Еңбек заңнамасының негіздері анықтамалығЫ


Оған қоса,  «еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарты»



жүктеу 0,59 Mb.
Pdf просмотр
бет15/22
Дата14.05.2018
өлшемі0,59 Mb.
#12454
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22

47

Оған қоса,

 «еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарты» 

деген ұғым (ЕАТС) бар – бұл ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайла-

ры  зиянды  (ерекше  зиянды),  қауiптi  жұмыстарда  iстейтiн  қыз-

меткердiң айлық жалақысының сақталуына кепiлдiк берiлген ең 

төменгi мөлшерi, бұған жұмыс процесiнде зиянды және (немесе) 

қауiптi  өндiрiстiк  факторлардың  әсерiне  ұшырайтын  қызмет-

кердiң өмiрлiк күшi мен қуатын қалпына келтiруге қажеттi азық-

түлiк өнiмдерiнiң, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң ең 

төменгi жиынтығы кiредi.

Еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандарты республикалық 

бюджет  туралы  заңда  белгiленген  және  тиiстi  қаржы  жылы-

ның 1 қаңтарында қолданыста болған жалақының ең төменгі 

мөлшері және салалық келісімдерде айқындалатын салалық 

арттырушы коэффиценттер есебінен айқындалады.

Жалпы ереже бойынша қызметкердiң айлық жалақысының мөл-

шерi қызметкердiң бiлiктiлiгiне, орындалатын жұмыстың күрделiлi-

гiне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай 

сараланып белгiленедi. Осы кезеңге белгiленген жұмыс уақытының 

нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын орындаған қы-

зметкердiң айлық жалақысының мөлшерi заңда белгiленген айлық 

жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға тиiс. 

Өз  еңбек  мiндеттерiн  орындаған  қызметкердiң  сағаттық  жа-

лақысының ең төменгi мөлшерi тиiстi күнтiзбелiк жылдағы жұмыс 

уақыты балансына сәйкес орташа айлық жұмыс сағатының санына 

бөлiнген айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға 

тиiс.  Бiрiншi  разрядты  қызметкердiң  еңбек  шартының,  ұжымдық 

шарттың  талаптарында  және  жұмыс  берушiнiң  актiлерiнде  көз-

делген  айлық  жалақысының  ең  төменгi  мөлшерi  немесе  айлық 

тарифтiк ставкасының мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған ре-

спубликалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында 

белгiленген айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем болмау-

ға тиiс.

Бiрiншi  разрядты  қызметкердiң  еңбек  шартының,  ұжымдық 

шарттың талаптарында және (немесе) жұмыс берушiнiң актiлерiн-

де  көзделген  айлық  жалақысының  ең  төменгi  мөлшерi  немесе 

айлық  тарифтiк  ставкасының  мөлшерi  ауыр  жұмыстарда,  еңбек 

жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi жұмыстарда iстейтiн 




48

Еңбек заңнамасының негіздері АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

қызметкерлер үшiн еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандартынан 

кем емес белгіленеді (ЕК-нің 122-бабы). 

Қазіргі уақытта жұмыс берушi Қазақстан Республикасының нор-

мативтiк құқықтық актiлерiнде тиiстi кезеңге белгiленген инфляция 

деңгейiн негiзге ала отырып, келiсiмдерде, ұжымдық шартта неме-

се жұмыс берушiнiң актiсiнде белгiленген тәртiппен 



жалақыны ин-

декстеуді (жоғарылатуды) жүргізуге міндетті

Қызметкер өз еңбегінің объективті төленуі мақсатында жұмыс-

тың  сипатын,  атқаратын  лауазымына  қойылатын  біліктілік  талап-

тарын,  лауазымдық  міндеттері,  өз  өкілеттіктері,  құқықтары  мен 

жауапкершілігі  шеңберін  нақты  айқындауда  мүдделі  болуы  тиіс. 

Мұндай мәліметтер жұмыс берушінің актілерінің бірі болып табы-

латын 

лауазымдық нұсқаулықта белгіленген болуы тиіс.

Қызметкерлерге  қойылатын 



бiлiктiлiк  талаптары  мен  бел-

гiлi  бiр  жұмыс  түрлерiнiң  күрделiлiгi  Жұмысшылардың  жұмыста-

ры  мен  кәсіптерінің  бірыңғай  тарифтік-біліктілік  анықтамалығы, 

жұмысшы  кәсіптерінің  тарифтік-біліктілік  сипаттамалары  (БТБА), 

Басшылардың,  мамандардың  және  басқа  да  Қызметшілер  лауа-

зымдарының біліктілік анықтамалығы, сондай-ақ ұйымдар басшы-

ларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымда-

рының үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде белгіленеді.

Қызметкерлердiң  еңбегiне 

уақыт  бойынша,  кесiмдi  немесе 

өзге  де  еңбекке  ақы  төлеу  жүйелерi  бойынша  ақы  төленедi.  Ақы 

төлеу  жеке  және  (немесе)  ұжымдық  еңбек  нәтижелерi  үшiн  жүр-

гiзiлуi мүмкiн.



Еңбекке ақы төлеу жүйелерi

Тарифтiк жүйе 

өзінде: тарифтiк 

ставканы (ай-

лықақыларды), 

тарифтiк торды, 

тарифтiк коэффи-

циенттердi қамти-

ды. 

Тарифсiз жүйе еңбекке 



ақы төлеуге арналған қа-

ражатты қызметкерлердiң 

кәсiби қабiлеттерiн баға-

лаудың өлшемдерi мен 

қағидаларына және олар-

дың түпкi нәтижеге қосқан 

үлестерiне қарай үлестiк 

бөлуге негiзделеді

Аралас жүйе 

еңбекке ақы 

төлеу дiң тарифтiк 

және тарифсiз 

жүйелерiнiң эле-

менттерiн қамтуы 

мүмкін



49

Жұмыс берушi қызметкерлердiң өндiрiс тиiмдiлiгi мен орында-

латын  жұмыстың  сапасын  арттыруға  мүдделiлiгiн  күшейту  үшiн 

сыйлықақы  беру  жүйесiн  және  еңбекке  ынталандырудың  басқа 

да нысандарын енгiзе алады.



Лауазымдарды  қоса  атқару  (қызмет  ету  аймағының  кеңе-

юi)  және  уақытша  болмаған  қызметкердiң  мiндеттерiн  орын-

дау  кезiнде  еңбекке  үстеме  ақы  төленеді.  Жұмыс  берушi  ла-

уазымдарды қоса атқарғаны (қызмет ету аймағының кеңеюi) және 

уақытша  болмаған  қызметкердiң  мiндеттерiн  орындағаны  үшiн 

берiлетiн қосымша ақылар мөлшерлерiн қызметкермен келiсе оты-

рып белгiлейдi (ЕК-нің 131-бабы).

Бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу ЕК-нің 133-бабымен рет-

теледі, оған сәйкес жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыстың бос тұрып 

қалу уақытына ақы төлеудiң тәртiбi мен талаптары еңбек шартын-

да, ұжымдық шартта айқындалады және қызметкердiң орташа жа-

лақысының  50  %  кем  емес  мөлшерде  белгiленедi.  Қызметкердiң 

кiнәсiнен бос тұрып қалған уақытқа ақы төленбеуге тиiс. 



Үстеме жұмысқа, түнгi уақыттағы, мереке және демалыс күндерiн-

дегi жұмысқа ақы төлеу, сондай-ақ әртүрлi бiлiктiлiк жұмыстарына 

ақы төлеу

үстеме уақыттағы жұ-

мысқа: 

1) уақыт бойынша ақы 



төлеу кезiнде тарифтiк 

ставка немесе айлықақы-

сының кемiнде 1,5

2) кесiмдi ақы төлеу кезiн-

де тарифтiк став касы 

немесе айлықақысының 

кемiнде 50 % 

түнгi 


уақыттағы 

жұмыстың 

әр сағаты-

на күндiк 

ставканың 

кемiнде 1,5 

есе мөл-

шерінде 


ақы төле-

недi


әртүрлi 

бiлiктiлiк 

жұмыстарын 

орындаған 

кезде оның 

еңбегiне 

неғұрлым 

жоғары бiлiк-

тiлiк жұмысы 

бойынша ақы 

төленедi

мереке және 

демалыс күн-

дерiнде – қы-

зметкердiң 

қалауы бойынша 

басқа күнге де-

малыс беріледі 

немесе кемiнде 

екi есе мөлшер-

де ақы төлеу 

жүргiзiледi



НАЗАР  АУДАРЫҢЫЗ!  Жалақы  Қазақстан  Республикасының 

ұлттық  валютасындағы  ақшалай  нысанда  айына  кемiнде  бiр 

рет,  келесi  айдың  бiрiншi  онкүндiгiнен  кешiктiрiлмей  төленедi 

(ЕК-нің 134 бабы).


жүктеу 0,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау