114
5. Антонимдерді тауып жазыңыз.
Үлгі:
үлкен – кіші
тыныш –
мұнда –
жабық –
қатты –
жыртық –
дұрыс –
қараңғы –
алғыс –
тəтті –
көп –
өтірік –
адал –
қатты –
жау –
Қажет сөздер: арам, аз, бүтін, дос, ашық, у-шу, жарық, кіші, ащы,
шын, теріс, қарғыс, жай, жаман, онда.
6. Əңгімеден омонимді тауып жазыңыз.
Үлгі: Ашық, бос, жабық, ...
АШЫҚ І – ІV
Ашық І
сын. аузы, есігі, төбесі немесе үсті жоқ, жабылмаған.
Ашық ІІ
зат. поэт. Ғашық.
Ашық ІІІ
ет. тамақтан тарығу, аштық күйге ұшырау, қарны ашу.
Ашық ІV
сын. жайдары, көңілді, тұйық емес.
115
Джеймс ГРИНВУД
ӨГЕЙ БАЛА
повесть
Астана, 2002. -144 бет.
Орыс тілінен аударған: Ризабек Əдуов
МЕН ҮРІП ҮЙРЕНДІМ. ЖАҢА ТАНЫСТАР
Мен тағы да келген жағыма қарай жүгіре жөнелдім, сөйтіп Смит-
филдке, бүгінгі күннің басым көпшілігін өткізген базардың тұсына
қарай қайта келдім. Соңымнан қуған ешкім де жоқ, ал базарда мен
кеткен жарты сағаттан бұрынғыдан да қараңғы əрі тып-тыныш екен.
Енді мен үйге қайтудың ессіздік екенін білдім. Джерри Пеппен, оның
жолдасымен сөйлескеннен кейін əкем де, миссис Берк те маған қатты
ашулы екеніне көзім жетті. Əкем менің сыбағамды беруге асыққаны
сонша мені ұстап əкелгенге бүтіндей бір шиллинг бермек болыпты.
Бұл ол үшін көп ақша: бір шиллингке ол өзіне үш саптыаяқ сыра
сатып алар еді. Ал үйге оралмайтын болсам, не істеуім керек? Мен
қайда ұйықтаймын?
Бұған дейін мен қашанда кереуетте ұйықтайтынмын. Өте ыңғай-
сыз болатын, бірақ кереуеттің аты кереует қой. Ал енді ше? Сон-
да осы отырған жерімде ұйықтамақпын ба? Солай болса ше? Мен
жақсылап тойып алдым, ал түн онша салқын емес. Бір түн жатып
шығуға болады. Осы жерде бұрышта бүрісіп, ұйықтаймын. Күн
қазір ерте шығады, содан кейін...
Содан кейін... иə, содан кейін не істеймін? Ұйқыға кетер алдын-
да қандай жұмыспен айналысуды ойластыруым керек, ал ертең таң-
ертеңнен бастап, өзіме жұмыс іздеуім керек. Қандай жұмысты қолға
алсам екен? Əрине, үруді. Ертең бір базарға барамын да бір зат тасу-
шыны тауып алып, оған өз қызметімді ұсынамын. Ал менің даусым
соншалықты сыңғырлауық болмаса қайтем? Айқайлап көру керек.
Əлі кеш емес, бар-жоғы сағат онға кетті. Мен шошқа қатарының
ортасына шығып, сол жерде жаттыға бастадым.
Тегі қандай гүл мен жеміс сатпақпын? Гүл ішіндегі ең өтімдісі
сарыбас гүл, қазір оны көптеп алып жатыр.
116
– Сарыбас гүл! Иісі ғажап сарыбас гүл!
Даусым өзіме қатты шыққандай болғанымен нағыз зат тасушы-
лар дікіндей зор емес. «Б-ас-гүл» деп, соза түскен дұрыс. Тағы да
айқайлап көрейін.
– Сары-бас гүл, жаңа үзілген, иісі керемет сарыбас гүл.
Мұным біршама жақсы шықты. Мен қараңғы қатарларды аралап,
15 минөттей əрлі-берлі жүріп, сарыбасгүлді айқайлап сатып жүр-
дім. Гүл толы себет тасып жүрген қиялымдағы есекке «өк-өк» деп
айқайлап қойып, майда тиын қожасына иіліп сəлем беріп қоямын.
Сарыбасгүлді сатуды əжептəуір үйреніп алған соң, енді қойбүлдірген
сатуға кірістім. Сөйтсем, қойбүлдіргенді айқайлап өткізу тіпті қиын
емес.
– Тəтті қойбүлдірген, қаны тамып тұрған қойбүлдірген, қойбүл-
дірген алыңыздар! – деп, даусымды қалай құбылтсам да, мəнерлеп
айта алар емеспін. Талай рет қайталағаннан кейін барып, əйтеуір
қойбүлдірген турасында жар салуды əжептəуір үйренгендей бол-
дым. Осы кезде қойманың бұрышына екі баланың тығылғанын
байқап қалған едім. Маған ол екеуі Джерри Пеп пен оның қарсыласы
сияқты көрінді. Мен оларға қарай бұрылған кезде екеуінің біреуі
тығылған жерінен атып шығып, менің шашыма жармаса түсті.
– Тəтті қойбүлдірген! Піскен қойбүлдірген! – деп мені мазақтай
айқайлап, əр сөзін айтқан сайын шашымнан жұлқып қояды. – Несіне
айқай саласың? Баяғыда төсекте ұйықтап жатудың орнына базарда
шу көтеруге қандай қақың бар? Ə?
Ол ашуланған полицейдің даусы мен қимылына салып тұр. Мені
шашымнан жұлғанда жанымды көзіме көрсетсе де, оған бұрылған
кезде қуанып кеттім. Бұл Джерри Пеп те емес, оның қарсыласы да
емес, басқа балалар. Ендеше олар мені үйге қарай сүйремейді.
– Естисің бе, бала, – деп əзілін жалғастырды менің «полицейім»,
– қазір үйіңе тай, əйтпесе полицияға апарып тапсырамын.
– Үйіңізге өзіңіз тартыңыз! – деп жауап беріп, оның қолынан
босанбақшы болдым. – Маған несіне жабыса қалдыңыз?
– Біз үйге-ақ бара жатырмыз, – деп жауап берді жолдасының
қы зы ғына мəз болған бала. – Біз театрда болдық, енді үйге бара жа-
тырмыз.
Содан кейін серігіне қарап, былай деп қосты:
– Шынында да кетейік, Моулди. Біз бұлай түн асқанша Вестмин-
стрге жете алмаймыз.
117
Мен əкеммен бірге бірнеше рет Ковентгарденде болғанмын жəне
бұл базар Вестминстрдің өзінде не жанында екенін білетінмін. Бірақ
оған қалай баратынын білмейтін едім, содан балалардан сұрап алуды
ұйғардым.
– Вестминстрдің қай жерінде тұрасыңдар? – деп сұрадым соңғы
сөйлеген баладан.
– Əрине, ең жақсы жерінде, – деп жауап берді ол.
– Ал Ковентгарденге дейін сендерден жақын ба?
– Ковенгарден театрына дейін бе? – деп сұрады Моулди. – Біздің
арбамызбен екі минөттік жер, біз Рипстон екеуміз онда өзімізге
қашанда ложа аламыз. Шын ғой, Рипстон?
– Жə, жетер бос мылжыңдауың, – деп тоқтатты оны Рипстон. –
Біз шынында да Ковенгтарден базарынан да, театрынан да жақын
тұрамыз. Дельфте тұрамыз. Ал, бала, сен ше?
«Мен қайда тұрсам да бəрібір емес пе? – деп ойладым. Ковент-
гарденде осы Смитфилдтегідей қолайлы түнемелік жай тауып ала
алмаймын ба. Егер осы балалармен бірге кетсем, олар маған жол
көрсетер, сөйтіп мен ертең орнымда боламын ғой».
– Жүріңдер, – дедім мен, кеш болып кетті.
– Ал сен қайда барасың? – деп таңырқай сұрады Моулди.
– Мен сендермен барамын, – дедім батыл үнмен.
– Ал біз Дельфке барамыз.
– Ендеше мен де сол жаққа.
– Ал сен «Дарбазада» тұрасың ба?
– Қай «Дарбаза»? Сіз Дельф деген жоқсыз ба?
– Иə, Дарбаза ма? Дельф пе – бəрібір ғой.
– Ай, мен мұны білген жоқпын. Білуім де мүмкін емес: мен ол
жақта ешқашан болған емеспін.
– Ешқашан болған жоқпын?! Сен сол жақта тұрамын дедің ғой.
– Жоқ, мен ешқайда да тұрмаймын, менің ешқандай үйім жоқ.
– Ал бұл дегенің ештеңе де емес! – деп айқайлап жіберді Моул-
ди. – Əр адамның үйі бар. Ал сенің бұрынғы үйің қайда?
– Менің үйім бе?
Осы бейтаныс балаларға өзімнің жайымды айтқым келмеп еді,
олар желімше жабысып алып, сұрақтың астына алған соң өзімнің
үйсіз қаңғып жүргенімді айттым. Десе де, сырыңды оларға айтуға
қорықпаса да болады. Олар өз бетімен өмір сүріп жүргендер, менің
де бір жерге тоқтауыма жəне жұмыс табуыма көмектесіп қалар, сірə.
Достарыңызбен бөлісу: |