11-тарау. Лямблиоздың және токсоплазмоздың алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар
98. Лямблиоздың алдын алу іс-шаралары мыналарды қамтиды:
1) халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;
2) білім беру ұйымдарында санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді сақтау;
3) клиникалық-эпидемиологиялық айғақтары (жіті ішек ауруының өршуі) болғанда науқастарды лямблиозға тексеру;
4) лямблиоз болғанда диспансерлік бақылау кезінде үш ай ішінде ай сайын нәжіске (ішінде дуоденальді) зертханалық зерттеу жүргізеді;
5) емдеу.
99. Лямблиоз ошағын эпидемиологиялық тексеру балалар ұйымдарының ұжымдарында өршуін (үш және одан көп жағдайлар) тіркеу кезінде жүргізіледі. Ошақта байланысты тексеру және паразитологиялық зерттеу жүргізіледі.
100. Токсоплазмоздың алдын алу бойынша іс-шаралар мыналарды қамтиды:
1) тәуекел тобын ерте тексеру;
2) оң әсер беретін адамдарды бақылау.
101. Медициналық ұйымдар токсоплазмозға қанды зерттеудің серопозитивті нәтижелері бар адамдарды есепке алуды және тіркеуді жүргізеді, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерін тоқсан сайын хабардар етеді (паспорт деректері көрсетілген, серопозитив анықталған адамдар тізімі).
102.Токсоплазмозға зертханалық тексеруге мыналар жатады:
1) күрделі акушерлік диагнозы бар жүкті әйелдер (бірінші және екінші бедеулік, жүктілікке төзе алмау) клиникалық-эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша;
2) арнайы ем қабылдайтын токсоплазмозбен ауыратын науқастар – жиілігін пациенттің жағдайына байланысты емдеуші дәрігер айқындайды;
3) токсоплазмозға тән клиникалық көрсетілімдер бар пациенттер: этиологиясы анық емес лимфоаденопатия (лимфоденит), анық емес созылмалы субфебрильді температура (бір айдан көп); этиологиясы анық емес көз аурулары; анық емес орталық нерв жүйесінің қабыну аурулары; гепатоспленомегалия және анық жалпы улану, қызба бар пациенттер - есепке қойылған/клиникалық-эпидемиологиялық айғақтар бойынша стационарлық емделуге келіп түскен кезде;
4) әртүрлі көлемдегі анықталған кальцификаттары бар пациенттер;
5) АИТВ – жұқтырған адамдар – есепке қойылған/клиникалық -эпидемиологиялық көрсетілімдері бойынша стационарлық емделуге келіп түскен кезде;
6) токсоплазмоз бойынша күрделі анамнезі бар аналардан туған балалар- есепке қойылған кезде, кейіннен – клиникалық-эпидемиологиялық көрсетілімдері бойынша;
7) туа біткен даму кемістіктері (хореоретинит, микроофтальмия, миында кальцификаттар дамыған менингоэнцефалит, эпилепсияллық нысандағы талмалар, гидроцефалия, олигофрения, аяқ-қол бұлшық еттерінің гипертонусы бар балалар) - клиникалық-эпидемиологиялық көрсетілімдері бойынша;
8) жұмысы мысықтармен, иттермен және басқа да жануарлармен байланысты топтың тұрғындары – клиникалық-эпидемиологиялық көрсетілімдері бойынша;
9) өздігінен түсік тастау және жүктілік кезінде манифесті инфекциясы болған әйелдердің босануы кезіндегі плацент қанының үлгілері.
103. Егер тәуекел тобындағы жүкті әйелдерді (бедеу, жүктілікті аяғына дейін көтере алмайтын әйелдер, мысық асыраушылар және басқа контингенттер) соңғы тексеру кезінде зертханалық зерттеулер теріс болса, токсоплазмозға одан әрі тексеру және диспансерлік бақылау жүргізілмейді.
104. Диспансерлік бақылауға мыналар жатады:
1) жүктілік кезінде тәуекел тобында болған жүкті әйелдер;
2) жүктілік кезінде нақты анықталған алғаш рет жұқтырған аналардан туған он жасқа дейін балалар, оларды педиатр, невропатолог, кардиолог, офтальмолог бірлесіп жылына екі рет тексеріп-қарау және серологиялық тексеру арқылы бақылайды;
3) жүре пайда болған токсоплазмоздың құжатталған жіті сатысындағы балалар бір жыл ішінде офтальмологта, невропатологта қаралып, үш айда бір рет сероиммунологиялық тексеру арқылы бақыланады.
105. Токсоплазмоздың созылмалы сатысындағы манифестті нысаны бар науқастар тұрақты ремиссияға дейін бақыланады.
106. Токсоплазмоздың созылмалы сатысындағы латентті түрімен ауыратын науқастар диспансерлік бақылауға жатпайды.
107. Токсоплазмоз ошағында эпидемиологиялық тексеру жүргізілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |