7 1
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
Журналистік зерттеулердің дамуы жолындағы ескірген, қарабайыр кедергі – ол қоғамда маңызды
сипаты бар толық, əрі айқын деректердің ашық, қолжетімді болмауы.
Олардың пайда болуы
Қазақстанда журналистік зерттеулер жанрын дамыту бойынша маңызды қадам бола алар еді.
4.2.3. Жаңа платформалар
Блогтарды журналистік зерттеулердің дереккөздері ретінде пайдалану туралы сарапшылардың
пікірлерін айтсақ, мысал ретінде кейбіреулері Yvision.kz Newreporter.org платформаларын ауызға
алады, бірақ олардың материалдарын көбінесе дəстүрлі БАҚ-тарда көрініс таппайтын азаматтық
оқиғалар журналистикасына жатқызуға болады. Осындай мысалдардың бірі журналистика
факультетінің деканын қызметінен босату туралы хабар болды.
Интернеттегі зерттеулер дереккөздерінің арасында журналист Ирина Медникова «Азаттық»
радиосы» сайтындағы «Блогистан» блогын атаған-ды, бірақ сол уақытта ол атышулы журналистік
зерттеулердің мысалдарын келтіруге қиналды:
«Кейде мен қиындығы бар мəселелерді жəне оларға жасалған талдауларды Əлішер
Елікбаев, Ольга Каплина, Марат Шибұтов, Роман Райфельд жəне Алексей Гончаров
сияқты журналистер мен блогерлердің сайттарынан көріп қаламын. Бірақ тіпті
осындай жағдайларда да біз шын мəнінде журналистік зерттеу деп атауға болмайтын
материалдарға кез боламыз».
153
Негізгі себеп мынада: бірқатар себептерге байланысты Қазақстанда журналистік зерттеулер
жүргізу қиын. Төлеген Асқаровтың пікірінше, дəстүрлі БАҚ-тарға қарағанда, бұл блогерлер
үшін қиындау. «Бұл олардың қолдарынан келмейтіндігінен немесе ниеттері жоқтықтан емес,
бəлкім, қаржылай қолдау көрсете алатын, материалды дайындау барысында материалға анық
сенімділік қосатын, əрі қорғауға қабілетті институттық байланыстар жетіспей жатқан шығар», –
дейді Асқаров мырза.
154
Блогерлер: ақпаратқа қол жеткізу үшін үкіметті қолдау немесе ресми
дереккөздерге күмəн келтіре отырып, ақпаратқа қол жеткізе алмау, тосқауылға тап болу іспетті
дəстүрлі əдетке (дилемма) тап болады.
4.2.4. Жаңалықтар тарату
Сарапшылардың көпшілігі цифрлық платформалардың жаңалықтарды таратуға жəне
тұтынушылар ауқымын кеңейтуге, сол арқылы қоғамдық маңызы бар алуан түрлі тақырыптар
бойынша пікірсайыстарға қатысушылардың санын арттыруға көмегі тигенін атап өтті.
Сарапшылар журналистік зерттеулерге маманданып жатқан интернет-алаңдарды атауға қиналса да,
олар интернет пайдаланушы қазақстандықтардың интернет-форумдарды («Центр тяжести», «Все
153 «Қазақстанның жастарға арналған ақпарат қызметі» қоғамдық қорының бас директоры Ирина Медниковамен электрондық
пошта арқылы сұхбат, 2011 жылғы наурыздың 13-і.
154 «BizMedia» Іскерлік журналистика орталығы» қоғамдық қорының президенті Т.Асқаровпен сұхбат, Алматы, 2011 жылғы
наурыздың 25-і.