Түсінік хат
“ Ойлау - жанның өте бір
қиын терең ісі
жас балаға тым ауыр.
Тәрбиеші баланың ойлауын
өркендеткен де сақтықпен
басқыштап істі істеу керек”
М. Жұмабаев
Бұл бағдарлама математика пәнінен тереңдетіліп оқыту барысында
2- сынып оқушылары үшін арнайы жасалынып отыр. Аптасына 2 сағаттан, жыл бойына 66 сағатқа арналған.
Бастауыш сыныпта оқушылардың қызығушылығын туғызуды талап етеді. Осы мақсатпен оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру үшін төмендегі логика негізіне арналған бағдарламаны ұсынып отырмын. Логика пәні адамның ойлау процесін зерттейді. Логика ойлау процесін ең алдымен дүниенің танып – біреудің нәтижесі, сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың ой – санада бейнеленуі деп қарап, сол бейнелеудің дұрыс формалары мен заңдарын, ережелерін қарастырады. Логикаға төмендегідей анықтама беруге болады.
Логика дегеніміз – ойлауды дұрыс құрудың заңдарымен формалары, ережелері туралы философиялық ғылым.
Ойлау жүйесін тереңірек және толығырақ танып білуге мүмкіндік береді.
Мектеп жасындағы оқушыларды оқыту негізінің ең басты міндеті оқушыларға логикалық сезім, логикалық сауаттылық қалыптастыру.
Баланың көру, есту қабілетін пайдалана отырып танымдық қабілетін дамыту.
Логикалық ойлау көптеген мектептегі кездесетін есептерді шығаруға негізделген.
Бұл бағдарлама оқушылардың заттың айырмашылығын ажырата білуге, заттарды бір – бірімен сылыстыруға; түрімен, түсімен, көлемімен бөлуге; кеңістікте жол таба алуға негізделген зейінді, есті ой - өрісін, тапқырлығын қалыптастырады.
Баланың білімінің дамуына көмектесетін әр – түрлі тапсырмалар енгізілген.
Логика 2- сынып барлығы 66 сағат – аптасына 2 сағат
№
|
Тақырыбы
|
Сағат
|
Мерзімі
|
1-2
|
Логикалық сұрақтар
|
2
|
|
3-8
|
Өрнектер
|
6
|
|
9-10
|
Геометриялық тапсырмалар бойынша логикалық есептер қой
|
2
|
|
11-12
|
Заңдылықтарды анықтау
|
2
|
|
13-14
|
Тиісті сандарды қой
|
2
|
|
15
|
Өз білімінді тексер
|
1
|
|
16-17
|
Қосу кестесі
|
2
|
|
18-19
|
Фигура бөлшектері
|
2
|
|
20
|
Өз білімінді тексер
|
1
|
|
21-23
|
Сиқырлы сандар
|
3
|
|
24-27
|
Арифметикалық амалдар
|
4
|
|
28
|
Өз білімінді тексер
|
1
|
|
29-31
|
Тізбектер
|
3
|
|
31-33
|
Логикалық есептерді шешу тәсілдері
|
2
|
|
34
|
Өз білімінді тексер
|
1
|
|
35-36
|
Белгісіз қосылғышты,азайғышты
азайытқышты табуға арналған есептер.
|
2
|
|
37-38
|
Қосындының мәнін, қалдықты табуға арналған есептер
|
2
|
|
39-40
|
Санды бірнеше бірліктерге арттыру,бірнеше бірліктерге кемітуге және салыстыруға арналған есептер
|
2
|
|
41-43
|
Уақыт өлшем бірліктеріне байланысты логикалық тапсырмалар
|
3
|
|
44-47
|
Сыйымдылыққа байланысты логикалық тапсырмалар
|
4
|
|
48
|
Өз білімінді тексер
|
1
|
|
49-52
|
Масса өлшем бірліктері бойынша логикалық тапсырмалар
|
4
|
|
53-54
|
Бағаға байланысты логика есептер
|
2
|
|
55-58
|
Теңдеулерге байланысты логикалық тапсырмалар
|
4
|
|
59
|
Өз білімінді тексер
|
1
|
|
60-61
|
Ребус, сөзжұмбақ
|
2
|
|
62-65
|
Мәтінді есептер.
|
4
|
|
66
|
Өз білімінді тексер
|
1
|
|
Бағдарламаның мақсаты:
- оқушылардың логикалық ой –өрісін дамыту. Салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау,жүйелеу;
- оқушылардың қызығушылық, танымдық қабілеттерін арттыру, кеңістікте жол таба білу .
- дұрыс ойлау, дұрыс пайымдау;
- ақыл – ой қызметтерін іске асыра білу;
- ақыл – ойға салып ой қортындылар жасау;
Бағдарламаның міндеті:
- логикалық сезім, логикалық сауаттылық қалыптастыру;
- балардың көру, есту қабілеттерін пайдалана отырып танымдық қабілеттерін дамыту
- танымдық әрекеттерін қалыптастыру, алған білімін практикада қолдана білу
Күтілетін нәтиже
- заттарды атауды, салыстыруды, талдауды, жинақтауды, қортындылауды, жүйелеуді үйренеді;
- түсініктерге анықтама беру қабілеттері қалыптасады;
- логикалық ойлау қабілеттерінің дамуына жол ашылады;
- сөйлеу, тапқырлық және ойлау шапшандықтары жетіледі.
- есте сақтау қабілеттері мен алған білімдерін іске асыра білуі қалыптасады
Білімді меңгеру деңгейін тексеру
Оқушылардың білім, білік дағдысын тексеру оқу үрдісінің негізгі кезеңі. Тексеру білімді жалпылайды және жүйелейді.
2 сыныпта « Логика » пәнінде әр тараудан кейін оқушылардың өтілгн тақырыптар бойынша тест алынады. Оқушылар білімін бағалау ауызша жүргізіледі.
- Оқушы логикалық сұрақтарға толық жауап берсе,
- өз жауабын дәлелдей алса
- өмірмен байланыстыра алса,
- математикамен байланысты тапсырмаларды орындау барысында заңдылықтарды дұрыс қолданса оқу материалын меңгереді.
- оқушы өзбетімен қортынды жасай алмаса;
- тапсырма орындау барысында тек қажетті деңгеймен шектелсе;
- заңдылықтарды анықтай алмаса оқу материалын меңгермейді
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Ф.Ф. Нагибин, Е.К. Канин
Математическая шкатулка, Москва, 1988
2. С.Қаниев, С. Елубаев
Математикадан конкурстық есептер, Алматы, 1975
3. Б.А.Кордемский
Математическая сметалка, Моска, 1963
4. И. Ганчев, К, Чимев, Й, Стоянов
математический фальклор, Москва 1987
5. И.Е.Игнатьев
В царстве смекалки, Москва, 1987
6. Г.И.Зубелевич
Сборник задач московских матемитечких олимпиад, Москва, 1967
7. Алгорифм. № 1 -2009
8. Алгорифм.№4 – 2009
9. Алгорифм. № 5 2009
10. Алгорифм №1 2010-04-26
11. Алгорифм №3 2009
12. Балдырған журналы № 12 2007
13.Балдырған журналы №10 2006
14.Л.Г.Петерсон
Сабақ 1. Тақырыбы:Логикалық сұрақтар
Мақсаты: Оқушылардың ой өрісін кеңейту,логикалық ойлауын және зейінін дамыту
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың көңілін анықтау
ІІ.Логикалық сұрақтар
1.Отбасында төрт бала бар:қыздар қанша болса ,ұлдарда сонша.Отбасында қыздар қанша ,ұлдар қанша? (2қыз-2ұл)
2.Әсет Сәбиттен шахмат ойнап 2 рет жеңді,ал Сәбит Әсетті 3рет жеңді.Ал тағы бір ойында олар тепе-тең түсті.Олар неше рет ойнады?(6рет)
3.Арман тақта шокаладты екіге бөлді,содан соң оның бөлінген бір бөлігін тағы да екіге бөлді.Сонда Әсет шоколадты неш бөлікке бөлді?(3 ке)
4.Екінші сынып оқушылары екі-екіден жұптасып тұрды.Сәкен мен Дәурен жетінші жұп болды.Олар алдынан санағанда жетінші болды,ал артынан санағанда төртінші болды.Сыныпта қанша оқушы бар?(22)
5.Велосипед дөңгелегінде 8шабақ бар.Барлық шабақтардың арасында неше аралық болды?(8)
6.Алмажан мен Айнур дүкеннен киімдер сатып алды.Олардың біреуі куртка,біреуі пальто алды.Айнұр пальто алған жоқ .Алмажан не алды?(пальто)
7.Жарас Ақылбектің баласы ,Ақылбек Кәрімнің баласы.Жарас Кәрімге кім болады?
8.Тақта шокалад 6 шаршыдан тұрады.Шокаладты жеке бөліктерге бөлу үшін неше рет сындыру керек?
9.Үш қаланың әрқайсысында екі қаламен байланыс жолы салынған .Сонда барлығы неше жол бар?
10.Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келді?
11.Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?
12.Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?
13. Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
14.Бір айда 5 жексенбі бола ма?
15.Үш ат жегілген арба 30 км жүрді.Бір аттың жылдамдығы қандай?
16.Алдында 1, артында 2,алдында 2,біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді.Барлығы неше қаз?
17.Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады?
18.Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек7
19.Үш қыз бір сыныпта оқиды.Айгүл,Гүлназ,Айнаш.Айгүл Гүлназдан үлкен,Гүлназ Айнаштан үлкен.Кім сонда үлкені?
20.Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса,1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?
Қорыту:сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
Сабақ№ 2 Тақырыбы: Логикалық сұрақтар
Мақсаты:Оқушылардың ой өрісін кеңейту,логикалық ойлауын және зейінін дамыту
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың көңілін анықтау
ІІ.Логикалық сұрақтар
1.Дүйсенбіден кейін 3күннен кейін қай күн келеді?
2.Екі адам щахматты 2сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнады?
3.4жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі?
4.Бір айда 5 жексенбі бола ма?
5.2кг темір ауыр ма,2 кг мақта ауыр ма?
6.Алдында бір,артында 2,алдында 2,біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келді.Барлығы неше қаз?
7.Анасы Алмасқа алма,алмұрт,жүзімнің біреуін таңдауын сұрады.Алмас олардың ішінен екеуін алмақшы болды.Ол нені таңдап алуы мүмкін?
8.Апта күндерінің қайсысы ма буынымен аяқталады?
9.Сенбіден кейінгі күннің басталатын әрпімен үш қыздың атын жаз.Сәрсенбінің алдындағы күннің басталатын әрпімен бес ұлдың атын жаз.
10.Бақытжанның 4 ұлы,олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.Бақытжанның неше баласы бар?
11.Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
12.Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды.Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
13.марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты.Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 -ға қойды.Ол неше сағат ұйықтады?
14.Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
15.Немере атасынан : "Жасың нешеде ? "деп сұрады.Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем,онда маған 100 жас болар еді.Атасының жасы нешеде?
16.Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
17.Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек? Логикалық есептер
18. Сіз Алматыдан Мәскеуге ұшатын ұшақты жүргізесіз дейік. Бұл ұшақтың жылдамдығы сағатына 150 шақырым болса, қарсы соғатын жел жылдамдығы сағатына 30 шақырымды құрайды. Жол ұзақтығы 550 шақырым. Ұшақ салонында барлығы 24 адам бар. Ұшақ жүргізушісі, стюардесса, және жолаушылар. Стюардессаның жасы 22-де. Жолаушылар жастары 7 мен 48-дің арасында. Сонда ұшқыштың жасы нешеде болуы керек?
19. Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі - екіншісінің әкесі де, алайда, екіншісі біріншісінің ұлы емес. Сонда кімі болғаны?
20. 3 шофер болыпты. Олардың Самат деген інісі болса керек. Бірақта Саматтың ағалары болмапты. Сонда қалай?
Қорыту: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
Сабақ № 3. Сабақтың тақырыбы: Өрнектер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сурет арқылы өрнек
құрастыртып, логикалық ойлау қабілетін дамыту
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Өрнек құрастыр
+ =
+ =
- =
- =
- =
2. Не өзгерді? Жетіспейтін сандарды қойып өрнек құрастыр!
Достарыңызбен бөлісу: |