Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет24/33
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12826
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33

68
ҰОҚ оқыту 
мақсаттары
0.1.1.4. Қарапайым көркем образдарды жасау, образды түрлі ұсақ 
бөліктермен, сәндік элементтермен толықтыра отырып, көңіл күйін бере 
білу, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдау. 
0.2.1.1. Мүсіндеуге арналған материалдарды үнемді пайдалану.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер: 
•  қарапайым көркем образдар жасай алады;
•  мүсіндеудің негізгі тәсілдері мен технологияларын орындай алады. 
Көпшілік тәрбиеленушілер:
•  ермексазды жалпақтау арқылы мүсіндеу жұмыстарын орындау;
•  образды сәндік элементтермен толықтыра біледі.
Кейбір тәрбиеленушілер:
•  ой-қиялын пайдаланып, образды өз бетінше толықтыра алады;
•  өзі мен достарының жұмыстарын талдай алады.
Тілдік мақсаттар
Дағдыларын дамыту:
•   сөйлеу барысында құрылымы әртүрлі сөйлемдерді пайдалану; 
сұрақтарға жауап беру; талқылауға қатысу және алған әсерлерімен 
бөлісу қабілетін дамыту.
Көптілділік: домбыра – домбра – dombra.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
•  домбыра, музыка, күй, ақын.
ҰОҚ-де диалог/хат жазу үшін пайдаланылатын тіл:
 Талқыланатын сұрақтар:
– Домбыра қандай аспап?
– Қазақ халқының домбырадан басқа қандай музыкалық аспаптарын 
білесіңдер?
Өткен ҰОҚ-нен алған 
білім, білік
Қарапайым көркем бейнелер жасау. 
Жоспар
Жоспарланған 
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет  
Ресурстар
I. Жұмыс істеуге 
жағымды көңіл 
күй қалыптастыру
0 – 1минут
(Ұ) Педагог ҰОҚ жұмыс істеуге қолайлы жағдай 
жасау.
Балаларды психологиялық жағынан дайындау үшін 
Құрманғазының «Ақмаңдай» күйін тыңдаймыз. Бұл 
күй танымал домбырашы қызға арналған.
– Сендер тыңдаған күй қандай музыкалық аспаппен 
орындалған?
 – Музыка сендерге қалай әсер етті?
Музыкалық 
сүйемелдеу.
 
II. Өмірлік 
тәжірибені 
белсендіру. 
Мақсатты 
тұжырымдау.
2 – 5 минут
(Ұ) Тосынсый.
Педагог Бремен музыканттарынан келген хатты оқып 
береді. Онда олардың домбыраны тартып үйренгісі 
келетіндері, бірақ оларда бұл аспаптың жоқ екендігі 
айтылады.  Балалардан Бремен музыканттарының 
тілегін орындап,
Бремен 
музыканттарынан 
хат.


69
ермексаздан оларға домбыра жасап беруін сұрайды.
(Ұ) Тәрбиеленушілер ҰОҚ не жайлы әңгіме 
болатынын болжап, зерттеудің тақырыбы мен 
мақсатын айқындайды.  
ҰОҚ-нің ортасы
III. ҰОҚ-нің 
тақырыбы 
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Балалардың тәжірибесіне сүйену.
– Домбыра дегеніміз не?
 – Домбырамен ән айтатын адамды қалай атайды?
(Ұ) Пікір: домбырамен ән айту – қазақ халқының 
ежелгі дәстүрлерінің бірі.
(Ұ) Әліппе-альбоммен жұмыс.
 Қазақтың музыкалық аспаптарымен танысып, 
олардың атауларын есіне сақтайды.
(Ұ) Проблемалық оқиғаның шешімі. 
Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы – домбыраны 
зерттеу. Балалар домбырамен мұқият танысады, оның 
құрамдас бөліктерін атап көрсетеді, безендіру тәсіліне 
тоқталады.
(Ұ) Әліппе-альбоммен жұмыс.
 Үлгімен танысу.
Тәрбиеленушілер үлгіні қарау барысында жаңа 
техникамен танысады. Ол – ермексазды жалпақтау 
арқылы бұйым жасау. 
(Ұ) Мүсіндеу алгоритмін балалармен бірге 
талқылау.
1. Ермексаздан домалақтап шар жасаймыз.
2. Оқтаудың көмегімен шарды жаямыз.
3. Домбыраның үлгісінің үстіне қойып, кескішпен 
сұлбасын сызамыз.
4. Шар пішінді ермексаздан домбыраның шанағын 
жасаймыз.
Саусақтарға арналған жаттығу: «Мен скрипкада 
ойнаймын…»
(Ө, Т) «Еске салу минуты».
 Ойын барысында балалар ермексазбен және 
кескішпен жұмыс істеу ережелерін естеріне түсіріп, 
пысықтайды.
(Ө) Ойын-жаттығу. «Ермексазбен достас».
Ермексазды жұмыс істеуге дайындау. 
(Ө) Балалардың өзіндік жұмысы, жеке көмек көрсету. 
(Т) Шығармашылық минуты.
Домбыраны безендіретін материалды таңдап ал.
Әліппе-альбом.
Музыкалық аспап – 
домбыра. 
 
Ермексаз, кескіш, 
тақтайша, қағаз 
майлық.


70
ҰОҚ-нің соңы
Рефлексия
26 – 30 минут
(Ұ) Балалар жұмыстарының көрмесі. Этнобұрышты 
қазақтың тұрмыс бұйымдарымен толықтыру.
Педагог балаларды жұмыстарды талқылап, 
бұйымдарға баға беруге шақырады.
Ермек балаларға ҰОҚ өзі жасаған жұмысқа баға 
беруді ұсынады: 
1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл түспен 
бояйды.
 2. Қиналғандар қызыл түспен бояйды.
Балалар 
шығармашылығына 
арналған көрме. 
Әліппе-альбом, 
қарындаштар. 
 
№23 ҰОҚ. Алдаркөсе – қазақ 
ертегілеріндегі басты кейіпкер
Мектеп / МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Мектепалды даярлық сыныбы / топ: 
Қатысқандар саны:  Қатыспағандар саны:
ҰОҚ-нің оқыту 
мақсаттары
0.1.2.2. Бұйымды тұғырға орнату техникасын пайдалану, бір тұғырға 
бірнеше бұйымды орналастыру.
0.2.1.3. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
•  адамның фигурасын мүсіндейді; 
•  тұтас ермексазбен жұмыс істей алады.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
•  заттың қосымша бөліктерінің пішінін келтіріп, оларды бір-бірімен бі-
ріктіреді; 
•  образ жасай алады.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
•  мүсіннің ашық, өзіне тән белгілерін ашып көрсете алады.
Тілдік мақсаттар
Дағдыларын дамыту:
•  ауызекі сөйлеу қабілеті; сұрақтарға жауап беріп, алған әсерлерімен 
бөлісу; талқылауға белсенді түрде атсалысу қабілеттерін дамыту.
Көптілділік: қаhарман – герой – hero.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
•  ермексаз, пышақ, майлық, ұқыптылық, тегістеу, созу, қауіпсіздік 
техникасы, ермексазбен жұмыс істеу ережелері.  Ою-өрнек.
ҰОҚ-де диалог/хат жазу үшін пайдаланылатын тіл:
 Талқыланатын сұрақтар:
 – Сендер ертегі кейіпкері Алдаркөсе туралы не білесіңдер?
– Оның мінез-құлқын қалай сипаттар едің?
– Алдаркөсе кімдерді алдайды?  
Өткен ҰОҚ-нен алған 
білім, білік
Мүсіндеудің «сюжеттік», «заттық», «безендіру» сынды бағыттары туралы 
қарапайым түсініктер.
Жоспар
Жоспарланған 
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет  
Ресурстар


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау