10-тарау. Аскаридоздың және трихоцефалездің алдын алубойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар
88. Аскаридоздың және трихоцефалездің алдын алу бойынша іс-шаралар:
1) жоспарлы түрде және эпидемиологиялық айғақтар бойынша халыққа копроовоскопиялық зерттеулер жүргізу арқылы инвазия көзін анықтау;
2) инвазия ошақтарын сауықтыру;
3) ошақтардағы санитариялық-паразитологиялық мониторинг;
4) сауықтыру іс-шараларының тиімділігін бағалау.
89. Тәуекел топтарына мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалар, ауылшаруашылық жұмысшылары, жылыжайлар мен оранжереялардың жұмыскерлері, саяжайшылар жатады.
90. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік ұйымдарымен бірлесіп медициналық ұйымдардың зертханаларында науқастарды анықтау тиімділігіне бақылау жүргізеді, олар мектеп жасындағы (жеті – он төрт жас) балалар; білім беру ұйымдарына баратын (үш – жеті жас) балалар, сондай-ақ асқазан-ішек ауруларымен ауыратын адамдар; медициналық көрсетілімдер бойынша стационарлық, амбулаториялық және емханалардағы науқастар арасында іріктеп тексеруді қамтиды.
91. Халықтың декреттелген топтарын гельминтоздарға тексерумен қамту толықтығын, мерзімдерін және тиімділігін бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жылына кемінде бір рет жүргізеді.
92. Ошақтағы іс-шаралар оның сыныптамасына байланысты ұйымдастырылады және жүргізіледі: шынайы (қоздырғыштың сыртқы ортадағы айналымына жағдайлар бар) және жалған ошақ.
93. Ауру жұқтырған адам (науқастың) отбасының мүшелеріне бақылау копроовоскопиялық тексеру эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жүргізіледі.
94. Ошақты эпидемиологиялық тексеру кезінде мыналар ескеріледі:
1) ауланың санитариялық жағдайы;
2) дәретхананың болуы және оның жай-күйі;
3) үй жануарларының болуы;
4) ошақта науқаспен байланыста болған адамдардың жеке гигиена қағидаларын сақтауы;
5) бақшадағы залалсыздандырылмаған нәжісті тыңайтқыш ретінде қолдану;
6) өсірілетін бақша дақылдарының тізбесі.
95. Қоршаған ортада жаңадан анықталған аурулар мен қоздырғыштар болмағанда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері медициналық ұйымның мамандарымен бірлесіп ошақты бақылаудан алуды жүргізеді.
96. Паразитолог (эпидемиолог) кемінде алты айда бір рет жоспарлы және клиникалық көрсетілімдері бойынша паразитологиялық тексерілуге жататын адамдардың тізімдеріне сәйкес тәуекел тобындағы контингенттерді қамтудың толықтығына тексеру жүргізеді.
97. Дегельминтизациялау тиімділігін бақылау емделуден кейін нәжісті он – он бес күн аралықпен екі реттік тексеру арқылы жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |