Минерал қаттылығы – минералдардың сыртқы механикалық әсерге қарсы тұру дәрежесі. Минералдардың салыстырмалы қаттылығын бағалау үшін арнайы минералдар жинағын қолданады. Бұл минералдар жинағы Моос шкаласы деп аталады.
Оның ішінде әр түрлі қаттылықты 10 минерал бар, олар 1-ден 10-дейінгі ұпаймен белгіленеді (1-кесте). Алмаз - ең қатты минерал, ол тальктен 4000 есе қатты.
1-кесте. Моостың қаттылық шкаласы
Қаттылық ұпайы
|
Эталонды минералдар
|
Химиялық формуласы
|
Анық қаттылық саны, кг/мм2
|
|
Тальк
|
Mg3 (Si4O10)(OH)2
|
2,4
|
|
Гипс
|
CaSO4 · 2H2O
|
|
|
Кальцит
|
CaCO3
|
|
|
Флюорит
|
CaF2
|
|
|
Апатит
|
Ca5(PO4)3 · (Cl,F)
|
|
|
Ортоклаз
|
K (AlSi3O8)
|
|
|
Кварц
|
SiO2
|
|
|
Топаз
|
A12(SiO4)(P,OH)2
|
|
|
Корунд
|
A12O3
|
|
|
Алмаз
|
C
|
|
Қаттылықты анықтау үшін берілген минералдың таза жерін Моос шкаласындағы минералдың үшкір шетімен тырнайды. Егер Моос шкалаласындағы минерал берілген минералдан жұмсақ болса онда ол өзі үгіліп, із қалдырады. Ал, Моос шкаласының минералымен зерттеген минерал біріне-бірі анық тырналған сызық қалдырса олардың қаттылығы тең болып есептеледі.
Моос шкаласының минералдарының жиынтығы қолда жоқта қаттылықты анықтау үшін әр түрлі нәрселерді қолдануға болады. Мысалы, графит-1, тырнақ қаттылығы 2,5-ға тең, шыны 5-5,5, құрыш пышақ 5,5-6, тау хрусталы -7 ұпайға тең.
Қаттылығына байланысты минералдар 4 топқа бөлінеді.
· жұмсақ (қаттылығы 1-2) – тырнақ минералда із қалдырады;
· орташа қатты (қаттылық 3-4) – тырнақ минералда із қалдырмайды, минерал шыны үстінде тырналған із қалдырмайды;
· қатты (қаттылық 5-7) – минерал шыныда тырнаған із қалдырады, бірақ тау хрусталінде із қалдырмайды;
· өте қатты (7-ден жоғары) – минерал тау хрусталінде тырнаған із қалдырады.
Икемділік - механикалық әсердің арқасында минералдардың дұрыс пластиналарға, жұқа қатпарларға, дұрыс бөлшектерге бөлінуі.
Икемділік келесідей түрлерге жіктеледі:
· Аса жетілген – минералдар тырнақтың күшімен әр түрлі жұқа пластиналарға жеңіл бөлінеді (слюда, биотит);
· Жетілген – минералды ұрғанда анық бағытта дұрыс бөлшектерге бөлінеді (кальцит, дала шпаты, галит);
· Жетілмеген – минералдар бөліктерге қиын бөлінеді, бөлшектердің аз мөлшері дұрыс пішінді, өзге бөлшектерінің сынған жерінің беті дұрыс пішінді емес болып келеді.
Сынуы. Минералдар сынғанда сынық әр түрлі пішінді болып қалыптасады. Жымдастығы бар минералдар, тегіс бетті сынық береді, мысалы кальций, галит. Ал, жымдастығы жоқ минералдар келесідей сынық түрлері қалыптастырады:
· Түйіршікті – сынықтың үстінде минералды құрайтын кристалдар көрінеді (апатит, магматит, ангидрит).
· Жер текті – сынық беті күңгірт, кедір – бұдырлы, шаң басқан сияқты (каолинит, лимонит).
· Ойылмалы – сынғанда толқындары айнала орналасқан ойылма немесе дөңестілікті беттер пайда болады (тау хрусталы, магнезит).
· Шөгірлі – сынық сүргілемеген ағаш беті сияқты (роговая обманка).
· Тегіс емес – сынғанда, тегіс емес бет пайда болады (кварц, нефелин).
Достарыңызбен бөлісу: |