«Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары


-тарау. Контагиозды гельминтоздардың алдын алу бойыншаіс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізугеқойылатын талаптар



жүктеу 195,15 Kb.
бет9/19
Дата07.01.2022
өлшемі195,15 Kb.
#37085
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
0 840

9-тарау. Контагиозды гельминтоздардың алдын алу бойыншаіс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізугеқойылатын талаптар
76. Контагиозды гельминтоздарға энтеробиоз (қоздырғышы – үшкір құрт) және гименолепидоз (қоздырғышы – карликті таспа құрт) жатады.

77. Контагиозды гельминтоздардың алдын алу бойынша іс-шаралар:

1) науқастарды анықтау;

2) анықталған ауру жұқтырғандарды емдеу және оларды дегельминтизациялау;

3) білім беру ұйымдарында, қоғамдық тамақтану ұйымдарында, жүзу бассейндерінде және басқа да ұйымдарда санитариялық-паразитологиялық мониторинг;

4) ұйымдастырылған балалар ұжымдарының медициналық және қызмет көрсететін персоналын гигиеналық оқыту;

5) халықты гигиеналық оқыту.

78. Білім беру ұйымдарында бір рет тексерген кезде үшкір құрттарды жұқтырған адамдардың 15 % және одан көп пайызы анықталған жағдайда барлық балалар мен персонал профилактикалық емделеді.

79. Стационарларда контагиозды гельминтоздарды жұқтырғаны анықталған науқастар бақылау тексерудің бірінші теріс нәтижесіне дейін емдеу кезеңінде жеке палатаға немесе карантинді бөлімшеге ауыстырылады.

80. Білім беру ұйымдарында контагиозды гельминтоздармен ауыратыны анықталған науқастар емдеу кезеңінде және зертханалық тексерудің бірінші теріс нәтижесіне дейін ұжымға барудан шеттетіледі.

81. Білім беру ұйымдарында профилактикалық іс-шаралар кешені жүргізіледі, ол мыналарды қамтиды:

1) балаларды жеке (бір рет қолданылатын) сүлгілермен, төсек жабдықтарымен, сұйық сабынмен және басқа да жеке гигиена заттарымен қамтамасыз ету. Тіс щеткалары және ауызды шаюға арналған (жеке) ыдыс ашық жәшіктерде сақталады;

2) қолдануға рұқсат етілген, жууға жеңіл материалдардан дайындалған ойыншықтарды пайдалану;

3) пластмасса және резеңке ойыншықтарды сабынды ыстық сумен күніне бір реттен сиретпей жуу;

4) қуыршақтың киімдерін жуу және үтікпен үтіктеу;

5) жұмсақ ойыншықтарды шаңнан күн сайын тазарту және ашық ауада желдету немесе бактерицидті шамдармен кемінде 25 сантиметр қашықтықта 30 минут бойы сәулелеу;

6) төсек жабдықтарын және жинау мүкәммалын таңбалау;

7) жеке түбектерді пайдалану қызмет көрсететін персоналдың бақылауымен жүргізіледі. Түбектер пайдаланылғаннан кейін дезинфекциялау ерітінділері бар ыстық сумен (60 С-дан төмен емес температурада) жуылады;

8) унитаздар, ванналар, есіктің тұтқалары, еден, шүмектер, панельдер күн сайын жуу құралдарын қолдана отырып, ыстық сумен жуылады;

9) жылдың жылы мезгілінде құмсалғыштардағы құм айына бір рет ауыстырылады және қалқандармен жабылады;

10) спорт залдарында өтпелі желдету жүргізіледі, күн сайын ылғалды тазалау және спорттық мүкәммалды жуу;

11) емдеу кезеңінде науқас балаларды қоғамдық бассейнге жібермеу.

82. Білім беру ұйымдарында контагиоздармен ауыратын науқас балалар анықталған кездегі іс-шаралар мыналарды қамтиды:

1) төсек жабдықтарын және іш киімді күн сайын ауыстыру;

2) емдеудің бірінші күнінен бастап үш күн ішінде көрпелерді, матрастарды, жастықтарды шаңсорғышпен тазалау немесе бөлмеден тыс қағу;

3) құмсалғыштардағы құмды ауыстыру немесе дезинфекциялау құралдарымен өңдеу;

4) жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды күн сайын екі рет ылғалды жинау;

5) объектілерді және үй-жайлардың ауасын ультракүлгін бактерицидті сәулемен залалсыздандыру;

6) жұмсақ жиһазды, кілемді, төсемшелерді, жұмсақ ойыншықтарды шаңсорғышпен тазалау және ультракүлгін бактерицидті сәулемен залалсыздандыру, кейін кілемдерді және ойыншықтарды соңғы залалсыздандыруға дейін жинау;

7) қатты және резеңке ойыншықтарды жуу-дезинфекциялау заттарын қолдана отырып жуу.

83. Дезинфекциялау іс-шараларын (ағымдық дезинфекция) медицина қызметкерлері, отбасы ошақтарында – емдеу кезінде және одан кейін отбасы мүшелері жүргізеді.

84. Ошақтағы эпидемиологиялық тексеру мыналарды қамтиды:

1) білім беру ұйымдарында, қоғамдық тамақтану және оларға теңдестірілген объектілерде эпидемиологиялық тексеру әрбір гименолепидоз жағдайы; энтеробиоз кезінде – үш және одан көп жағдайы анықталған кезде; кейіннен берілген ұсыныстарды және эпидемияға қарсы жүргізілген іс-шаралардың тиімділігін бақылау арқылы энтеробиоз жағдайлары анықталған жағдайда жоспарлы зертханалық тексеруден кейін жүргізіледі;

2) отбасы ошақтарында эпидемиологиялық тексеру білім беру ұйымдарына баратын балалар гименолепидозбен ауырған жағдайда; энтеробиоз жағдайы үш және одан көп рет тіркелген жағдайда; қоғамдық тамақтану қызметкерлері гименолепидозбен және энтеробиозбен ауырған жағдайда жүргізіледі.

85. Диспансерлік бақылауды жүргізу бойынша талаптар:

1) гименолепидозбен ауырып сауыққан адамдарды диспансерлік бақылау емдеу аяқталғаннан соң алты ай ішінде жүргізіледі, нәжісті зертханалық зерттеу бірінші екі айда әрбір екі апта сайын, кейін ай сайын жүргізіледі. Егер карликті таспа құрт жұмыртқалары анықталмаса, адамдар гименолепидоздан сауыққан болып есептеледі;

2) гименолепидоздан сауықпаған науқастарға диспансерлік бақылауды бір жылға дейін ұзарту арқылы қайтадан дегельминтизациялау;

3) энтеробиоздан сауыққан адамдарды диспансерлік бақылау үш күн аралықпен міндетті түрде екі талдау алу арқылы 10 – 14 күн ішінде жүргізіледі;

4) энтеробиоздан сауықпаған адамдар 1 айға дейін диспансерлік бақылауды ұзарта отырып, бірінші емделу курсынан кейін екі апта өткеннен кейін қайта емделеді.

86. Сыртқы ортаның жағдайын зертханалық бақылау және гельминттердің берілу факторлары мен жолдарын анықтау мақсатында топыраққа, құмға, көкөніс пен жеміске, аскөкке, суға, шайындыларға және шаңға санитариялық-паразитологиялық зерттеулер жылына 1 рет жүргізіледі. Әрбір тексерілетін білім беру ұйымында бір топта (сыныпта) кемінде 10 – 15 шайынды жинау жүргізіледі.

87. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері және білім беру ұйымдарының мамандары балаларға жеке профилактика шараларын үйретеді және тоқсан сайын балаларға гигиеналық тәрбие беруге бағалау жүргізеді.


жүктеу 195,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау