64
мәнерлілік және танымдық тапсырмаларды шешу қабілеті, әртүрлі
білім бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыру арқылы
компьютермен жұмыс істеу машығы қалыптасады.
Бастауыш мектепте жетекші қызмет түрі ретінде оқыту қызметі
табылады, сөйте тұра оқушы әлеуметтік сынақтар үшін кеңістікке ие
болуы керек. Бұл: «Кіші Академия», «Эрудит» ойыны, «Зерттеу
зертханасы», «Шебер қолдарға арналған шеберхана», «Дарын»
студиясы және тағы да басқа әртүрлі ұйымдастырылған формаларға
ресімделеді.
Аталған бірлестіктерде бірдей бейімділіктері мен қабілеттері бар
әртүрлі жастағы балалар жұмыс істейді. Бірлестіктердің өзіне тән
рәсімдері, киімдерінде ерекше белгілері, көңіл көтеру орыны,
көшбасшылары болады.
Мектеп қоғамдастығы, ата-аналар, қамқоршылар кеңесі, әріптестер
алдында тоқсанына бір рет көрмелер, тұсаукесерлер, шығармашылық
жұмыстар өткізуге болады. Аталған іс-шаралардың қорытындысы
бойынша оқушылар қандай да бір аталымның (портфолио үшін) бір
«жұлдызын» алғанын білдіретін сертификаттарға ие болады.
Негізгі мектеп
Негізгі мектепте негізгі жете білушілікті жинақтау жалғасын
табады, бірақ әлеуметтік тәжірибеге (клубтар, студиялар, секциялар,
ерікті топтардың жасақтары және т.б.), шығармашылық жұмыстардың
тұсаукесерлеріне, олимпиадалық қозғалыс ұйымдастыруға, зияткерлік
ойындарға, модульді сала алдындағы білімге маңыз беріледі.
Қосымша білім берудің серпінді, оның ішінде желілік
бағдарламасын ұсыну білім кеңістігіндегі таңдау шарттарының білі
болып табылады.
Білім бағдарламасын таңдау балалармен және ата-аналармен
жүзеге асырылады, сол үшін бағдарламалардың тұсаукесер кеңістігі
ұйымдастырылады. Модульді оқыту 8-9 сыныптарда бірнеше
бағдарламаны (қысқамерзімді модульдер) өтуге және жоғары мектепте
одан кейінгі білім бейінін таңдауға мүмкіндік береді. Әрбір модуль
шығармашылық жұмысты қорғаумен және сертификат алумен
аяқталады. Портфолиоға қызметтер нәтижесін жинау әлдеқайда саналы
түрде жалғасады. Балалардың жеке қабілеттерін (дарын) дамыту
жалғасады, алғашқы ғылыми-зерттеу жұмыстары пайда болады.
Бұл кезеңде әртүрлі рөлдер мен ұстанымдарды өлшеу және игеру
сияқты әртүрлі қызмет түрлерінде өзін сынап көру жағдайы жүреді.
Жоғары мектеп
Бұл кезеңдегі негізгі қызмет түрі жобалық болады. Жоғары мектеп
кеңістігінің өзіндік ерекшеліктері бар:
бейінді сыныптардың пайда болуы;
жоғары оқу орындарымен қарым-қатынас;
65
желілік білім бағдарламаларына қатысу;
кәсіби сынақтар.
Бұл деңгейде портфолио жинаудың негізі болатын (жоғары оқу
орындарының желілік білім бағдарламаларынан өткені, кәсіби
сынақтары, әртүрлі жобаларды іске асырғаны, ғылыми-зерттеу
қызметтері үшін сертификаттар) баланы бағалаудың жаңа тәсілдері
пайда болады.
Модельдердің іс-тәжірибелік іске асырылуы келесі қадамдардан
тұрады:
ҚБ жүйесінде оқуға оқушылар мен ата-аналарды бағдарлау;
ҚБ ресурстарын анықтау;
бағдарламаларық қамтамасыз ету (бағдарламалар жасау,
сараптама, тұсаукесер, іске қосу, жүзеге асыру, нәтижелерді бақылау
және бағалау);
портфолио жинау.
66
2 Қосымша
Сабақтан тыс қызметтегі білім бағдарламаларының түрлері
Сабақтын тыс қызметтің әртүрлі түрлерінде тәрбие беру
нәтижелерінің бірінші деңгейінен үшінші деңгейіне жүйелі ауысуын
мөлшерлейтін кешенді білім бағдарламалары;
Сабақтан тыс қызметтің әртүрлі түрлерінде тәрбие беру
нәтижелерінің бірінші деңгейінен үшінші деңгейіне жүйелі ауысуын
мөлшерлейтін кешенді білім бағдарламалары. Бұл бағдарламалар тура
болуы мүмкін, егер мұғалімдер біріншіден төртінші сыныпқа дейінгі
балалармен жоспарланған нәтижелерге маңыз беріп жұмыс істей
бастаса сәйкесінше бағдарламаның мазмұны да өзгереді.
Сабақтан тыс қызметтегі кешенді білім бағдарламаларын
дайындау кезінде келесі жайттарды ескеру керек:
- кешенді бағдарламалар екі нұсқада болуы ықтимал:
«А» - бағдарлама бойынша қызметтің бүкіл мазмұны
педагогикалық ұжымның бір бағыты бойынша жұмыс бөлігін (тобын)
мөлшерлейтін болса, мысалы, көркем-эстетикалық, сол кезде әрбір
педагог бір-екі модуль («Оригами», «Батик», «Жібек баумен тігілген»,
фольклор үйірмесі, театр студиясы және т.б.) жасайды.
Кешенді бағдарламалар жеке алынған сыныпта да, сондай-ақ,
оқушылардың бірдей жастағы тобының еркін бірлестігінде де жүзеге
асырылады. Топтардың саны, толығуы, сабақ уақыты мен жүргізу
мерзімділігі білім беру ұйымының жеке актісімен анықталады. Мұндай
нұсқа балаларды оқытудың қосымша білім жүйесі бар немесе осы
қызмет түрін ұйымдастыруға арналған білікті кадрлары бар және бір
ауысымда жұмыс істейтін білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
«Б» - бағдарлама бойынша қызметтің барлық мазмұны
педагогикалық ұжымның жұмыс бөлігін (топтарын) бірнеше бағыт
бойынша, мысалы, спорттық-сауықтыру, көркем-эстетикалық, ғылыми-
танымдық, әскери-патриоттық мөлшерлесе.
Аталған нұсқа мамандар жетіспейтін, тек бір ғана бағытты іске
асыратын ауылдық мектептерде қолданыс табады.
Кешенді бағдарламаларды дайындаған кезде міндетті түрде оған
бағдарламаның барлық модульдері бойынша жұмыстың бүкіл
ерекшелігі көрініс табатын бір түсініктеме хаты жазылады, ал
бағдарламаның басқа тараулары әрбір педагогпен жұмыстың
мазмұнына сәйкес өзінің модулі аясында жазылады.
Белгілі бір проблемалық алаңда тәрбие беру нәтижелерін алуға
бағытталған және сонымен қоса сабақтан тыс қызметтің әртүрлі
түрлерінің мүмкіндігі пайдаланылатын (мысалы, патриоттық тәрбие
беру білім бағдарламасы, толеранттылық тәрбие беру білім
Достарыңызбен бөлісу: |