Темиргалиев Дидар Тулеуұлы
технология және сызу пәнінің мұғалімі
Май ауданы білім беру бөлімі
«Қосымша білім беру мекемесі»
«...Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді... Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса, білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, сондай рақмет табу, соның рақатын көру біздің мақсатымыз болып табылады.»
Әл-Фараби
Тәрбие – қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттеді, яғни, тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр.
ХХ ғасыр ғылым мен техниканың даму шыңына жеткен ғасыры десек, ХХІ ғасырдың адам баласына қоятын талабы одан да асып жатыр. Ғылым мен техника небір шыңдарға жеткен сайын, кәсіби салада әр түрлі техникалық мамандықтар пайда болып, қазіргі жастардың мамандық таңдау мүмкіндігі де кеңейіп барады. Ал мамандықты дұрыс таңдай білу, өз мүмкіндіктерін бағалай білуде – қосымша білім беру мекемелерінің ықпалы зор. Егер бала техника жағына икемді болып келсе, ол міндетті түрде болашақта техника саласындағы мамандықты таңдайды. Білім саласында кез келген пән - қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы, нақты жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық. Оған – мұғалімнің технология сабақтарын ойдағыдай жүргізуі, сабақта қазіргі заманда тұрмыста, күнделікті өмірде қолданылатын бұйым – жабдықтардың жасалу әдістерін дұрыс түсіндіре алуы, сабақ барысында баланың шеберлігін арттыруы, сабақты қызықты өткізе білуі арқылы баланың қолөнеріне деген қызығушылығын оята алуға себеп болады. Қазақ халқы «Баланы жастан» деп айтқандай, балаға жас кезінде қандай бағыт берілсе, ол өсе келе сол бағытты өзі-ақ алып кетеді. Демек, адам баласының «Он саусағынан бал тамғандай» етіп тәрбиелеуде технология сабағының ықпалы зор.
Оқушылардың сабақтан алған білімін нақтылап, дамыта оқытудың бірден- бір жолы - үйірме жұмыстары. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, «Шебер» алғашқы техникалық үлгілеу үйірмесін ашуды ұйғардым. 3-6- сыныптар аралығынан қолөнерге, техникаға бейімі бар оқушыларды жинақтап, үйірме жұмысын бастадым.
«Шебер» алғашқы техникалық үлгілеу үйірмесінің басты мақсаты- оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ете отырып, қазіргі заманның технологиялық мәдениетіне, яғни бұйымдарды көркем жобалауға, өндеп, өндіруге бейімдеу болып табылады. Сондай- ақ оқушылардың техника мен технология әлемін зерттеп, зерделеуін, кәсіптік іс-әрекет элементтерінен практикалық тәжірибе алуын қарастырады.
Кез келген педагогика оқулықтарында танымдық әрекеттің түрлері бар екені белгілі.
Репродуктивті танымдық әрекет дегеніміз-шығармашылықты қажет етпейтін, берілген нұсқау үшін орындалатын іс-әрекет. Продуктивті (өнімді) танымдық әрекет дегеніміз- шығармашылық ізденістер нәтижесінде іске асатын іс-әрекет.
Енді осы продуктивті танымдық әрекет нәтижесінде игерілген білімді зерттеушілер екі деңгейге бөледі:
Конструктивті игеру деңгейі- оқушының стандарттан өзге жағдаяттарға алған білімін қолдана білуі.
Шығармашылық игеру деңгейі- оқушының өз бетімен мақсатты іздене отырып, нәтижеге жету жолында әдіс, тәсілдерді тауып, зерттеп, қорытындылай алуымен сипатталады.
«Шығармашылық» деген сөздің төркіні, этимологиясы «шығару» «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке жету деп түсіну керек. Философиялық сөздікте шығармашылық қайталанбайтын тарихи қоғамдық мәні бар жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л.С. Выготский «шығармашылық» деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я.А. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе, ақыл, ой саласында болса ол психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептеді. Бұл пікір бүгінгі күні педагогиканың талаптарынан сәйкес келуімен көңілге қонымды.
Шығармашылықты дамыту - бұл оқушылардың өзіндік әрекетінің ең жоғарғы формасы. Еңбек жағдайларына байланысты шығармашылық құрастыру, модельдеу және еңбек объектісін көркемдеп өндеу кезінде байқалады.
Осы тұрғыда ежелгі гректің афоризмінде «Бала жаны –толтырылатын бос ыдыс емес, тұтатуды қажет ететін алау» делінген екен, ал өз халқымызда «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, балалардың өнерге деген білімін қалыптастыру техника моделін жасауды үйрету кезінде оқушылардың жалпы еңбек ету іскерлігін жетілдіріп, жинақтай түсуге, яғни жұмыс тиімді ұйымдастыра, жоспармен және саналы әрекет істеуге, жұмыс үстінде өзін-өзі, өзгелерді бақылай білуге, тың жағдайда тапқыр шешім таба білуге үйретеді.
Техникалық конструкциялау балалар үшін әрі қызықты, әрі шамаға лайықты әрекет түрі, оның міндеті-техникалық макеті мен жұмыс істейтін модельдерін жасау. Модель жасаған кезде оқушылар дербестігін, тапқырлығын, шығармашылық қабілетін көрсете алады.
Үйірме жұмысында дұрыс бағыт-бағдар беру үшін жұмыс бағдарламасы құрастырылып бекітіледі, үйірменің ұраны, мақсаты мен міндеттері анықталады. Бағдарламада қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеу көбірек орын алады. Қағаз бен қатырма қағаздан конструкциясына қарай әр түрлі бұйымдар, құралдар, ойынға керекті жабдықтар, тұрмыстық заттар жасауға болады. Оқушылар қағаз бен қатырма қағазбен жұмыс істеуді балалар тез үйренеді.
Оқушылар 1-сыныптан бастап қағаз бен басқа материалдарды дұрыс таңдауды үйренеді. Дайындайтын бұйымдардың құрылысы мен дайындау реті алдын ала мұқият қарастырылады. Содан соң мұғалім дайындаған үлгіні балалар өз жұмыстарына пайдаланады. Бірінші сыныптан бастап оқушылар күрделі емес сызба белгілерін оқуға, оларды белгілей білуге және ойлаған бұйымдардың сызбасын сыза білуге үйренеді.
Жоғарыда атап өткендей бағдарламаның жартысынан көп бөлігі қағаз, қатырма қағаз, түрлі түсті қағазбен жасалатын жұмыс түрлерімен қамтылған. Оқушыларға қарапайым нәрселерден күрделі заттарды жасау ұсынылған. Мысалы, қағаз тілшелерінен шынжыр немесе гүл дайындау. Қағазбен жасалатын жұмыстың ең қарапайым түрі. Түрлі түсті қағаздан тілшелерді қиып алып, екі ұштарын желімдеу керек. Осылайша біріне бірі кіргізіліп желімделген тілшелерден шынжыр шығады. Одан да басқа көптеген бұйымдарды оқушылардың фантазиясына қарай ұсынуға болады. Мысалы, түрлі түсті қағаздан машина жасайтын сабақта бір түрлі машина жасау шарт емес. Оқушыларға сабақтың тақырыбын хабарлап, әр оқушыға өз қалауына байланысты машина жасату - өте тиімді. Себебі, қазіргі заманда машиналардың алуан түрі шығып жатыр. Мұндай ұсыныс алған оқушылар өздеріне ұнаған машинаның моделін жасауға кіріседі. Оқушылардың идеясы, фантазиясы іске асып қана қоймай, ол жұмысқа қызыға жұмылады. Бірақ, мұндағы ескеретін аса маңызды жай, мұғалім сабақ барысында барлық оқушыларды назарынан тыс қалдырмауы керек. Себебі, тақырып бір болғанымен, үйірмеде қанша оқушы болса, сонша адамның фантазиясы іске асады. Мұғалімнің міндеті - әр оқушыға жеке-жеке кеңес, бағыт-бағдар беріп отыру. Сол сияқты үйірме сабағының арнайы құралдары – кез-келген бұйымды жасауға қажетті құрал-жабдықтар (ине, жіп, қайшы, қағаз, балта, шеге және .б.) болса, қосалқы құралдары болып – бұйымды жасау үшін үлгі ретінде, балалардың зейін, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында қолданылатын құралдар, яғни көрнекі құралдар (бұйымның қалай жасалатыны сатылай көрсетілген сызба, кесте, плакаттар) табылады.
Демек, көрнекі құралдарды адамды өмірге дайындайтын құрал ретінде тануға болады. Ғұлама педагог Ушинский: «Көрнекілік принципі сабақты шын өмірмен сабақтастырып, беріліп жатқан білімді оқушыларға меңгертіп қана қоймай, оны көзбен көрсетеді» - деп пікір білдірген болатын. Яғни, жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып, біз оның сөзінің шыншылдығына көзіміз жетті.
Қазір мектеп бітіруші жастарды техниканы меңгеріп, оның тетіктерін жетік білетін етіп тәрбиелеу міндеттері қойылып отыр. Адам баласы қандай бағытқа бейім болсын, ең алдымен оның шығармашылығының деңгейі биікте болу керек. Ал шығармашылық кез-келген ғылымның саласын меңгеру барысында дамиды. Сол сияқты техникалық үйірме сабағында балаларға заманымызға сай білім бере отырып, үйірме жұмысында мына тапсырмалар жүзеге асырылады:
Оқушылар қазіргі өндіріс негіздерімен таныстырылады;
Оқушылардың технологиялық жобалау және құрастыру есептерін өз бетімен шешу қабілеттіліктері дамиды;
Оқушылардың өзін-өзі тануын қамтамасыз ету және техникалық мамандығының қыр-сырын оқып таниды;
Еңбексүйгіштікке, іскерлікке, бірлестікке, адамгершілікке, мейірімділікке, адалдыққа, ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиеленеді;
Қолдану бұйымдарын еңбек объектісі ретінде пайдалану және оларды дизайн талаптарына сай жасауға үйренеді.
Осы жылдар аралығында үйірме жұмысының жетістіктері мен нәтижелері жетерлік. Атап өтсек, 2007 жылы Усенов Айдын, Қинаят Жанболат Павлодар облысының 70 жылдық мерейтойына орай облыстық “Сарыарқа самалы “газеті, “Қазақстан – Павлодар” телеарнасы және облыстық радио ұйымдастырған “Айналайын” фестивалінде өз өнерлерімен көзге түсіп Алғыс хатпен марапатталды, Адилов Сүңғат, Шора Берік 2009 жылы Май ауданының 70 жылдығына орай Дүние жүзілік Балаларды қорғау күніне байланысты “Бақытты балалық шақ” атты сайыста қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Аудан, облыс көлемінде ұйымдастырылып жүрген мұғалімдердің көрмесіне шығармашылық жұмыстарымды қатыстырып келемін.
2009, 2010 жылдары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай, облыстық білім беру мекемелерінің ұстаздар қауымы арасында өткізілген «Менің Қазақстаным» атты бейнелеу өнері конкурсына қатысып сертификат алдым.
Мектепішілік, аудандық мәдени қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрмін.
2009 жылы Май ауданының 70 жылдығына орай “Бақытты балалық шақ” Дүние жүзілік Балаларды қорғау күніне байланысты «Шебердің қолы ортақ» атты Аудандық көрмесіне қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталдым.
2009 жылы Май ауданының 70 жылдығына арналған ІІІ Аудандық балалар бірлестіктері мен қоғамдық ұйымдарының Құрылтайында «Қарым қатынас клубы» атты шағын топтар жұмысына қатысып, белсенділік танытқаны үшін «Нұр Отан» ХДП-ның Май аудандық филиалының алғыс хатымен марапатталдым.
2011 жылы Аудандық оқушылар үйінің құрмет грамотасымен марапатталдым.
Бір дана: «Бір жылдығын бұрын ойлаған күріш егеді, он жылдығын бұрын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылдығын бұрын оқытады» деген екен. Олай болса адамгершілігі мол, тіршілік атаулыға жаналықтар – үлкен жүректі адамды қалыптастыру үшін қызмет ететініміз әр ұстаз жүрегін тербетері сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мектептегі технология журналы №5. 2010ж.
Мектептегі технология журналы №9. 2010ж.
Мектептегі технология журналы №4. 2008ж.
Мектептегі технология журналы №3. 2009ж.
Мектептегі мерекелер педагогикалық журнал №6. 2007ж.
Г.И.Перевертень Техническое творчество в начальных классах. Москва «Просвещение» 1991г.
Аппликационные работы в начальных классах. Москва «Просвещение» 1990г.
Домашняя мастерская. Москва 1991г.
Регистрациялау формасы
Тегі, аты, әкесінің аты Темиргалиев Дидар Тулеуұлы
Ғылыми атағы
___________________________________________________________
Мекеме, лауазымы «Аудандық оқушылар үйі»
Қосымша білім беру мекемесінің педагогы
4. Мекен-жайы Павлодар облысы Май ауданы
5. Телефон 99-3-25
______________________________________________________________
6. E-mail
______________________________________________________________
7. Баяндаманың аты Қосымша білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылығын дамытуды педагогикалық қолдау
8. Керекті техникалық құралдар интерактивті тақта
Достарыңызбен бөлісу: |