Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 1,12 Mb.
Pdf просмотр
бет26/40
Дата14.05.2018
өлшемі1,12 Mb.
#12817
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40

52

Олар мұнда! (Қолдарымызды көрсетеміз).



(Ж, ұ) Аппликацияны орындау технологиясы.

Педагог жұмысты орындау алгоритмін айтып береді:

– Үй салу үшін түрлі түсті қағаз әзірлемесін алу қажет. 

Егер үй екі қабатты болса, қағазды екіге бүктейміз. Енді 

ашқан кезде бірінші қабат пен екінші қабаттың қайда 

болатынын көруге болады. Үйде қанша кіреберіс болады? 

Қағазды енді басқа жағынан екіге бүктейміз, сосын тағы 

екіге бүктейміз. Ашып-жазамыз.

Қанша кіреберіс шыққанын есептеуге көмектесесіңдер 

ме: бір, екі, үш, төрт – міне, төрт кіреберіс болды. Енді 

кіреберістерді бүктеп, үйдің төбесін қиып аламыз – 

міне, былай – бір жағындағы бұрышын, сосын екінші 

жағындағы бұрышын. 

Ашып-жазамыз – пішінді төбесі бар үй шыға келді. 

Енді терезелерін жасау керек. 

Педагог терезелерді сары немесе ақ түсті жолақтан қиып 

алуға болатынын түсіндіреді. Жолақты екіге бүктеп, сосын 

тағы екіге бүктеп, бүгілген жерін алақанмен жазамыз. 

Қағазды жайып, терезелер бірдей болу үшін бүгу сызығы 

бойымен дәлдеп қиямыз.

Тәрбиеленушілер терезелерді үйлерге жапсырады.

Педагог балаларға шаршы керек болатынына назар 

аударады. Оларға қиюдың жаңа тәсілімен таныстырады.

Егер балалар қаласа, композицияға ағаштар қосуға болады 

– ағашты екіге бүктелген қағаздан немесе суреті салынған 

контур бойынша қиып алуға болады.

Балалар бөлшектерді жалпы көрініске қондырады. 

Педагог оларды орналастыруға көмектеседі және алдымен 

үйлерді көкжиек сызығына жапсыру керектігін, сосын 

келесі қатарларды төмендете беріп жапсыру керектігін 

түсіндіреді. Үйлер үйлерді ішінара жауып желімделеді. 

Төменде жол жатыр, онымен машина жүйткіп барады. 

Олай болса, әліппе-альбомда берілген үлгіні қолданып, 

мәшине жасайық. Педагог аппликация жұмысының 

барысын және талдауын қарастырғанда оның бейнелік, 

өзгешелік, айқындығын атап көрсетеді.

Аппликацияның барлық бөлшектерін матаға ретімен 

жапсырады.



(ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу ережелері. 

ҰОҚ шеңберінде қайшымен жұмыс ережелерін еске салып 

отырыңыз.

Бала желім жаққан кезде, пішінді қолмен ұстап 

отыруын, қолын жұмыс үстеліне жапсарлас жылжытуын 

қадағалаңыз.

Түрлі-түсті қағаз, жай 

қарындаштар, қайшы, ПВА 

желімі (не желімді қарындаш), 

желім жаққыштар, сүрткіштер, 

ластанбайтын төсем.

IV. ұОқ қорытындылау. 

Рефлексия.

26–30 минут



(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау:

Педагог балаларды өзара бағалауға шақырады.

Түрлі-түсті карточкаларды қолдану: жапырақ, қар, гүл, 

бағдаршамдар.

 Карточкалар: жапырақ, қар, гүл, 

бағдаршамдар.



18-ұОқ. БАсқұРды 

БЕзЕндіРЕміз

(сәндік аппликация)



мектеп/мұ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

сынып/топ:

қатысқандардың саны: 

қатыспағандардың саны:

ұОқ-нің оқыту 

мақсаттары

0.1.3.1. Қазақстан халықтарының сәндік-қолданбалы өнерінің желісімен, өрнектерді симме-

триялы, ырғақпен, пішіндер мен ою элементтерін кезектестіре отырып, жапсырудағы өрнек 

элементтерінің кеңістіктік қатынасын есепке ала отырып, геометриялық пішіндер, өсімдік 

элементтері негізінде өрнектерден жапсырулар құрастыру.

0.2.1.3. Табиғи және қолдан жасалғандардан, екіге, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі 

симметриялық пішіндерді қию.



53

0.2.2.3. Орталықты, бұрыштарды, әшекейлеу үшін екіге бүктелген қағаздан, қатпарлап бүктелген 

қағаздан қол ұстасуды, шеңбер айнала ән айтқан адам бейнелерін, шілтер үлгілерін, қар 

ұшқындарын, гүлдер, т.б. қию.

0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.

Күтілетін нәтижелер Барлық тәрбиеленушілер:

-қазақ оюлары элементтерінен жапсырма құрастыра алады;

-екіге, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық пішіндерді қиып ала алады;

жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіре алады.



Көптеген тәрбиеленушілер:

-жапсырмада ою элементтерінің кеңістіктік қатынастарын ескере отырып, оюларды өрнектің 

пішіндері мен элементтерін кезектестіре отырып, симметриялы, бірқалыпты орналастыра алады; 

-орталықты, бұрыштарды әшекейлеу үшін екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндерді қия 

алады;

-тиянақты ойын сақтап, өзінің әрекеттерін жоспарлай отырып, жұмысын соңына дейін жеткізе 



алады.

Кейбір тәрбиеленушілер:

-өз бастамасымен түрлі бейнелеу тәсілдерін біріктіре алады;

-өз қиялын жеткізе алады.

тілдік мақсаттар

дағдыларды дамыту:

-шығармашылық процесс барысында мүмкіндіктер аясын талқылау;

-ұлттық салт-дәстүрлермен және қолөнермен, халық шығармашылығы бұйымдарын жасаған кезде 

сөздік қорын молайту;

-қазақ, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді есту арқылы тану;

-өзінің және өзгелердің жұмыстарын талдау және сындарлы бағалау;

-түпкі ойын түсіндіру;

-қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау.



Көптілділік: үлгі – шаблон – тemplate.

негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

-ою-өрнек, басқұр, жолақ, әшекей, сәндік аппликация.



талқылауға арналған сұрақтар:

Басқұр дегеніміз не?

Оны тұрмыста не үшін пайдаланады? 

Басқұрдың жолағы қандай оюдан тұрады?

Ою элементтерін қалай қиып алуға болады?

Қағазды қалай бүктеу керек?

Күнделікті өмірде оюлар мен өрнектер не үшін қажет?

Қайшымен жұмыс істеу кезінде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керек?



Алдыңғы білім

Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білім. Қойдың қос мүйізіне негізделген «төртайшық» 

оюын жасау тәжірибесі – қосмүйіз. «Қосмүйіз» оюының түр түрін жасау тәжірибесі: жиек оюлары, 

қосмүйізді шиыршықтар, геометриялық оюлар.



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс- әрекет

Ресурстар

і. Оң көңіл күй 

орнату.

0–1 минут



(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату.

Сәлем, алтын күн!

Сәлем, көк аспан!

Сәлем, самал жел!

Сәлем, көк емен!

Туған өлкем, 

Саған да бір сәлем!

Музыкалық сүйемелдеу.



II. өмірлік тәжірибені 

өзектендіру.

мақсат қою.

2–5 минут



(ұ) Педагог балаларды киіз үйдің үлгісін қарауға 

шақырады. Тәрбиеленушілер киіз үйдің негізгі 

бөліктерінің мақсатын білу-білмеуін сұрайды. Киіз үйді 

немен безендірген?

«Идеялар қоржыны» сыни ойлау қабілетін дамы-

ту тәсілдерін ұсынады: ою-өрнек дегеніміз – бұл 

…(тәрбиеленушілердің жауаптарының барлығын 

тыңдайды).

Педагог балаларды алдағы әрекетке жұмылдырып, сәтті 

жұмыстар мен оларды орындау бойынша дұрыс жасауға 

ықпал етеді.

Киіз үйдің үлгісі.

Иллюстрациялық материал.

Энциклопедия




жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау