Қазақ тілі
203
503-тапсырма. Сөз тіркестерінің мағынасын сөздіктерге
қарап анықтаңыздар.
Үлгі: еңбек өнімділігі − белгілі бір уақыт бірлігінде
өндірілген өнім мөлшері. Еңбек өнімділігінің артуы − еліміздің
ұлттық табысы көбеюінің негізгі жолы.
ғаламдық проблемалар...............................................................
еңбек ресурстары........................................................................
құрылыс материалдары .....................................................
атмосфералық қысым.................................................................
ұлттық табыс...............................................................................
қажетті қор..................................................................................
504-тапсырма. Мәтінді оқып, тірек сөздерді табыңыздар.
Құрылыс материалдары
Құрылыс материалдары – үйлерді, ғимараттарды салу мен
жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар
мен бұйымдар. Негізгі құрылыс материалдарының түрлері:
табиғи тау жыныстарынан жасал-
ған құрылыс материалдары (дара
тастар, қиыршық тастар, т.б.);
органикалық (битум, қарамай,
синтетикалық шайыр, т.б.) және
бейорганикалық (цемент, әктас,
гипс, және т.б.) байланыстырғыш
материалдар; жасанды құрылыс
материалдары және құрастыр-
малы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамика, бетон,
темір-бетон, асбест-цемент, темір, шыны және силикаттан
жасалған бұйымдар); ағаш материалдары және олардан
жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты
және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т.б.); металдан
жасалған бұйымдар (көтергіш және қоршау құрылымдары,
құбырлар, рельстер, т.б.); синтетикалық шайырлар мен
пластмассалар (линолеум, пенопласт, т.б.); әртүрлі табиғи тау
жыныстарынан іргетастар, қабырғалық әшекейлік, т.б. құрылыс
материалдары жасалынады.
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
204
Органикалық байланыстырғыш заттардан жол құрылысына
қажетті жабын, ылғал өткізбейтін заттар да дайындалады. Ағаш
жаңқасынан жұқа әшекейлік тақталар жасау үшін байланыс-
тырғыш заттар ретінде синтетикалық шайырлар пайдаланылады.
Бейорганикалық заттардың ішіндегі ең негізгісі цемент.
Одан бетон, темір-бетон, асбест-цемент, құрылыс қоспалары
сияқты құрылыс материалдары жасалады. Әктастан бу
қысымымен алынатын силикаттық бетон, кірпіш, әрі одан
құрылыстық
қоспалар
дайындалады.
Жасанды
құрылыс
материалдары жасалу технологиясына қарай байланыстырғыш
заттар көмегімен жасалатын бетон, темір – бетон, асбест-бетон,
асбест – цемент, силикаттық бетондар мен кірпіш, құрылыс
қоспалары; саз топырақтан күйдіру арқылы алынатын керамика.
Құрылыс материалдары құмды түрлі қоспалар қосып балқыту
арқылы алынатын кеуек материалдар, ситалдар, минералдық
мақталар болып бөлінеді. Жасанды құрылыс материалдарының
негізгі бір түрі – металдар. Олар құрылыста әртүрлі құралымдар
(көпірлер, өндірістік құрылыстар, жер сілкінісіне шыдамды
құрылыстық қаңқалар және темір-бетон арматуралар, т.б.)
жасауға пайдаланылады.
Ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдарға
ағашты механикалық өңдеу барысында алынатын материалдар
(бөренелер, кесілмелі материалдар, паркет, фанера, т.б.) кіреді.
Металдардан, негізінен, болат илемі құрылыста кеңінен
қолданылады. Олардан темір-бетондарға қажетті арматуралар,
ғимараттың каркастары, көпірдің құрылыстық өткіндері,
жылжыту жүйелері, жабын материалдары, т.б. жасалады.
Құрылыс материалдары пайдалану мақсаттарына қарай іргелік
материалдар (шойтас және бетон), қабырғалық (керамик кірпіш
және силикат кірпіш, кеуек керамика, жеңіл бетон, силикат
бетон, кеуек бетондар, туф, ағаш), төбелік материалдар, жұқа
қабырғалық материалдар (гипс тақта, кеуек гипс, тақта, кеуек
керамика), едендік материалдар (тақтай, паркет, ксилолит,
керамика тақталар, асфальт-бетон, линолеум, құйма қоспалар),
жабындық материалдар (қыш жабын, жабындық тақтатас,
асбест-цементтік тақта, тақтай, темір, пергамин, рубероид,
толь), қаптағыш материалдар (табиғи тау жыныстарынан
жасалатын гранит, әктас, мәрмәр, т.б., керамикалық тақталар,
Қазақ тілі
205
майолика, әртүрлі құрылыс қоспалары, түсті шынылар, гипстен
жасалған әртүрлі архитектуралық бөлшектер), әшекейлік
материалдар (сыр, бояу, ленолеум, суретті шынылар, түсті
сылақтар, көркемделген тақталар) болып бөлінеді.
Құрылыс материалдар өндірісі үшін республиканың шикізат
ресурстары (сазды, кремнеземді, карбонатты жыныс орындары),
сондай-ақ кен өнеркәсібінің, металлургияның, химия өндірісінің,
жылу энергетикасының минералдық қалдықтары зерттелді.
Әлемдік практикада ең алғаш Қазақстанда жасалып,
өндіріске енгізілген жаңа керамика «золокерам» материалдарының
қор үнемдегіш технологиясын
ойлап тапқан ғалымдарға
(А. Құлыбаев, М. Құлбек, Қ. Нұрбатыров, С. Сайболатов) ҚР-ның
мемлекеттік сыйлығы берілді (2003). Республикадағы құрылыс
материалдары өнеркәсібінің дамуы, оның ғылыми-технологиялық
тұрғыдан қалыптасуы Ө. Аяпов, А.А. Балакиров, С.М. Зубаков,
Қ. Қуатбаев, Б. Пәрімберов, С. Сүлейменов, т.б. көрнекті
ғалымдарымыздың зерттеу жұмыстарымен тығыз байланысты.
Кейінгі жылдары бұл мәселелер жоғарыда аталған мамандармен
қатар Т. Әбдуәлиев, А. Ақшабаев, С. Байболов, Қ. Бисенов,
Р. Ергешов, З. Естемесов, В.И. Соловьев, Т. Ысқақов, т.б.
ғалымдардың зерттеулерінде өз жалғасын табуда.
Ахметов Е., Карменова Н. Қазақстанның экономикалық
және әлеуметтік географиясы. – Алматы:
Мектеп, 2009. − 312 б.
505-тапсырма. Мәтіннен өздеріңізге қандай жаңа ақпарат
алдыңыздар.
506-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап жазыңыздар.
Құрылыс материалдары не үшін қажет?
Құрылыс материалдарының түрлерін атаңыздар.
Бейорганикалық заттардың негізгісін атаңыздар.
Металдар құрылыс материалдарына жатады ма?
Құрылыс материалдары өнеркәсібінің дамуына үлес қосқан
ғалымдарды айтыңыздар.