Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет29/33
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12826
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

83
(Ұ, Ө) Ой тұжырым.
 Балалар мүсіндеудің тәсілдерін атап, бұйымды 
мүсіндеу барысында пайдаланылатын түстерді, 
құмыраны қандай ою-өрнекпен безендіретінін 
нақтылап алады.
Мүсінші Ермек ширатпаны пайдалана отырып, құмы-
раны өздеріне белгілі техникамен мүсіндеуге шақырады
(Ұ) Ойын-жаттығу: «Сен білесің бе?»
 Балалар ермексазбен жұмыс істеу ережелерін естеріне 
түсіреді.
(Ұ, Ө) «Мүсіндеу алгоритмін талқылау»
1. Ермексазды жақсылап жұмсартамыз.  
Құмыраның түбін жалпақтап жасаймыз.
2. Ермексаздан ширатпа жасаудың бірнеше тәсілі бар:
  – ермексаздан кішкене үзіп алып алақанымызға салып, 
ұзына бойына ары-бері ширатамыз;  
 – ермексазды қатты нәрсенің үстіне қойып, бір 
алақанымызбен көлденең қойып ширатамыз; 
 – үзіп алынған ермексазды бас бармақ пен сұқ 
саусағымыздың көмегімен ширатамыз. Кішкентай 
цилиндрлер мен жіңішке ширатпаларды осылай 
жасаймыз. 
 3. Содан соң ермексаздан үзіп алып, қалыңдығы 
қарындашпен шамалас «ширатпа» жасаймыз.
4. Оны құмыраның түбіне арналған жалпақ 
ермексаздың шетіне жапсырып, жиектейміз.
5. Осындай ширатпаларды жапсырып, құмыраның 
бүйірін «өсіріп», саусақтарымызбен құмыраның 
мүсінін жасаймыз.
Құмыраны жасап біткеннен кейін аузын және тұтқасын 
жасаймыз.
(Т, Ө) Ой тұжырым.
 Құмыраның барлық бөліктері бірдей, тегіс болуы шарт.
 (Ұ) Саусақтарға арналған жаттығу: «Таяқшаны 
қолға алып» (тренажер-таяқшаның көмегімен 
жасалады).  
(Ө) Ойын-жаттығу: «Ермексазбен достас»
Ермексазды жұмыс істеуге дайындау.
(Ө) Өзіндік жұмыс.
Балаларға жекелей көмек көрсетіп отыру.
Ермек балаларға жұмыс барысында барынша мұқият, 
зейінді болу қажеттігін, жұмыс орнында тазалық пен 
тәртіп сақтау керектігін ескертеді.
(Ұ, Ө)  Шығармашылық минуты.
Құмыраны өз қалауынша безендіреді.
Әліппе-альбом.
Ермексаз, кескіш, 
тақтайша, қағаз 
майлық. 


84
ҰОҚ-нің соңы
Рефлексия
26 – 30 минут
(Ұ) Балалар жұмыстарының көрмесі.
Педагог балаларды жұмыстарды талқылауға шақырады.
 Ермек балаларға ҰОҚ өзі жасаған жұмысқа баға беруді 
ұсынады: 
1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл түспен 
бояйды.
 2. Қиналғандар қызыл түспен бояйды.  
Балалардың 
жұмыстарына 
арналған көрме.
Әліппе-альбом, 
қарындаштар.
 
№28 ҰОҚ. Қалықтап ұшқан бүркіт
Мектеп / МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
 Мектепалды даярлық сыныбы / топ:
Қатысқандар саны: 
Қатыспағандар 
саны:
ҰОҚ-нің оқыту 
мақсаттары
0.1.1.2. Дененің қарапайым пропорцияларын есепке ала отырып, 
қозғалыстағы адамның немесе жануардың қарапайым фигурасын 
мүсіндеу, фигураны тік немесе көлденең орналастыру, фигура 
бөліктерін өзара қосып, олардың бір-біріне қосылған жерін арнайы 
кескіш көмегімен тегістеп, жымдастыру. 
0.2.1.1. Мүсіндеуге арналған материалдарды үнемді пайдалану. 
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
•  бүркіттің мүсінін жасай алады;
•  құралдармен және материалдармен жұмыс істеу тәртібін 
түсіндіреді және қолдана біледі.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
•  ауызша нұсқаулықтар бойынша жұмыс істей алады;
•  шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындайды.
Кейбір тәрбиеленушілер:
•  дене құрылысының ерекшеліктерін бере алады; 
•  тақырыпқа қатысты қосымша мәліметтерді есте сақтайды. 
Тілдік мақсаттар
  Дағдыларын дамыту:
•  сұрақтарға жауап беру; тұжырым жасау; пікірталасқа қатысу 
қабілетін дамыту.
Көптілділік: қыран – орел – eajle.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
•  ермексаз, кескіш, майлық, ұқыптылық, тегістеу, созу, жаю, 
қауіпсіздік техникасы.
ҰОҚ-де диалог/хат жазу үшін пайдаланылатын тіл:
Талқыланатын сұрақтар:
– Сендер құстар туралы не білесіңдер?
– Бүркіт қандай құс?
– ҚР Туындағы бүркіт нені білдіреді?
Өткен ҰОҚ-нен алған 
білім, білік
Мүсіндеудің «сюжеттік», «заттық», «безендіру» сынды бағыттары 
туралы қарапайым түсініктер.


85
Жоспар
Жоспарланған 
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет  
Ресурстар
I. Жұмыс істеуге 
жағымды көңіл 
күй қалыптастыру
0 – 1минут
II. Өмірлік 
тәжірибені 
белсендіру. 
Мақсатты 
тұжырымдау.
2 – 5 минут
(Ұ) Педагог ҰОҚ жұмыс істеуге қолайлы жағдай 
жасайды.  
(Ұ, Ө) Ермек жұмбақ жасырып ойнау туралы ұсыныс 
жасайды.
(Ұ, Ө) Жұмбақтар жасыру.
Балалар жұмбақтардың шешуін тауып, өздерінің 
ұсыныстарын айтады, белгілі бір ой қорытады.
(Ұ) Ойын: «Суреттерді салыстыр». 
Педагог құсты көз алдымызға елестететін символдық 
суретті табуды ұсынады. 
(Ұ, Т) Талқылау: 
Нені білдіреді?
Әтеш – таңның атқанын.
Сауысқан – жаңалық.
Тырна – отбасының бақыты. 
Үкі – данышпандық белгісі. 
Көгершін – бейбітшілік.
Бүркіт – күш, қуат, алға ұмтылу.
– Қазақстан Республикасының туында қандай құс 
бейнеленген?
– Ол нені білдіреді? 
Қыран  – Қазақстанның Қызыл кітабына енген құс. Ол 
мемлекеттің қорғауына алынған. 
(Ұ, Т) Талқылау: үй құстары жыл құстары мен қыстап 
қалатын құстардан несімен ерекшеленеді? Суреттен үй 
құсын тап. 
Тәрбиеленушілер ҰОҚ не жайлы әңгіме болатынын 
болжап, зерттеудің тақырыбы мен мақсатын 
айқындайды.  
Құстардың суреті; 
– символдық 
картиналар. 
Құстардың 
суреттері.
ҰОҚ-нің ортасы
III. ҰОҚ-нің 
тақырыбы 
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ, Ө) Проблемалық жағдай.
Мүсінші Ермек «Бүркіттің» мүсінін жасауды ұсынады. 
 (Ұ) Талқылау. 
Педагог: Бүркіт – жыртқыш құс. Ересек бүркіт 
кішкентай қошақанды тырнағына іліп әкете алады. Ол 
басқа құстардан үлкен қанаттарымен ерекшеленеді. 
Ұзын да үлкен қанаттары мен күшті тұмсығы бүркітті 
сұсты етіп көрсетеді. Алып қанаттарының арқасында 
ол жылдамдығын асырып, көкте сағаттап ұша жүріп, 
жемтік аулайды. Оның көздерін құдды бір дүрбі 
дерсің. Бүркіт көз жетпес қиырда жүгіріп бара жатқан 
кішкентай тышқанды да көріп қояды. 
(Ұ, Ө) Әліппе-альбоммен жұмыс.
Үлгімен мұқият танысамыз.
(Ұ) Пікір білдіру: құстың дене бітімімен танысу 
(денесі, басы, тұмсығы, қанаттары, аяқтары, құйрығы), 
оның дене мүшелеріне назар аудару.
Проектор, «Қанатын 
қомдаған бүркіт» 
слайдын тамашалау. 
Әліппе-альбом.


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау