38
Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
Қызметкердің еңбек міндеттерін тиімді орындау үшін демалыс-
тар маңызды мәнге ие, оған еңбек заңнамасының көптеген норма-
лары арналған.
ТЫНЫҒУ УАҚЫТЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
жұмыс күнi
iшiндегi үзілістер
– тынығуға және
тамақтануға ар-
налған үзiлiс
ауысым
iшiлiк және
арнаулы
үзiлiстер
дема-
лыс күн-
дерi
мереке
күндерi
күнде-
лiктi ты-
нығу
дема-
лыстар
Сұрақ: Жылумен жабдықтау жүйесінде жұмыс істеймін. Кей-
де мереке күндері, демалыс күндері жылу трассасында авария
болып тұратындықтан мені келісімсіз жұмысқа шақырады. Осы
дұрыс па?
Жауап: Өндірістік аварияның салдарын кідіртпей жою үшін
демалыс және мереке күндері қызметкердің келісімісіз жұмысқа
тартуға болады, сондықтан әкімшіліктің әрекеті дұрыс. Оның
үстіне, төтенше жағдайларды, дүлей зiлзаланы немесе өн-
дiрiстiк аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою
үшiн; жазатайым оқиғаларды, мүлiктiң жойылуы немесе бүлiнуiн
болдырмау және оларға тергеу жүргiзу үшiн; жалпы ұйымның не-
месе оның жекелеген бөлiмшелерiнiң одан әрi қалыпты жұмысы
осылардың жедел орындалуына тәуелдi болатын шұғыл, бұрын
көзделмеген жұмыстарды орындау үшiн жол берiледi (ЕК-нің 98-
бабы).
Қызметкерлердi демалыс және мереке күндерi жұмысқа
тарту жұмыс берушiнiң бұйрығымен ресiмделедi.
Сонымен, қызметкерге күнделiктi жұмыс iшiнде тынығуға және
тамақтануға арналған ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын бiр
үзiлiс берiлуге тиiс. Мұндай үзiлiс күнделiктi жұмыс басталғаннан
39
кемiнде үш сағат өткеннен кейiн және төрт сағаттан кешiктiрiлмей
белгiленуге тиiс. Алайда ұзақтығы 8 сағаттан асатын күнделiктi
жұмыста жұмыс уақытының икемдi жиынтық есебi режимi кезiн-
де тынығуға және тамақтануға арналған үзiлiс күнделiктi жұмыс
басталғаннан кемiнде төрт сағат өткеннен кейiн белгiленуi мүмкiн.
Тынығуға және тамақтануға арналған үзiлiс уақыты жұмыс
уақытына қосылмайды. Өндiрiс жағдайлары бойынша үзiлiс беру
мүмкiн болмайтын жұмыстарда жұмыс берушi қызметкердi жұмыс
уақытында арнаулы жабдықталған орында тынығу және тамақта-
ну мүмкiндiгiмен қамтамасыз етуге мiндеттi. Жұмыстың жекелеген
түрлерiнде қызметкерлерге технологияға және өндiрiс пен еңбек-
тi ұйымдастыруға байланысты, жұмыс уақытына қосылатын ауы-
сымiшiлiк үзiлiстер берiледi.
Жылдың суық мезгiлiнде ашық ауада немесе жылытылмай-
тын жабық үй-жайларда жұмыс iстейтiн, сондай-ақ
тиеу-түсiру
жұмыстарында iстейтiн қызметкерлерге жылыну және тынығу
үшiн
жұмыс уақытына қосылатын арнаулы үзiлiстер берiледi.
Жұмыс берушi қызметкерлердiң жылынуы мен тынығуына
арналған үй-жайлардың жабдықталуын қамтамасыз етуге мiн-
деттi.
Бiр жарым жасқа толмаған балалары бар жұмыс iстейтiн әйел-
дерге тынығуға және тамақтануға арналған үзiлiстен бөлек баланы
тамақтандыруға арналған қосымша үзiлiстер берiледi (бұдан әрі
ЕК-нің 188-бабын қараңыз).
Қызметкердiң жұмыстың аяқталуы мен оның келесi күнi баста-
луы арасындағы күнделiктi (ауысымаралық) тынығуының ұзақтығы
он екi сағаттан кем болмауға тиiс (ЕК-нің 95-бабы).
Демалыс күндерi қызметкерлерге апта сайын берiледi. Оларды
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 13.12.2001
жылғы ҚР Заңында белгіленген мереке күндерімен шатастыруға
болмайды.
Үздiксiз өндiрiстерде немесе өндiрiстiк-техникалық жағдайлар
бойынша немесе халыққа ұдайы үздiксiз қызмет ету қажеттiгi сал-
дарынан демалыс күндерi жұмысты тоқтату мүмкiн болмайтын өн-
дiрiстерде iстейтiн қызметкерлерге демалыс күндерi ауысымдық ке-
стеге сәйкес қызметкерлерге аптаның әр күндерi кезекпен берiледi.
Iссапарда жүрген қызметкер демалыс күндерiн өзi жiберiлген жұ-
мыс берушiнiң еңбек тәртiптемесiне сәйкес пайдаланады.
40
Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасындағы
мереке күндері жұмыс iстемей-
тiн күндер болып табылады. Олар ұлттық және мемлекеттiк мере-
келер болып бөлінеді. Демалыс және мереке күндерi сәйкес келген
жағдайда мерекеден кейiнгi жұмыс күнi демалыс күнi болады.
Қазақстан Республикасындағы
Ұлттық мереке – 16–17
желтоқсанда атап өтiлетiн 16-желтоқсан – Тәуелсiздiк күнi бо-
лып табылады.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк мерекелер:
1–2 қаңтар – Жаңа жыл;
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнi;
21–23 наурыз – Наурыз мейрамы;
1 мамыр – Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесi;
9 мамыр – Жеңiс күнi;
6 шiлде – Астана күнi;
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнi.
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Прези-
дентi күнi.
Тынығудың тағы бір түрі
демалыстар болып табылады. ЕК-нің
100-бабына сәйкес қызметкерлерге демалыстардың мынадай түр-
лерi:
1) жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары;
2) әлеуметтiк демалыстар берiледi.
Ақылы жыл сайынғы еңбек демалыстарының түрлері:
1) негізгі ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы;
2) қосымша ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы.
Әлеуметтiк демалыстардың түрлерi:
1) жалақы сақталмайтын демалыс;
2) оқу демалысы;
3) баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды)
асырап алуға байланысты демалыс берiледi.
Өзге нормативтiк құқықтық актiлерде, еңбек, ұжымдық шарттар-
да және жұмыс берушiнiң актiлерiнде көп күн саны көзделмесе, жыл
сайынғы негiзгi ақылы еңбек демалысының ұзақтығы күнтiзбелiк
24 күнді құрайды. Сонымен, «Авариялық-құтқару қызметi және
құтқарушылардың мәртебесi туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы
ҚР Заңында авариялық-құтқару қызметiнің кәсіби құтқарушылары-
на ұзақтығы 30 күнтізбелік күн болатын ақылы демалыс беріледі.