Білім мазмұнын жаңарту аясында (5-9 сыныптарда)



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет13/75
Дата08.03.2018
өлшемі5,01 Kb.
#11964
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   75

41 
 
және  «Геометрия»  оқу  пәндері  бойынша  үлгілік  оқу  бағдарламалары,  белгілі 
бір  көлемдегі  білімдерді  алып  қана  қою  емес,  оларды  оқу  және  өмірлік 
проблемаларда  қолдана  білуді,  яғни  оқушылардың  бойында  сыни  тұрғыда 
ойлау мен функционалды сауаттылықты қалыптастыруды қамтитын нақты оқу 
мақсаттарына оқушылардың қол жеткізуіне бағытталған.  
Сыни  тұрғыдан  ойлау  ерекшеліктеріне  үш  сатының  бар  болуы 
жатқызылады: 

шақыру, 

ұғыну, 

рефлексия.  
Бірінші  кезеңде  ұжымның  барлық  қатысушыларын  процеске  тарту, 
жұмылдыру болып өтеді. Мақсат, берілген тақырып бойынша бар білімді еске 
түсіру,  ассоциативті  ретті  қалыптастыру  және  жауаптарын  алғысы  келетін 
сұрақтар  қою  болып  табылады.  Ұғыну  кезеңінде  ақпаратпен  жұмыс 
ұйымдастырылады: мәтінді оқу, алынған фактілерді талдау және ойлап байқау. 
Алынған білімдер рефлексия сатысында, шығармашылық іс-әрекет нәтижесінде 
өңделеді және тұжырымдау жасалады.  
Сыни тұрғыдан ойлау – негізделген тұжырымдарды қорыта отырып заттар 
мен оқиғаларды талдауда қолданылатын  пайымдаулар жүйесі және негізделген 
бағалауды  жасауға,  сонымен  қатар  шыққан  нәтижелерді  жағдайлар  мен 
мәселелерге қолдануға мүмкіндік береді [11].   
Д.  Халперн  сыни  тұрғыдан  дамытуда  теориялық  материалмен  сауатты 
жұмысты  атап  көрсете  келе,  ондай  жұмыс  білім  алушылардың  бойында 
қорытынды  шығару,  талдау,  логиканы  қолдану  біліктіктерін,  байқағыштық, 
айқындық, нақтылық қабілеттерді қалыптастыратынын атап көрсеткен [12].    
Қазіргі  таңда  оқу  процесіне  сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамыту  тәсілдерін 
енгізу қажеттілікке айналып отыр. Осы орайда практик мұғалімдерді қандай да 
бір  тақырыпты  игеруде  тәсілдердің  түрін  және  тақырыпқа  байланысты  оның 
математикалық  мазмұнын  анықтауда  әдістемелік  қамтасыз  ету  қажеттігі 
туындауда.  
Алдымен  проблемалық  сұрақтар  қою  арқылы  оқушылардың  өздігінен 
игеру жұмысын ұйымдастыруға болатын жаңа тақырыптар анықталады.  
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту тәсілдерінің бірі -  «Қарлы кесек» тәсілі. 
Алдымен  әр  оқушы  тапсырманы  жеке  орындап,  шешімін  жазады.  Сосын  екі 
оқушыдан  тұратын  топ  құрылып,  олар  өз  шешімдерін  талқылайды  және 
тұжырымдардың дұрыстығына көз жеткізеді. Одан кейін 4 оқушыдан, әрі қарай 
8  оқушыдан  тұратын  топ  құрылады  (топтағы  балалар  саны  8-ден  артық 
болмағаны  дұрыс).  Шыққан  нәтижелерді  талқылағаннан  кейін  8  оқушыдан 
тұратын әр топтың өкілі мысалды орындау барысында тұжырымдалған ережені 
негіздейді.   
 
«Қарлы  кесек»  тәсілімен  қатар  «Айналмалы  станса»  тәсілін  қолдануға 
болады.  Топта  жұмыс  жасай  отырып,  оқушылар  парақшада  жазылған 
проблеманы  шешеді.  Одан  кейін  топтар  орындарымен  ауысып,  келесі 
парақшадағы  тапсырманы  орындайды.  Топ  мүшелері  тапсырманың 


42 
 
орындалуымен келіссе леп белгісін, келіспесе минус таңбасын қояды,  сонымен 
қатар  қосымша  сұрақтар  қойылуы  мүмкін.  Тура  осылай  әр  топ  төрт 
парақшадағы  проблемаларды  қарастырады.  Тапсырмаларды  орындау 
барысында  оқушылар  өз  ойларымен  бөліседі,  тұжырымдар  жасайды.  Жұмыс 
орындалғаннан  кейін  әр  топ  өзінің  бірінші  орындаған  тапсырмасына    қайтып 
оралып, жауаптарын қорғайды және қойылған сұрақтарға жауап береді.  
Сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамыту  техологияларының  бірі  «Шиыршық» 
әдісін  қолдануға  болады.  Ол  үшін  оқушыларды  3  (6)  топқа  бөлуге  болады.  
«Шиыршық»  тәсілін  әдістемелік  қамтамасыз  ету  мақсатында  келесі 
тапсырмалар дайындалды.  
Парақшалардағы  тапсырмалар  сызықтық  функциялар  графиктерінің 
орналасуының  бір  түрін  береді.  Оқушылар  үш  топқа  бөлініп,  парақшаларда 
жазылған  тапсырмаларды орындайды. Одан кейін бірінші  топтың оқушылары 
қалған топтарға барып, тапсырмаларының орындалуын түсіндіреді. Осылайша 
өзара оқыту жүргізіледі. Сонда әр оқушы кем дегенде екі рет ақпаратты беруші 
және оны алушының рөлін атқарады.     
Оқушылардың  теориялық  материалды  өздігінен  игеруге  деген 
қызығушылығы  мен  ынтасын  қалыптастыру  мақсатында  сыни  тұрғыдан 
ойлауды  дамыту  технологияларының  бірі  -  «Сенемін-сенбеймін»  тәсілі.    Бұл 
тәсілді  теориялық  материалдарды  игеру  барысында  жұппен  жұмыс  жасай 
отырып  қолдануға  болады.  Оқушылар  кестеде  берілген  сұрақтарға  жауап 
бергенде ақиқат тұжырымды «+», ал ақиқат емес тұжырымды «–»  таңбасымен 
белгілейді.    Осы  тәсілді  қолдану  барысында  келесі  кесте  толтырылады  (2.1-
кесте). 
 
2.1-
кесте –  «Сенемін-сенбеймін» тәсілі бойынша кесте 
 
Сұрақтар 
сенемін  + 
сенбеймін –  
Қорытынды  
 
 
 
 
 
 
 
Сұрақтарға  жауап  беру  арқылы  оқушылар  сабақтың  тақырыбын 
тұжырымдай 
алады. 
Олар 
оқулықтағы 
мәтінді 
оқып, 
жасаған 
қорытындыларының дұрыстығын тексереді.    
Теориялық  материалды  меңгеру  үшін  сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамыту 
технологияларының  бірі  -  «Дейін-кейін»  тәсілі.  Бұл  тәсілді  оқушылардың 
білімдерін  тиянақтау  үшін,  сонымен  қатар  рефлексия  кезеңінде  қолдануға 
болады.  «Дейін-кейін»  тәсілін  әдістемелік  қамтамасыз  ету  мақсатында 
тапсырмалар  құрастырылады.  Кестедегі  «Дейін»  бағанында  оқушылар  өз 
жауаптарын  жазады.  Ал  «Кейін»  бағаны  жаңа  тақырып  игерілгенен  кейін 


43 
 
сабақтың  соңында  толтырылады.  Сосын  оқушылар  екі  бағандағы  жазуларды 
салыстырады  және  қорытынды  шығарады.  Бұл  тәсіл  оқушылардың  бойында 
оқиғаны  болжау,  белгілі  және  белгісіз  фактілерді  сәйкестендіру,  өз  ойын 
жеткізе  білу,  салыстыру  және  қорытынды  жасау  біліктілігін  қалыптастыруға 
мүмкіндік  береді.  Осы  тәсілді  қолдану  барысында  келесі  кесте  толтырылады 
(2.2-
кесте). 
 
2.2-
кесте –  «Дейін-кейін» тәсілі бойынша кесте 
 
 
Сұрақтар 
"Дейін" 
"
Кейін"  Қорытынды.  
Менің 
ойым 
бойынша 
… 
 
Менің 
айтқаным 
дұрыс  (дұрыс 
емес),  өйткені 
...  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Оқушылардың  бойында  зейінді,  тиянақтылықты,  ақпаратты  жинау  және 
талдау  біліктігін  қалыптастыру  мақсатында  сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамыту 
технологияларының  бірі  «Пазл»  тәсілін  қолдануға  болады.  Бұл  тәсіл  ойын 
негізінде  жүргізіледі.  Әр  топ  бірдей  емес  бөліктерден  бір  сурет  құрастыру 
арқылы игерілген материалға қатысты ақпарат алады 
 
Ақпаратымен  танысқаннан  кейін  оқушыларға  «жіңішке»  және  «жуан» 
сұрақтарды  құрастыруды  ұсынуға  болады.  Бұл  жеке,  жұптық,  топтық  жұмыс 
немесе олардың үйлесімі болуы мүмкін. «Жіңішке» деп оларға жауап беру үшін 
нақты  білімдер  қажет  болатын  сұрақтарды  айтады:  «Кім?»,  «Не?»,  «Қайда?», 
«Қашан?», «...., рас па???». «Жуан» – түсіндіру және болжай алу біліктерімен 
байланысты: «Неге?», «Ерекшелігі неде?», «Не болады, егер???».  
Сұрақтар  саны  оларға  жауап  бере  отырып  оқылатын  тақырыпты  толық 
ашып көрсете алатындай болуы керек.  
«Блум  түймедағы»  дегенді  пайдалана  отырып  міндетті  нақтылауға 
болады. Бенджамин Блум – педагог, оқыту әдістерінің американдық психологі. 
Алынған ақпараттарды ұғыну үшін ол келесі алты түрлі сұрақтарды ұсынады:  
1.  Қарапайым.  Мәтінде  қамтылған  нақты  ақпараттарды,  мәтінді  білуін 
тексеруге. 
2.  Нақтылаушы.  Бұл  арандатушылық  сұрақтар:  «....рас  па???»,  «....  мен 
дұрыс  түсіндім  бе,  не,???».  Оларға  жауаптар  әрине,  оң  да,  теріс  те  болуы 
мүмкін. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау