Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 1,12 Mb.
Pdf просмотр
бет40/40
Дата14.05.2018
өлшемі1,12 Mb.
#12817
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40

80

III. ұОқ-нің 

тақырыбы 

бойынша жұмыс

6–25 минут



(ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.

Тәрбиеленушілер суретке қарап, суреттегі балалардың немен айналысып 

жатқанын айтады. 

Педагог Танграмның геометриялық конструктор екенін түсіндіреді. Оның 

фигураларынан жануарлар, адамдар, құстар, балықтар, көліктерді және т.б. 

құрастыруға болады. 

Бір көңілді ойын бар, 

аты оның «Танграм». 

Мұнда бес үшбұрыш бар: 

екі үлкен, екі кішкентай, 

орташаның жартысы.

Сондай-ақ, бір шаршы бар, 

Оған да сен таңғалма. 

Сонымен қатар Танграмда

Параллелограм да бар. 

Балаларға бөлшектерден әртүрлі заттардың бейнелерін жинап, қағазға 

жапсыруды ұсынады. Қайшымен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік 

ережелерін ескертеді. 



(ұ) саусақтарға арналған жаттығу. 

Бас бармаққа қонаққа 

Бүгін келді бар саусақ:

Сұқ саусақ, ортаңғы саусақ. 

Қалмады аты жоқ саусақ,

Ілесті шынашақ. 

Достар қалай ажырамақ?

(ұ, Ж) Жапсырманы орындау технологиясы.

Балаларға үлгі бойынша жапсырма жасауды ұсыныңыз. 

Бұл жұмыс уақытты талап ететін болғандықтан, фигураларды жасауды 

жұмыс қабілеті жоғары балаларға сеніп тапсыруға болады. Педагог 

балаларға жұмысты бастамас бұрын нені бейнелейтінін, қандай түсті қағаз 

қажеттігін, бөліктерді қандай тәсілмен қиятындарын және т. б. жасалатын 

жұмыстарды ойланып алуларын ұсынады.

Қайшының ашасы кең етіп ашылады. Ашаның орта бөлігімен қияды. Қағаз 

парағының үлкен бөлігін ұстап тұрып, кіші бөлігін қиып алады. Желім 

жапсырылатын бөліктерге жағылады. Желім шетінен ортасына қарай 

жылдам жағылады. Желім жағылған бөлік үстіне салынады, оның үстіне 

парақ жабылады және одан кейін шүберекпен оны ортасынан шетіне қарай 

мұқият тегістейді.

Әліппе-альбом.

Танграм үлгілері.

Музыкалық сүйемелдеу. 

Түрлі-түсті қағаз, жай 

қарындаштар, қайшы, 

желім жаққыш, сулық 

клеенкалар, қоқыс салғыш.



IV. ұОқ 

қорытындылау. 

Рефлексия.

26–30 минут



(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау.

Жұмыстар талданады және нәтиже қорытындыланады. Мазмұны бойынша 

бағалау: танымдық белгі – балалар өз жұмыстарын танымдық белгі 

(карточка, жетон, қимыл) арқылы бағалайды. 

Символдық карточкалар.

32-ұОқ. КҮнтізБЕ

(сюжеттік аппликация)



мектеп/мұ: 

Күні: 

Педагогтің аты-жөні:

сынып/топ:

қатысқандардың саны: 

қатыспағандардың саны:

ұОқ-нің оқыту 

мақсаттары

0.1.2.1. Жапсыруда дербес немесе ұжымдық сюжеттік композиция жасау, заттардың кеңістіктік 

қатынастарын, түсін, пропорциясын, заттар мен олардың бөлшектерінің текстурасын есепке ала отырып 

оларды аспанға, суға, жерге қатыстылығы бойынша орналастыру. 

0.2.1.3. Табиғи және қолдан жасалғандардан, екіге, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық 

пішіндерді қиып алу.

0.2.2.2. Бірнеше қабат етіп бүктелген қағаздан геометриялық сәндік элементтерді көбірек қиып алып, 

геометриялық пішіндерді 

(шаршылар, тіктөртбұрыштар, шеңберлер, сопақшалар) ортасынан немесе диагональ бойынша қию. 

0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.



Күтілетін 

нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

-желімді пайдалану дағдыларын қолдана алады.



Көптеген тәрбиеленушілер:

-жапсыруда бейнелілік құралы ретінде түсті пайдалана алады;

-фигурлардың көлемдерінің әртүрлілігін айқындай алады;

-түпкі ойды тұрақты сақтап, өз әрекетін жоспарлай алады және жұмысын соңына дейін жеткізе алады.




81

Кейбір тәрбиеленушілер:

-өз бастамасымен бейнелеудің әртүрлі тәсілдерін қолдана алады;

-композиция заңдарын қолдана алады.

тілдік 

мақсаттар

дағдыларды дамыту:

-жапсырма жасау жөнінде ойларын ұсыну; 

-өзінің және өзгелердің жұмыстарын талқылау және түсіндіру;

-ұжымдық жұмыс барысында пікір алмасу; 

-қазақ, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді есту арқылы тану;

-қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау. 



Көптілділік: ауыл – аул – village.

негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

күнтізбе, топ болып жұмыс істеу, сұлба бойынша қию.



талқылауға арналған сұрақтар:

Күнтізбе дегеніміз не?

Сен осы жыл ішінде нені үйрендің?

Саған бәрінен де қандай затты қиған ұнайды?

Болашақта нені үйренгің келеді?

Алдыңғы білім Күнтізбе туралы қарапайым түсінік. Ұжымдық жұмысқа араласу білігі. 

Жоспар

Жоспарланған 

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

і. Оң көңіл күй 

орнату.

0–1 минут



(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй туғызу.

Келіңдер, шеңберге тұрыңдар, 

Бір-біріңнің қолдарыңнан ұстаңдар,

Күлімсіреп қараңдар, 

Күлкілер жүректерді жалғасын.

Көңілсіздіктен жасыма, 

Шынайы күлсеңдер

Күн шуағы төгілер.

Музыкалық сүйемелдеу.

II. өмірлік 

тәжірибені 

өзектендіру. 

мақсат қою 

2–5 минут

(ұ) Педагог балаларға сұраққа жауап беруді ұсынады. 

Емен ағашы бар, ағашта он екі құстың ұясы орналасқан. Ал әрбір ұяда 

төрт сары шымшық тұрады. Мұның бәрі қайда сақталады?

Балалардың болжамдарын тыңдайды. Күнтізбенің шағын көрмесін 

көрсетеді. Ұжымдық жұмысқа атсалысуға шақырады. Тәрбиеленушілер 

сабаққа дайындықты тексереді.

Әртүрлі күнтізбелердің 

үлгілері.



III. ұОқ-нің 

тақырыбы бойынша 

жұмыс

6–25 минут



(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялық материалмен жұмыс.

Тәрбиеленушілер суретке қарап, күнтізбелердің не үшін қажет екені 

туралы ой тарқатады. 

Күнтізбе – мерекелік, демалыс және естелік күндері көрсетілген, бір 

жылдағы күндердің тізілімі.

– Сен мектеп өмірінің табалдырығында тұрсың. Мектеп күнтізбесі 

саған және сенің достарыңа қызықты күндер мен мерекелерді өткізіп 

алмауға көмектеседі. Достарыңмен бірге күнтізбе жасап көр. Ол үшін 

көлемі үлкен қағаз қолдан. 

– Қиюдың қандай тәсілін қолданасың? Қандай материалдар қажет?

Қуаныш топқа бөлінуді ұсынады: бірінші топқа жырту жапсырмасы 

тәсілімен фондарды дайындайды, екінші топ киіз үйдің сұлбасын 

сызып, қиып алады, үшінші топ – киіз үйлер мен күнтізбені 

жапсырады. 



(ұ) саусақтарға арналған жаттығу 

Апта күндері 

Дүйсенбіде кір жудым, (жұдырықтарды бір­біріне ысқылаймыз)

Сейсенбіде еден сыпырдым, (алақанмен үстелдің үстін сүрткендей 

қимыл жасаймыз)

Сәрсенбіде нан пісірдім, (бәліш пісіру

Бейсенбіде доп іздедім, (оң қолды маңдайға жақындатып, «күнқағар» 

жасаймыз)

Жұма күні ыдыс жудым, (сол қолдың саусақтары жартылай бүгулі, 



алақан қырымен тұр, оң қолдың саусақтарымен сол алақанды кесе 

жуғандай, сипаймыз) 

Сенбі күні торт сатып алып, (алақанды ашып, шынашақ бағытында бүгу)

Жексенбі күні құрбыларымды қонаққа шақырдым (алақанмен өзіне 

қарай сілку).

Әліппе-альбом.

Музыкалық үзіліс. 



82

IV. ұОқ 

қорытындылау. 

Рефлексия.

26–30 минут



(ұ) Аппликацияны орындау технологиясы 

Балалар жыл ішінде жинақтаған тәжірибелерін қолданады. Киіз 

үйлерді қиып алады, қағаз жыртады, күнтізбелерді дайындап, 

композицияны жапсырады. 

Жырту техникасымен жұмыс істеген кезде педагог балалардың 

назарын бөлшектердің түстері бойынша бөлек-бөлек жиналатынына 

аударады.

Негізгі беттің шағын бөлігіне желім жағып, желімделген бөлікке қағаз 

бөлшектерді орналастырады. 

Қайшымен қауіпсіз жұмыс істеу ережесін еске салады. 

Киіз үйлерді қиған кезде балаларға белгілі қағазды екіге бүктеу тәсілі 

қолданылады. Жылдағы айлар санына байланысты киіз үйлердің саны 

да он екі болуы тиіс. 

Күнтізбе принтерде (немесе баспаханада) басып шығарылады, қиылады 

және киіз үйлерге жапсырылады. 

Тәрбиеленушілер дайын бөлшектерді негіз-қағазға орналастырып 

көреді, одан кейін әзірлемені жапсыру туралы шешім қабылдайды. 

Педагог тәрбиеленушілерге жұмыс орнын ретке келтіру керектігі 

туралы ескертеді. 

(ө, ұ) Рефлексиялық бағалау.

Жұмыстар талқыланып, нәтиже қорытындыланады:

• аудиалдар: ауызша, жаппай: саған бүгінгі сабақ ұнады ма, сенің 

ойыңнан шықты ма? 

• кинестетиктер: «бет» карточкасы таратылады да, балалар оған 

ауыздың суретін салып, өз көңіл күйлерін смайликтер арқылы 

көрсетеді.

Түрлі-түсті қағаз, жай 

қарындаштар, қайшы, 

ПВА желімі (немесе 

желім-қарындаш), желімге 

арналған жаққыш, сулық 

клеенкалар. 



83

ПАЙдАЛАнғАн  ӘдЕБИЕттЕР

1.  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы. – Астана, 2016 ж. 

2.   Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. – Астана, 2016 ж.

3.  Жұмабекова Ф.Н. Балабақшадағы көркемдік тәрбие. – Алматы, 2000 ж.

4.  Гусакова М.А. Аппликация: Учебное пособие для учащихся пед. училищ по спец. № 2002. «Дошкольное 

воспитание». 

5.  Салихова А.М. 1000 загадок и отгадок в алфавитном порядке. Алматы, 2006.

6.  Швайко Г.С. ОУД по ИЗО в детском саду. – М., 2000.

7.  Лободина Н.В. Комплексные ОУД по программе «От рождения до школы» под редакцией Н.Е. Вераксы, 

Т.С. Комаровой, М.А. Васильевой. Волгоград, 2013.

8.  Косминская В.Б., Халезова Н.Б., Основы изобразительного искусства и методика руководства изобрази-

тельной деятельностью детей. – М: Просвещение, 2001 – 144 с., ил. 8.

9.  Сакулина Н.П., Методика обучения рисованию, лепке и аппликации в детском саду. – М.: «Просвещение», 

2001.


10.  Лыкова И.А. Изобразительная деятельность в детском саду. Издат. Дом «Цветной мир». М. 2010.

11.  Лыкова И.А. Художественный труд в детском саду». Издат. дом «Карапуз», М. 2010.




84

Қосымша

құрметті мектепалды даярлық сыныбының педагогтері!

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі – мек-



тепалды  даярлық  пен  бастауыш  мектептерде  білім  беру  сабақтастығын  қамтамасыз  ету.  Мектепке 

дейінгі  даярлық  сыныптары  мен  бастауыш  сыныптардағы  оқыту  және  тәрбиелеу  жұмысы  біртұтас  даму 



үрдісін құраған жағдайда осы міндеттерді орындау мүмкін болмақ. Сонымен қатар мектепке дейінгі даярлық 

пен бастауыш мектептің үздіксіз сабақтастығының міндетті шарттарының бірі бағдарламалар және оқу­



әдістемелік кешендерді құру қағидаларының біртұтастығы болып табылады. Мектепалды даярлық пен бас-

тауыш мектеп бойынша жаңартылған бағдарламаның мазмұнын салыстырмалы талдау көрсеткендей, бұл 

бағдарламалардың құрылымы біртұтас тәсілдерді қамтиды:

• педагогтерге өз жұмысын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға мүмкіндік беретін оқу 



мақсаттары жүйесінің болуы;

  оқу  үрдісін  күнделікті  өмірге  және  қарым-қатынас  жасауға  қажетті  қабілеттер  мен  практикалық 



дағдыларды дамытып, қалыптастыруға бағыттау;

•  балалардың  әлеуметтік  маңызы  бар  тақырыптарды  терең  шолуына  бағытталған  тақырыптық  оқу 



мазмұнының болуы;

• пәнішілік және пәнаралық мазмұнының кіріктірілуі;

• мектепалды даярлық пен бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің ортақ үлгісін қамтитын әдістемелік 

қолдауды қамтамасыз ету.

Осы  қағидалардың  барлығы  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу  бағдарламасының 

мазмұны мен құрылымында және жаңа оқу-әдістемелік кешендерінде қамтылған.

Бастауыш мектеп бағдарламасының жетекші идеясы ортақ 8 тақырып: «Өзім туралы»; «Менің мектебім»; 



«Менің отбасым және достарым»; «Қоршаған орта»; «Саяхат»; «Салт­дәстүр және фольклор»; «Тағам 

және сусын»; «Дені саудың – жаны сау» атты бөлімдер негізінде пәндік мазмұнды кешенді жоспарлау болды. 

Осыған  байланысты  «Алматыкітап  баспасының»  мектепалды  даярлық  бойынша  ОӘК  авторлары  да  8 

өзекті ортақ тарауды ұсынады. Олар мазмұны жағынан бастауыш мектептегі 8 ортақ тараумен ұқсас. Деген-

мен өз ерекшеліктері де бар:



мектепалды даярлық

Бастауыш мектеп

Мен кіммін және қандаймын?

Өзім туралы

Мектепке не үшін барамыз?

Менің мектебім

Менің айналамда кімдер бар?

Менің отбасым және достарым

Менің айналамды не қоршап тұр?

Қоршаған орта

Жолдар бізді қайда бастайды?

Саяхат

Салт-дәстүрді білу не үшін керек?



Салт-дәстүр және фольклор

Мен үшін не дәмді және пайдалы?

Тағам және сусын

Денсаулықты қалай күту керек?

Дені саудың – жаны сау

Барлық тарау тақырыптары мектеп жасына дейінгі баланың сыни ойлауын көрсететін нақты үлгі ретінде 

балаларды үнемі толғандыратын: «Бұл не? Қалай? Неге?» т.с.с. сауалдар төңірегінде берілген. Балалар өздері 

куә  болған  адамдар  әрекетінің,  табиғи  құбылыстардың,  оқиғалардың  себептерін  үнемі  білгісі  келеді.  Бұл 

сұрақтар баланың миын белсенді жұмыс істете отырып, ойлау қабілетін дамытады.

«Алматыкітап баспасы» мектепалды даярлық және бастауыш мектеп оқу-әдістемелік кешенінің ерекшелігі, 



оқулықтар мен әдістемелік оқу құралдарының мазмұнында бірдей ортақ тақырыптың қамтылуында болып 

отыр. Бұл мектепалды даярлық және мектепте білім беру мазмұнын сапалы кіріктіруді толық қамтамасыз 

етуге мүмкіндік береді.

Бұл  әдістемелік  нұсқау  қысқамерзімді  жоспар  түрінде  орындалған  ҰОҚ  мазмұнынан  тұрады. 

Жоспарлаудың  бұл  түрі  бірінші  сыныпқа  арналған  оқу  құралдарында  да  бар,  сондықтан  ол  мектепалды 

даярлық пен бастауыш мектеп ОӘК-ін әдістемелік қолдаудың бірізділігін тағы да бір рет дәлелдейді. 



Қысқамерзімді жоспардың өзіндік айрықша құрылымы мен ерекшелігі бар: 


85

1. Оқу мақсаттарының болуы (олар бағдарламада белгілі бір бөлім мен бөлімшелер ретінде берілген, сондықтан 

педагогтер оны өзгертпегені жөн). 

2.  Жоспарда  ҰОҚ-нің  сараланған  мақсаттары  берілген  (барлық  балалар,  балалардың  көпшілігі  және 

кейбіреулері  үшін).  Бұл  оқу  үрдісін  ұтымды  саралай  ұйымдастыруға  мүмкіндік  береді.  Оқу  жоспарының 

құрылымы практикалық жағынан пайдалану үшін айтарлықтай қарапайым және оқу барысы үшін тиімді. 

Жоспар 3 бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлімде баланың эмоционалдық көңіл күйін қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдер қаралған.

Екінші бөлімде негізгі бөлім ретінде оқу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған әдістер, тәсілдер мен 

құралдар буынын қамтиды.



Үшінші  бөлім  рефлексия  түрінде  қорытынды  шығаруға  бағытталған.  Жоспардың  «Ресурстар»  атты 

айрықша  тармағында  дидактикалық,  әдістемелік,  электрондық  сипаттағы  әртүрлі  ақпарат  көздері 

берілген. Қысқамерзімді жоспарда әліппе-дәптердің, оның ішінде жұмыс дәптердің барлық тапсырмалары 

ескерілген.

Егер әліппе-альбомда бір ҰОҚ-де 4–6 тапсырма орындау ұсынылса, әдістемелік нұсқауда әдістемелік 

тапсырмалар  көлемін  15–20-ға  дейін  кеңейтеді.  Әдістемелік  нұсқаудағы  тапсырмалар  осы  әдіс-тәсілдер 

есебінен барынша қызықты, мазмұнды, ойын түрінде тартымды болады. Онда әдеби сөз де, сурет салу да, 

сахналық  рөл  сомдау,  ойын,  драмалау,  ойнау,  фольклор,  сергіту  сәті,  практикалық  тапсырмалар,  шағын 

зерттеулер және т.б. бар.

Бұл  педагог  осы  оқу  құралын  пайдаланумен  ғана  шектеліп,  өз  тарапынан  қандай  да  бір  тиімді 

шығармашылық әдістер енгізуге немесе өздігінен өзгертуге құқығы жоқ дегенді білдірмейді. Басты шарты

жоспарда қаралған оқу мақсаттарын, тақырыпты, оның жүйелілігін, сондай­ақ әліппе­альбомда белгіленген 

тапсырмалар сипатын өзгертпеу. 

Қысқамерзімді жоспардың осы үлгісін пайдалану кезінде мектепалды даярлық сыныбының педагогтерінде 

сұрақтар туындауы мүмкін: 

1. Мектепалды даярлық педагогтерінің көпшілігі пайдаланған тех нологиялық картаның қысқамерзімді 

жоспардан қандай айырмашылы ғы бар? 

2. Қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық карта үлгісіне ауыстыруға бола ма?

Педагог қысқамерзімді жоспарды пайдалана ма, әлде технологиялық картаны пайдалана ма өзі шешеді. 

Бірақ қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық картаға өзгертпеген жөн, өйткені мектепалды даярлық 

және бастауыш мектеп жоспарларының бірізділігі мен тұтастығы бұзылады.

Қысқамерзімді жоспардың технологиялық картадан бірнеше айырма шылығы бар:



технологиялық карта

қысқамерзімді жоспар

1 Оқу мақсатын педагог таңдайды.

Оқыту және тәрбиелеу мақсаты оқу бағдарламасында 

айқындалған. 

2

3 кезеңнен тұрады:

– мотивациялық-қозғаушылық;

– ұйымдастырушылық-ізденушілік;

– рефлексивтік-түзетушілік.

3 кезеңнен тұрады:

– ҰОҚ-нің басталуы (ҰОҚ-ге ден қоюды қамтамасыз ету);

– өмірлік тәжірибені өзектендіру;

– ҰОҚ-нің соңы (қорытынды, рефлексия).

3

ҰОҚ­нің негізгі бөлімі: 

– ұйымдастырушылық-ізденушілік.



ҰОҚ негізгі бөлімі: 

– өмірлік тәжірибені өзектендіру.

4

ҰОҚ әдістемесі педагогтің басқарушылық іс-әрекетін және 



балалардың іс-әрекетін қарастырады.

ҰОҚ әдістемесі әдістемелік тәсілдер, құралдар, 

ресурстарды пайдалану мен технология элементтерін 

қарастырады.

5 ҰОҚ қорытындысы: рефлексия.

ҰОҚ-нің қорытындысы: рефлексия.

Кейбір айырмашылықтарға қарамастан, екі жоспар (қысқамерзімді де, технологиялық карта да) ҰОҚ­нің 

үш негізгі кезеңін қамтиды, оның барысында белгіленген оқу мен тәрбиелеу мақсаттары жүзеге асырылады. 

Кезінде технологиялық картаны меңгерген мектепалды даярлық сыныбының педагогтеріне қысқамерзімді 

жоспар үлгілерімен жұмыс істеу қиындық туғызбайды, өйткені екі үлгінің құрастыру тәсілдері айтарлықтай 

ұқсас.


Осылайша, мектепке дейінгі даярлық ОӘК-нің жаңа үлгісіне тиімді өту мектепалды даярлық пен бастауыш 

мектепте оқыту мазмұнының сапалы сабақтастық байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.




мАзмұны

Алғы сөз ...............................................................................................................................................................3

І. Ұзақмерзімді жоспарлау .................................................................................................................................8

ІІ. Қысқамерзімді жоспарлау ...........................................................................................................................16

Пайдаланған әдебиеттер ..................................................................................................................................83

Қосымша ............................................................................................................................................................84



Оқулық басылым

АППЛИКАЦИЯ__Әдiстемелiк_нұсқау'>АППЛИКАЦИЯ

Әдiстемелiк нұсқау

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 

үлгілік оқу бағдарламасы бойынша 

мектепалды дайындық тобы мен сыныбы  

педагогтеріне арналған

Әдіскер Б.С. Тажинова

Редакторы Л.С. Ахметова

Компьютерде беттеген С.А. Алтайбекова

Басуға 17.07.2017 ж. қол қойылды.

Пiшiмi 60х84 

1

/

8



Әрiп түрi «Times New Roman». 

Таралымы 1200 дана

Тапсырыс № 1390.

Қазақстан Республикасы,

«Алматыкiтап баспасы» ЖШС,

050012, Алматы қаласы, Жамбыл көшесi, 111-үй,

тел. (727) 250 29 58, факс: (727) 292 81 10.

e-mail: alkitap@intelsoft.kz

www.almatykitap.kz



Учебное издание

АППЛИКАЦИЯ

методическое руководство

для педагогов предшкольных 

классов и групп

по Типовой учебной программе 

дошкольного воспитания и обучения

Методист Б.С. Тажинова

Редактор Л.С. Ахметова

Компьютерная верстка С.А. Алтайбековой 

Подписано в печать 17.07.2017 г. 

Формат 60х84 

1

/

8



Гарнитура «Times New Roman».

Тираж 1200 экз.

Заказ № 1390

Республика Казахстан,

ТОО «Алматыкiтап баспасы»

050012, г. Алматы, ул. Жамбыла, 111,

тел. (727) 250 29 58; факс: (727) 292 81 10.

е-mail: alkitap@intelsoft.kz

www.almatykitap.kz



Бритвина Елена Владимировна 

жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау