Білім мазмұнын жаңарту аясында (5-9 сыныптарда)



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет12/75
Дата08.03.2018
өлшемі5,01 Kb.
#11964
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   75

38 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.1-
сызба  – «Пассивті әдістің» сызбасы 
 
2. 
Активті 
(белсенді) 
әдіс  –  бұл  білім  алушылар  мен  оқытушы  сабақ 
барысында  өзара  әрекетте  болатын  және  білім  алушылар  тек  пассивті 
тыңдаушылар емес, сабақтың белсенді қатысушылары болып табылатын өзара 
әрекеттесу формасы. Яғни 
оқушы оқытудың «субектісі» болып шығады (өзіндік 
жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс). 
Мұнда 
оқытушы  мен  білім  алушылардың  құқықтары  бірдей  [9].  2.2-сызбасында 
«Активті әдіс» көрсетілген. 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.2-
сызба  – «Активті әдістің» сызбасы 
 
 
Белсенді оқыту әдістері – оқушылардың оқу үдерісіне жоғары дәрежеде 
қатысуын  сипаттайтын,  қойылған  міндеттерді  атқаруда  олардың  танымдық 
және шығармашылық іс-әрекетін жандандыратын әдістер.  
Оқытушы 
Білім алушы 
 
Білім алушы 
 
Білім алушы 
Білім алушы 
 
Оқытушы 
Білім алушы 
 
Білім алушы 
 
Білім алушы 
Білім алушы 
 


39 
 
Белсенді оқыту әдістерінің айрықша ерекшеліктері: 
–   
ойлаудың  мақсатты  жандануы,  оқушы  өз  қалауына  қарамастан 
белсенді болуға мәжбүр болады; 
–   
оқушылардың  оқу  үдерісіне  жеткілікті  шамада  ұзақ  уақыт  қатысуы, 
өйткені, олардың белсенділігі қысқа мерзімді не эпизодтық емес, айтарлықтай 
дәрежеде тұрақты және ұзақ болуы тиіс (яғни бүкіл сабақ бойы); 
–   
үйренушілердің  дербес  шығармашылық  шешімдерді  әзірлеуі,  жоғары 
ынта мен эмоция деңгейі; 
–   
оқуға ынталандыру. 
Белсенді  оқыту  әдісінің  нақты  түрін  таңдай  отырып,  оның 
мүмкіндіктерімен  қатар  оны  әзірлеу  және  қолдану  барысында  туындайтын 
ұйымдастырушылық  және  мазмұндық  қиындықтарды,  сонымен  қатар  оқу 
үдерісінің жүзеге асырылу шарттарын да ескеру қажет. 
Ең көп таралған белсенді оқыту әдістерін қарастырайық.  
Проблемалық  лекция  оқушылардың  дербес  шығармашылық  жұмысы, 
бақылау  сұрақтары,  қарастырылатын  материалды  талқылау  және  басқа  да 
тәсілдер шынымен қамтылған жағдайда пайдалы болады. Оқушыларды әртүрлі 
деңгейде  қатыстыра  отырып,  оқу  проблемаларын  қалыптастыру  және  шешу 
проблемалық лекцияның айқындаушы нышаны болып табылады. 
Проблемалық  ситуация  оқушының  ақыл-ой  әрекетін  қалыптастыруда 
маңызды  рөл  атқарады,  онда  салыстыру,  іздестіру  тәсілдерін  пайдалануды 
қажет етеді. Математика сабағын өтуде салыстыру тәсілдерін қолдану бірінші 
жолға қойылады.  
 
Интерактивті  оқыту  əдісі.  Интерактивті  («inter»  –өзара,  «act»  –  әрекет 
жасау)  біреумен  өзара  әрекеттесу,  әңгіме,  диалог  режимінде  болу  дегенді 
білдіреді.  Басқаша  айтсақ,  белсенді  әдістерге  қарағанда  интерактивті  әдістер 
оқушылардың  мұғаліммен  ғана  емес,  бір-бірімен  кеңінен  өзара  әрекеттесуіне 
және  оқыту  үдерісінде  оқушылардың  белсенділігінің  басымдылығына 
бағытталады.  
Интерактивті  сабақтардағы  мұғалімнің  орны  оқушылардың  іс-әрекетін 
сабақ мақсаттарына жету үшін бағыттаумен шектеледі.  
Сонымен  қатар  мұғалім  сабақ  жоспарын  (әдетте  бұл  –  интерактивті 
жаттығулар мен тапсырмалар, оларды орындау барысында оқушы материалды 
зерделейді) құрып, орындауды ұйымдастырушы ғана. 
Тиісінше  оқушылар  орындайтын  интерактивті  жаттығулар  мен 
тапсырмалар  интерактивті  сабақтардың  негізгі  құрамдас  бөліктері  болып 
табылады. Интерактивті жаттығулардың маңызды ерекшелігі – оларды орындай 
отырып, оқушылар бұрын оқылған материалды бекітіп қана қоймайды, жаңа 
материалды меңгереді.  
Интерактивті оқыту әдісі 2.3-сызбасымен көрсетілген. 
 
 
 
 


40 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2.3-
сызба  – «Интерактивті оқыту әдісі» 
 
Интерактивті оқыту әдістері «мұғалім = оқушы» және «оқушы = оқушы» 
өзара  іс-әрекеттері  сызбасынан  құрылады.  Яғни  енді  оқыту  процесіне 
балаларды мұғалім ғана тартып қоймайды, оқушылардың өздері де бір-бірімен 
іс-әрекет  жасай  отырып  әр  оқушының  ынталануына  әсер  етеді.  Мұғалім  тек 
көмекшінің  рөлін  атқарады.  Оның  міндеті  –  балалардың  ынталануы  үшін 
жағдай жасау.  
Интерактивті оқыту əдістерінің міндеттері: 

өздігінен  ізденуге,  ақпаратты  талдау  және  жағдайды  дұрыс  шешуге 
үйрету; 

командамен  жұмыс  істеуге  үйрету:  бөтен  біреудің  пікіріне 
құрметпенқарау, бөтен көзқарасқа төзімділік таныту; 

белгілі бір фактілерге сүйеніп өз пікірін қалыптастыруға үйрету. 
Пассивті  (енжар),  активті  (белсенді)  және  интерактивті    әдістері  Блум 
таксономиясында  жақсы  суреттеледі,  бұл  профессор  Бенджамин  Блумның 
басшылығымен американдық психологтар мен педагогтар тобымен әзірленген 
оқыту  деңгейлері  мен  мақсаттары  және  танымдық  дағдыларды  дамыту 
кестелері.  «Таксономия»  термині  белгілі  бір  реттілікті  (иерархияны)  құру 
мақсатында,  белгілі  критерилер  бойынша  нысандарды  жүйелеуді  білдіреді. 
Блум оқу мақсаттарының күрделілігі бойынша олардың иерархиясын ұсынды. 
Кесте практик мұғалімдермен пайдаланылады және білім деңгейі (ақпараттар) 
оқытудың  бастапқы  сатысы  ғана  (міндетті,  базалық  болса  да)  болып 
табылатынын  көрсетеді.  Оқыту  одан  әрі  жалғаса  беруі  керек,  ұстаз  алдына 
басқа да мақсаттар қоюы керек.  
Бірақ,  әрине  барлық  жоғарыда  айтылғандар  интерактивті  әдістерді  ғана 
пайдалану  керек  дегенді  білдірмейді.  Оқыту  үшін  білімнің  барлық  деңгейлері 
мен әдістердің барлық түрлері маңызды.   
Жаңартылғын  мазмұн  бойынша  негізгі  орта  білім  берудің  5-6-
сыныптарына  арналған  «Математика»,  7-9-сыныптарға  арналған  «Алгебра» 
Оқытушы 
Білім алушы 
 
Білім алушы 
Білім алушы 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау