Пайдалы қазбаларды зерттеудің зертханалық әдістері



жүктеу 0,71 Mb.
бет43/75
Дата24.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#37621
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   75
umkd-1

Руданы және таужыныстарын сепарациялау әдісі таужыныстарын, руданы, борпылдақ шөгінділерді фракцияларға сепарациялау (бөлу) минералогиялық және геохимиялық зерттеуде қолданылады.

Қазіргі кезде минералогиялық практикада минералдың әртүрлі физикалық және физика-химиялық қасиетіне негізделген сепарация әдісін қолданады:



тығыздығы гравитациялық), магниттілігі (магнитті және электромагнитті сепарация), электрлік қасиеті (электрлік және диэлектрлік сепарация) және жоғарғы бөлігінің физика-химиялық қасиеті (флотация).

Минералды гравитациялық бөлу тығыздығының (ρ) айырмашылығына негізделген. Тығыздықтан басқа сепарация нәтижесіне бір бөлігінің өлшемі әсерін тигізеді. Минералогиялық зерттеуде негізінен ауыр сұйықта бөлінуін және суда гравитациялық байытылуын қолданылады: концентрациялық үстелде, винтті сепараторда және басқа аппараттарда.

Ауыр сұйықтықта минералды бөлу кезінде тығыздығына қарай айырмашылығы бар аралас минералдардады сұйықтыққа салады, тығыздығы жоғары минералдар сұйықтықтың астына батады, ал жеңілі бетіне шығады. Минералогиялық практикада ауыр сұйықтықтың екі тобын қолданады: 1) органикалық сұйықтықтар (бромоформ – CHBr3, тетрабромэтан – С2Н2Br2, иодтты метилен – CHІ2, Клерчи сұйықтығы –CH2 (СООТ12 ; НСООТ1); 2) ауыр металдардың тұзды ерітіндісі (Туле сұйықтығы – HgI2+KI, Рорбаха сұйықтығы BaI2 + HgI2). Бұл аталған сұйықтықтар зиянды болғандықтан олармен жұмыс істеу арнайы шкафта жүргізіледі. Ауыр сұйықтықта бөлу арнайы воронка, стакандарда тұндыру әдісімен жүреді. Тұндыру әдісімен минералогиялық талдауде кластикалық таужыныстарының ауыр фракциясын бөледі (өлшемі құм сияқты) және шашыранды; осы әдіспен шлихтарғада минералогиялық талдау жүргізеді. Оны сол сияқты ұсақталған орта және ірі түйірлі таужыныстарына, рудаға және бейрудалы пайдалы қазбаларға қолданады. Түйір неғұрлым кіші блоған сайын соғұрлым уақытты алады. Егер түйірдің өлшемі 0,01 мм болса, онда ол бір тәулік тұрады, бұл тиімсіз, сондықтан ондай кезде центрифигуривание әдісі қолданылады.

Сулы ортада гравитациялық байыту. Минералогиялық зерттеуге сулы ортада гравитациялық байыту концентрациялы үстелде, винтті сепараторда, шлюзда, сепараторда жүреді. Концентрациялық үстелде байыту, бір жағына қарай аздап көлбеу орналсқан деке бетімен жүретін судың жұқа қабытында болады. Деканың бетінде қорап орналасқан, осы арқылы байытылатын материал сумен бірге декаға түседі. Осы жерде ауырлық күшінің, инерция күшінің әсерінен минералдар бөліткрі бөліне бастайды. Деканың беткі жағында ұсақ ауыр бөліктер, одан жоғаоы ірі ауыр бөліктер, одан кейін ұсақ жеңіл бөліктер, ең бетінде ірі жеңіл бөліктер орналасады. Минералогиялық мақсатқа зертханалық концентрациялық үстелдердің аз габариттісін қолданады, мысалға 30Б-КЦ үстелде деканың ұзындығы 460х360х990 мм , ол ірілігі 0,5 мм және салмағы 1 кг-нан аспайтын сынаманы байытуға есептеліп жасалған. Салмағы аз 100г-дық сынамаға МОЛМ концентрациялық үстелін қолданады, декасының ұзындығы 150х340 мм, ол 0,5 мм және 0,25 мм ден ұсақ материалды өңдеуге арналған.

Минералдың магнитті және электромагнитті сепарациясы, магнитті қабылдауы әртүрлі болуына негізделген, тұрақты магниттілік немесе электормагниттіліктен болатын біртекті емес магнитті аймақта жүреді.

Минералогиялық практикада магниттілігіне байланысты минералды бөлуге: 1) кәдімгі магнит; 2) электромагниттер және электромагнитті сепараторлар. Кәдімгі магниттен күшті магнитті минералды бөлу үшін ыңғайлы магнит РМЧ магниті, домалақ МРК магниті және магнитті дискілі СМД сепаратор. Түйірлі материалды бөлу үшін, соның ішінде шлихтарды, 4-5 фракцияға мынадай магниттер арналған: универсалды магнит Сочнева С-5 және магнит МРМ-1. магнитті қабылдау фракциясына байланысты минералды бөлуде, мономинералдыға дейін электромагнитті (УЭМ-1) және электромагнитті сепаратор (СИМ-1) қолданады.



Сепарацияның электрлік әдістері.

Электрөткізгіштігіне байланысты минералдар сепарациясы электр аймағында болады. Минералдар электросепаратор аймағында 3 топқа бөлінген: 1) жақсы өткізгіш; 2) орта және нашар өткізгіш; 3) өткізбейтін. Рудалық минералдар бірінші және екінші топқа да кіреді. Жақсы өткізгіш болып саф элементтерден басқа көптген сульфидттер және металдардың сульфатұздары, мысалға галенит, пирит, арсенопирит, кобальтин, тетраэдрит, сол сияқты металдардың оксиді – гематит, магнетит, танталит, колумбит, рутил, орташа және нашар өткізгіш болып сульфиттерден стибнит, антимонит, висмутин, киноварь, станнин, сфалерит, касситерит, вольфрамит, тунгсит және басқалары. Өткізбейтіндерге барлық таужынысқұраушы және бейрудалық минералдар жатады, ал рудалы минералдардан клейофан, ксенотим, циркон, шеелит. Минералогиялық практикада электрлік сепаратордың әртүрлі модификациялары қолданылады.

Электр сепараторында ірілігі 2 мм және ірілігі минимальды 0,02 мм материал өңделеді. Сепарацияға түскен материал жақсы кептірілген болу керек, өйткені беткі жағының ылғалдылығы минералдың өткізгіштігіне әсерін тигізеді. Электрлік сепарацияны минералогиялық практикада қолдану минералдар бөлудің ммүкіндігін кеңейтеді. Тығыздығы, магниттік қасиеті бір-біріне ұқсас минералдар бір концентратқа түскенде, электрлік сепарацияның көмегімен бөлінеді.


жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау