46
–
ең үздік идеяларды іріктеу мақсатында ұсынылған идеяларды
конструктивті сынға алу және ойластыру сеансы;
–
іріктелген идеялар негізінде шешімдерді жобалау.
Кластерлер, салыстырмалы диаграмма, пазл
Кластерлер (ағл. Cluster - «жүзімнің шоқтары» деген мағынада) – идея мен
ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба
кестелер. Мұнда негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің)
ортасына шеңберге жазылады да, одан туындайтын тақырыпшаларды
оқушылар оның жан-жағына жазып, шеңберлеп бір-біріне қосады да, өз-ара
байланыстары туралы әңгімелейді. Кластерлер оқушының жеке орындауынан
басталып, одан кейін жұмыс жұпта немесе шағын топта (4-6 адам) жалғасады.
Пазл (ағл. puzzle) – тең емес бөліктерден сурет құрастыратын балалар
ойыны.
Бұл әдіс бойынша тапсырмалардың орындалуын ойын түрінде өткізуге
болады. Оқыту барысында өтілген материал карточкаларға жазылады, бірақ
әрбір карточкада келесісін іздеуге бағытталған мәлімет болуы тиіс.
Шығармашылық тапсырма беру кезінде мұғалім сабақ соңында интеллект-
карта үлгілерін көрсете алады. Мұндай тапсырма қазақстандық мұғалімдер
үшін жеткілікті деңгейде таныс және кәсіби лексикада көбінесе «кластер»
ретінде қолданылады. Оқушылардың назарын оқулықтың тиісті параграфында
интеллект-карталарды құрастыру жөніндегі нұсқаулар мен графикалық
материалдың осы түрінің шартты мысалы берілгеніне аудару қажет.
Интерактивтi әдістің негiзiн интерактивтi жаттығулар мен тапсырмалар
құрайды. Интерактивтi жаттығулар мен тапсырмалардың әдеттегілерден басты
айырмашылығы олар меңгерілген материалды тек бекiтуге ғана емес, жаңаны
оқып-үйренуге бағытталған.
Кластер тәсілі кез келген сатыда қолданылуы мүмкін.
Шақыру кезеңінде балалар тақырып бойынша өздерінің бойында бар
барлық білімдерін баяндайды және өздерінің ұсыныстары мен
қауымдастықтарын тіркейді. Ол оқушыларды танымдық әрекеттерге
ынталандыру үшін, тақырыпты оқуды бастағанға дейін ойлануға
ынталандыруда қызмет етеді.
Ұғыну сатысында кластерді қолдану оқу материалын құрылымдауға
мүмкіндік береді.
Рефлексия сатысында кластер әдісі алған білімдерді жүйелеу қызметін
атқарады.
Сабақтың жалпы стратегиясы түрінде сабақтың барлық кезеңдерінде, сабақ
барысында кластердің қолданылуы мүмкін. Сондықтан, ең басында балалар
өздері меңгерген барлық ақпаратарды тіркейді. Бірте-бірте сабақ барысында
схемаға жаңа деректер қосылады. Мүмкіндігінше оларды басқа түспен бөліп
көрсету керек. Бұл тәсіл негізгіні бөліп көрсете отырып жорамалдау мен
болжауды, толықтыру және талдай білуді дамытады.
Кластер бір шоқ немесе спутниктері бар планетаның моделі түрінде
рәсімделеді. Ортасына негізгі ұғым пікір орналастырылады, жан жағына