44
IV. ұОқ қорытындылау.
Рефлексия.
26–30 минут
(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау:
Педагог сабақты қорытындылайды.
Жұмысты сәтті орындағандар қол шапалақтасын. Сосын
жұмыста қиналғандар қол шапалақтасын.
Тәрбиеленушілер сабақ соңында педагог қойған сұрақтарға
жауап береді: бір-бірінің құлағына сыбырлайды, ойын
кейіпкерлеріне немесе бүкіл топқа дауыстап айтады:
Сен нені барлығынан да жақсырақ істедің?
Бүгін саған кім көмектесті?
Сен нені жасай алмадың және не себепті?
Келесіде оны жасау үшін не істейсің?
Ең қиыны не болды?
Ең қызықтысы не болды?
Тағы да нені жасай алмадың?
Сабақтағы жұмыс үшін кімге алғыс айтар едің?
Балалар бір-біріне қолдау
көрсетіп, қуанады.
14-ұОқ. КЕЛ, ЖАҢА ЖыЛ!
(сюжеттік аппликация,
ұжымдық жұмыс)
мектеп/мұ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
сынып/топ:
қатысқандардың саны:
қатыспағандардың саны:
ұОқ-нің оқыту
мақсаттары
0.1.2.1. Жапсыруда дербес немесе ұжымдық сюжеттік композиция жасау, заттардың кеңістіктік
қатынастарын, түсін, пропорциясын, заттар мен олардың бөлшектерінің текстурасын есепке ала отырып
оларды аспанға, суға, жерге қатыстылығы бойынша орналастыру.
0.2.1.3. Табиғи және қолдан жасалғандардан, екіге, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық
пішіндерді қию.
0.2.2.3. Орталықты, бұрыштарды, әшекейлеу үшін екіге бүктелген қағаздан, қатпарлап бүктелген
қағаздан қол ұстасуды, шеңбер айнала ән айтқан адам бейнелерін, шілтер үлгілерін, қар ұшқындарын,
гүлдер, т.б. қию.
0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.
Күтілетін
нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
-жапсыруда сюжетті композиция құрастыра алады;
-екіге бүктелген, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық пішіндерді қиып ала алады;
-жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіре алады.
заттарды бүкіл парақ бетіне орналастыра алады.
Көптеген тәрбиеленушілер:
-заттардың кеңістіктегі орналасуын ескере алады;
-жапсыруда түсті бейнелілік құралы ретінде қолдана алады;
-бейнелерді қағаз бетіне жапсыруды алдымен ірі бөліктерінен бастап, кейін ұсақ, ерекше бөліктерімен
толықтыра алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
-таныс техниканы өз бетімен үйлесімдей алады;
-өз қиялын жеткізе алады.
тілдік
мақсаттар
дағдыларды дамыту:
-сұрақтарға жауап беру, бұрын меңгерген біліктерін еске түсіру;
-шығармашылық процесс барысында мүмкіндіктер аясын талқылау;
-түпкі ойын түсіндіру;
-өзінің және өзге тәрбиеленушілердің жұмыстарын талдау және түсіндіру;
-қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау.
Көптілділік: шеңбер құрып жүру – хоровод – сhoir.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
-жобалық жұмыс, сюжеттік жапсыру, контур бойынша қию.
талқылауға арналған сұрақтар:
Қандай мереке келе жатыр?
Жаңа жыл дегенміз не?
Қиюдың қандай тәсілдерін қолдануға болады?
Алақаныңды бастырып сызудың дұрыс тәсілі қандай?
Алдыңғы білім Желімді пайдаланудың қарапайым дағдылары; шамасы бойынша заттардың арақатынасын, перспективті
бұрмалануын бере білу. Шамасы бойынша заттардың арақатынасын, түрлі заттардың бөліктерінің
пішінін көрсету, олардың құрылысын, пропорцияларын көру білігі.
45
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс- әрекет
Ресурстар
і. Оң көңіл күй
орнату.
0–1 минут
(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату.
Педагог тәрбиеленушілерге өздерінің көңіл күйімен бір-бірімен
жымиып күліп бөлісуді ұсынады.
Музыкалық сүйемелдеу.
II. өмірлік тәжірибені
өзектендіру.
мақсат қою.
2–5 минут
(ұ) Педагог тәрбиеленушілерге өлең оқиды:
Ойыншықты мұншама
Кім ілді екен шыршаға.
Маңдайында жұлдызы –
Жарқырайды соншама.
Балаларды жұмыстың ерекше түрі – топпен жұмыс жасау
қызықтырады.
Суреттер, фотосуреттер,
слайдтар.
III. ұОқ-нің
тақырыбы бойынша
жұмыс
6–25 минут
(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялармен жұмыс
Педагог балаларға суретке қарап, балалардың не істеп жатқанын,
оқиғаның қайда болып жатқанын айтқызады.
Педагог ең ғажайып мереке – Жаңа жыл келе жатқанын
хабарлайды! Балаларға жаңажылдық жапсырма жасауды ұсынады.
Шыршаны, Аязата мен аққаланың
бейнесін жасауға алақанымыз көмекке келеді!
Еркін қиялдай беріңдер!
(ұ) саусақтарға арналған жаттығу.
«Аулаға серуендеуге шығамыз».
Бір, екі, үш, төрт, бес (бірбірлеп саусақтарын бүгеді),
Біз серуенге шығамыз (сұқ және ортаңғы саусақтарымен үстел
үстімен «жүреді),
Аққала соғамыз (екі алақанымен қар «домалақтайды»),
Құстарға нан үгіп береміз (барлық саусақтарымен нан «үгеді»),
Сырғанақ тебеміз (сұқ саусағын алақанмен сырғанатады),
Қарға аунаймыз (алақандарын үстел үстіне кезеккезек аударып
төңкереді),
Қар-қар болып үйге қайтамыз. (алақандарын қаққылайды).
Әліппе-альбом.
Музыкалық сүйемелдеу.
(т) Аппликацияны әзірлеу технологиясы.
Алақанды керек түстегі параққа жай қарындашпен бастырып
сызып алу қажет. Бірнеше парақ қағазды бірінің үстіне бірін қойып,
бір жасағанда бірнеше «алақан» қиып алуға болады.
Педагог тәрбиеленушілерге топқа бөлінуді ұсынады. Топқа
бөлінуді басқаша өткізуге болады: педагог балаларға шыршаның,
Аязата мен аққаланың сұлбасы бар фишка алғызады. Балалар
фишкаларды таратып алып, өздерінің жұмыс орындарына
отырады.
Педагог тәрбиеленушілерге екі топқа бөлінуді ұсынады.
Шыршаның конусын саламыз. Сосын төменгі қатардан бастап
сызылған үшбұрыштың сызығы бойымен қағаздан жасалған
алақандарды жапсырамыз, бұл ретте желімді бөлшектің үстіңгі
жағына ғана жағамыз, саусақтарымыз қозғалмауы керек, бұл
біздің жапсырмамызға қосымша көлем береді. Бірінші қатардағы
алақандарды бір-біріне жақын жапсырамыз, барлығы бес-алтау
болуы тиіс. Әрбір келесі қатарда алақандар санын азайтып
отырамыз.
Балаларға алақандарды түсіне қарай (ашық жасыл, қою жасыл)
кезекпе-кезек жапсыртыңыз.
Шыршаны безендіру үшін түрлі түсті жылтыр желімді, пайеткалар
мен бисерді пайдалануға болады.
Аязата жасау үшін технологияның бірінші бөлігін қайталаймыз.
Сосын Аязатаның бетін саламыз. Қызыл алақандардан оның тонын
жасаймыз. Тонның өңірін жасау үшін майлықтарды пайдаланамыз.
Сақал-мұртын ақ түсті алақандардан жасаймыз.
Үшінші топ осылайша аққаланы жасайды.
Педагог бір баланы алақан әзірлеу тәсілін көрсету үшін тақтаға
шақырады, тәрбиеленушілер білгендерін бекітуі және жұмыс ретін
қайталауы үшін сол баланың әрекеттерін нақтылап, түсіндіріп
отырады.
Түрлі-түсті қағаз, жай
қарындаштар, қайшы,
ПВА желімі (не желімді
қарындаш), желім
жаққыштар, сүрткіштер,
клеенка.
Жадынама.