42
13-ұОқ. ШыРШАны БЕзЕндіРЕміз
(заттық аппликация, қиып алынған сұлбалардан құралған
көлемді аппликация)
мектеп/мұ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
сынып/топ:
қатысқандардың саны:
қатыспағандардың
саны:
ұОқ-нің
оқыту
мақсаттары
0.1.1.2. Үлгіқалып/есте сақталған үлгі/затқа қарап жапсыруларды құрастыру, сәйкес түсті, пішінді,
заттардың фактурасы мен пропорцияларын таңдау, бөлшектерді жапсыру бірізділігін дұрыс пайдалану.
0.2.1.3. Табиғи және қолдан жасалғандардан, екіге бүктелген, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі
симметриялық пішіндерді қию.
0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.
Күтілетін
нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
-көлемді жапсырма құрастыра алады;
-бөлшектерді жапсыру кезектілігін дұрыс қолдана алады;
-қайшыны дұрыс ұстап, еркін пайдалана алады.
Көптеген тәрбиеленушілер:
-салынған контур бойынша сұлбаны қиып ала алады;
-бейнелерді қағаз бетіне жапсыруды алдымен ірі бөліктерінен бастап, кейін ұсақ, ерекше бөліктерімен
толықтыра алады.
Кейбір тәрбиеленушілер:
-қиялдағы контур бойынша сұлбаларды қиып ала алады;
-таныс техниканы өз бетінше үйлесімдей алады.
тілдік
мақсаттар
дағдыларды дамыту:
-жапсырма жасау жөнінде ойларын ұсыну;
-сөзбен түсіндіру арқылы композицияны нақтылау;
-жұмыс тәсілдері мен кезектілігі жөнінде айтып беру;
-түпкі ойын түсіндіру;
-қазақ, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді есту арқылы тану;
-өзінің және өзге тәрбиеленушілердің жұмыстарын талдау және түсіндіру;
-тақырыпқа қызығушылық тудыратын көркем сөзді тыңдау;
-қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау.
Көптілділік: шырша – елочка – fir-tree.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
көлемді жапсырма, сұлба, заттық жапсыру, екіге бүктеп қию.
талқылауға арналған сұрақтар:
Көлемді жапсырма дегеніміз не?
Қиюдың қандай тәсілі қолданылады?
Шыршаны немен безендіруге болады?
Алдыңғы
білім
Көлемді жапсырма туралы бастапқы түсінік. Сұлбаны салынған сурет бойынша қия білу. Қағаздың түсін,
мөлшерін таңдау. Техникалық дағдылар.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
і. Оң көңіл күй орнату.
0–1 минут
(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату.
достық туралы
Күн мен жел достасады.
Шөп пен шық достасады.
Көбелек пен гүл де дос,
Біз екеуміз мәңгі дос.
Бәрін доспен бөлісеміз,
Біз ешқашан ренжіспейміз.
Юрий Энтин
Музыкалық сүйемелдеу.
II. өмірлік тәжірибені
өзектендіру.
мақсат қою.
2–5 минут
(ұ) Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
Менен асқан сәнқой бар ма?
Мойнымда жылтыр алқа.
Төбемде алтын жұлдыз жарқырай ма?
Жылына бір рет қана.
Осыларды бойыма тағатыны
Мені әбден қынжылтады. (Шырша)
Жаңажылдық шырша
суреттері, балалардың
жаңажылдық
ертеңгіліктерінен суреттер.
43
ҰОҚнің тақырыбына қатысты балалардың болжамдарын
тыңдау. Мақсат қою.
Бүгінгі ҰОҚ-де не туралы айтатынымызды түсіндіңдер ме?
Жаңа жылдың алдында адамдар не істейді?
Біз бүгін шыршаны безендіреміз.
III. ұОқ-нің тақырыбы
бойынша жұмыс
6–25 минут
(ұ) Әліппе-альбомның иллюстрациялық материалымен
жұмыс.
Суретке қара. Суретте не бейнеленген?
Төменгі бұтақтарда қандай ойыншықтар ілулі тұр?
Шыршаның жоғарғы бұтақтарында не ілулі тұр?
Педагог балаларды көлемді жапсырмамен таныстырады.
Көлемді жапсырма – бұл өте қызықты әрі оп-оңай! Педагог
ауызша көркем сөзді пайдаланып, затқа (шыршаға)
сенсорлық зерттеу ұйымдастырады. Оны үстел үстіне қоюға
немесе шыршаға ілуге болады!
(ұ) саусақтарға арналған жаттығу.
Алдымызда шырша тұр.
(«Шырша» – қолдардың саусақтары айқастырылып,
жоғары көтерілген, бұл – «шыршаның» төбесі.)
Жаңғақтар, инелер. («Жаңғақтар» – түйілген жұдырықтар,
«инелер» – тарбиған саусақтар.)
Шарлар, шамдар. («Шарлар» – саусақтары бірбірінен сәл
алшақтатылған «жарты шөміш» тәрізді алақан жоғары
қарай бұрылған, «шамдар» – дәл осындай күйдегі алақан
төмен қарай бұрылған.)
Қояндар, шырақтар. («Қояндар» – сұқ және ортаңғы
саусақтарды шошайтып, қалғандарын жұдырық етіп
түю, «шырақтар» – саусақтары біріктірілген алақандарды
түйстіру.)
Жұлдыздар, адамдар. («Жұлдыздар» – саусақтары тарбиған
алақандар біріктірілген, «адамдар» – «құлақтары» төмен
қарайды).
(ұ, Ж, т) Жұмыстың орындалу технологиясы.
Балаларға көлемді шырша жасап, оны ойыншықтармен
безендіруді ұсыныңыз. Қағазды екі бүктеп, шыршаның
сұлбасын сызып, қиып алу қажет. Содан кейін балалар
шыршаны кесілген сусымалармен безендіреді.
Педагог осы жұмыстың басқа нұсқасын ұсына алады:
алдымен жасыл қағаз жолағын үшке бүктейді, содан кейін
шыршаның үлгісін сызып, контур бойынша сұлбаны қиып
алады.
Үш бірдей сұлба шығады. Кейін әрбір сұлбаны екі бүктеп,
бір жартысына желім жағады да екі бөлшектің жартыларын
қалған жартысы бос қалатындай етіп желімдейді. Сосын
желімді қалған бос жартыларға жағып, үшінші сұлбаны
желімдейді.
Енді тұратын көлемді шырша шығады.
Балаларға шыршаны түрлі түсті қағаздан жасалған
ойыншықтармен безендіру ғана қалады.
Қағазды бүгу сызығы бойынша бүктеу өте ыңғайлы.
Бүгу сызығы пунктирлі сызықпен көрсетіледі. Педагог
тәрбиеленушілерге өз беттерінше қателерін тауып, олардың
себебін түсіндіруді ұсынады. Балалардың назарын түс
үйлесімдігіне, қию сызығының әдемілігіне, жұмыстың
жалпы сапасына аударады.
(ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу техникасы
Жұмыс орныңда тәртіп сақта.
Жарамды құралдармен ғана жұмыс жаса.
Жұмыс кезінде қайшы жүзінің қозғалысын бақыла.
Қайшының сақинасын өзіңе қаратып қой.
Қайшымен ойнама, қайшыны бетіңе жақындатпа.
Қайшыны мақсатына қарай пайдалан.
Әліппе-альбом.
Иллюстрациялық материал.
Түрлі түсті қағаз, жай
қарындаштар, қайшы,
ПВА желімі (не желімді
қарындаш), желім
жаққыштар, сүрткіштер,
клеенка.
Сусымалар, жылтырлар,
пайеткалар.
Жадынама (плакат, слайд).