Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 1,12 Mb.
Pdf просмотр
бет1/40
Дата14.05.2018
өлшемі1,12 Mb.
#12817
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40


Е. В. Бритвина 

АППЛИКАЦИЯ

ӘдістЕмЕЛіК нұсқАу

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу

 бағдарламасы бойынша мектепалды 

дайындық тобы мен сыныбы 

педагогтеріне арналған 

Қазақстан Республикасының Білім

және ғылым министрлігі ұсынған

Алматыкітап баспасы

2017



Б 80

Бритвина Е.В.

Аппликация. Әдістемелік нұсқау

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу

 

бағдарламасы бойынша 



мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған. Е.В. Бритвина. – Алматы: Алматыкітап 

баспасы, 2017. – 86

 

бет.


   

 

 



          

© Бритвина Е.В., 2017

© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2017

ОӘЖ 373.2

КБЖ 74.102

      Б 80

ОӘЖ 373.2

КБЖ 74.102

ISBN 978-601-01-3080-7



ISBN 978-601-01-3080-7


3

АЛғы сөз

«Аппликация»  оқу-әдістемелік кешені жаңа буынның төмендегі нормативтік құжаттарына сәйкес дайын-

далған.


1. 

Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты  (Қазақстан  Рес­



публикасы  Үкіметінің  2016  ж.  15  мамырдағы  №  292  қаулысымен  бекітілген).  Аталған  стандарт  Қазақстан 

Республикасының мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін 

анықтайды;

2. 


1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы 

(Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің  2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен 



бекітілген);

3. 


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Білім 

және ғылым министрлігінің  2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген). Жаңартылған бағдарлама 

мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білім беру саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр. 

ОӘК дайындаудың негізгі мақсаты – аталған нормативтік құжаттарда көрсетілген мектепалды даярлық пен 

бастауыш мектеп арасындағы  оқытудың бірізділігін сақтау. 

Бұл  әдістемелік  нұсқау  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу  бағдарламасы  (мектепке 

дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  мазмұнын  жаңарту  аясында)  «Шығармашылық»  білім  беру  саласындағы  «Ап-

пликация»  ұйымдастырылған  оқу  қызметі  (бұдан  әрі  –  ҰОҚ)  бойынша  дайындалған.  Оқу-әдістемелік 

кешеннің мазмұнында ҰОҚ жүргізуге деген негізгі ғылыми және педагогикалық көзқарастар іске асырылған. 

Ұсынылып отырған ҰОҚ ұзақмерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) және қысқамерзімді жоспарлау бойынша 

әзірлемелерді  пайдаланудың  алғышарттары  ашып  көрсетілген.  Педагогтің  әліппе-альбоммен  жүргізетін 

жұмысының  әдістемелік  міндеттері  айқындалған.  Мектепалды  дайындық  сыныбына  арналған  «Апплика-

ция» әдістемелік нұсқауының мақсаты айшықты жапсыру бейнелерін жасау, композиция құру дағдыларын 

дамыту, қию тәсілдерін меңгерген кезде көру және қозғалу үйлесімділігін дамыту арқылы педагог мектеп 

жасына дейінгі балалардың шығармашылық құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әдістемелік 

нұсқау ұсыну болып табылады.

Оқу-әдістемелік  кешен  (бұдан  әрі  –  ОӘК)  мектепалды  дайындық  сыныптарының  тәрбиеленушілеріне 

базалық деңгейде негізгі техникалық және көркемдік-эстетикалық білім мен дағдыларға үйретуді қамтамасыз 

етеді және педагогке арналған әдістемелік нұсқау мен әліппе-альбомды қамтиды. 



«Аппликация» бойынша білімнің ғылыми-әдістемелік негіздері, оларды іске асыру

ҰОҚ-нің негізгі тұжырымдамалық идеясы, олардың ерекшеліктері және қазіргі білімнің мақсаттары мен 

міндеттеріне, ҚР ЖМБС талаптарына сәйкестігі.

Қазіргі білім парадигмалары және адамзаттың шығармашылық, рухани қажеттіліктері бейнелеу өнерін 

алдыңғы қатарға шығарып отыр.

Оқу-әдістемелік  кешеннің  негізгі  тұжырымдамасы  бейнелеу  өнерінің  құралдары  (аппликация)  арқылы 

тұлға қалыптастыру, тәрбиеленушілердің біртұтас оптимистік дүниетанымын білдіруіне ықпал ету, өнердің 

әртүрлілігін ескере отырып, олардың өз күшімен рухани-эстетикалық орта құруына ықпал ету. 6–7 жастағы 

балаларда ұлттық сана-сезім мен шығармашылық қиялды қалыптастыру негізгі міндет болып табылады.

  Мектепалды  дайындықты  іске  асыратын  педагогтердің  алдында  баланың  дербес  дүниетанымын 

қалыптастыру, ол туралы ойлану, көркем мәдениет тәжірибесін меңгеру негізінде оған деген өз көзқарасын 

білдіру қабілеттерін дамыту міндеті тұр.

Баланың рухани дамуы, яғни оның бойында шынайы адамгершілік, мейірімділік және әлемді қабылдаудағы 

толыққанды  мәдениеттілік  туралы  ұғымдарға  жауап  беретін  қасиеттерді  қалыптастыру.  Тәрбиеленушілердің 

шығармашылыққа  қызығушылықтарын  арттыру.  Бағдарламаның  басты  міндеті  –  баланы  адамгершілік  пен 

отансүйгіштікке тәрбиелеу. Бұл міндет әлемдік үдерістер мен байланыстарды шектемей, керісінше, «туған үйдің 

табалдырығынан жалпы адамзат мәдениетіне дейін» қағидасын оқу-әдістемелік кешеннің негізіне алған.

Педагог балаларды аппликация ұОқ арқылы қалай оқытуы, дамытуы және тәрбиелеуі тиіс? 

Әзірленген ОӘК-де аппликацияның ең маңызды ерекшелігі: аппликация жасаудың технологиясы болып 

табылады. 

Осы  ерекшелік  6  жастағы  балалар  үшін  аппликацияның  мазмұнына  тән  ерекшеліктерді  ескере  оты-

рып,  тиісті  әдістерді  (негізінен  практикалық),  оқу  қызметін  ұйымдастыру  нысандарын  (практикалық, 

шығармашылық, өз бетімен жұмыс) және оқыту құралдарын (ерекше әліппе-альбом, интерактивті жабдық, 

көрнекі құралдар және т.б.) қолдануды талап етеді. 

Оқытудың пәндік мазмұны 6 жастағы балаларды аппликация жұмысының түрлерімен таныстыру, аппли-

кация бойынша ҰОҚ арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үдерістерін көрсетеді және 



жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау