Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет5/48
Дата17.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#861
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

14 
 
Дискуссия 
Экзерсис 
Ақпаратпен  алмасу,  сыни  тұрғыдан  ойлау 
дағдыларын  дамыту  және  өз  көзқарасын  қорғау 
жолдары арқылы білімін кеңейту 
Конференция 
Байқау 
Концерт 
Көрме 
Өз  қызметінің  нәтижесін  ашық  талқылау 
дағдылары арқылы дамыту  
 
Саяхат 
 
Ой-өрісті  кеңейту  және  сезімдік  қабылдауды 
байыту 
Экспедиция 
Туристік жорық 
Таным,  тәрбиелеу,  сауықтырудың  әр  түрлі 
жоспардағы міндеттерін шешу 
2 Кесте 
Сабақтан тыс қызметті ұйымдастырудың дәстүрлі емес 
түрлері 
Түрі 
Педагогикалық міндеттері 
Пәннің,  деректің, 
құбылыстың, 
оқиғаның 
тұсаукесері 
Шеберлікті  қалыптастыру  және  дамытуды  бір 
оқиғаны  /  құбылысты  және  т.б.  бейнелеу  ғана 
емес, сондай-ақ өзінің ұстанымын дәлелді айту. 
 
Сюжетті-рөлдік 
ойын 
Қоғамдық  қатынас  пен  құбылыс  құрылымында 
өзін түсіну 
Жоба қорғау 
Орындалған  жұмысқа  талдау  жасау  қабілеттілігі, 
жаңа  идеялар  ұсыну,  дауыстап  әлеуметтік  сөйлеу 
дағдыларын дамыту 
Шай ішу және 
аспаздық 
байқаулар 
Ерекше  психологиялық  атмосфера  құру,  қарым-
қатынасты жұмсарту 
«Қатты жаңғақ» 
Өмірдің қиын өмірлік сауалдардын бірігіп шешу, 
сенімді әңгімелесу 
Мейірімді 
тосын 
сыйлар күні 
Ықылас  белгісін  көрсете  білу,  қуаныш  әкелетін 
жаттығулар 
Сұрақтар 
хатқалтасы, 
қызығушылық 
бойынша клубтар 
Достық жағдайда пікірлермен еркін алмасу 
 
 
Сабақтан тыс қызмет оқу-тәрбие беру үрдісінің құрамдас бөлігі 
және оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың бір формасы болып 


15 
 
табылады. Сабақтан тыс қызмет бүгінде негізінен сабақтан тыс уақытта 
оқушылардың  мазмұнды  бос  уақытқа  деген  қажеттіліктерін 
қанағаттандыру,  олардың  өзін-өзі  басқаруға  және  қоғамдық  пайдалы 
қызметке  қатысуы  үшін  ұйымдастырылатын  қызмет    ретінде 
түсіндіріледі.  
Мектеп  оқушыларының  сабақтан  тыс  қызметін  білім  беру 
ұйымында  тәрбиелеуші  және  дамытушы  ортаны  құруға,  бала 
тұлғасының  түрлі  салаларын  қалыптастыруға,  оның  танымдық 
қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  және  шығармашылық  қабілеттерін 
дамытуға арналған зор әлеуетке ие қызмет ретінде қарастыру керек.  
Дұрыс  ұйымдастырылған  сабақтан  тыс  қызмет  жүйесі  әр 
оқушының  еркін  тұлғаны  тәрбилеуді  қамтамасыз  ететін  танымдық 
қажеттіліктері 
мен 
қабілеттерін 
барынша 
дамытуға 
немесе 
қалыптастыруға  болатын  жағдайлары  бар  сала  болып  табылады. 
Блаларды  тәрбилеу  олардың  қызметінің  кез  келген  сәтінде  жүреді. 
Алайда бұл тәрбиені оқудан бос уақытта іске асырған барынша өнімді. 
Сабақтан  тыс  қызметке  бөлінетін  сағаттар  оқушылардың  қалауы 
бойынша  пайдаланылады  және  оны  сабақтық  оқыту  жүйесінен  бөлек 
ұйымдастырудың  түрлі  формаларын  іске  асыруға  бағытталған. 
Сабақтан  тыс  қызметті  ұйымдастыру  кезінде  оқушылардың  сабақтары 
эскурсиялар,  дөңгелек  үстелдер,  конференциялар,  пікірталастар, 
олимпиадалар,  сайыстар,  дидактикалық  театрлар,  кітапханалық 
сабақтар,  қоғамдық  пайдалы  іс-тәжірибелер,  ізденушілік  және 
ғылыми  зерттеулер,  туристік  және  өлкетанушылық  экспедициялар 
формаларында өткізілуі мүмкін.  
Оқушыларды  сабақтан  тыс  қызметтің  барлық  бағыттары 
бойынша  біріктірудің  ұйымдастыру  формалары  үйірмелер,  секциялар, 
клубтар, студиялар, оқушылардың ғылыми қоғамдары, зерттеу немесе 
жобалық зертханалар, кіші ғылым академиясы, балалардың қоғамдық 
бірлестіктері  және  т.б.  болуы  мүмкін.  Сабақтан  тыс  сабақтар  өз 
қызметін өзінің бірегейлігі мен қажеттілігін сезінуі үшін әрбір оқушыға 
бағыттауы  тиіс.  Үйірмелер  мен  секцияларға  бара  отырып  оқушылар 
құрдастары  ортасында  тамаша  бейімделеді,  жетекшінің  жеке 
жұмысының  арқасында  оқ  материалы  терең  үйретіледі.  Сабақтан  тыс 
қызметті  оқу  пәндері,  курстары  бағдарламалары  мазмұнының 
жекелеген  аспектілерін  бекіту  және  тәжірибеде  қолдану  үшін 
пайдаланудың  артықшылығы  айдан  анық.  Сабақтарда  жетекшілер 
оқушылардың  ұйымдастырушылық,  шығармашылық,  музыкалық 
сияқты  қабілеттерін  ашуға  тырысады,  бұл  жеткіншектердің  рухани 
дамуында маңызды рөл атқарады. Сабақтарды тек жалпы білім беретін 
мектептердің  мұғалімдері  ғана  емес,  сонымен  қатар  қосымша  білім 
беру  ұйымдарының  педагогтері  де  өткізулері  мүмкін.  Сабақтан  тыс 
қызмет  сабақтан  бос  уақытта  белгілі  бір  жас  тобындағы  балалар  мен 


16 
 
жасөспірімдерді  әлеуметтендіру,  оларда  әлеуметтік  маңызды  іс-
тәжірибелерге  және  өзін-өзі  басқаруларға  қатысуға  деген  қажеттілікті 
қалыптастыру,  тұлғаның  маңызды  позитивті  қасиеттерін  дамытуға 
арналған  жағдайлар  жасау,  олардың  шығармашылық  және  танымдық 
белсенділіктерін  іске  асыру,  мәнді  бос  уақытқа  қатыстыру  үшін 
ұйымдастырылады.  Нақ  осы  сабақтан  тыс  қызмет  бірінші  кезекте 
уәждемесі  төмен  балаларда  шығармашылыққа  деген  талпынысты 
дамытуға септеседі.  
Балаларға  оқу  материалын  стандартты  емес  жағдайларда  игеру 
жеңіл  екені  ешкімге  жасырын  емес.  Нақ  осы  сабақтан  тыс  қызмет 
ұжымдық  шығармашылықты  дамытуға  септеседі,  қарым-қатынас 
дағдыларын,  жауапкершілік  сезімін,  еркін  ойлау,  сабақ  оқу  кезіндегі 
кедергіні  еңсеру  іскерлігін  қалыптастырады,  ынтымақтастық  үшін 
жағдайлар жасайды.  
Оқушылардың, ең алдымен дарынды балалардың және мүмкіндігі 
шектеулі  балалардың  әлеуетін  дамыту  үшін  оқушылардың  өздерінің 
және  олардың  ата-аналарының  (заңды  өкілдерінің)  қатысуларымен 
жеке  оқу  жоспарлары  әзірленуі  мүмкін.  Жеке  оқу  жоспарларын  іске 
асыру білім беру ұйымы педагогінің қолдауымен бірге жүреді. 
Оқушылардың  сабақтан  тыс  қызметтерін  ұйымдастыру  кезінде 
білім  беру  ұйымдары  балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымдарының, 
мәдениет  және  спорт  ұйымдарының  мүмкіндіктерін  пайдаланады. 
Каникул кезеңінде сабақтан тыс қызметті жалғастыру үшін балалардың 
демалысы  және  оларды  сауықтыру  ұйымдарының,  тақырыптық  лагерь 
ауысымдарының,  жалпы  білім  беретін  мектептер  базасында  құрылған 
жазғы мектептердің және балаларға қосымша білім беру ұйымдарының 
мүмкіндіктері қолданылуы мүмкін. 
Сабақтан  тыс  қызметтің  табысы  тек  белсенді  оқушыларға  ғана 
емес, сондай-ақ  педагогикалық әсерге, мұғалімнің тәрбиеленушілердің 
қызығушылықтарына  қоғамдық  пайдалы  бағыт  беру  іскерлігіне  де 
байланысты.  
Сабақтан  тыс  жұмысты  табысты  ұйымдастырудың  және 
дамытудың  негізгі  шарттарының  бірі  –  бұл  пән  мұғалімінің  пән 
мазмұнын іске асыру үшін арнайы дайындығы.  
Сабақтан тыс қызметтің ұйымдастыру модельдері 
Сабақтан  тыс  қызметтің  міндеттеріне,  формаларына  және 
мазмұнына  қарай,  оны  базалық  ретінде  іске  асыру  үшін  келесі 
ұйымдастыру моделі қарастырылады.  
Сабақтан 
тыс 
қызметті 
іске 
асырудың 
базалық 
ұйымдастырушылық моделі:  
білім беру үрдісінің қатысушылары қалыптастыратын білім беру 
ұйымының  оқу  жоспары  (сабақтыққа  қарағанда  бөлек  формаларда 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау