ) Пікір білдіру: жәндіктің дене құрылысын қарап
шығу (денесі, басы, қанаттары, аяқтары, құйрығы),
олардың қанаттары мен денелерінің бір-бірінен
айырмашылығына назар аудару керек.
Ермек балаларға ұнаған жәндіктің бірінің мүсінін
жасауды ұсынады (қанқыз, көбелек, құмырсқа,
шегіртке).
(Ұ) Ойын-жаттығу: «Иә-жоқ».
Балалар ермексазбен жұмыс істеу ережелерін еске
түсіреді.
(Ұ, Ө) «Мүсіндеу алгоритмін талқылау».
Әр топ жәндіктің бір түрін таңдап алады.
Әліппе-альбомдағы сызбаға сүйене отырып таңдаған
жәндіктерін мүсіндейді.
Қанқыз.
Алдымен кішігірім қатырғықағаз қиындысын
дайындап аламыз. Оған жасаған бұйымымызды
орналастырамыз.
Қызыл түсті ермексаздан үзіп алып, жұмсартамыз.
Оны домалақтап кішігірім шар жасаймыз.
Кескіштің көмегімен екіге бөліп, екеуін де
қатырғықағазға жапсырамын.
Қара түсті ермексаздан шар жасаймыз. Оны
төрт бөлікке бөлеміз. Екі бөлігін бағанаға бөліп,
қатырғықағазға жапсырған қызыл шарлардың
қасына қоямыз. Бұл – жәндіктердің басы.
Қара түсті ермексаздың қалғанынан төрт жіңішке
ширатпа, 12 жуан әрі қысқа ширатпа дайындап
аламыз. Қажет болса тағы да ермексаздан алып
қосуға болады. Жәндіктің мұрттарын, әрқайсысына
алты аяқтан жапсырамыз.
Қара түсті ермексаздан тағы да азырақ үзіп аламыз.
Одан көлемі әртүрлі етіп, кішкентай домалақтар
жасаймыз. Оларды жәндіктердің арқасына
жапсырамыз.
Проектор.
«Жәндіктердің
тіршілігі» фильмі.
Әліппе-альбом.
Қанқыздың суреті.
Достарыңызбен бөлісу: |